Поурочный


Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер



бет2/3
Дата03.05.2023
өлшемі324,3 Kb.
#89332
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Термодинамиканың бірінші заңы. Газдың және будың ұлғайғандағы жұмысы. 8ші сыныпқа арналған сабақ жоспары

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Термодинамиканың бірінші заңы жылу құбылыстарындағы ... заңы
Жүйеге жылу берілсе, жүйенің ішкі энергиясы ...
Газдың жұмысы ...
Жүйеге жылу берілмесе ...



Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ оқушылардың белсенділігін арттыруға, сыни ойлау дағдысы мен коммуникативтік дағдыны жетілдіруге бағытталған.

Пәнаралық байланыстар

Математика пәнімен байланыс,термодинамикадағы жұмысты фигура ауданы арқылы анықтау.



Бастапқы білім



Оқушылар 8-сыныптың 1- токсанында ішкі энергия, жылу мөлшері ұғымдарымен танысқан болатын. Ішкі энергияны өзгертудіңтәсілдерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы
0-5минут



1. Өткен сабақтағы теориялық материалды игеру деңгейін анықтау үшін оқушыларға ауызша сұрақтар қою
Мысалы:

  1. Термодинамиканың бірінші заңы қалай тұжырымдалады? Математикалық өрнегі қалай жазылады?

  2. Жүйе жылудан оқшауланған болса, газдың температурасы қалай өзгереді?

  3. Қандай термодинамикалық процестерді білесіңдер?

  4. Қандай процесс адиабаталық деп аталады? Мысал келтіріңдер

  5. Ауаны сыққанда не себепті қызады?

Таратпа материал

Таратпа материал



5-15 минут

15-35 мин



Теориялық материалды қолдану дағдысын тексеру үшін тест тапсырмаларын орындату
1) Термодинамикалық жүйеге Q = 2000 Дж жылу мөлшері берілген. Егер А = 500 Дж жұмыс жасаса, онда жүйснің ішкі энергиясы.
A) 1,5 кДж-ге кемиді.
B) 2,5 кДж-ге артады.
C) 1,5 кДж-ге артады.
D) 2,5 кДж-ге кемиді.
E) өзгермейді.
2) Изотермиялық сығылудан кейін ортаға 600 Дж жылу берілгенде атқарылатын жұмысты анықтаңыз.
A) 300 Дж
B) 400 Дж
C) 500 Дж
D) 200Дж
E) 600 Дж
3) Изохоралық қыздыру кезінде ішкі энергия 200 Дж-ға артқанда газдың атқаратын жұмысы.
A) 200 Дж
B) 400 Дж
C) 0
D) 300 Дж
E) 100 Дж
4) Адиабаталық процесс кезінде 400 Дж жұмыс атқарғандағы газдың ішкі энергиясының өзгерісі.
A) 200 Дж
B) 300 Дж
C) 400 Дж
D) 100 Дж
E) 500 Дж
5) Газ 300 Дж жылу мөлшері алғанда ішкі энергия 200 Дж-ға артты. Газдың атқарған жұмысын.
A) 500 Дж
B) 250 Дж
C) 200 Дж
D) 300 Дж
E) 100 Дж
6) Изохоралық процесте газға 4·1010 Дж жылу берілген газдың ішкі энергиясы мен ұлғайғандағы жұмысы.
A) ∆U=0; А=4·1010 Дж.
B) ∆U=4·1010 Дж; А=4·1010 Дж.
C) ∆U=0; А=0.
D) ∆U=4·1010 Дж; А=0.
E) ∆U=2·1010 Дж; А=4·1010 Дж.
7) Баяулаған изотермиялық процесте газға 8·106 Дж жылу берілді. Газдың жасаған жұмысы.
A) 3·106 Дж.
B) 2·106 Дж.
C) 8·106 Дж.
D) 107 Дж.
E) 4·106 Дж.
8) Адиабаталық ұлғаюда идеал газ А/ жұмыс жасайды. Сонда орындалатын теңдік
A) Q=0, ∆U=-А/.
B) Q=А/, ∆U=0.
C) Q=0, ∆U=А/.
D) Q=-А/, ∆U=0.
E) Q=0, ∆U=0.
Оқушылар өзара бағалау жүргізеді. Қате жіберілген сұрақтар талқыланып бір-біріне кері байланыс береді.
Термодинамиканың бірінші заңын есептер шығаруда қолдану
1. Жүйенің бастапқы ішкі энергиясы 39 Дж. Жүйеге 114 Дж жылу мөлшері берілгеннен кейін, оның ішкі энергиясы 143 Дж болды. Жүйе қандай жұмыс жасады?
2. Жүйенің бастапқы ішкі энергиясы 8093 Дж болды. Жүйе 6973 Дж жұмыс жасағаннан кейін оның ішкі энергиясы 2,092 * 104 Дж болса, жүйеге қанша жылу мөлшері берілді?
3. а және б процестің барысында газ 1- ші күйден 2- ші күйге ауысқанда бірдей жұмыс атқарды ма?

4. Графикті талдап үйренеміз

5. Сәйкестігін табыңдар


6 . Төмендегі процесстер барысында ішкі энергия қалай өзгереді


Бағалау критерийі

Дескриптор:

Термодинамиканың 1-заңын изопроцестерге қолданады.

1) Термодинамиканың бірінші заңын есептер шығаруда қолданады 2) Графикті талдайды 3) Сәйкестігін таба біледі 4) Ішкі энергияның қалай өзгеретінін біледі

Оқушылар өзін-өзі бағалайды. Есептер жауаптары презентацияда беріледі.


38-40 минут



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет