Повреждение нервного сплетения нерв байлам бузылысы


Флексорлық немесе бүгілу аяқ ұшының патологиялық рефлекстері – аяқ ұшының ІІ, ІІІ, ІV және V бақайларының бүгілуі



бет10/27
Дата25.12.2023
өлшемі0,91 Mb.
#143230
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27
Байланысты:
Ïîâðåæäåíèå íåðâíîãî ñïëåòåíèÿ íåðâ áàéëàì áóçûëûñû

Флексорлық немесе бүгілу аяқ ұшының патологиялық рефлекстері – аяқ ұшының ІІ, ІІІ, ІV және V бақайларының бүгілуі.
Россолимо рефлексі- ІІ-V бақайлардың ұшын дәрігер саусақтарының ұшымен түрткілеп соғу арқылы көрініс береді.
Бехтерев І рефлексі- Аяқ ұшының үстін ІV бақай тұсында неврологиялық балғамен соғу арқылы көрініс береді.
Бехтерев ІІ рефлексі- Өкшені немесе бас бармақ томпағын неврологиялық балғамен соққанда аяқ бақайларының бүгілуі.
Жуковский-Корнилов рефлексі- Табанның саусақтарға жақын тұстарын неврологиялық балғамен соғу арқылы көрініс береді.



Терең сезімталдықты зерттеу әдістемесі

Бұлшықет-буын сезімталдығын тексеру үшін науқастың қол – аяғының буындарын бүгіп, жазып, екі жағын қарай қайырып байқайды. Тексеру саусақ ұштарынан басталады.
Салмақты сезіну. Дәрігер науқастың екі қолын алдына созғызып, алақанна әр түрлі салмақтағы таразы тастарын қойып байқайды. Қалыпты жағдайда салмақтың 20-25г дейін айырмашылық байқалады.
Кинестикалық сезімталдылық. Дәрігер саусағымен науқастың терісін әр тұсынан қатпарлап ұстап, жоғары-төмен, оңға және солға қозғайды. Науқас тері қатпарының қозғалу бағытын ажаырата алуы керек.
Діріл сезімталдылығы. Дәрігер дірілдеп тұрған камертонның сирағын адам денесінің біз тәрізді, қылқанды өсінділеріне симметриялық жанастырады да науқастың дірілдің сезілу немесе сезілмеу деңгейін сұрайды. Камертонның дірілін аз сезіну – гипоаллестезия. Камертонның дірілін сезбеу-апаллестезия.
Батыру – сығуды сезіну. Дәрігер сырқаттың денесі мен аяқ-қолдарының әрбір бөлшектерінің симметриялы тұстарын саусағымен немесе барэстезиометр д.а. аспаппен батыра сығып байқайды. Адам қ.ж. батырудың әр түрлі деңгейін ажырата алады.



Иықтың екі басты бұлшық етінің рефлексін зерттеу әдістемесі

Шынтақ бүгілу рефлексі – неврологиялық балғамен екі басты бұлшық еттің сіңірін соққанда қолдың шынтақтан бүгілуі.

Ауру сезімталдықты зерттеу әдістемесі

Ауырсыну сезімталдығын тексеру үшін дәрігер түйреуіш ұшымен бастың, дененің, қол-аяқтың терілеріне симметриялы түрде тигізіп шығады. Егер түйреуішпен түрткен кезде, «өткір», «тұтқыр» немесе «өте өткір» деп білдіртіп отырады. Ауырсынудың шамадан тыс сезілуі – гипералгезия; Ауырсыну сау жағымен салыстырғанда аз ғана сезілсе – гипалгезия; Ауырсынудың сезілбеуі – аналгезия.



Аяқ басы клонусын зерттеу әдістемесі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет