Русецкий сыны. Екі қол ұшы бір мезетте белсенді түрде жазылса, әлсізденген қолдың ұшы өзінен-өзі ақырындап бүгіле береді.
Жоғарғы Барре сыны.Сырқат екі қолын алға созып, 1-2 минуттай көзін жұмып тұрса, әлсіреген қол өзінен-өзі бүгіле бастайды (В).
Барренің саусақ сыны. Әлсіреген қолдың саусақтарын бірінен-бірін белсенді түрде жазып ажырату қиын болады.
Вендерович сыны. Сырқат шынашағын қозғалтуға әрекеттенген дәрігер ықпалына қарсылық жасай алмайды.
Төменгі Барре сынамасында
Сырқат көзін жұмып шалқасынан жатқызылады да екі аяғын 60° шамасында созып, еңісте (Е) немесе ол етпетінен жатып аяқтарын тізеден бүгіп-ұстап тұруға (F)тырысады. Осындай жағдайларда сырқат әлсіреген аяғын сол қалпында ұстап тұра алмайды.
Кері жұлқынуы (созылуы) болмайтын симптом (Стюарт-Холмс симптомы). Сырқат көлденеңінен бұрылған қолын бар күшімен шынтақ буынынан бүгеді (білек пен қол ұшы пронация күйінде, жұдырығы түюлі), дәрігер оның білезінен жазуға тырысады. Дәрігердің қарсылығы кенеттен тоқтаған сәтте тексерілуші кеудесін қолымен қатты соғып алады. Сау адамда мұндай құбылыс
болмайды, өйткені антагонистер тез қарсылық жасап соғылудың болмауын қамтамасыз етеді.
Оральды автоматизм симптомдардың зерттеу әдістемесі
Оральдық автоматизм рефлекстері - ми қыртысы бұлшық ет жолының орталық неврондары екі жағынан зақымданғанда пайда болады.
Балаларда Куссмауль іздеу рефлексіауыз бұрышы маңында сипау керек ,ауызды ашу, еріннің және тілдің сору қимылдары, басты тітіркендіру бағытына бұру.
Рефлекстің бастамасы V жұп БМН беткей сезімталдық рефлекстері .
Аяқталуы V, VII, IX, X, XI, XII жұп БМН қозғалыс ядролары.
Қашан жойылады 2 және 4 айларда, бірақ ұйқы кезінде 7-8 айға дейін сақталуы мүмкін.