Жәбірленуші Д.О. Сәрсенбаев
Қаулыны түсіндірген және құқықтарды түсіндірген:
Ақтөбе қалалық ІІБ-нің
Елек полициясы бөлімінің ТБ тергеушісі А.К. Дакешев
Жәбірленушіден жауап алу
ХАТТАМАСЫ
«__» қаңтар 2015 ж. Ақтөбе қаласы
басталды: «15» сағат «10»минут
аяқталды: «16» сағат «37»минут
Ақтөбе қалалық ІІБ-нің Елек полициясы бөлімінің ТБ тергеушісі полиция аға лейтенанты А.К. Дакешев, ҚР ҚПК-нің 199, 209, 210, 212, 214-баптарының талаптарын сақтай отырып, жәбірленуші ретінде келесі адамнан жауап алды:
Тегі, аты, әкесінің аты: Қарашбаев Аман Максатұлы
Туған күні, айы және жылы: 06.05.1978 ж.т.
Туған жері: Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Баршақұм ауылы
Тұратын жері: Баршақұм ауылы, Абай көш., 33-үй, тел.: 8 7134/51-56-00, ұялы 8/775/022-65-16
Ұлты: қазақ
Азаматтығы: ҚР.
Білімі: орта
Партияда тұруы: тұрмайды
Жұмыс орны, лауазымы: уақытша жұмыс істемейді
Отбасы жағдайы: үйленбеген
Үкіметтік наградалары: жоқ
Депутат болып сайланды ма: сайланбаған
Паспорты немесе басқа құжаттары: ҚР ӘдМ 10.06.2012ж. берген №0335510037
Қай тілде жауап беруді қалайды: орыс.
Әскери міндеттілікке қатынасы: әскери міндетті
Соттылығы: бұрын сотталмаған
ҚПК-нің 210-бабының 2-бөлігіне сәйкес азамат А.М. Қарашбаевқа оның жәбірленуші ретінде жауап алуға шақырылғаны түсіндірілді ____________ Сәрсенбаев Д.О.
(қолы)
Жәбірленуші Д.О. Сәрсенбаевқа ҚПК-нің 71-бабымен көзделген құқықтары мен міндеттері түсіндірілді ___________________А.М. Қарашбаев
(қолы)
Бұдан басқа, жәбірленуші міндетті: қылмыстық процестi жүргізетін органның шақыруы бойынша келуге, iс бойынша барлық белгiлi мән-жайларды шынайы хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге; өзiне iс бойынша белгiлi мән-жайлар туралы мәлiметтердi жария етпеуге; тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде және сот отырысы уақытында белгiленген тәртiптi сақтауға мiндеттi _______________ А.М. Қарашбаев
(қолы)
Сондай-ақ жәбірленуші А.М. Қарашбаевқа ҚК-нің 419-бабына сәйкес жауап беруден бас тартқаны үшін және ҚК-нің 418-бабына сәйкес көрінеу жалған жауап бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілді. Бұл ретте, ол өзінің, зайыбының, жақын туыстарының қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын әшкерелейтін жауаптар беруден бас тартуға құқылы _______ А.М. Қарашбаев.
Құқықтар мен міндеттер түсінікті, жауапты орыс тілінде беруді қалаймын ________________ А.М. Қарашбаев
Жәбірленуші А.М. Қарашбаевқа істің өзіне белгілі мән-жайлары туралы айтып беру ұсынылды, оған ол 2015 жылғы 10 қаңтарда шамамен сағат 17:00-де Ақтөбе қаласында темір жол вокзалы ауданында болғаны, Байғанин ауданы Баршақұм ауылына кеткісі келгенін айтты. Осы кезде мен бұрынғы досым Аязбергенов Серікті кездестім. Біз кішкене сөйлесіп, ішімдік ішейік деп дәмханаға бардық. Дәмханада біз шамамен сағат 18:30-ға дейін болдық, үйге кетуге кеш болды, менің таксиге ақшам қалмады. Бұдан кейін бізге вокзал маңындағы алаңда капюшоны бар қара түсті тон киген азиаттық ұлтты, бойы ұзын емес, тығыз дене пішінді, шамамен 30-35 жастағы қыз бала жолықты. Ол бізге пәтер ұсынды, біз оған таңертеңге дейін
2-бөлмелі пәтер қажет екендігін айттық, қыз бала ондай пәтердің бар екендігін, құны 10.000 теңге болатынын айтты. Мен ақшамыздың жоқ екендігін айттым, бұған ол кепілген бірдеңе тастап кетуді айтты, мен өзімнің қара түсті «Nokia 105» маркалы ұялы телефонымды ұсындым, ол келісті. Осыдан кейін біз Ақтөбе қаласында Кереев көшесінде орналасқан № 1 үйдің ауласына бардық. Аулада мен «Nokia 105» маркалы ұялы телефонымнан «Activ» ұялы байланыс желісінің сим-картасын алып шығып, телефонды қыз балаға бердім. Қыз бала телефонды алып, бізді үйдің ауласында күтуді сұрап, өзі пәтердің кілтін алып келу үшін вокзал маңындағы алаңға кетті. Біз оны шамамен 10-15 минут күттік, ол келмегеннен кейін осы қыз баланы вокзал маңындағы алаңға іздеу үшін бардық, бірақ оны таба алмадық. 11.01.2015 жылы түңгі сағат 1-де біз Елек полиция бөліміне келдік, мұнда мен арыз бердім. Ұялы телефонымды 10.11.2013 жылы Ақтөбе қаласында орталық базарда 5.000 теңгеге сатып алдым, ұялы телефон құжаттары керек болмағандықтан, оларды лақтырып жібердім.
Қылмыс нәтижесінде маған 5.000 теңге сомаға зиян келтірілді. Кездессем мен сол қыз баланы тани аламын.
Менің сөзімнен дұрыс басылды, мәтінді оқыдым. Өтінішім, арызым, сондай-ақ ескертулер мен ұсыныстарым жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |