Потенциал айырымы


ЕРІТІНДІ-ЕРІТІНДІ ЖАНАСУ БЕТІНДЕГІ БЕТІНДЕГІ ДИФФУЗИЯЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛДАР АЙРЫМЫ



бет3/3
Дата01.03.2023
өлшемі13,92 Kb.
#70651
1   2   3
Байланысты:
Потенциал айырымы-melimde.com

ЕРІТІНДІ-ЕРІТІНДІ ЖАНАСУ БЕТІНДЕГІ БЕТІНДЕГІ ДИФФУЗИЯЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛДАР АЙРЫМЫ

Ерітінді-ерітіндінің жанасу бетінде диффузиялық потенциалдардың айырымы катиондар мен аниондардың қозғалғыштықтарының әр түрлі болуынан және олардың концентрацияларының градиенттерінен болады.



Диффузиялық потенциалдың есептeу теңдеуін М. Планк (1890 ж.) пен П. Гендерсон (1907 ж.) ұсынды. Бір электролиттің бір-бірінен айырмашылығы тек концентрациясында болатын екі ерітінді үшін диффузиялық потенциал былай анықталады:

φᶲ=(RТ/Ѓ)∙(Va–Vk)/(Va+ Vk)∙ lnа1/а2

Мұндағы а1 жәнс а2 - бірінші және екінші ерітіндінің

активтіліктері.
Диффузиялық потенциал әдетте 40 мв-тен аспайды. Көбінесе
ол Va – Vk мәніне көбірек байланысты болады.
АДСОРБЦИЯЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛ
АДСОРБЦИЯЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛ БЕТТЕ ИОНДАР МЕН БЕТТІК АКТИВТІК ЗАТТАРДЫҢ АДСОРБЦИЯЛАНУ НӘТИЖЕСІНДЕ БОЛАДЫ.
А) Егер бетте дипольдік молекулалар адсорбцияланса, онда қос электрлік қабат және потенциалдар айырымы мономолекулалық кабаттың ішінде болады.
Б) Егер металл бетінде иондар адсорбцияланса, онда бет сол ионның зарядымен зарядталады да, ал екінші қабатты кері
зарядталған иондар түзеді.

Металл-ерітінді бөлу бетіндегі қос электрлік қабаттық құрылысы

Металл-ерітінді бөлу бетіндегі қос электрлік құрылысын алғаш рет Р. А. Колли (1878 ж.) және Л. Гельмгольц (1879 ж.) ұсынған болатын. Олардың пікірлері бойынша қос электрлік қабатта зарядтардың орналасуы жазық конденсатордың екі астарында екі түрлі зарядтар орналасады, ал олардың арақашықтықтары кәдімгі молекуланың көлеміндей болады.


Кейінірек бұл түсініктерді Т. Гуи (1910 ж.) Д. Чапмен (1913 ж.) одан әрі дамытып, жылулық қозғалыстың әсерінен кейбір беттегі иондар десорбцияланып, диффузиялық қабат түзетінін көрсетті. Осы екі көзқарасты қорытындылай отырып Штерн (1924 ж.) беттегі иондардың тығыз қос қабаты тек электростатикалық күштердің әсерінен ғана емес, иондардың беттегі адсорбциясынан да болады деді. Сонымен қос электрлік қабат бетке жақын орналасқан Гельмгольц немесе Штерн қабаты деп аталатын тығыз қабаттан және Гуи-Чапмен қабаты деп аталатын диффузиялық қабаттан

тұрады екен.



Пайдаланылғын әдебиеттер
http://melimde.com

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет