П/п Наименование дисциплины


«Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды»



бет20/33
Дата07.01.2022
өлшемі1,61 Mb.
#17642
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33
Байланысты:
бірінші жартысы

«Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды» армандаған демократ ақын «Шығамын тірі болсам адам болып» деген өлеңінде:

 

Мен – балаң жарық күннен сәуле қуған,

 

Алуға күнді барып белін буған.

 

Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін,

 

Болмасам толған айдай балқып туған, –

 

деп, өзінің алға қойған мақсат-мұратын айқын да ашық жеткізген. Бар ғұмырын оқу-білім үйренуге бағыштаған ақын «Оқудағы мақсат не?» деген өлеңінде «оқудағы мақсат молда болып, ескілікті бағу да, әкім болып, шен-шекпенді болу да емес, – өнер табу, халыққа пайдалы іс істеу» деп нақтылай түскен.



 

1917 жылы Семей қаласындағы «Сарыарқа» газеті мен «Айқап» журналына өлеңдері мен мақалаларын бастырған. Осы жылдың қазан айында Әлихан Бөкейхановтың Семейге келуіне орай «Сарыарқа» газетінде Сұлтанмахмұттың «Әлиханның Семейге келуі» деген мақаласы жарияланған. Бұл тұста жазған «Алаш ұраны» өлеңінде ақын:

 

Алаш туы астында Қанымызға тоймаған

 

Біз – Алаштың баласы. Қолымызды байлаған,

 

Күніміз туып көгерді Ерімізді айдаған,

 

Сарыарқаның даласы Елімізді лайлаған

 

Құрт аурудай жайлаған, Жерімізді шимайлаған

 

Құртпаққа бізді ойлаған, Өшті залым қарасы.

 

Жасасын, Алаш, жасасын! –

 

деп, Алаш ісіне адал болуға, оны қолдауға үндейді, елді бірлікке, тәуелсіздік үшін күреске шақырады.



 

С. Торайғыров шығармаларының өзекті тақырыбы – оқу-ағарту мәселесі. «Шығамын тірі болсам, адам болып», «Шәкірт ойы», «Оқудағы мақсат не?», «Оқып жүрген жастарға», «Оқу», «Орнымыз медресе оқып жатқан», «Талиптарға» өлеңдерінде халықты, жастарды оқу-білімге, өнерге, кәсіп үйренуге, өркениетті елдерден үлгі алуға, ілгері өркендеуге, басқалармен теңелуге шақырған.

 

С. Торайғыровтың: «Зарлау», «Жазғы қайғы», «Түсімде көрген бір аянышты хал», «Мұңдылардың жолыққаны», «Нешелер көз жасы төгілді», «Қайғы», «Мейірімсіз ажал», «Жапырақтар», «Туған еліме», «Шал алған қызға«, «Жүрегім тулап шабасың», «Алты аяқ» өлеңдері адам мен қоғам, қоғамдағы әділетсіздік, әлеуметтік теңсіздік, әйел тағдыры тақырыбына арналған.



 

«Ендігі бет алыс», «Бір адамға», «Сарыарқаның жаңбыры», «Осы да әділдік пе?», «Кезек қашан келеді?», «Өң бе, түс пе?», «Анау-мынау» атты шығармалары Сұлтанмахмұттың азаматтық көзқарасын танытатын саяси лирикаға жатады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет