Портфолио үздіксіз педагогикалық практика Аты жөні



бет7/7
Дата03.12.2023
өлшемі495,92 Kb.
#133693
1   2   3   4   5   6   7
Сынып жетекшісі: Исбулатова Ләйла Қайратқызы

Мінездеме
«№17 мектеп-гимназия» 2 «Б» сынып оқушысы Манап Алдиярға беріледі.
Манап Алдияр 2 «Б» сыныбының белсендісі. Тәртібі өте жақсы. Өзін-өзі басқара біледі. Жас ерекшелігіне қарай ақыл-ойы дамыған. Ұқыпты сыпайы бала. Мінезі ашық, көңіл – күйі тұрақты. Ол сабырлы, мейірімді, сынып арасында беделі бар оқушы. Үнемі таза жүреді. Дене дамуы өзінің жасына, ортасына сай келеді. Сөздік қоры жас ерекшелігіне сай. Сабақтан себепсіз қалмайды.
Сабақ үлгерімі орташа. Жақсы оқуға ат салысуда. Білім деңгейінің көрсеткіші орташа болсада, Ардияр жалпы тәртібі, ынтасы жоғары, себебі ол өзін-өзі жан – жақты жетілдіріп отырады. Өз ортасымен жақсы қарым-қатынаста. Әр кез көмектесуге дайын тұрады. Қабылдау, ойлау қабілеттері жақсы дамыған. Мектеп іс-шараларына белсенді қатысып қана қоймай, мектеп өміріне жауапкершілікпен қарайды.
Өзіндік қызығушылықтары бар. Сабақты бар зейінімен тыңдайды. Білмегенін білгенше асығады. Мұғалімдерін тыңдайды. Мектеп ережелерін сақтайды.
Манап Алдияр алдына мақсат қоя білетін, соған жете алатын алғыр бала. Практика кезінде материалдарды түсінікті қабылдай отырып, сұрақтарға жауап беріп отырады. Ойын ашық, түсінікті жеткізе біледі. Мен Алдиярдан болашақта жақсы маман иесі шығатынына сенемін.

Сынып жетекшісі: Исбулатова Ләйла Қайратқызы

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау
Университетінің Педагогикалық
Институты.Әлеуметтік және жасерекшеліктері
кафедрасының ПМНОК-211 тобының
студенті Дүйсенбай Гүлсезім
ҮҮП есебі
Мен, Дүйсенбай Гүлсезім Көкшетау қаласы білім бөлімінің №17 мектеп-гимназиясының 24.01.2022ж – 07.05.2022ж аралығында үздіксіз педагогикалық практикадан өттім.
Осы аралықта 2 «Б» сыныбының сабақтарына қатысып, осы сыныптың оқу-тәжірибе жұмысымен таныстым. Сынып оқушыларымен жұмыс жасадым. Сонымен қатар олармен жақсы қарым-қатынас орната білдім. Сынып оқушыларымен өте белсенді әрі сабаққа деген ынтасы жоғары. Оқушылармен жұмыс істеу барысында сынып жетекшісінің көмегі көп болды.
Мектептегі бекітілген сынып жетекшісімен мектеп өміріне белсене ат салыстым. Жетекшім ретінде маған көп қолдау көрсетті. Сыныпқа тәрбие сабақ өткіздім. Тәрбие сағаттың тақырыбы –« Ұлттар достығы 1-мамыр – Халықтар бірлігі күні» болды. Тәрбие сағатын сынып жетекшісі өте жоғарғы деңгейде бағалады. Тәрбие сағаты өте қызықты өтті. Оқушыларға өте қатты ұнады. Оқушылардың зейінін біршама ашып, тәрбие жұмыстары жасалды. Балаларда сабаққа белсене қатысып, отырды.
Практика өту барысында қиындықтар да кездесті, бірақ оларды тез арада шешуге тырыстым. Педагог профессиясының қыр-сырын меңгеруге алғашқы қадамын осы мектептен басталғанына қуаныштымын. Болашақта өз білімімді жетілдіріп, өзімді жақсы қырымнан көрсетемін деген ойдамын. Маған тәрбие сағаты кезінде мектептегі іс-тәжірибе жетекшім Исбулатова Ләйла апай көмегін көрсетті.
Мұғалімдік бұл үлкен білім мен мол тәжірибені қажет ететін мамандық. Педагогикалық практика өзіндік кәсіби жағынан дамытуға септігін тигізді деп санаймын.
Бекітілген сыныптың сабақ кестесін зерттеу және талдау
Бізге берілген 2 «Б» сыныбының сабақ кестесін талдайтын болсақ,сабақ кестесі өте қолайлы орналасқан.Мысалы,бейсенбі күнгі дене шынықтыру пәні балаларды тынықтыратын сабақ деп алсақ болады.Өйткені,алғашқы сабақтарда оқушылар мәліметтерді тез қабылдауды талап ететін,күрделі сабақтарды өтеді.Оқушылар қиын сабақтардан оңай,жеңіл сабақтарда өздерін шынықтырып алады.
Жалпы сабақ кестесі жақсы қойылған. Сабақ кестесі оқушыларға ыңғайлы, қиындық тудырмайтындай болғаны жақсы деп ойлаймыз. Сабақ кестесін құру кезінде , оқушылармен де ақылдасып, олардың ой-пікірін сұрап, тиімді сабақ кестесін бірге құрса керемет болар еді.

Сынып жетекшісі : Исбулатова Ләйла Қайратқызы __________

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет