Ақтөбе қалалық ІІБ
Елек ПБ-нің ТБ тергеушісі
полиция аға лейтенанты А.К. Дакешев
Қылмыстық істерді біріктіру туралы
ҚАУЛЫ
«__» қаңтар 2015 ж. Ақтөбе қаласы
Ақтөбе қалалық ІІБ-нің Елек полициясы бөлімінің ТБ тергеушісі полиция аға лейтенанты А.К. Дакешев, азамат Д.О. Сәрсенбаевың арызы бойынша №15151003100014 және азамат А.М. Қарашбаевтың арызы бойынша №15151003100016 қылмыстық істердің материалдарын қарап,
АНЫҚТАДЫ:
10.01.2015 жылы сағат шамамен 15:00-де Ақтөбе қалалық ІІБ-нің Елек полиция бөліміне азамат Д.О. Сәрсенбаев «Жанна» есімді қыз баланы қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы жазбаша арызбен жүгінді, оның 05.01.2015 ж. шамамен 17.00 сағатта теміржол вокзалының маңында оны алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы оған бір тәулікке жалға пәтер беремін, өзінің мүмкіншілігі болмай тұра, оны жаңылыстырып, кепіл ретінде «Nokia 6303» маркалы ұялы телефонын алып, қылмыс орнынан жасырынғанын көрсетті.
«Жанна» есімді қыз баланың қылмыстық әрекеттері нәтижесінде
Д. Сарсенбаевқа 23 000 теңге сомасында материалдық зиян келтірілді.
Осы оқиға бойынша 10.01.2015 ж. сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
11.01.2015 жылы сағат шамамен 12:30-де Ақтөбе қалалық Елек полиция бөліміне азамат А. Қарашбаев «Жанна» есімді қыз баланы қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы жазбаша арызбен жүгінді, оның 10.01.2015 ж. шамамен 19.00 сағатта Ақтөбе қаласы теміржол вокзалының маңында оны алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы оған бір тәулікке жалға пәтер беремін, өзінің мүмкіншілігі болмай тұра, оны жаңылыстырып, кепіл ретінде «Nokia 105» маркалы ұялы телефонын алып, қылмыс орнынан жасырынғанын көрсетті.
«Жанна» есімді қыз баланың қылмыстық әрекеттері нәтижесінде
М.А. Қарашбаевқа 5 000 теңге сомасында материалдық зиян келтірілді.
Осы оқиға бойынша 11.01.2015 ж. сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
ҚПК-нің 43-бабының 2-бөлігіне сәйкес күдікті анықталмаған, бірақ бірнеше қылмыстық құқық бұзушылықты бір адам немесе адамдар тобы жасады деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған жағдайларда да қылмыстық істерді біріктіруге жол беріледі.
Сәрсенбаев пен Қарашбаевтың түскен арыздары бойынша олардың мүлкін «Жанна» есімді қыз бала иеленген, ол жалға пәтер ұсынып, олардан кепіл ретінде телефондарды алып, пәтер бермей, оқиға орнынан жасырынып кеткен.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Сәрсенбаев пен А.М. Қарашбаевқа қатысты қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды Жанна Кәмелқызы Ділмағамбетованың жасағаны анықталды.
Жоғарыда жазылғандардың негізінде, ҚР ҚПК-нің 43-бабы басшылыққа алынып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
№15151003100014 және №15151003100016 қылмыстық істер №15151003100014 бір негізгі нөмір беріліп, біріктірілсін.
Іс бойынша іс жүргізу мерзімі №15151003100014 қылмыстық іс уақыты бойынша іс жүргізу басталған күннен есептелсін.
3. Осы қаулының көшірмесі Ақтөбе қаласының прокурорына жіберілсін.
4. Қабылданған шешім туралы мүдделі адамдарға хабарлансын.
Достарыңызбен бөлісу: |