П/п Наименование дисциплины



бет26/33
Дата07.01.2022
өлшемі1,61 Mb.
#17642
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33
М ахамбет Өтемісұлы

(1803 – 1846)

Соғыс
...Құдайлады хан ұлы,

Іздеген жауы біз болып,

Жау қарасы көрінді,

Жиылған әскер білінді,

Исатай – басшы, мен – қосшы.

Исатайдың сол күнде

Ақтабан аты астында,

Дулығасы басында,

Зығырданы қайнайды.

Астына мінген Ақтабан

Ақ бөкендей ойнайды.

Қасына ерген көп әскер

Маңыраған қойдай шулайды.

Артымыздан келіп қол жетті,

Аз жетпеді, мол жетті.

Жеткен жерін айтайын,

Бекетай құмның басында,

Ағаш үйдің қасында,

Түніменен түйіндік,

Таң атқанша тарандық.

Таң ағарып атқан соң,

Төңірек жаққа қарандық.

Қарап тұрсақ әр жерден,

Жау бір өрттей қайнайды,

Қайнағанмен қоймайды,

Мылтығын қардай боратып,

Жетіп келді қамалға,

Қамалды бұзып аларға.


Толғай-толғай оқ атқан,

Он екі тұтам жай тартқан.

Қабырғасын қақыратқан,

Тебінгісін тесе атқан,

Тізгінінен кесе атқан,

Біздің қайсар батырдың

Жүрегін сөйтіп оятқан.
Талдау сауалдары:


  1. Исатайдың сырт тұлғасын білдіретін сөздер

  2. Жаумен айқасқандағы ерлік бейнесі

  3. Исатайдың мықтылығы

  4. Исатайдың сақтығы, көрегендігі

  5. Исатайдың мергендігі

  6. Исатайдың астына мінген атының бейнесі

  7. Исатай жанындағы әскердің көптігі

  8. Жаудың көптігі

  9. Эпитет (көріктеуіш)

  10. Теңеу

  11. Метафора (ауыстыру)

  12. Метонимия (алмастыру)

  13. Нақты көрініс

  14. Дерексіз ұғымды заттандыру

  15. Көптік ұғым

  16. Ұлттық өрнек

Қызғыш құс
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,

Қанатың қатты, мойның бос.



И сатайдан айырылып,

Жалғыздықпен болдым дос.


Көл қорыған сен едің,

Сен де айырылдың көліңнен.

Ел қорыған мен едім,

Мен де айырылдым елімнен.


Сені көлден айырған

Лашын құстың тепкіні.

Мені елден айырған

Хан Жәңгірдің екпіні.


Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,

Айтып-айтпай не керек,

Құсалықпен өтті ғой

Махамбеттің көп күні.


Талдау сауалдары:

  1. Лирикалық қаһарманның жалғыздығы

  2. Лирикалық қаһарманның күйзелуі

  3. Лирикалық қаһарманның сағынышы

  4. Лирикалық қаһарманның жанына медет іздеуі

  5. Паралелизм (егіздеу)

  6. Эпитет


Ы бырай Алтынсарин

(1841 – 1889)

Өзен
Таулардан өзен ағар сарқыраған,

Айнадай сәуле беріп жарқыраған.

Жел соқса, ыстық соқса, бір қалыпта,

Аралап тау мен тасты арқыраған.


Көңілің суын ішсең ашылады,

Денеңде бар дертіңді қашырады.

Өксіген оттай жанып жануарлар

Өзеннен рақат тауып басылады.

Қынарда тілсіз тұрған тоғайлары

Шуылдап желмен бірге бас ұрады...


Он мың мал айдап өтсең, лай қалмайды,

Тасыса су бармаған сай қалмайды.

Тасыған өзен судың қуатымен

Көк шалғын шөп бітпеген жай қалмайды.


Ел қыстап, күн көреді жанабында,

Дәм болар, алуан-алуан балығында...



Т ау таста, алтын таста сынамаққа,

Сонда да аққан өзен қалыбында...


Талдау сауалдары:

  1. Тіршілік салтанаты

  2. Судың көптігі

  3. Судың екпіні

  4. Су дыбысы

  5. Судың қасиеті

  6. Судың ағысы

  7. Судың бағыты

  8. Шөптің көптігі

  9. Малдың көптігі

  10. Рең әсемдігі

  11. Эпитет (көріктеуіш)

  12. Теңеу

  13. Метафора (ауыстыру)

  14. Метонимия (алмастыру)

  15. Кейіптеу

  16. Ұлттық өрнек

  17. Н ақты көрініс



Абай Құнанбайұлы

(1845 – 1904)
Қыс

А қ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы – ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.


Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,

Кәрі құдаң қыс келіп, әлек салды.

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,

Аязбенен қызарып ажарланды.


Бұлттай қасы жауып екі көзін,

Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.

Бурадай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,

Алты қанат ақ орда үй шайқалды.




Әуес көріп жүгірген жас балалар

Беті-қолы домбығып үсік шалды.

Шидем мен тон қабаттап киген малшы,

Бет қарауға шыдамай, теріс айналды.
Қар тепкенге қажымас қайран жылқы

Титығы құруына аз-ақ қалды.

Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,

Малшыларым, қор қылма итке малды.

Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,

Құр жібер мына ант ұрған кәрі шалды.


Талдау сауалдары:

  1. Аяздың ерекшелігі

  2. Қыстың ерекше бейнесі

  3. Қыстың іс-әрекеті

  4. Қыстағы балалар бейнесі

  5. Қыстағы малшының күй-жайы

  6. Қыстағы жылқылардың жай-күйі

  7. Қыста жылқыға қасқырдың шабуы

  8. Тарығып отырған кедей ауылдарға қол ұшын беру

  9. Малды «ант ұрған кәрі» қысқа беріп өлтіріп қоймау амалы

  10. Тіршілік салтанаты

  11. Рең әсемдігі

  12. Форма (пішін) келістігі

  13. Эпитет (көріктеуіш)

  14. Теңеу

  15. Метафора (ауыстыру)

  16. Метонимия (алмастыру)

  17. Синекдоха (меңзеу)

  18. Кейіптеу

  19. Ұлттық өрнек

  20. Дерексіз ұғымды жандандыру

  21. Дерексіз ұғымды заттандыру

  22. Нақты көрініс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет