Постановление


Қылмыстық істі өзімнің іс жүргізуіме қабылдау туралы



бет27/58
Дата06.12.2022
өлшемі349,91 Kb.
#55193
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   58
Қылмыстық істі өзімнің іс жүргізуіме қабылдау туралы
ҚАУЛЫ


Ақтөбе қаласы __.01.2015 ж.

Ақтөбе қалалық ІІБ-нің Елек полиция бөлімінің тергеушісі А. Дакешев азамат А.Қарашбаевтың сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне 2015 жылдың 11-ші қаңтарында тіркелген №15151003100016 арызын қарап,




АНЫҚТАДЫМ:

11.01.2015 жылы сағат шамамен 12:30-де Елек полиция бөліміне азамат А. Қарашбаев «Жанна» есімді қыз балаға шара қолданып, оны қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы арызданған.


Себебі, ол 10.01.2015 жылы сағат шамамен 17:00-де теміржол вокзалының маңында алаяқтық жолмен, яғни жалдауға пәтер беремін деп алдап, өзінің мүмкіншілігі болмай тұра, сенімге қиянат жасау арқылы аз.
А. Қарашбаевтың 5000 теңге тұратын «Nokia 105» маркалы ұялы телефоның алып кеткен.
Осы қылмыстың салдарынан А.Қарашбаевқа 5 000 теңге мүлшерде материалдық зиян келтірілген.
Елек полиция бөлімінің бастығы осы қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуді маған тапсырған.
А.Қарашбаевтың арызында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыру үшін толықтай себеп болуына байланысты, ҚР ҚПК-нің 179, 180 бабының 2-бөлігін басшылыққа ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТТІМ:
1. № 15151003100016 қылмыстық істі өзімнің іс жүргізуіме қабылдап және сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуге кірісуге.
2. Қабылданған шешім туралы мүдделі тараптарға хабарлауға.
3. Қаулының көшірмесін прокурорға жолдап, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлауға.
Ақтөбе қалалық ІІБ-нің
Елек полициясы бөлімінің тергеушісі А. Дакешев

Қылмыстық істі өзімнің іс жүргізуіме қабылдау туралы
ҚАУЛЫ

«__» қаңтар 2015 ж. Ақтөбе қаласы


Ақтөбе қалалық ІІБ-нің Елек полиция бөлімінің ТБ тергеушісі


А. Дакешев азамат А.Қарашбаевтың сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне 2015 жылы 11 қаңтарда тіркелген №15151003100016 арызын қарап,


АНЫҚТАДЫ:
__.01.2015 жылы сағат шамамен 12:30-де Ақтөбе қалалық Елек полиция бөліміне азамат А. Қарашбаев «Жанна» есімді қыз баланы қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы жазбаша арызбен жүгінді, оның 10.01.2015 ж. шамамен 19.00 сағатта Ақтөбе қаласы теміржол вокзалының маңында оны алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы оған бір тәулікке жалға пәтер беремін, өзінің мүмкіншілігі болмай тұра, оны жаңылыстырып, кепіл ретінде «Nokia 105» маркалы ұялы телефонын алып, қылмыс орнынан жасырынғанын көрсетті.
«Жанна» есімді қыз баланың қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде
А.М. Қарашбаевқа 5 000 теңге мөлшерінде материалдық зиян келтірілген.
Ақтөбе қалалық ІІБ Елек полиция бөлімі бастығының бұрыштамасымен осы қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу маған тапсырылған.
А.Қарашбаевтың арызында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыру үшін жеткілікті деректер келтірілгендіктен, ҚР ҚПК-нің 179, 180-бабының
2-бөлігін басшылыққа ала отырып,


ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. № 15151003100016 қылмыстық істі өзімнің іс жүргізуіме қабылдансын және сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу басталсын.


2. Қабылданған шешім туралы мүдделі тараптарға хабарлансын.
3. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғаны хабарланып, осы қаулының көшірмесі прокурорға жолдансын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет