Потанин григорий николаевич


Ғалым және қоғам қайраткері ретінде қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата03.04.2023
өлшемі0,52 Mb.
#78867
1   2   3   4
Ғалым және қоғам қайраткері ретінде қалыптасуы.
О
қуы аяқталғаннан соң жас хорунжий Г.Н. Потанин Семейге жолдама алады.
Әскери қызметте бола отырып, ол Қазақстанның бірнеше аймақтарына –
Қапалға, Верныйға, Алтайға саяхат жасайды.
Сәлден со
ң Омбыға қайтқан ел біраз уақыт бойы мұрағатта жұмыс істеп, Сібір,
Қазақстан, Жоңғария туралы қызықты мәліметтер алады. Бұл жұмыс барысында
оны Омбы ар
қылы Тянь-Шаньға барар жолда белгілі географ және саяхатшы
П.П. Семёнов-Тянь-Шанский кездестіріп 
қалады. Оның көмегімен Г. Потанин
1859 жылы наурызда ж
ұмыстан шығып, Санкт- Петербург университетінің
физика-математикалы
қ факультетіне оқуға түседі. Ол бұл жерде Сібір
студенттеріні
ң арасынан табылып, Сібір жерлестер ұйымы құрды. Сібір өлкесін
зерттеу 
үшін құрылған студенттердің үйірмесі көп кешікпей саяси бағытқа көше
бастады. Олар 1860-шы жылдарды
ң басында Ресейдегі демократиялық
реформаларды
ң жүргізілуін қолдап саяси қозғалысқа қатысты. 1861 жылы Г.Н.
Потанин студенттік 
қозғалысқа қатысқаны үшін ұсталып, Сібірге жер
аударылды.


Г.Н. Потанинні
ң қазақтар мен қазақ-орыс қатынастары туралы. 
Г.Н. Потанин 
қоныс аударушы орыстар мен жергілікті қазақтардың арасындағы өзара
т
үсіністік жайлы айтып кеткен. «Сібір казак әскерлері туралы жазбаларында» орыстардың
арасында 
қазақ тілінің ауызекі сөйлеу құралы ретінде кең таралғанын айтып кетті. Сонымен
бірге, орыс казактары 
қазақ дәстүрінің көбісін бойына сіңдіріп алғандығын келтірген. Олар
әсіресе Коряков және Ямышевск 
өңірлерінде тығыз өзара әрекет жасады. Саяхатшы
қазақтардың отырықшылыққа көшуге деген талпынысын, орыстардың құрал-саймандары
мен керек-жара
қтарының қазақтар арасына тарауы туралы: «Казактар балық аулауға бара
жатып, 
өздерімен бірге Көкпекті дүкенінен бірнеше тауарларды өздерімен бірге алып
ж
үреді, олар бұл тауарларын қырғыздарға балыққа, мал және егін өнімдеріне
айырбастайды». Оны
ң «Қазақ-қырғыз және Алтай аңыздары мен ертегілері», «Соңғы қазақ
ханзадасыны
ң киіз үйінде», «Шоқан Уәлиханов туралы биографиялық мәліметтер» атты
е
ңбектерінде Қазақстан мен қазақ халқы туралы көптеген мәліметтер жазылған. Ол барлық
жан-тәнімен даланы және оны
ң халқын жақсы көрді, олардың өткені мен бүгінін белсенді
т
үрде зерделеумен айналысты. Жергілікті халық пен тығыз байланыс жасап араласа
отырып, орыс 
қоғамына қазақтар туралы жан-жақты таныстырды. Ол көшпенді халықтың
әлемдік мәдениетке 
қосқан үлесін жоғары бағалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет