Повреждение нервного сплетения нерв байлам бузылысы



бет11/27
Дата25.12.2023
өлшемі0,91 Mb.
#143230
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27
Байланысты:
Ïîâðåæäåíèå íåðâíîãî ñïëåòåíèÿ íåðâ áàéëàì áóçûëûñû


Есеп №8
Науқас келіп түскенде оң аяқ басының әлсіздігіне, жүрісінің қиындауына, балтыр бұлшық еттерінің арықтауына шағымданады.
Қарап тексергенде: оң аяқ басы салбыраған, жүрісі «степпаж», науқас аяқ басын жаза алмайды, бірақ бүге алады. Оң аяқтың өкшесімен тұра алмайды. Оң аяғында перонеальды бұлшық ет топтарының гипотрофияланғаны анықталады.
Зақымдану деңгейін анықтаңыз.
Шеткі нерв зақымд. Кіші жіліншік нервінің зақымд.
Салданудың түрін анықтаңыз.
Шеткі монопарез.
Зерттеу әдісін өткізіңіз.

Тізетобық клонусы. Науқас арқасымен, екі аяғы түзу жатады. Дәрігер бас және сұқ саусақтарымен тізетобықты жоғарыдан ұстап, төменге басып тұрады. Бұл кезде санның төрт басты бұлшық еті созылады, бұған жауап ретінде бұлшықеттің ырғақты жиырылуы және тізетобықтың төменге және жоғарыға тербелістері пайда болады.
Өкше клонусы. Дәрігер өкше клонусын бір қолымен науқастың тізесін, екінші қолымен өкшені ұстап сирақ-аяқ басы буынында жылдам бүгу арқылы шақырады. Ырғақты қимылдар біраз уақыт сақталады.



Критерилер

15 балл

Тәжірибелік манипуляциялар

Манипуляцияны орындау кезекті лікпен, коммуни кативті компе тенцияларды ескере отырып дұрыс орындады

Ахиллов рефлексін зерттеу әдістемесі

Ахилл рефлексі - өкше сіңірін неврологиялық балғамен соққанда үш басты бұлшық еттің жиырылуына байланысты табанның жазылуы



Төртбасты бұлшық ет рефлексін зерттеу әдістемесі

Тізе рефлексі – тізені тізе тобығынан (patella) төмен неврологиялық балғамен соққанда төрт басты бұлшық еттің жиырылуы және тізені жазу пайда болады.



Бұлшық ет тонусын зерттеу әдістемесі

Бұлшық еттердің тыныштық күйіндегі серпімділігін дәрігер саусағының ұшымен оларды бірте-бірте қаттырақ басып, саусақ ұшын бұлшық еттің сіңіріне қарай бағыттау арқылы тексереді. Ырықсыз қимылға қарысылық қабілетін тексеру үшін дәрігер сырқаттың қолын немесе аяғын әуелі екі-үш рет оқыс иіп жазады, одан кейін буын тұсын 4-10 рет еппен баяу иіп жазады, әрі-бері қозғайды, ақырын бұрап байқайды. Сонымен дәрігер бұлшық ет серпімділігін жеңуге қаншалықты күш жұмсағаны, ырықсыз қимылдардың барлығының біркелкілігі, байсалдығы, көлемі, агонистер мен антагонистер ара қатынасы және ырықсыз қозғалыстар тоқтатылған сәттегі серпімділік әсері туралы алған деректерге сүйене отырып бұлшық ет тонусы (қуаты) жөнінде тиісті қорытындылар жасай алады. Гипотония, атония, гипертония.



