Постановление


Азаматтық талапкер: А.М. Қарашбаев



бет33/58
Дата06.12.2022
өлшемі349,91 Kb.
#55193
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   58
Байланысты:
Ìàêåò ?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñû ³øê³ ³ñòåð ìèíèñòðë³ã³ à?Ò?áå îáëûñ

Азаматтық талапкер: А.М. Қарашбаев ___________ (қолы)


Адамды тану үшін көрсету
ХАТТАМАСЫ

«__» қаңтар 2015ж. Ақтөбе қаласы


басталды 11 сағат 00 минут аяқталды 11 сағат 15 минут


Ақтөбе қалалық ІІБ Елек ПБ ТБ тергеушісі полиция аға лейтенанты


А.К. Дакешев, №15151003100014 қылмыстық іс материалдарын қарап, ҚПК-нің 199-бабының, 230-бабы 10-бөлігінің талаптарын сақтай отырып, күндізгі, табиғи жарықпен, "Panasonic" М-3000 бейнекамерасын пайдала отырып, жәбірленуші А.М. Қарашбаевқа тану үшін күдікті Жанна Кәмелқызы Ділмағанбетованы, 06.03. 1983 ж.т., көрсету барысы мен нәтижелерін бекітеді. Күдікті Ж.К. Ділмағанбетованы тану үшін көрсету сыртқы келбетінде көзге түсетін ерекше айырмашылықтары жоқ келесі адамдармен бірге жүргізілді:
1) Қарабаева Айнұр Талғаткызы, 1980 жылы 3 сәуірде туылған, Ақтөбе қаласы, 10 шағынауданы 55-үй, 5-пәтер мекенжайы бойынша тұрады, бойы 175 см., шашы қысқа, қара түсті, көзі қара. Қара жасыл түсті куртка, қоңыр түсті шалбар және қара етік киген;
2) Қалыбаева Айгүл Аманқызы, 1982 жылы 2 ақпанда туылған, Ақтөбе қаласы, Маресьев көш., 22-үй, 3-пәтер мекенжайы бойынша тұрады, бойы 176 см., шашы қысқа, қара түсті, көзі қара. Қара түсті куртка, қара-сұр түсті шалбар және қара туфли киген;
3) Мақатова Динара Қайратқызы, 1983 жылғы 26 желтоқсанда туылған, Ақтөбе қаласы, 12 шағынаудан, 46-үй, 15-пәтер мекенжайы бойынша тұрады, бойы 177 см., шашы қысқа, қоңыр түсті, көзі қара. Қара-жасыл түсті куртка, қара-көк түсті шалбар және сұр етік киген.
Тануға көрсетудің алдында Ж.К. Ділмағанбетоваға тану үшін көрсетілетін адамдардың арасынан кез келген орынды алу ұсынылды. Ол өзінің қалауы бойынша Д.К. Мақатованың жанынан шеткі сол жақ орынға тұрды.
Бұдан басқа, тануға көрсету алдында жәбірленуші А.М. Қарашбаевқа ҚК-нің 419-бабына сәйкес жауап беруден бас тартқаны үшін, көрiнеу жалған жауап бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілді, оған өзiне, жұбайына (зайыбына) және өзiнiң жақын туыстарына қарсы куәлiк етпеу құқығы түсiндiрiлдi.
______________________________ А.М. Қарашбаев

Барлық қатысушы адамдарға олардың құқықтары, міндететрі, жауапкершілігі және адамды тануды жүргізу тәртібі түсіндірілді.
Танылып отырған адам:__________________________Ж. Ділмағанбетова
Өзге қатысушы адамдар:_____________________________ А.Т. Қарабаева
________________________________ А.А. Қалыбаева
__________________________________Д.Мақатова
Бұдан кейін танушы адам тану үшін көрсетіліп отырған адамдар тұрған бөлмеге шақырылды.
Танудың ең басында танушы адамға оның құқықтары, міндеттері, жауапкершілігі мен адамды тануды жүргізу тәртібі түсіндірілді.
Танушы: __________________________________ А.М. Қарашбаев
Бұрын танушы тану үшін көрсетіліп отырған адамдардың қайсы бірін көрді ме, егер көрсе, қашан, қайда және қандай жағдайда деген сұрақтарға А.М. Қарашбаев көрсетілуге ұсынылған адамдарды қарап, «сол жағында соңғы болып тұрған адамды танығанын, ол 2015 жылғы 10 қаңтарда кешкі
19 сағатта вокзал маңы алаңында маған жалға пәтер ұсынып, алдап, менің ұялы телефонымды алып қойып, 5000 теңге сомаға зиян келдірді. Мен оны бойына – менен төмен, жасы шамамен 30-35-те, дене пішіні тығыз, бет-әлбетінен: көздері - қара, қалың қастары, сондай-ақ шашы бойынша: қысқа қиылған таныдым. Қылмыс жасалғанға дейін мен бұл қызды көрмегем, бірақ алаяқтық жасалған кезде ол менің есімде қалды. Оның сол адам екенін сеніммен айтамын» деп мәлімдеді.
Танушы адам: __________________________________ А.М. Қарашбаев
Тану нәтижелері: Ділмағанбетова Жанна Кәмелқызы танылды
Тану үшін көрсету алдында, оның барысында не ол аяқталғаннан кейін қатысушы адамдардан арыздар түскен жоқ.
Танушы адам: _______________________________________ А.М. Қарашбаев
Танылып отырған адам:__________________________Ж.К. Ділмағанбетова

Өзге қатысушы адамдар: _____________________________ А.Т. Қарабаева


________________________________ А.А. Қалыбаева
__________________________________Д.Мақатова
Тану үшін көрсету аяқталғаннан кейін тергеу амалының хаттамасы оған қатысушыларға оқу үшін көрсетілді.
Хаттаманы тергеуші дауыстап оқыды. Хаттамаға ескертулер болған жоқ.
Танушы:_______________________________________ А.М. Қарашбаев
Танылып отырған адам:__________________________Ж.К. Ділмағанбетова

Осы хаттама ҚР ҚПК-нің 199, 230-баптарына сәйкес жасалды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет