П/п Наименование дисциплины



бет23/33
Дата07.01.2022
өлшемі1,61 Mb.
#17642
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33
Байланысты:
бірінші жартысы

ХХ ғасырдың басындағы ұлы Абайдан кейінгі ірі тұлға, көрнекті ақын, прозашы, публицист, бар ғұмыры мұқтаждықта, азапта, тартыс-күресте өткен жалынды тұлға Сұлтанмахмұт Торайғыров 1920 жылы 21 мамыр күні бар болғаны 27 жасында ауыр науқастан қайтыс болған. Қиыншылықпен өткен қысқа ғұмырында С. Торайғыров 110-дай өлең, 5-6 поэма, 2 роман, 7-8 мақала, очерк, әңгіме жазып қалдырған.

 

 



Осы бөлім бойынша тест тапсыру

СҰРАҚТАР

  1. «Қазақ тілі емлесінің реформаторы, грамматиканың және қазақ әдебиеті теориясының негізін салушы» аса көрнекті қазақ ақынын көрсетіңіз.

  2. А. Байтұрсыновтың әйгілі орыс ғалымы Г.Н. Потанинге тарту еткен жыр жинағын көрсетіңіз.

  3. «Өгіздей болу саған қайда, шырақ?!

Араңыз екеуіңіздің тым-ақ жырақ!

Онымен бірдей болып толмақ түгіл,

Қалпыңнан асқан жоқсың артығырақ», – деген үзінді А. Байтұрсыновтың қай шығармасынан алынғанын табыңыз.


  1. «Бай – байға құяды, сай – сайға құяды» деген мақал-мәтел А. Байтұрсыновтың қай өлеңінің идеясына сай келетінін көрсетіңіз.

  2. А. Байтұрсыновтың Қазақ тарихының 400 жылдық мерзімін қамтитын жинағын көрсетіңіз.

  3. «Ахмет Байтұрсынұлы Байтұрсынов» ғұмырнамалық очеркінің авторын көрсетіңіз.

  4. Әкесі айдалып кеткенде Ахмет неше жаста болғанын табыңыз.

  5. А. Байтұрсыновтың ғылыми еңбегін көрсетіңіз.

  6. А. Байтұрсыновтың «Аққу, шортан һәм шаян» мысалының негізгі идеясын көрсетіңіз.

  7. Қазақ әдебиеттануындағы әдеби терминдердің баламасын ойлап тапқан ғалымды көрсетіңіз.

  8. М. Дулатовқа арналған:

«Оян!» – дедің халқыңа,

Бас көтеріп тірлік қыл!»

Ақыл айттың ұлтыңа:

«Таста талас, тірлік қыл!» – деген өлең жолдарының авторын көрсетіңіз.



  1. Міржақып Дулатовтың пьесасын көрсетіңіз.

  2. «Кір жуып, кіндік кескен қайран жерлер,

Мұжыққа қош-аман боп барасың ба?

Қасиетті бабамыздың зияраты

Қалдың ғой көшесінің арасында», – деген үзінді М. Дулатовтың қай өлеңінен алынғанын көрсетіңіз.


  1. М. Дулатовтың мысал өлеңін белгілеңіз.

  2. М. Дулатовтың «Өлеңмен хасил болған нәрселер» деп аталатын өлеңіндегі «хасил» сөзінің мағынасын көрсетіңіз.

  3. Бос орынға қажет М. Дулатов шығармасының кейіпкерінің атын көрсетіңіз. «Сұлулық, ақыл, салтанат – үшеуі бір-біріне муафик келіп, _______ сол елдің қызының алды болды. Бұл артықшылығының үстіне _____ сөзге де ұста болып, өз ойынан шығарып өлең де жазатын болды».

  4. «Айтқан сертіне қыз жетіп, мен жетпей қалсам, маған тірідей өлім ғой, мен «тәуекел» деп бұл іске басымды байладым», – деген қай кейіпкердің сөзі екенін көрсетіңіз.

  5. М. Дулатовтың «екінші Сара» атанған кейіпкерін табыңыз.

  6. «С. Торайғыров – қазақ тарихындағы ой-санасы ең қырағы, ең қанатты, ең қазыналы қайраткердің бірі», – деген сөзді айтқан ғалымды көрсетіңіз.

  7. «Мен – балаң жарық күннен сәуле қуған,

Алуға күнді барып белін буған.

Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін,

Болмасам толған айдай балқып туған», – деген өлең жолдарының авторын көрсетіңіз.


  1. С. Торайғыровтың әңгімесін көрсетіңіз.

  2. «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды» армандаған ақынды көрсетіңіз.

  3. С. Торайғыров айтқан оқудағы мақсатты көрсетіңіз.

  4. С. Торайғыровтың Алашорда үкіметінің белгілі қайраткерлері мен қазақтың ұлы адамдарын елге таныстыру мақсатында жазған шығармасын көрсетіңіз.

  5. С. Торайғыров қызмет істеген журналды және оның қай қалада болғанын көрсетіңіз.

  6. Қазақ тілінің фонетикалық, грамматикалық құрылымын талдаған А. Байтұрсыновтың тұңғыш еңбегін көрсетіңіз.

  7. Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романында Жамал қалай қайтыс болғанын белгілеңіз.

  8. С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы қандай туынды екенін табыңыз.

  9. «Бақытсыз Жамал» повесіндегі Сәрсембайдың бәйбішесін көрсетіңіз.

  10. С. Торайғыровтың:

Мен – балаң, жарық күнде сәуле қуған,

Алуға күнді барып белді буған.

Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін,

Болмасам толған айдай балқып туған, – деген өлең тармақтарындағы буын саны мен ұйқас түрін табыңыз.



  1. Қостанай уезіндегі сауаттылық мәселелерін қозғайтын А. Байтұрсыновтың мақаласын көрсетіңіз.

  2. С. Торайғыровтың бір шығармасындағы қай қызды жынданған деп, соққыға жығып, басын тесіп өлтіретінін табыңыз.

  3. М. Дулатовтың пьесасының атын табыңыз.

  4. С. Торайғыровтың 5 бөлімнен тұратын, сюжетсіз поэмасын белгілеңіз.

  5. Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романында Ғали мен Жамал «Қырыққұдық» деген жерде кімді паналағанын табыңыз.

  6. С. Торайғыровтың негізгі кейіпкерлері қазақтың ел билеуші үстем тап өкілдері болып келген шығармасын белгілеңіз.

  7. Ахмет Байтұрсынов 1913-1918 жылдар арасында қай газетте редактор болғанын белгілеңіз.

  8. Ахмет Байтұрсынұлы

  9. Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» кітабы оның қандай қырын айқындайды?

  10. «Бақытсыз Жамал» романының кейіпкерлері

  11. Міржақып Дулатұлының өлеңі (-дері)

  12. А. Байтұрсынұлының  «Қара бұлт» өлеңінің негізгі идеясы

  13. С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы кейіпкерлер

  14. М. Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романының кейіпкерлер

  15. Ахмет Байтұрсынұлының мысал өлеңі (-дері)

  16. С. Торайғыровтың «Мен – қазақ» өлеңінен алынған үзінді


ҚАЛЫҢ МАЛ Роман Есіл бойын қыстайтын Атығай деген елде Тұрлықұл деген байдың, қырық жыл отасқан Қанша деген бәйбішесі елу бес жасында қайтыс болған. Қанша бәйбіше өлді дегенді естіген қадірлес, тұстастарында ренжімеген адам жоқ деуге болады; бірсыпыралары бәйбішенің мінезің бірсыпыралары берген қонақасын, кейбіреулері: «Қанша бәйбішедей дүниеге адам туар ма екен...» деп, әр түрлі өткен-кеткендерді айтып, әңгіме етісіп, ауыздарының суы құрысып жүрді. Тұрлықұл ұзын бойлы, мес қарын, түксиген қалың қабақты, көп сөйлемейтін, жалпақ мұрын, қарсы келген адам қаймыққандай, елге зәбірлі, көршілеріне мазаң, қатты мінезді адам еді. Бәйбішенің қайтқаны оған ете батты. Байға көңіл айтып, бата қыла келген елдің ақсақал, қарасақал замандастары: «Е, бай! Бәйбішеңізді беріпсіз, алды иманды, арты қайырлы болсын. Бұрынғы еткен аталарымыздың айтқаны бар емес пе: «Қатын өлді — қамшының сабы сынды», «Байдың қатыны өлсе төсегі жаңғырар, жарлының қатыны өлсе, басы қаңғырар» деп, басы қаңғырады дейтін жарлы емессің, жастың алпысқа келгеніне қарамай-ақ мал берсең, біреу өзі-ақ қызын әкеп тастар. Малға қызын кім бермеуші еді!..»—деп байдың көңілін көтерісіп жүрді. Бірер айға дейін, бата қыла келген адамның көптігі, даудамасымен Тұрлықұл байға бәйбішесінің қайтқаны да білінбей жүрді. Бір күні бай ертеңгі шайдан кейін, үйде бөтен адам болмағасын, шаруаға кез салайын деп, алдымен қонақ үйіне кірді. Ол үйдегі төсек-орын бет келген жерде шашылып жатыр, қызметкерлерінің де киімдері сол үйде, пеш үстінде су болған байпақ, шұлғаулар жаюлы тұр екен. Бұдан шығып шөбінің ішіне барса, онда арық жабағылар тұратын жұмсақ шөбінде толып тұрған сиыр, сиыр шарбағында аттар сықырлап жүр. Аттар тұратын шөбінде қой қаптап жүр. Бұларды көргеннен кейін бай үйге таман келе жатып, шошаласына бір иттің кіріп, шығып жүргенін көрді. Өзінің қызметіндегі бір баладан: «Аманжол қайда кеткен?» — деп сұрады. — Аманжол Атекем ауылына, шілделікке кеткен. — Шілделік кімдікі екен? — Байқадамның келіні ұл тауыпты, соған... — Қасен қайда? — Ол мана шай ішкесін ойық оямын деп кетіп еді, әлі жоқ, қақпандарын ала кетіп еді, тышқан, күзен аулап жүрген шығар. Маған түс кезінде сиырларды айдап жіберерсің деп еді, мен малдың су ішетін кезі болған соң шығарып едім, су ішкені ішіп, ішпегені ішпей келіп, маған болмай, қақпағын бұзып жабағылардың шебіне кіріп кетті. Айдап шығайын деп едім, болмады. Қасен әлі келген жоқ, қақпандарына айналып жүр-ау деймін... — Ол иттің мінгені не? — Үлкен торы. Үлкен торы деген қылауына қыл жуытпайтын, байдың бір қадірлі аты еді. Бай біраз ойланғандай болып: — Осы үйдің әлгі қатыны қайда ? — деді. — Қызболған үйіне кетті. Маған түсте шай қоярсың, кісі-місі келсе, шақырарсың деген самауыр қайнап тұр, шақырайын ба, ата? — Шақырсаң шақыр,— деп, бай кейіген пішінмен үйге кірді. Бәйбіше қайтпай тұрып та, қайтқаннан кейін де, сол ауылдың үш-төрт ақсақалдары, кешке баймен әңгімелесіп отырып, ас ішіп, байды жатқызып қайтатын әдеттері бар еді. Сол қалыппен бүгінгі кеште Байсақал, Әлібек, Қараш Тұрлықұлдікінде еді. Бұлардың алдында Аманжол, Қасенді бай ұрсып:—тышқақ лағым құрлы бәсі жоқ иттер, мені аяп жүр ме едіңдер, тойғандарыңды көтере алмай жүрген шығарсыңдар, ерегіссем ақыларыңды бермей қоярмын.— деп жерлеп отырды. Манағы бала үйге ентігіп кіріп келіп: — Пар-пар атты екі шаналы келіп түсіп жатыр,— деп хабар берді. Ауылдан келген үш-төрт кісі, Аманжол, Қасендер қонақ үйге шам жағып, көрпе салып болмай-ақ, үсті-басы қырау-қырау, қасқыр ішікті, түлкі тымақты жуандар кіре бастады. Аманжол мен Қасен қонақтардың киімдерін шешіп, қағып іліп жатыр. Ырсылдап, күрсілдеп, күшеніп-тышанып жуандар отырысты. Бұл келгендер — елдің Байғазы, Құрымбай деген байлары; бетіне жан келмейтін билер. Айтқаны келіп, атқаны тимеген жер жоқ. Екеуі де өлгенше парақорлар, жемқорлар, кісі етінен басқаны арамсынбайтындар. Байғазы қазақтың зор байларының бірі, жасынан би болған, анда-санда болыстыққа да таласып қоятын, өте парақор, қара бұқараға тізесі батқан жәбір иесі, шегір көзді, бұжыр, жуан, байдың жалғыз қызы Айтолқынды берген құдасы. Бұл кісілер ертерек келіп, бәйбішеге құран оқып, Тұрлықұлға көңіл айтып қайтқан болатын. Бұлар келгеніне, бай қуанып, кеңесіп кеп отырды. Қонақтар да жүрген жайларын айтып кеңес қылды: — Елден шыққалы жиырма шақты күн болып қалды, бас ауылнай жағына барып съезд құрып келеміз. Халық арасында бір-біріне ауысқан-түйіскендері бар, тоқты-торымдай жанжалдары бар екен сондайларды бітіріп келеміз. Елде дау-жанжал мұндай көп болар ма!.. Ел де бұзылып біткен ғой, әсіресе жесір дауы-ақ көп екен. Күйеуін менсінбеген қыз, байынан айрылатын келіншек... Кейбіреулер құдасынан айрылмақшы... Құрекеңнің пышағы май үстінде, қалтасы да толған шығар,— деп Байғазы қарқылдап күлді. Қасқыр қой жемейді деп ешкім айтпас,— деп о да қарқылдап күлді. — Қасқыр болғанда, Аралбай сорлының он сом қызыл қағазын алып төрт сиырының бірін жаман Түйкеге әпердің-ау,— деді. Сонда Құрымбай отырып. — Ол жаман болғанмен жеті сом ақша, Алтыбайдан қыстай жанжалдасып өзің әперген бес тайыншамды асырап, қыстан шығарып бермекші болды ғой,— деп тағы қарқ-қарқ күлді де, күмістеген мүйіз шақшадан насыбайын атып, алдындағы кішкене жез шылапшынға шырт-шырт түкіріп, ақ жастыққа шынтақтап қисая кетті. Байғазының әзілінен ұтылып қалдым-ау деген кісіше, біраздан кейін басын көтеріп: — Е, Байеке! Өзінің түйедейі көрінбей, біреудің түймедейі көрінеді дегенау, Медекенің жирен атын алып, жесірін Сарымсаққа бергеніңіз есіңізде бар ма? — деді. — Е! Мен ат-тон айыбы мен қалың малын қайтартпақшы болдым ғой. Ол итке мен болмасам, мал қайда,— деп Байғазы тағы күлді. Осы қалыппен қонақтар қалжыңдасып отырып, Тұрлықұлдан шаруа жайын сұрады. — Қыстай жылқының бетін көргенім жоқ, аман деген хабар келеді, биыл қыс жақсы ғой,— деп бай үй шаруасының жүдеушілікке айналып бара жатқандығын айтып жігіттерін сөгіп отырды. Ауыз үйде отырған Аманжол, Қасендер: — Осы бай бізге не қыл дей береді; ұсақ-ұланы мен сексен сиыр, елу шақты арық-тұрақ жабағы-тай, бес жүз қойды қарауға екеуіміздің шамамыз келе ме? Ақымызды да жөндеп бермейді,— деп мұңайысып отырды. Байғазы тамағын кенеп, сиректеу біткен шоқша сақалын сипай түсіп: — Бәйбішеңіздің олай-бұлай болғаны болмаса, құдай берген адамсыз ғой, бір жөні болар... Біз съезден тарқағанда елге тура қайтсақ та болатын еді, бұрылып келуіміздің мәнісі сізге бір адам тауып келіп отырмыз. Екінші ауылда Итбай деген дүмше молданың жасы он төрт-он бестерге келген қызы бар екен. Бітуана болса, соны айттырсаңыз қалай болар екен. Ол ауылға ар жағынан іңір мезгілінде келіп едік, әлгі байғұстың үйі ауылдың шетінде, өзі далада тұр екен. Амандасып жөн сұрағаннан кейін, енді қайда барасыздар, қонып баталарыңызды беріп кетіңіздер деп жібермеген соң қондық,— деді. — Ол қай Итбай? — деп Тұрлықұл елең ете түсті. — Ана жылғы, езіңіз зекетке құйрығы құрттаған боз ала тоқты беретін молда. — Е-е... е... е..! Ол бәйбішенің ысқатына да бір тайынша алған. Сол Амантай ауылында болушы ма еді... — Байғұстың екі бөлмелі балшық үйі бар екен үйін балшық деп не қыласың, езі жылы, шамалы ағаш үйден таза. Күн көргіштігі де тәуір көрінеді, берген қонақасысы байдан ілгері, қазыны бұзбай салыпты. Қатыны да тәуір адам екен Құрекең құдаша деп ойнап жатты, менің кезім әлгі баласында болды. Баласы сұлу, ай десе аузы, күн десе кезі бар, киген киімінде бір кіршік жоқ, бармақтары майысқан, бойы тал шыбықтай. Шай құйғанда бір аяқты қағыстырмай, әдеппен отырып, тұрып жүрді. — Өзінің оқығаны да болу керек, біз ас артынан әңгімелесіп отырғанымызда кітапқа да қарап отырды. Ертеңіне аттардың алдында, молданың інісі Қарақұл дегеннен: — қарындасыңды күйеуге беріп пе едіңдер?—деп сұрап ем.— Жоқ, теңі кездеспей, бере алмай отырмыз, — деді. Мен сізді қалай көресіздер деп едім, байекеңе бір баланы қайткенмен береміз ғой деп, жалпақтап қалды. Сізді ұната ма, ұнатпай деп біз Итбайдан тіл тартпай келдік. Егер орнын олқысынбасаңыз — баласында мін жоқ,— деп Байғазы тоқтады. Тұрлықұл біраз тоқталып, ойланыңқырағандай болып: — Ондай ретті адам болса, керерміз. «Есік көргенді алма, бесік кергенді ал» деген мақал бар еді. Өз көңілім де қыз алмақ, маған бермегенмен де, малға береді ғой,— деп көтеріліп бір қойды. Бірсыпыра әңгімелесіп отырғаннан кейін, бай, Аманжол, Қасенді шақырып алып: — Мына билер шаршаған шығар, төсек салыңдар,— деді. Билер күшенісіп, ырсылдасып далаға шықты, төсек салынып жатыр. Билер келгесін, күтіп тұрған Аманжол, Қасен мәсілерін тартып, шалбарларын алып шешіндіріп, көрпелерін жауып, шам сөндіріп шығып кетті. Жастыққа басы тимей-ақ Құрымбай: Бәйеке, осы Есмұраттың, әкем тіріліп келсе де бермейін деп жүрген қара тазысын қалай алдыңыз?— деді. Е ол ит қай бір сыйлап берді дейсіз, қорыққанынан берді ғой... Оның мәнісі былай: былтырғы өлген інісінің қатыны сұлуша, жас адам болатын, Есмұратты кәрісініп, іргеден шықпақшы білем, оны Байғазы сезеді дағы, тазысын сұратады. Енді бермеске амалы бар ма? Бірақ тазының өзі де айтудай бар екен екі күнде Шалқаржан үш түлкі алғызды, жазғытұры көксоқтада қасқырға салам деп жүр. Ол қатын мың төркін жұрты да маған күзден бері дамыл беруді қойды. Бірақ шығымы жоқ жаман иттер ғой, тіске сыздық болғандай еш нәрсенің жөнін көрсетпегенсіп, мен де ырық бермей жүр едім, енді осыдан барғасын, қазақшылық қып, Есмұратқа басып неке қиғызатын шығармын... — Байеке, олай болса, екі жылдан бері біздің Жиенбайға адамның жөні келмей сорлап жүр ғой, тәуір адам болатын болса, соған берсеңізші! Мен Жиенбайдан қара кер аты мен жүз сом ақша алып берейін. Мұны естігесін, Байекеңнің ұйқысы ашылып кетіп: — Жаман кісі күйеу таңдай ма? Ол келінге сыртынан асық болушы аз болмаса керек, біздің бала да барғыштап жүр білем,— деп бір аунап түсіп жатты да,— олай болса, Құреке, осыдан барғасын Жиенбайды жібер маған, ақ құйрық қағазын қалтасына сала келсін, ретіне қарай көрерміз...— деді. Бұдан кейін әр нәрсені әңгіме ғып жатып, тойған билер үйді басына көтергендей қорылдасып ұйықтап қалды. Бәйбішенің тірісінде де, өлгесін де, байдың төсегін салатын, самауыр қоятын бала еді. Тұрлықұл бай келе даяр төсекке жатып, бәйбішені есіне алып, үй ішінің азып бара жатқандығын тағы ойлап, қамығып, көзіне жас алып, теріс қарап жатып: Қой! Бәйбіше енді келмес, өткен күнді ойлап көңілімді жасытпайын, Әбішті шақыртып алып Итбайға жіберейін деді. Енді шалқасынан жатып, бозбала кезіндегі қалыңдық ойнағаны есіне түсіп, ендігі заман сондай болар ма екен деп тәтті қиялда жатып, талығып көзі ұйқыға кетті. * * * Ертеңіне шай ішіп отырғанда Тұрлықұл бай билерге: — Сіздер ұнатып, Итбай қызын лайық көріп келген болсаңыздар, бүгін Әбішті, қасына бір кісі ертіп, жіберейін деп отырмын,— деді. — Өзім қатарлы дәулеті жоқ демесеңіз, баласын біз ұнатып келіп отырмыз. Құдай бұйырса, Әбішті жіберіңіз, малға қыз бермейтін адам болушы ма еді. Бермесе Құрекең оның басына зобалаң туғызбай ма...— деп Байғазы күлді. Кісілер кеткесін бай Әбішті шақыра кісі жіберіп, өзі шаруасына көз салайын деп далаға шықты. Бетімен жүрген торпақтарын қораға кіргізіп, шөп салдырды. Арық-тұрақ тай-жабағы тұратын қораның ішіне барса, бірсыпыра тай-жабағы шөп жемей, қарап тұр екен. Бай Қасенге қарап: — Жабағыларды суардыңдар ма? — деді. — Жоқ, кешеден бері су ішкен жоқ. Қызболған су жылытып бермегесін, мен қар тастап жүрмін,— деп Қасен өз жұмысымен бола берді. Жайшылықта мұндайды көргенде жалшылардың жер-жебіріне жететін Тұрлықұл Қасеннің бұл жауабын елең алады. Бүгінгі күні оның ойында қыз айттырудан басқа шаруа шамалы еді. Бай бөтен малдарына кез салып, енді үйіне келгенше Әбіш те келіп қалды. Әбіш — байдан үш-төрт жасы кіші жақын ағайыны, Тұрлықұл мен екеуі қатар өсіп, жастықты бірге өткізіп, бірінің бірі ымы-жымына түсінген замандас. Байдың Әбіштен жақын жан ашыры жоқ еді. Тұрлықұлдың ағасынан қалған, төрт-бес немересі болса да, малына сала бастағансың оларды көптен маңына жуытпайтын. Ол жігіттер сырттан байдың өлуін ғана тілеп жүретін. Үйге бай Әбішке шақырған жұғысын айтты. Әбден болады, бәйбіше қайтқаннан бері қарата өзім жақ, бұл жақтан сұрастырып, құлағымды түріп жатыр едім. Сол өзіңіз айтқан Итбайдың қызын лайықтап, осында келмекші болып жүр едім,— деп байдың, ойға алған ниетін мақұлдап шықты. Бұдан кейін бай, үлкен көк шанасына екі жиренді жектіріп, Әбіштің, қасына ауылдан бір кісі ертіп, аттанардың алдында: — Малдан қашып, айттырмай келмегейсің,— деді. Тұрлықұл мен Итбай аулының екі арасы — 35—40 шақырымдай жер. Әбіш жасынан кедейлік көрмегенмен де, пар ат жегіп көрмеген шамалы шаруаның бірі еді. Құтырып тұрған байдың атымен жеккесін көңіліне желік пайда болып, божы ұстаған болып: «Айда! Қаратастағы, не Жайылымдағы елге түстенейік деді. Олда ат шалдырып, түстеніп алып, ымырт шала, бұрқыратып келіп, Итбайдікіне түсе қалды. Далада тұрған Итбай, Әбіштің неге келгеніне түсініп, бәйік болып қалды үсті-үстіне сұрап, Тұрлықұлдың да амандығын қайта-қайта сұрап, Әбішті қолтықтап үйге есік ашып енгізіп, күпісің тымағын сілкіп, қағып жатыр. Қонақтар жайласып отырғаннан кейін, Итбай ауыз үйге шықты. Ас салайын деп жүрген ауыз үйдегі қатынына келіп, ақырын сыбырлап қана: Бұлар Тұрлықұл байға біздің Ғайшажанды айттыра келген шығар, қазыны бұзбай сал,— деді. — Қатыны дыбысын шығарыңқырап: — Тәйірі, қойшы, не болса соны айтпай... Жай жүрген шығар, Ғайшажанды шалға неге берейін,— деп Итбайдың сөзін жаратпай теріс айнала берді. Итбай сыбырлаған қалпымен: — Былшылдамай асыңды сал! — деп, тер үйге қайта кірді. Шай қойылып, ет асылып жатыр. Әбіш кеңесті ерсілі-қарсылы соғып жатыр. Итбай «алда» дей түсіп, басты изей береді. Қатыны бұлардың қалпын ұнатпаған тәрізді; Ғайшаның ойында еш нәрсе жоқ. Ас артынан қонақтар, көп кеңесіп отырып, төсек салдырып жатты. Шам сөнгесін Әбіш қасындағы жолдасына сыбырлап: — Баласы жұрт айтқандай бар екен Итбай байғұс сезген кісіше, жалбақтап жатыр, қатынын қойшы, тәйірі, әйелде билік бар ма, — деді. — Итбайдың, жүрегі лүпілдеп, ұйқысы келмей: «Бұлар ештеме демегені қалай, батыр-ау? Етімді текке жеп кететін бола ма? Қазыны бекер тұтас салдырған екем!..» деп, дал болып біраз жатты. - Бір аунап түсіп: «Қой, жұмыссыз неге жүрсін. Ертең келген жұмысының жөнін айтар» деп көңілін жұбатты. «Егер Ғайшажанды айттыра келген болса, он құлынды бие сұрасам ба екен болмаса таза мың теңге ақша сұрасам ба екен. ...Қой ақшадан да он құлынды бие дұрыс болар, бес-алты жылда құдай бұйырса жүзге тарта жылқы болмай ма? Жазғы қызығының езі қандай, үй сыртына ұзын желіні құрып, құлындарды шыңғыртып байлап жатқан қандай. Кемпір-шалдың ысқатына кіріп мал таба бастағаныма міне биыл дәл жиырма бір жыл болған екен одан түсім шамалы ғой... Жұрттың, қолы жылдан жылға тарылып та барады, құдай тілекті берсе, мұратқа жетсем...» Итбай дөп заманнан бері «осы қалқам ер жетіп, бай жерге беріп, көп мал алсам» дегендей мақсат қып жүретін. Итбайдың інісі, Қарақұлдың есінде, анау күнгі Байғазы бидің сөзі бар. Әбіштің Тұрлықұлға Ғайшаны айттыра келгенін сезіп, қуанып, жөнді ас іше алмай жатып еді. «Мал алсақ кімнің қызын айттырсам екен?» деген оймен арпалысумен болды. Өзі білетін жаңа өспірім қыздарды сыпырып шықты. Әзінің сыртынан қызығып жүретін он үш-он төртке келген үш-төрт қызы бар еді; оларды Тұрлықұл сықылды қатыны өлгендер айттырып кеткен. Әлі де болса маңындағы қыз біткенді қайтадан бір сыпырып өтіп, ретін таба алмай, ақырында: «Қой, жас болса да құдай жеткізер, Санекенің қызын айттырайын» деп, көңілі алып қойғандай көріп, жаны жайланып, көзі ұйқыға кетті. Ертең шай ішіп болғасын, Әбіш, Итбайды оңашаға шақырып алып, келген жұмысының жөнін айтты. Итбай қуанғандығын білдірмей ішінен «Е, құдайай! Менің де тілегімді беріп, байға қолымды жеткізетін күнің бар екен» — деп: — Жақсы айтасыз, Тұрлықұлға бір баланы бермеймін демеймін; «ат сатсаң ауылыңмен» деген бұрынғылардың бір сөзі бар еді, туғантуысқанымды алып, ағайындарымды алып бір сөзін берейін; сіз үйге барып отыра тұрыңыз,— деді. Итбай не жауап қайтарар екен деп, білдірмей, қораның ішінде тыңдап тұрған Қарақұл, бұл сөзін естігесін қуанғанынан секіріп түсті Итбай ауылдағы Амантай, Жамантай деген ақсақалдар, Серғазы деген жігіт ағасы бар еді,— соларды шақыртып алдырып, Әбіштің келген жұмысының мәнісін айтты. Амантай Жамантай — құлағыңды кесіп алам десе де көне беретін момын, қой аузынан шөп алмайтын шалдары; Серғазы — ұзын бойлы, сұлу мұрт, жауырыны қақпақтай жігіт ағасы. Көп сөйлемейді, ерегіс-жанжалда жұмысы жоқ бірақ істейін десе, қолынан жақсылық та, жамандық та келеді. Әбіштің келген жұмысын естіген ақсақалдар, бәрі бірдей: «Жарайды! Жат жұрттыққа жаратылған бала ғой, қайырлы болсын, беру керек, Тұрлықұл да бір орын. Мал десең, малы бар, бай десең, бай, әйел баланың орны табылғасын не керек»,— десті. Қарақұл да шыдап отыра алмай қосарланып: Қарайды беру керек, бірақ неше мал алатындарын, сөйлесіңдер,— деп ақсақалдың бетіне қарады. Серғазы, отырып Қарақұлға: Жеңгең ұната ма екен? Әйелдің бір көлденен билік болатын, білдің бе? — деді. Қарақұл бірдеңе дейін деп келе жатыр еді, Итбай мен екі ақсақал оның сөзін бөліп: — Не мал сұрасақ лайық болар екен? — деді. — Бір түлігінен сегізден кейін алу жарамас. — Мен он сұрасақ деп едім... Ақсақалдар: — Жарайды! Сүйек сатулы, малға саудаласқанның ұяты жоқ қой, сұрап көрейік, десті. Сөзді бір жерге түйіп алғаннан кейін, Әбішті отырған жерлеріне шақыртып алып амандасып болғасын, Амантай, Жамантай ақсақалдарымыз, пар қайырлы болсын айтып: — Келген жұмысыңыздың жөнін Итбайдан естіп, байдың жасын санамайақ, бір баланы Тұрлықұлға бермекші болып отырмыз... — десті. — Қайырлы болсын, алатын малдарыңыз біреудің алып, біреудің, беріп жүрген малы ғой, оны бір түлігінен алсаңыздар да, екі түлігінен алсаңыздар да өздеріңіз білесіздер,— деді Әбіш. Ақсақалдар: — Бай малынан жазбай ма, біз бір түлігінен он онды алғымыз келіп отыр, алатын да жөніміз бар емес пе? —деп біріне-бірі қарасты. Әбіш бұлардың, да құда болғысы келіп отырғанын сезіп, өзі айтқан сегізіне табандап тұрғысы келді де, тағы да не қылайын деп, баталы малдан бір балалы малды арттырайын деді. Итбай жұлып алғандай: — Артына не бересің? — деді. — Не алатындарыңды қайдан білейін, біздің байға жасау керек емес екендігін өздеріңіз де білесіздер ғой. «Шариғатпен кескен бармақ ауырмас» деген шамалап сұрап көріңіздер. Итбай отырып: — Мен баламды ырғалтып-жырғалтып жөнелтем демеймін. Бірақ төсекорынсыз, жалаңаш-жалпы бере алмаймын. Бай 300 сомды ауырсынбас,— деді. Сол жерде көп тартыспай-ақ тоғыз балалы мал, 250 теңгеге бата қылысты. Уәде жаз бие бауда жұмысты бітірмек. Бұл отырған кісіде разы болмаған кісі жоқ, жалғыз Қарақұл «Екі жүз елу теңге не болады» деп естіртіп айта алмай, күңкілдеп кісілерді айнала берді. Бұны Итбайдан бөтен ешкім сезген жоқ. Кісілер далада сөйлесіп отырғанда, Ғайша апасына келіп: — Апа, ағамдар не сөйлесіп отыр? Пәлен ақша, пәлен мал деп бірдеме дейді. Мана жат жұрттыққа жаралған бала ғой, беру керек дегенін естіп едім,— деді. Кісілер не жайынан сөйлесіп отырғанын сезген апасы Ғайшаға не дерін білмей: — Сен бір шіріген жұмыртқа болдың ғой, қалқам...— деп көзіне жас алып, Ғайшаға білдірмей бөтен шаруасына айнала берді. Бұл сөздің не сөз екеніне түсіне алмай, екінші қайта сұрай алмай, Ғайша да қала берді. Бұлайша бата қылысқанның артынан Әбіш: — Мен біржолата құда түсіп кеткім келеді, Итбай, сен де бай кісі емессің, топ жинап тәрбие қылатұғын, біздің бай да жалғызілікті адам, ерсілі-қарсылы опыр-топыр қыла беруге оның да уақыты келмейді, бұл ұнай ма, Әмеке, Жәмеке? — деді. Амантай, Жамантай: — Молда біледі, бізге сіздікі дұрыс көрінеді, неге десеңіз Итбай да бәсекенің кісісі емес қой,— десті. Итбай: — Сіздердің ұнатқандарыңыз маған да ұнай береді, олай болса бүгін қонып, ертең сәрсенбіге біржолата құда түсіп кетіңіздер,— деді. Отырған кісілер құда-құда, сіз, бізбен үйге кірісті. * * * Үйге кіріп отырысқасын Амантай ақсақал Итбайдың қатыны Ақсұлуға қарап: — Келін, қайырлы болсын, біз мынау Әбішпен құда болып, келіп отырмыз. Тұрлықұл байға Ғайшаны беріп келіп отырмыз. Жат жұрттыққа жаратқан бала ғой, — деді. Келін ішінен иттер ит болып келіп отыр екен ғой деп: — Қайнаға, Ғайшаны Тұрлықұлға теңі деп беріп келіп отырсқандар ма? Болмаса байлығына қызығып, беріп келіп отырсыздар ма? Бұл қайырлы болсын қай қайырлы болсын. Мен он қырық жеті берсе де жалғыз Ғайшамды шала беруге разы емеспін, байлығы өзіне,— деп теріс қарап күйбектей берді. Әбіш: — Ештеңе етпес, әйелдің сондай сөзі болатұғын, — деп шеберлікке салды. Келініне жауап қайтара алмаған Амантай, ұялғанын білдірмеген болып: — Тәйірі, әйелдің, от басына бармайтұғын билігін қойшы, — деп көтеріліңкіреп қойды. Серғазы дыбысын шығар-шықпас қып: «Әй, мана айтып едім ғой»,— деп қисайып жата кетті. Ақсұлу: «Бұлар енді маған болмас, құдай жөнін берсе, уақытында көрермін»,— деп ақылға жеңдіріп, ауыз үйінде мұңайып отырды. Бұл кеңестің артынан үй ішінде отырған адамдардың әрқайсысы әр түрлі ойға қалысты. Кейбіреулерінің ойына: «Әйелге еркектің үлкендігі бола ма екен беріп отырған жеріміз бай, мал анау, дүние анау, оралғы болатын жас баласы жоқ. Ғайша (ыр.і сала сол болып, күрп ете түспей ме, бұған енді пе керек екен?». Бір сөз шығып кете ме деп, Қарақұл тықыршып өліп барады. Итбайдың ашуы қатынында. Серғазы ішінен Ғайшаға жаны ашып: «Осының жақсы ат, жаман атына бекер кіріскен екем», — деп отырды. Ертеңіне құда түскеннен кейін, Әбіш Итбайды шақырып кетті. Құда кетіп, үй босағасын, Итбай Ақсұлуға дамыл беруді қойды. Айтатын сөзінің көбі: Ғайшажанға сенің жанын, ашығанда, менің жаным ашымай ма? Бара бәйбіше болатын орын емес пе, арман не! Ақсұлу кекетіп: — Мақсатыңа жеттің ғой, мазамды алма...— деп теріс қарап жүре беруші еді. Итбай Тұрлықұлға құда түсіп, мал алуға даярлана бастады. Қарақұлды киетін киім, жегетін шана, ат сұрауға жұмсап дамыл бермеді. Құдаға кімді апарып, кімді қоюдың өзі бір сүре болды. Амантай, Жамантай болып жетісегіз кісі елден шықты. Серғазыға қаншама жүр десе де, құдалыққа бармай қалды. Көңілі есіп, төбесі кекке жеткендей боп келе жатып Итбайдың ойлайтыны: «Тұрлықұл, Итбай, құда, мал, мал...» * * * Үйде оңаша қалғасын Ақсұлу Ғайшаға әнеугүні не себепті шіріген жұмыртқасың дегенінің мәнісін айтып: «Қарағым, шалға барып қалай адам боласың...» — деп өксіп жылап отырды. Болған істің анығын білгесін Ғайша да: «Апа, мен шалға барып қалай адам боламын», — деп апасын құшақтап көп жылады. Күннің күні бойы уайым, қайғымен жөнді ас іше алмай, кешке екеуден-екеуі оңаша мұңдасып отырған үстіне үйге бір жігіт кіріп келді. Бұл келген — сол Есіл бойындағы Қарасарт аулының жиені Жүсіп баласы Қожа. Қожаштың әкесі Жүсіптің әлдеқалай қайын жұртына көшіп келіп отырғанына бірсыпыра уақыттар болып еді. Қожаш — орта бойлы, талдырмаш, сабыр иесі, сұлу қара торы, бір сезді, уәдеден таймайтын жігіт. Замандастары сол мінезінен өте жақсы керуші еді. Қожаш бұрын да Итбайдікіне бірнеше рет келіп қонып, Ғайшаның сұлулығынан мін таба алмай, сыртынан ғашық болып жүрген жігіттің бірі еді. Ғайшаны айттырайын десе, Итбайдың бермейтініне көзі жетіп, қолдың қысқалығына кінә қойып, көңіліне демеу бергендей болып, сол ауылға келгіштеп жүретін. Бүгін келгенінің мәнісі Итбай қызын Тұрлықұлға беріп, мал ала кетті дегенді естіп, үйде Ғайша не күйде отырғанын білмек еді. Шай ішіп отырғанда, Қожаш сыр тарту үшін: «Тұрлықұлмен құда болды деп естіп едім, қайырлы болсын»,— деді. Ақсұлу тұрып: «Қайырлы болсынды сүйісіп, құда болған кісілерге айтпасаңыз, Ғайшажан екеумізге айтпаңыз, Жиен құда болған біз жоқпыз»,— деді. Бұл сөзді естігесін Қожаш ішінен шамадан тыс қуанып, екі көзін Ақсұлудан айырмай, көңілімен Ғайшаны сүйіп-құшып отырды. Біраз отырғаннан кейін Қожаш тағы да: «Күш қазандай қайнайды, күресуге Дәрмен жоқ» деп бір сабаз айтқан екен сол сықылды, қолдың қысқалығы не қылғызбайды, жеңгей,— деді. Ақсұлу отырып: — Үйде ме, шырағым, «жігітті ағы білмес, бағы білер» деген — деді. Оңаша үйде, бөтен баста адам болмағасын, бұл үшеуі мұңдарын, өткенкеткенді әңгіме қылып көп отырды. Ғайша да бой жете бастағаннан бері қарай, Қожашты сыртынан жақсы жігітке есептеп жүруші еді. Бұл екі ғашық бір-біріне сыр ашыса алмай, құр бірін-бірі сүйіп жүретін. Бұлардың ыңғайын байқап, Ғайшаның апасы қандай заман болады, бір-біріне айта алмай ибалық қылып отырған сөзі болса, сөйлессін деп, екеуін оңаша тастап ауыз үйге шығып жүрді. Ғайша мен Қожаш оңашалықта, құр іштерінен: «Мен сені сүйдім», «Сені мен де сүйдімнен» басқа ешнәрсе айта алмады. Ертеңіне Қожаш аттанып кеткесін, апасы Ғайшадан: — Кеше мен далаға шығып жүргенде жиен саған ештеме деген жоқ па?