Беткей сезімталдықты зерттеу әдістемесі

Сезімталдықтың барлық түрлерін тексеру кезінде науқастың көзі жұмулы болуы керек! Жанасу сезімталдығын тексеру кезінде дәрігер бір шоқ мақтаны науқастың бас, дене, қол, аяқ терілеріне симметриялы түрде тигізіп шығады. Сезімталдығы бұзылмаған адам әр түрлі жанасуды сезеді де оны сезгенін айтып отырады. Дененің сезімталдығы бұзылған тұсында науқас жанасу әсерін сезінбейді. Жанасуды шектен тыс сезу – гиперестезия; Жанасуды толық сезінбеу – гипестезия; Жанасуды сезінбеу – анестезия
Ауырсыну сезімталдығын тексеру үшін дәрігер түйреуіш ұшымен бастың, дененің, қол-аяқтың терілеріне симметриялы түрде тигізіп шығады. Егер түйреуішпен түрткен кезде, «өткір», «тұтқыр» немесе «өте өткір» деп білдіртіп отырады. Ауырсынудың шамадан тыс сезілуі – гипералгезия; Ауырсыну сау жағымен салыстырғанда аз ғана сезілсе – гипалгезия; Ауырсынудың сезілбеуі – аналгезия.
Температура сезімталдығын тексеру үшін дәрігер екі пробиркаға бірдей етіп су құяды. Олардың біреуінде 40°С, екіншісінде 20°С су болады. Осы пробиркалардың түбін науқастың аяқ-қолының симметриялы аймақтарына тигізіп шығады. Науқас қандай температураны сезінгенін айтып отырады. Ыстық - суықты шектен тыс сезіну – термогиперестезия; Ыстық – суықты сезінбеу – термоанестезия.



Бұлшық ет күшін зерттеу әдістемесі

Мысалы науқас қолын бүгіп тұрады. Қолын дәрігердің ашуына қарсылық білдіреді. Дәрігер күшпен қолын жазу арқылы күшін анықтайды.
6 баллмен өлшенеді
0сал болып қалу
1 әзер пайда болатын қимылдар
2 ептеп қимылдау, бірақ аяқ қолын көтере алмау
3аяқ қолын көтеру
4бұлшықет күші азайғанмен қимылы толық
5қалыпты
Қол ұшы саусақтарын динамометрмен өлшейді.

Есеп №9
Науқас ауруханаға оң аяқ-қолының әлсіздігіне, жүрісінің бұзылуына шағымданып келді.
Қарап тексергенде анықталды: оң аяқ-қолында күш екі баллға дейін төмендеген, терең рефлекстері жоғарылаған, аяқ бұлшық еттері қалыпты, оң жақта патологиялық рефлекстер және аяқ басы клонусы анықталады. Беткей сезімталдық оң аяқ-қолында төмендеген. Гемианопсия анықталады.
Зақымдану деңгейін анықтаңыз. Сол жақтық ішкі капсула зақымд.
Сезімталдық бұзылысының типін анықтаңыз. Церебральді тип
Зерттеу әдісін өткізіңіз.

Критерилер

15 балл

Тәжірибелік манипуляциялар

Манипуляцияны орындау кезекті лікпен, коммуни кативті компетен цияларды ескере отырып дұрыс орындады

Бұлшық ет тонусын зерттеу әдістемесі

.Бұлшық ет тонусын зерттеу әдістемесі
Бұлшық еттердің тыныштық күйіндегі серпімділігін дәрігер саусағының ұшымен оларды бірте-бірте қаттырақ басып, саусақ ұшын бұлшық еттің сіңіріне қарай бағыттау арқылы тексереді. Ырықсыз қимылға қарысылық қабілетін тексеру үшін дәрігер сырқаттың қолын немесе аяғын әуелі екі-үш рет оқыс иіп жазады, одан кейін буын тұсын 4-10 рет еппен баяу иіп жазады, әрі-бері қозғайды, ақырын бұрап байқайды. Сонымен дәрігер бұлшық ет серпімділігін жеңуге қаншалықты күш жұмсағаны, ырықсыз қимылдардың барлығының біркелкілігі, байсалдығы, көлемі, агонистер мен антагонистер ара қатынасы және ырықсыз қозғалыстар тоқтатылған сәттегі серпімділік әсері туралы алған деректерге сүйене отырып бұлшық ет тонусы (қуаты) жөнінде тиісті қорытындылар жасай алады. Гипотония, атония, гипертония.



Екі басты бұлшық ет рефлексін зерттеу әдістемесі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет