Жәбірленуші _________________________________ А.М. Қарашбаев
Жауап алған:
Ақтөбе қалалық ІІБ
Елек ПБ-нің ТБ тергеушісі А.К. Дакешев
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жариялауға
жол берілмейтіндігі туралы ескерту
ҚОЛХАТЫ
«__» қаңтар 2015 ж. Ақтөбе қаласы
Мен, Қарашбаев Аман Максатқлы, Баршақұм ауылы, Абай көш., 33-үй мекенжайы бойынша тұрамын, Ақтөбе қаласы прокурорының және іс бойынша тергеушінің келісімінсіз сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне 2015 жылғы «10» қаңтарда №15151003100014 тіркелген іс бойынша менің қатысуыммен жүргізілген тергеу амалдарын жүргізген кезде белгілі болған қылмыстық іс жүргізудегі сотқа дейінгі тергеп-тексеру мәліметтерін жариялауға жол берілмейтіндігі туралы маған ескертілгені туралы осы қолхатты беремін.
ҚР ҚК-нің 423-бабы бойынша прокурордың немесе тергеушінің келiсуiнсiз істегі мәліметтерді жария ету үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілдім.
______________
Қолхатты алдым:
Тергеуші А.К. Дакешев
Ақтөбе қаласы № 2 сотының
төрағасына
Талапкер: Қарашбаев Аман Максатұлы, тұратын мекенжайы: Ақтөбе облысы, Баршақұм ауылы, Абай көш., 33-үй.
Жауапкер: Ділмаганбетова Жанна Кәмелқызы, тұратын мекенжайы: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Жанқожа батыр көш., 24-үй, 52-пәтер
Талап арыз
10.01.2015 ж. шамамен сағат 17.00-де Ділмаганбетова Жанна Кәмелқызы теміржол вокзалының маңындағы, Ломоносов және Уәлиханов көшелерінің қиылысында орналасқан алаңда маған жолығып, бір тәулікке жалға алуға пәтер ұсынған, бұл ретте оның осы қызметті көрсетуге нақты мүмкіншілігі болмай тұра, ол қасақана, пайдакүнемдік ниетпен, бөтеннің мүлкін ұрлау мақсатында, мені жаңылыстырып, өзінің ұсынысын жүзеге асыруды ойламай, алдау және сенімімді теріс пайдаланып, алаяқтық арқылы менен құны 5.000 теңге тұратын «Nokia 105» маркалы ұялы телефонын ұрлап, қылмыс жасаған орыннан жасынырып кеткен.
Осылай маған оның қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде 5.000 теңге сомасында материалдық зиян келтірілген.
Жазылғандардың негізінде және ҚР ҚПК-нің 38-42, 167-баптарын, АІЖК-нің 150-бабын басшылыққа ала отырып,
1. Ділмағанбетова Жанна Кәмелқызынан менің пайдама 5000 теңге сомасында материалдық зиянды өтеуді.
2. Осы талапты қамтамасыз ету үшін шаралар қабыладуды сұраймын.
Достарыңызбен бөлісу: |