— деді. Ғайша күлімсіреп: — Жоқ, ештеме деген жоқ, апа,— деді. — Жиеннің кедейлігі не керек, екеуің қол ұстасып жүрсеңдер де аштан өлмес едіңдер, құдай саған осындай жігітті де кез келтірмеді-ау ?! — деп апасы көзіне жас алды. Тұрлықұл есіне түсіп, Ғайша апасын құшақтап жылап қоя берді. * * * Көп кешікпей бір үйір жылқымен Итбай да келіп қалды. Ақсұлуға: «Ет ас, той қыл» деп мазасын алып барады. Малға қайырлы болсын айта, шашу шаша келген ауылдың еркек, әйелдеріне Итбай Тұрлықұлдан көрген сыйсияпатын, жеген қонақасысын, қазына, мүлкі мен байлығын айтып, мақтанып, жаман жер үйіне сыймай отыр. Өзін Тұрлықұлға бергеннен бері қарай, не болғанын білмей жүрген Ғайша, Итбайдың сөзіне шыдай алмай, ауыз үйде отырып, жылаған күйінде мұңды дауыспен қоя берді: Әй, аға, шыныменен шалға беріп, Ғайшанның теңін таппай, малға беріп, Жиылған ағайынға отырғаның, Біреудің бақ-дәулетін қызық көріп. Он сорлы екі-үш күннен отқа түскен Отырған ажал жетпей, қалуға өліп, Жүрегім, басым дал боп, ішім күйіп, Қайғылы, уайымды, шаттық сөніп, Қор болу қиын емес екендігін Түсініп есіме алдым бүгін біліп. Теңімнің қатарынан ұзақ тұрмын, Жүремін бірге қалай ойнап-күліп. Бұл кезде көңілім суып, бойым мұздап, Тұруға шамам да жоқ, жүруге ілініп, Ғайшаның ұзақ жатыр жырлар күні, Халықтық: «Бұл қалай»,— деп сынар күні, Ескермей ешбір нәрсе жүруші едім, Бар ма екен қасірет, қапа шығар күні? Ғайшаның теңі қайда, елі қайда? Кешегі уайымсыз күні қайда? Қалқамды сүйгеніне берем дейтін, Әкенің жан ашырлық сөзі қайда; Кез жасы, ренішіме қаламысың? Балаңды от пен суға саламысың? Болмаса жанық ашып жалғызыңды, Айырып жау қолынан аламысың? Мұны естіген соң, Итбай да, үйде отырған ауыл адамдары да әңгімесін тоқтатып, тым-тырыс, біріне-бірі қарап, бұл қалай дегендей дағдарысып қалды... Итбай қатынын оңашаға шақырып алып: — Ғайшажанды жылатып қойған сен итсің ғой?! — деп ұрсып, балағаттап бір сөз айтса сабағандай да болып,— ендігәрі зарланғанын маған естіртпе! — деді. Итбайдың ашуы тараған кезде Ақсұлу: — Жақсы мен жаманды айырмайтын қызың бала дейсің бе, жасынын, он беске келгені есіңде бар ма? — деді. Итбай: — Е, бала емей немене? —деп үйге қарай жүре берді. Қожаш үйіне келгелі бүгін үш күн, жатса-тұрса Ғайшаны ойлап, күн-түні қамығумен болды. Үй шаруашылығынан бірдеме істейін десе, мойны жар бермей, тамақ ішуден де қалып жүрді. Жүрсе-тұрса сүлеленіп замандастарымен ойнап күлуден де қалды. Қожаштың бұл қалпын сезіп, сырлас жақсы көретін бір жеңгесі: — Кенжем, бір жерің ауырып жүр ме, неге жүдеусің? — деді. Сырлас, жақын, жаны ашитын жеңгесі болғасын, Қожаш бастан-аяқ сырын айтып,— дертім сол. Одан басқа ешбір ауруым жоқ, не қыларымды білмей жүрмін,— деді. Мұны естігесін жеңгесі: — Олай болса уайымдап жата берме, атқа мініп көңіліңді көтер, Ғайшаң, жаққа бар, реті келсе сөйлесерсің, бөтен тірі жанға сыр берме,— деп ақыл айтты. — Тағы бір есіңде болатын мынау: Тұрлықұлға бергеніне қыздың шешесі разы болмаса, онда қыз бен шешесі бірыңғай болғандығы ғой, сен қыздың шешесімен орайласқаның дұрыс болар. Қайнысының көңілін көтерейін деп: — Ғайшаны өлеңшіл дейтін, айтысамын деп жеңіліп қалып жүрме, кенжем,— деп күлді. Бір күні үйге отыра алмағасын, Қожаш үйінен түс ауа шығып, тым болмаса Ғайшамен дидарласып келейін деп Амантай аулына қарай бет қойды. Есілді жағалап келе жатқанда, бір шыңның астынан бір түлкі шыға кеп, аттыны көргесін қаша жөнелді, түлкіні Қуайын деп шоқыта алдындағы қырға шыға қалса, кетіп бара жатқан түлкі көрінбейді. Бір кішкене шоқыны айнала ұшып жүрген даланын, жайын бүркітін керді, ізімен жорытып келсе, түлкінің ізі әлгі шоқыға кірген екен. Айнала жүрсе, шыққан ізі жоқ—бүркіттен қорқып түлкі, шырпыны паналап жатыр екен. Мына бүркіт осы түлкіні алмас па екен деп, кішкене шоқыдан түлкіні қуып шықты. Бүркіт түлкіні көргесінақ аспандап барып, атқан оқтай зулап жерге түсті. Бүркіттің түскен жеріне келе жатып, анадайдан даладай болып түлкінің үстінде тұқымдап жатқан бүркітті көрген соң, Қожашқа: Тұрлықұл Ғайшаны алар болса, бишара мұңды осындай халге түседі-ау деген ой кіріп, сол ой іштегі шерді толқытып сыртқа шығарды. Даланы жаңғыртып ән шырқап, желе шоқытып, Қожаш түлкінің өкпесіне тұмсығын қадап жатқан бүркітке де жетіп қалды, аттан түсе қалып, түлкіні алып қанжығасына байлап: «Құдай бұйырса жолым болады екен»,— деп ырым қылып, қатты жортып отырып, Амантай аулына келді. Қотанда қой бөліп жүрген бір баладан, өтірік білмегенсіп: — Итбайдікі қай үй? Серғазынікі қай үй? Ол үйлерде қонақ бар ма?—деп жөн сұрады. Бала Итбайдікі кейін қалды. Серғазынікі анау түтіні шығып жатқан үй, онда бүгін шілдехана бар, кеше Серғазы үйіндегі жеңешем ұл тапқан, жаңа шілделікке Атекем аулынан екі шана қыз келді. Мұны естіп Қожаш ішінен қуанып, Серғазынікіне келіп түсе қалды. Үйге кірсе он шақты қыз төр үйде шай ішіп отыр екен. Амандасып, тумаға қайырлы болсын айтып, шешінгеннен кейін, Серғазы отырып: — Жиен өзің қалаған жерге отырып шай іш,— деді. Қожаш, екі көзін аққудың көгілдіріндей болып отырған Ғайшадан айырмай жағалай бергенде, Ғайша келдің бе деген кісі құсап қағысып оң, жағынан орын берді. Бұл екі ғашық көп ішінде амандасқаннан бөтен сөз сөйлей алмай, құр іштерінен бірін-бірі: «Мен сені іздеп келдім», бірі: «Қашан келер екен деп сағынып жүр едім» дегеннен басқа ойламады. Бұлар бірін-бірі көріп көңілдерін демеп, жандары рақат тауып, қантпен ішкен қара шай балдан кейін көрінбей отырды. Екінші ойлары соңыра ойын басталып, қолымызға домбыра тигенде не айтсақ лайық болар екен деген болып отырды. Ac ішіп болғанша, жан-жақтан шілделікке келген бозбалалар екі үйді лық толтырды. Серғазы қатын алғалы бірсыпыра жыл етсе де, бала болмай сағыныңқырап көрген қуанышы еді. Сол себепті ойын-той қылайын деп, жан-жақтың қыз-бозбалаларына өзі де хабар бергізген. Бозбалалар әбден жиналып болғасын, ортадағы үйдің есігін аштырып қойып: «Енді ойындарыңды бастай беріңдер. Өзіміздің ауылдың балалары, шеттен келген жігіттерге қызмет етіңдер, құрметтеп жіберіңдер,— деді Серғазы.— Тағы да, ұмытпай тұрып айтып қояйын, ертең де жиналып ойнаңдар, үш күнге шейін рұқсат, шамам келгенше аттарыңа шеп, өздеріңе қонақасыдан тартынбаймын», — деді. Бұдан кейін екі ыңғайлы жігіт шығып, қызбозбалаларды реттеп отырғыза бастады. Бұлар Қожаш пен Ғайшаға келіп: — Сіздердің араларыңызға бір қыз отырғызайық деп едік, — деді. Ғайша: — Жиенмен екеуіміздің тіземіз айрылмайтын шығар, бөтен жерге отырғыза беріңдер,— деп Қожашқа қарап жылмыңқырай түсті. Қызбозбаланы әбден отырғызып болған соң, әлгі екі жігіттің бірі тұрып: — Серғазы аға! Өлеңді кімнен бастап айтқызайын?—деді Серғазы: — Домбыраны бері әкел, өзім бастаймын,— деп домбыраны алып, пернесін тышқан аңдыған мысықтың аяғындай ептеп басып, әнге салып бірекі ауыз айтып берді. Серғазы той бастарын айтып болды да: — Мә, шырағым Жұмаш, енді ретімен кісі тастамастан айттыра бер?—деп қолындағы домбыраны түрегеп берді. Домбыра шеттен жағалап келеді, әркім өз шамасынша айтып жатыр, кезек Қожашқа келді. Қожаш домбыраны қолына алып, жұртты кеп бөгемей-ақ, «Қалқам шырақтан» жаяулатып үш ауыз айтып берді. Үй ішінде отырған бозбалалар бәрі бірдей шулап: — Бәрекелді, Жиен тағы да айтыңыз,— десті. Қожаш болмас, айтайын деп, домбыраның құлағын қайта бұрап тамағын кенеп, біраз ойланып отырды. Қожаштың жанынан шығарып айтатыны да болатын. Бұл жолы «Қалқам шырақты» қояйын, түсінген кісі түсінер. Түсінбеген кісі түсінбес деп, Ғайшаның қазіргі халін, өзінің ғашықтығын жұмбақтап өлеңге қосып, ән шырқап қоя берді. Қожаш өлеңін аяқтап, қолындағы домбырасын Ғайшаға қарай берді. Отырған бозбалалар да, Серғазы да: — Жарайды, дұрыс айтасың, Жиен— десті. Ғайшаға өлең айт деуге бата алмай, Серғазы Жұмашқа: — Домбыраны алып, шетінен айттыра бер,— деді. Ғайша күлімсіреп: — Ертерек міндетімізден құтылайық,— деп қолына домбыраны алды. Қожаштың айтқан өлеңі басқаға жұмбақ болғанмен Ғайшаға жұмбақ емес. Түтіндей булыққан іштегі шердің тиегін ағытып, көпке мұңын шаққандай үш-төрт ауыз өлең айтты. Айтып болып Ғайша қолындағы домбыраны тастай беріп, Қожашқа қарай сүйеніңкіреп, содан бір жәрдем көріп, пана табатын адамша тығылыңқырап отырды. Қожаш та сыртынан он, қолымен өзіне қарай тартыңқырап жұрт шулап жатқанда, Ғайшаның құлағына аузын таяп, сыбырлап: — Мен сені құтқарамын... Тұрлықұлдай бай емеспін, қара басыма разы болсаң...— деді. Құтқарам деген сезді естіген Ғайша буыны дірілдеп: — разымын, разымын, — деді. Қара көлеңке бола берген кезде, ауыздарын жақындастырып сүйісіп алды. Бұлардан басқа да қыз-бозбалалар сүйісіп жатыр, бірақ бұл екеуінің сүйісуі, жақындығында риясыз достық бар. Ғайшаның өлеңін естіген сол үйдегі әйел-еркектердің ойға қалмағаны жоқ. Бірсыпыра қатындар жылап та алды. Жылаған қатындардың көбі — малдың күшімен амалсыз келгендер. Кейбіреулері Ғайшаға жаны ашып жылап жатыр. Кейбір бозбалалар: «Итбайдың өзі шын ит кісі екен ғой, Ғайша сықылды баланы, неше бай болса да шалға бере ме?» — деген ойға қалысты. Серғазы, өз алдына қалың ойға түсіп, бозбалалардың ойын-күлкісіне алаңдамай, төсегінде шалқасынан жатып, «Рас, Ғайша жас, Тұрлықұл алпыста ма, одан да артық па. аппақ шалға барып бишара қалай адам болады; жақсы, ішер тамақ, киер киімнен кемшілік көрмес, бірақ оның Ғайшаға пайдасы не? Ойын-күлкіде өткізетін балғын мезгілін бір шалмен қалай өткізсін? Бишараға кінә жоқ, қайтсын байғұс, қалай зарламасын!.. Обал... Обал... Алғашқы кезде осынын, обал-сауабына кіріскендей болып ем, енді реті келсе, құтылуына себепкер болсам...» деп ойлап жатты. Бозбалалар бірсыпыра өлең айтып болған соң, «алақан соқпай» ойнап, одан ортада отырғандарды кейін отырғызып, бірін-бірі көтеріп, ойнады. Шам қара көлеңке болған мезгілде, қыз-бозбалалар сүйісіп қояды. Қожаш пен Ғайша сөздерін әбден бітіріп, уәдені тастай қып байлап, ендігі әңгіме. ретін тауып Тұрлықұлдың торынан құтылу болды. Бозбалалар әбден тарқап болғасын, Қожаш төсек салдырып жатып қалды. Әнеукүннен бергі қайғықасіреттерін ұмытып, қуанышты қалыппен Ғайша да үйіне келіп жатты. Бұл екі ғашық, екі жерде жатып, екеуі де таң атқанша ұйықтай алмай шықты, қашан қосыламыз, қашан мұратқа жетеміз дегеннен басқа ой бұл екеуінде жоқ. Ертеңгі күн бұл екеуіне кеш болмады. Бір сағаттың ұзақтығы жылдай көрініп жүрді. Ғайшаның ете көңілді, бір жерде сабыр етіп отыра алмай жүргенін Ақсұлу сезіп, сұрауға ибалық етсе де, бір оңашалықта: — Ғайшажан, шілделікке баруға күн қашан батады деп асығып жүрсің бе, қалқам?—деді. — Я, апа, барамын, бүгін кешегіден ертерек барамын, түнде ойынға жиен келді, апа; екеуміз қатар отырдық, жиен өзі жақсы ғой, апа... Мені «шіріген жұмыртқа болдың ғой» деп рас айтыпсың, апа,...— деп Ғайша жылап қоя берді. Апасы да жылап, біраз көңілін басып алғансың: — Шырағым, Ғайшажан! Есіңде болсын, жиенмен қалай ойнап күлсең де мен сендерге ұрыспаймын,— деді. Апасынан мұндай сөз естігенсін Ғайша; көңілі Тұрлықұлдан мүлде құтылып кеткендей болып: — Сен болмасаң, апа, мен не адам болар едім? Маған кімнің жаны ашыр еді, апа?—деп тағы жылап қоя берді. * * * Екінші күні кеш, шілделікке жиналған қыз-бозбалалар кешегіден гөрі азырақ болды. Ғайша мен Қожаш, кешегі қалып қатар отырды. Екеуі де қайғы-қасіретті ұмытқандай. Бірсыпыра ойнап отырып, кешегі ұйқының әсерінен жалығуға айналып, түн ортасы ауа берген мезгілде қыз-бозбалалар тарай бастады. Ауыз үйде кебісін таба алмай, қыздардан кейін қалған Ғайшаға Серғазы: – Ғайша шырағым, сен қалып, бізге шай қойып берші, жақын ғой, артынан барарсың,,— деді. Серғазының қатыны да: – Үкілім, кішкентай самауырды қоя қой, шырағым, — деді. Ғайша сенек ішінде самауыр қойып жүргенде, Серғазы Қожашқа: – Жиен, Ғайша екеуіңнің ыңғайыңды байқадым, Тұрлықұлға бергенге шешесі мен қызы разы емес, пәлен деп не қылайын ocы ауылда разы емес кісінің бірі мен, маған ешнәрсенің керегі жоқ... Мен сендердің тілектеріңде, осы күні оңаша жер ғой, барыңа қамыңды жей бер,— деп күліп, Қожашты үйден шығарып жіберіп күлді де, қатынына: — Ешкімге сыр шашпағайсың, Балкүміс,— деді. Қожаш далаға шықты. Самауырға шоқ салып жатқан Ғайша артына жалт қарап, Қожашты көрді де, қолындағы шымшуырды жерге тастай беріп, қарсы жүрді: — Жиен саған шай қоям деп тоңып қалдым!—деді. Екеуі сағынысып көріскен адамдай, құшақтасып, сүйісіп, жолдан тайып, қораның қараңғы бұрышына қарай кетті... Қожаш үйге барайын деп жүре бергенде Ғайша тұрып: — Жиен енді қашан келесің? — деді. Қожаш ойланып, биыл Тобылға шеп шапқанда бес күн кемі бар еді, соны өтеп, содан соң қалаға баруы бар, соны есептеп айналасын тоғыз күнге толтырып: — Енді тоғыз күнде бір оралып соғармын,— деді. Шай ішіп болған соң, Ғайша қайтқысы келмей, артында бірдемесі ұмыт қалған кісіше, артына қарайлай-қарайлай үйіне қайтты. Төр үйде Серғазы мен Қожаш кеңесіп, көпке дейін ұйықтамай жатты. Серғазы бастан-аяқ Тұрлықұл мен Итбайдың құда болып, мал алғанын, шешесі мен қыздың разы болмай жылауда екенін, Ғайшаны Тұрлықұлға беру мәслихатының ішінде өзі де болып, жазықсыз жастың обалына қалдым ба дегендей ойда боп жүргенін әңгіме қып айтып отырды. Осы байғұстың көз жасынан құтылудың амалын ойлап жүргендігін де айтты. Қожаш та Серғазыдан сыр жасырған жоқ, Ғайшаны көргеннен ғашық болып, айттырайын десе тонының келтелігінен жазып жүргендігіне дейін айтып қамығыңқырады. Одан әнеугүні Итбайдікіне қонғанын, қатыны мен қыздың сол күнгі сөзінен байқаған қалпын, кешеден бергі Ғайшамен сөйлескен сөзің еткен уәдесіне дейін тастамастан айтып, көңілсіз емес екенін білдірді. Серғазы: — Жарайды, Жиен енді өзің ешкімге сыр берме, келіп-кетіп жүргенде түсетін үйің осы үй болар, абырой сақтайтын жағын да ескеріп, кеш келіп, ерте қайтып ұятқа біз де қалмайтын жағын ескерерсің, өзіңе де абырой керек қой,— деді. Ғайша да үйіне келіп, көңілдегі мүддесі біткендей болып рақаттанып, апасының бас жағында салулы тұрған төсегіне жатып, ешнәрсе ойламастан ішінен «тоғыз күн», «тоғыз күн» деп қайта-қайта айтып, бір түрлі тыныш, тәтті ұйқыға көзі кетті. Ертеңіне Қожаш атын ерттеп, кешегі олжа түлкісін Серғазыға байлап, енді аттануға айналды. — Өзіңнің де жолың болатын реті бар екен ғой,— деп Серғазы күлді. Қожаш атына мініп, жолда Итбайдікіне түсіп, Ғайшамен дидарласа кетейін десе дағы, құр түсіп аттанудың ретін таба алмай, тура еліне қайтты. Есілді жағалап, аяң-жортақпен келе жатқанда, аттарын сүмектей қылған, өздері сақ-сақ күлген үш жігіт жолықты. Бұлар: Жүніс, Әлкең Бірке дейтін бұрын Қожаштың ойнап-күліп жүрген жігіттері екен амандасып болғаннан кейін: — Жиен қайдан келесің? — десті. Қожаш жөнін айтқасын, Жүніс тұрып: — Серғазының қатыны ұл тапты деп еді, шілделікте болған екенсің ғой,— деді. – Барған жұмысым ойын емес еді, бірақ кез келгесін шында болдым,— деп Қожаш күлімсіреді. Әлкен күліп: – Жиен кімнің қызының қасында отырдың? Шыныңды айтшы? — деді. – Кімнің қызы екенін білмеймін, әйтеуір бір қыздың отырдым,— деп күлді. Жүніс тұрып: — Әнеугүні, мен бір Итбайдікіне барғанымда, Ғайша қашанда бүгін жиен қонып кетті деп аузынан тастамай отыр еді, дәу де болса, Ғайшаның қасында отырған шығарсын, — деді. – Ол байғұс бір қор болған бала ғой, әкесі шалға бергеннен бері қарай құсаланып жүдеп кетті деп жүр еді, қалай көрінеді, байқадың ба, жиен? — деп, Бірке Қожаштың бетіне қарады. – Сөйлескем жоқ, бірақ көңілі жарым кісінің қалпы бар көрінеді. – «Ит жегенше кісі жесін» деген бір мақал бар еді, сол Ғайшаны сен алып қашсаңшы, жиен. Осыдан еліңе аман-есен бір жетіп алсаң құтылғаның ғой. Сонау Көкшетауға артыңнан кім іздеп барар дейсің,— деп Жүніс жолдастарына қарады. Бірке тұрып: – Олай деме, Жүніс, жиен Ғайшаны алып қашса, артынан іздеп барушы болар, бірақ жиеннің елі де іргелі ел емес пе... Бұл елді алсақ бұлда сүттей ұйып отырған ел емес... Тұрлықұлдың жесірі үшін өле кетуші шамалы болар. Міне, Тұрлықұл үшін өлмейтіннің бірі мына мен,— деді. – Е, Тұрлықұл ана жылы, біздің, өзі сорлап сіңірі шығып отырған Қуакеңнің жесірін, тал түсте, Әбіш бас болып, ауылындағы небір бәйшігештеу Қыдыр дегенге алып берген сонда біздің қанша жазығымыз бар еді?—деп Әлкен зығырланғандай болды. – Жазығымыз кедейлігіміз шығар, қотанды қой, үйірлі жылқының жоқтығы шығар... - деп Жүніс те мұңайған тәрізді болды... Қуекеңнің жесірінің кетуіне себеп болған — ана жылғы өлгем штатта, біздің Медеудің Тұрлықұл жағында болмағандығы ғой, сонан бері бізге ие істегісі келмей жүр. Жылқыңды шаңдатып, ауыл үстіне бастырып, Тасөткелден суарма дегеніміз, бұрынғының үстіне қосымша болып, болыс, билер өз жағында болғасын, біздің мың мая шығатын Кең шалғынды тартып алмақшы болып жүрген жоқ па... Ғайшаны алып қашқан кісіге жаяу қалсам да астымдағы атымды қосып берер едім,— деп Бірке күрсінді. — Рас-ау, ойда жоқ жерде, Бірке, сен едәуір әңгіме айттың-ау, құдай жөнін беріп, Ғайшаны алып қашатын бір еркек табылса, есте болатын іс екен— деп Жүніс те қайраттанғандай болды. — Жақсы, жігіттер, «Сөз сезден туады, сөйлемесе қайдан туады» деген мақал бар еді, Итбайдың қызын Тұрлықұлға бергеннің, езі байлар мен биболыстан кедей, нашар атанын, көрген кемшілік, қоршылықтарын қозғап, қай-қайдағыны еске түсірді-ау. Сендер оны айтасыңдар. Бір жылы мен ауылдағы жаман Тоқпай деген сасық байға шепке тұрғам. Тамақ, киімді жөндеп бермегенімен жай қоймай, күнде боқтап, басыма қамшы үйіре бергесін, шыдай алмай, шығып кетіп ем. Сол ит күніңді бітірмей шықтың деп бір айлық еңбек ақымды әлі бермей жүр. «Саған ақымды жібермеспін» деген сертім бар еді, сол әлі кетіп бара жатыр... — Біздей сорлылардың, құр аузы айтатыны болмаса, қолынан не келуші еді,— деп Қожаш тағы мұңайғандай болды. Бәрі де ат үстінде, қамшыға сүйеніп ойға қалғандай. — Қой, құр тұрып ерте күнді кеш қылмайық, не нәрсені уақытында көрерміз... Жиен «жас-жастың тілегі бір, жібектің түйіні бір» деген бізді өзіңе сана. Енді біз жүрейік,— деп Бірке атының басын бұра бастады. * * * Өткен штаттан бері Тұрлықұлдың жатса-тұрса ойынан шықпай, түйткілденіп, мазасын кетіріп жүрген — Медеудің өткен штатта соңына ермегені бір болса, екінші, жылқысын Тасөткелден суартпағаны. Оның, бір кегін Медеудің жесірін тартып алып қайтарып еді, оған місе тұтпай Кеңшалғын есінен шықпай мазалана беруші еді. Бір күні Тұрлықұлдікіне, би-болыстар сау етіп түсе қалды. Бұлар байдікінде, қаздай қалқып, үйректей жүзіп екі-үш күн жатты. — Мына Медеуден кекті қалай аламыз, менің көңілім жалғыз жесірмен місе тұтатын емес, Кеңшалғынды алып, Тасөткелден жылқымды суармай кегім бітпейді. Сөйтіп бір сол кедей немелерді табаныма салып, әне біреу селтеңдеп жүрген қу тірсек Бірке дейтінінің екпінін басып қойсам деймін,— деп Тұрлықұл Байғазы мен Құрымбайға қарады. Байғазы, Құрымбай: – Байеке, жалғыз сіздің емес, сол Медеудің ызасы де есімізден кетпей жүр-ау, қолдағы ел аман болса, бидің бұл тілегіңіз орындалатын тілек қой,— деп шіренісіп отырды. Әбіш тұрып: – Осы Кеңшалғын ретінде бай менімен көптен ақылдасып, сіздерді шақыртып жібермекші де болып жүр еді, «Бітер істің басына, жақсы келер қасына» деген, сірә, біздің байдың бұл ісінің сәті келер,— деп күлімсіреді. Құрымбай «жер деген сізге оңай ғой» деген кісіше, көтеріліңкіреп, насыбайын қағып жіберіп: Олай болатын болса, осы жолы біржолата байдың ісін бітіріп кетейік,— деді. Отырған жұрт ақылдасып, Тұрлықұлға тағы қалған дос-жорларын, Кеңшалғынды тартып алу үшін Медеу үстіне жиылыс құрмақшы болды. Тұрлықұл Медеуден Кеңшалғында даулайды екен, би-болыстар сол ауылдың үстіне съезд құрады екен деген хабар дүңк ете түсті. Бұл хабарды естіген жұрттың бірсыпырасы «сорлы Meдеуге штат, ерлік, билік не керек еді, Тұрлықұлдың етегінен ұстап, дегенін істеп отыра бермес пе»,— дегендер де болады... Бірке, Жүніс, Әлкен бұл хабарды естігеннен кейін ауыл ақсақалдарын, тағы басқа ағайындарын жинап алып, ақылдасып жиналып төбелесіп, биболысты ауылға түсірмей таратсақ қайтеді, — десті. Ақсақалдар тұрып: – Қой, шырақтарым, олай болғанда ауырлық сендерге түседі ғой, сендердің бастарын, байланып жүрсе, арттарыңнан адам жоқ, алса жерін алар, күндерің туса көрерсіңдер — деп, төбелес қылуды тоқтатты. Бірке тұрып: Жарайды, сіздер ұнатпасаңыздар о да болсын, біз таза «ниетті қазаға» енейік деп ек, олай болса, алатын жерін өздері ала берсін, бірақ ауылға келіп опыр-топыр қылмасын деп алдынан кісі жіберейік, — деді.— Жіберейік, жіберейік,— деп би-болысқа Жүністі аттандырды. Жүніс ауылдан шыға бергенге, топтанып би-болыстар да келіп қалды. Медеуде би-болыстар екі-үш қонып, мазалап, әптер-тәптер қып басыпкөктеп Кеңшалғынды алмақшы болып ауылнайға қарай кетті. Ал қыдырып көңіліңізді көтеріп қайтыңыз деп Тұрлықұлды да ертіп кетті. Бармағын тістеп Біркелер қала берді. Әй, бишара кедей-ау! Саған да атар таң, шығар күн бар ма екен! * * * Кештетіп Қожаш үйіне келді. Далада су әкеле жатқан жеңгесі күліп: — Түсің жылы көрінеді, кенжем. Жолын, болды ма? Аткөлігің есен бе?— деді. Қожаш күлімсіреп, есен деп үйге кірді. Көңілсіз емес екендігін жеңгесі сезіп, анығын білуге асықса да Қожаш көп құмарландырмай үйден шыққаннан, үйге келгенше көрген-білгенін бәрін айтты. Құмарланып тыңдап отырған жеңгесі: — Жарайды, қайырлы болсын, бірақ тоғыз күнге дейін сен қалай шыдап жүресін,, Ғайшаң қалай шыдап жүреді?—- деп әзіл тастады. Қожаш күлімсіреп: — Бір сағат та керісе алмай отыра алмағандаймыз, бірақ тым жиі бара берумен көзге түсіп, құр сезікті боламыз ғой?—деп қойды... — Қожаштың ауылында, қандай сырлар болса да жасырыспайтын Бекарыстан дейтін бір жолдасы болатын. Сол жігіт бір күні Қожаштан: —кейде көңілді, қуанышты, кейде жабыңқы жүресің, Қожаш; маған сырыңды неге айтпайсың, кейде қыдырсаң жалғыз қыдырып кетесің...— деді. Қожаш бастан-аяқ барлық сырын айтты. — Енді мен құр бозбалашылығым болса, бөтен біреу естіп сезсе де ешнәрсе етпес еді, құдай бұйырса, осы жаз алып қашамын ба деген ойым бар, ешкімге сездірме, Бекарыстан өзің ат салысып маған жәрдемші бол, — деді. — Жарайды, қолдан келген жәрдемімді аямаспын, құрбылық былай тұрсын, Тұрлықұлдан көк алу үшін де ісіңе кірісемін. Ана жылы жоғалған бір биесін нақақтан-нақақ үйде қарап отырған біздің Жанарыстаннан керіп жаяу тастап, жалғыз аты мен бір сиырын алды ғой, сондағы Жанарыстанның кінәсы — бие жоғалған күні кешіне бір тайын іздеп, Тұрлықұлдың жылқысын аралаған екен. Итбайдың қызына өзім де сөз айттырайын деп жүр. едім, енді мен қойдым. Оғанда осылай болсын. Ал енді ертең Ұрқияның күйеуі келеді деп естідім. Сәрсенбі, бейсенбіге ойыны болса керек, соған Қожаш. Менің атыммен ертең ағам қалаға барушы еді, сенің атыңды жегеміз. Жарайды, барайық. Ертеңіне бес-алты жігіт боп, Қожаш, Бекарыстан тойына баруға шықты. Той Тұрлықұл аулымен көршілес отырған Алтыбай аулында. Бұл екі ауылдың іргесі айрылып көрген жоқ. Қазақтың қар басқан аулы, пештің мойнынан шыққан болмаса, қай жерде үй бар, қай жерде үй жоқ адам сыртынан қарап білетін емес. Қорадан шығып а.үрген бейсауат мал да көрінбейді. Ауыл сыртында қар жатқан он шақты арық-тұрақ. Сырттан ауыл жым-жырт. Ауылдың шетіндегі бір үйге түсіп, той етін жеп бола берген мезгілде сырттан: – Атшабар, атшабар!—деген дауыс шықты. Ауылдан топтанып шыққан кісілерге еріп бұлар да барды. Бұлар келсе, бір жағынан Бірке, Әлкен, Жүністер де келіп қалған екен, бір-біріне қосылып шұрқыраса кетіп, бірыңғай отырды. Бұлар бәйгеге Жүністің қара керін әкепті. Сол жылы қыс жеңіл болғандықтан, дәмелі бозбалалар астындағы бір-бір атын жаратып тастаған екен. Бұлардың ішінде Бірман деген ақ көңіл, алаңғасарлау бір жігіт бар еді. Жұрттың бәйгеге қосайын деп жатқан аттарын көріп делебесі қозып, мен де атымды шаптырамын деді. Бірке, Бекарыстанның қой дегеніне болмай, тым болмаса бір таң асырмаған атын бәйгеге қосты да жіберді. Сонымен Қожаш, Біркелерден екі ат қосылды. Атты айдап жіберген соң, жиналған жұрт екі жарылып күрес салды. Бірман жайшылықта көрінгенмен алысып, жұлыса беруші еді. Әркім мазақтап, «Бірман балуан» дегенді малданып жүрсе керек. Бас балуанға өзім түсем, жол біздікі деп, белсеніп ортаға барып отырып алды. Жиналған жұрт, жол дегенге сөз айтсын ба, Бірманға балуан шығарды. Екеуі ұстаса кетті. Кім жығылғаны белгілі ғой. Бозбалалар күресіп болғанша, ат та келіп қалды. Жүністің қара кері мен бір торы ат бөтен аттардан оңашада, алдында қатар келе жатыр. Торы ат—Байғазының баласы, Шалқанның белгілі жүйрік торысы. Шалқан менің атым озып келеді деп шертиіп, түлкі тымағын қисайта киіп, ортаға шыға берді. — Шалқан, кейін тұр, аттарды жасқантасың, кімнің аты озып келгенін жұрт көреді ғой,— деп Жүніс те қарақшыға қарай жүгірді. Торыдан қара көрдің мойыны озып қарақшыдан етті. Шалқан: — бас бәйге менікі, былай шыға менің атым озды деп жанжал шығарды. Жүніс: — бәйге менікі, менің атым озып келген жұрт, көріп отырсыңдар,— деп ентіге басып ортаға барды. — Оңбаған Медеу, саған не қылған бас бәйге? — деп Шалқан Жүністі қамшымен екі-үш рет сілтеп етті. Шарт-шұрт төбелес болды. Жұрт қой-қойлап, төбелесті тоқтатқан соң, Шалқан тұрып: — Бәлем Медеу, кеше қатының мен жеріңді алып ек, бұдан былай басыңды алармын,— деп атынын, басын бұрды. Біркенің Смайыл дейтін бір шалы тойға аяғынан кездескен. Маған шапан бермей, Томанға кигіздіңдер, мені ырымнан құр тастағандарың кешегі штаттан қалмай жүрген кикілжің ғой деп: Бірке, Жүніс, атқа мініңдер... Бұның тойын да, езін де...— деп боқтап тағы жанжал шығара түре келді. Түлкібай дейтін сол ауылдың, ақсақалы: — бір ашуыңызды бізге беріңіз, Сәке,— деп Смайылды тоқтатып, бір «көк шолақ» ырымын әперді. Той тарқағасын, кеше ойынға жиналған бозбалалардың басы құрала бастады. Қожаш, Бекарыстан Біркелер де жолдастарымен іздеп келген жерлеріне барып, қыздармен араласып отырып алды. Қожаштың, түндегі Серғазынікіндегі Ғайшамен бірге отырғаны, сөйлескен сөздері, қылықтары есіне түсіп, қасында үкілері тоқпақтай болып отырған қыздарды менсінбей, бұл ойында жөнді өлең айта алмай, өте көңілсіз өткізді. Ойынға бір кезде Шалқан келіп: — Мына Медеудің бозбалаларын шығарыңдар, жаудың бізге керегі жоқ!—деп айқай салды. Бірке: — Шықсаң өзің шық. Өзіңе жанжал керек болса, үйді бүлдірмей далаға шығып төбелесейік! —деп белсеніп тұра келді. Жұрт екі жағына да жалынып, тоқтатып, ойынға отыра берді. «Бәлем тұра тұр», — деп Шалқан ашуланып шығып кетті. Қыз-бозбалаларды ойнатуға Түркеш, Нұрыш дейтін екі жігіт шығып, бір қыз, бір бозбаладан отырғызып, қазақшылық қалыппен ретімен өлең айтқызып, «сақина алмақ», «алақан соқпа» дейтін ойындарды ойнатып болғанша таң атуға жақындап қалды. Отырған қыз-бозбалалар шаршап, кейбіреуінің ұйқысы келіп, кейбіреулері көлеңкелеп, сұлап, бөтен әңгімеге айнала бастады. Күйеу қосшысының, бозбалалардың ырымын әперіп ойынды тарқатайық деп, Нұрыш, Түркеш барып ырым сұрады. Күйеу қосшысы Әлімбай деген бір тіс қаққан жігіт еді. Жарайды берейін, «орамал тонға жарамағанмен жолға жарайды» деген мақал бар еді, кәне не аласыңдар, жігіттер?—деді. — Жиылған қыз-бозбала көп, он сомның күмісін бересің,— деді Нұрыш. — Он сомды қой, үш теңгенің күмісін алып, соны жеткізе берсеңдерші. — Ораздың малын аяйсың ба, үш теңгемен ойын таратқанды қай атаңда керіп едің? Түнеугүні Медеу Салықтың қызын ұзатқанда, күйеуден он сомның күмісін алғанбыз. Сол Медеудің бозбалалары да ойынға келіп отыр, оларға таба боларымыз жоқ, — деп Түркеш дауласып отырып алды. Ақырында күйеу-құдадан сұраған кәдесін алып, қыз-бозбалаларға апарып үлестіріп беріп, ойынды тарқатты. Ауылы шалғайырақ Қожаш, Бекарыстан Бірке, Жүністер Ұрқияны апарып салып, ертең, біржолата қайтамыз деп, сол ауылға қонып қалады. Ондағы ойлары: «Не болса да аяқтап кетейік. Шалқанды құдай бір кездестірмес неткен осы Тұрлықұлдың қосағын қосақтап, бізбен байланысып жүр ғой, болмаса оның бізде несі бар. Осының сүйегінен кетпейтін бір таңба салып жіберейік. Тұрлықұлдың жалғыз қызының күйеуі Шалқан таяқ жеп қайтса, ол Тұрлықұлға да тиген таңба болады ғой»,— деген еді. Ертеңіне Ұрқияны шығарып салуға, ауылдан үш шақырымдай жерде отыз шамалы бозбала, бірсыпыра қыздар жиналып тұр еді. Жиналған жігіттер Біркенің ыңғайындағы бірсыпыра кедейлер еді. Тұрлықұлдың қосағын қосақтаған Байғазыдан бір өліп ек. Шалқаны тағы масқарасын шығарды-ау деп, жігерленіп, әңгімелесіп тұр еді. Көп ұзамай-ақ қасында Тұрлықұл ауылынан он шақты жігіті бар, ылғи түлкі тымақ, семіз ат мінгендері ертіп Шалқан келді. Артында екі шана Ұрқиялар келе жатыр. Буына нан піскендей болып, жігін бөлектеп Шалқан кеп тұра қалды. Ұрқия келгесін Медеу жігіттері күйеуден «дең асар» ырымын сұрады. — Сен қу тірсектерге не «дең асар» керек, Алтыбай мен Тұрлықұл ауылының құда-күйеуінен «дөң асар» алуға жетіп пе едіңдер,— деп Шалқан түсе қалды. — Алтыбай мен Тұрлықұл аулы кім еді, аламыз,— деді. — Е, Тұрлықұл кім болмаса, кеше қатының, мен тал түсте Кеңшалғынды қалай бердіңдер ? — деп торы атпен ортаға қарай көлденеңдей берді. Кеңшалғын құлағына тиген соң манадан шыдамай тұрған Жүніс Шалқанды сегіз қырлы қамшымен періп-періп етті. Тұрлықұл Кеңшалғын туралы Медеуге істеген зорлығын ертең Ғайшаға да істейін деп отырғандығы есіне түсіп, Қожаш та шыдап тұра алмай, білеудей қамшымен Шалқанды бір-екі тартып өтті. Ызаға шыдай алмай тұрған жігіттер мырзаларды сойды да салды. Шалқан шекесі қанап аттан құлады. — Іс бітті, бір кекті алдық,— деп Бірке жігіттерді алып, ауылға қарай жүріп кетті. * * * Қожаш үйіне келіп, оны-мұны шаруа жұмыстарын біткесін, ертеде Ғайшамен уәде еткен күні, қайткенмен де барып, бір көруге асығып жүрген ғашығының көңілін бітірейін деп " атына мінді. Жақсы керетін жеңгесі Қожаштың атының басын ұстап тұрып: — Сапарың қайырлы болсын,— деп күліп қалды. Жолдан Бірке, Жүністерге соға кетейін деп, Біркенікіне түсе қалды. Әңгімелесіп отырып Бірке: — Біздің ақсақалдар, Кеңшалғын мен Тасөткелді, тағы әнеугі өзіңе айтқан жесір әңгімесін ұмытпаған көрінеді. «Осы Итбайдың қызының тұсында, Тұрлықұл байдан кекті бір алып қалуға болар еді, бірақ сол қызды әкететін еркек тумаған шығар»,— деп отыр. — Жүніс, Әлкен болып өзіміз ақылдасып ек, сол Ғайшаны алуға сені лайықтап отырмыз, Жиен сен қалайсың шыныңды айт, осы қыздың тұсында «ат жүрмеген жерде қалмақшы» болып отырмыз. Сен талап етсең, реті келетін орындар бар. Қолдан келген жәрдемді, Тұрлықұлдан бір көк әперуге жарасаң, сенен аямас едік,— деді. — Жарайды олай болатын болса, мен сендерге сендім, жас-жастың тілеуі бір деген бар еді, жалғызілікті кісімін ғой, маған да жолдас керек, сендер жолдас болам десеңдер, маған жарайды; бірақ менің айтатыным — екі сөйлемейік, сөз бір болсын,— деп қол алысып Қожаш атына мінді. Біркемен сөйлесіп отырып, айналыңқырап қалған екен кештетіңкіреп Қожаш Серғазынікіне келіп қонды. Серғазы да қонағына қуанып, қалдырмастан амандықты сұрап жатыр. Қожаш та амандыққа қанып: - Әлгі жаман немелеріңнің дені сау ма? — деп жалпылық қалды. Шай ішіп отырғанда, Серғазы қатынына: — Мана Ғайша екеуің не сөйлесіп отыр едіңдер? — Бәйбішесі күлімсіреп, Қожашқа бір қарап қойып: — Үкіліме кешке кел, екеуміз отырып іс тігейік деп едім,— деді. — Олай болса әлгі қойшы баланы қой, шақырып келсін. Мұны естіген соң Қожаш қуанып, Ғайшаны кергенше асығып отырды. Біраз уақыттан соң, ас пісуге жақындаған ауыз үйдегі қойшы балаға келіп Серғазының бәйбішесі: — Шырағым, барып Үкілімді шақырып кел. Жеңешем деп айтады де; біреу-міреу үйлеріңде қонақ бар ма деп, ешкім жоқ де, бар... Көп кешікпе, қазір ас түсіремін,— сыбырлап жұмсап жіберді. Қойшы бала Итбайдікіне жетпей, екі ортада келе жатқан Ғайшаға жолықты. Сені шақыра келе жатыр едім, апеке, жеңешем жіберіп еді, іс тігейік деп, жүр, апа,— деді. Қарағым, үйлеріңде кім бар? * * * Ac ішіп болғасын, бірсыпыра ас басып, әңгімелесіп отырып, Серғазы мен Қожаш төр үйге төсек салдырып жатты да, Ғайша мен Серғазының әйелі ауыз үйде іс тігіп отырды. Қойшы бала әлдеқашан ұйықтап қалған. — Шам сөнген соң Серғазы Қожашқа қарай аунап түсіп, сыбырлап: — Анау күнгі ойыннан бері, Ғайша осы үйге келгіштеп жүр. Балкүміспен сырласып жүрсе керек, істеріңнің бет алысы жаман емес сықылды көрінеді. Осы сен не ойлап жүрсің, жиен? Жаз да тірі кісіге жақындап қалды. Итбайдың көңілі, енді бірер жетіден соң Тұрлықұлдан мінетінін мініп, артынан алатын ақшасын алып, беруге даярлана бермек, құр бозбалашылық, уақытша ғана нәрсе ғой, түпкілікті жолдастыққа көңілін, қалай?—деді. — Білмеймін, нағашы басымды Ғайша үшін қиған кісімін, бірақ қорқамын дағы. Тұрлықұлдың жалғыз үйлі мен түгіл іргелі елге істеп отырғаны анау: не басында, не жерінде, не жесірінде еш билік жоқ; пәлесі тағы өз алдына; не істеп, не қоярымды білмей жүрмін, ақылыңды айт, нағашы, не қыламын ? «Баянауыл аудандық білім беру бөлімінің Қ.Кемеңгеров атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет