Қасым Аманжолов
(1911 – 1955)
Жамырап күнде жас өмір
Жамырап күнде жас өмір,
Маңырап тұрған марқасы,
Сауыры семіз құтты жер –
Қ азақтың Сары Арқасы.
Қоңырау үнді құлыншақ,
Желкілдеп желмен айдары
Ойнаған қырда асыр сап,
Жарысып құнан-тайлары.
Даласы мауыт-пүліштей,
Дария дарқан, думан жер.
Өзені аққан күмістей,
Дариға, біздің туған жер!
Даламыз толы байлыққа,
Қаламыз толы білімге!
Асылы елдің ашылды
Тереңнің жатқан түбінде.
Талдау сауалдары:
Тіршілік салтанаты
Сарыарқаның ерекшелігі
Барлық, байлық белгісі
Дыбыс
Судың ағысы
Рең әсемдігі
Эпитет (көріктеуіш)
Теңеу
Метафора (ауыстыру)
Метонимия (алмастыру)
Кейіптеу
Синекдоха (меңзеу)
Ұлттық өрнек
Нақты көрініс
Қара байыр сөз
Мұқағали Мақатаев
(1931 – 1976)
Фантазия
Жеті қат жерің мына төңкерілген,
Жеті қат аспанменен көмкерілген.
Адамзат табысқан ертеңімен,
Ғаламаттар туылған ертегіден.
Ғаламаттар жасалған ертегіден,
Ертегілер қиялдан ерте жүрген.
Ғаламдық ақиқатты бұл адамзат,
Галилей, Коперниктен ерте білген.
Барлығын да адамзат қиялдаған,
Қиялдан жер бетіне сыя алмаған.
Ойлап-ойлап, отырып кілемімен
Аспанға ұшудан да ұялмаған.
Қиялдап, менің дана, байғұс бабам,
Алайда, атқа мініп, Айға ұшпаған.
Бабамның қиялымен қанаттанып,
Бүгін мен Айға қонып, жайды ұстағам.
Талдау сауалдары:
Тіршілік салтанаты
Рең әсемдігі
Эпитет (көріктеуіш)
Теңеу
Метафора (ауыстыру)
Метонимия (алмастыру)
Кейіптеу
Әсірелеу (гипербола)
Ұлттық өрнек
Нақты көрініс
Мен таулықпын
Тау дейтін алып жүрек Ана туған
Мен таулықпын!
Таудан мен жаратылғам.
Киіктің сүтін еміп ержеткенмін,
Қ уат алып қыранның қанатынан.
Мен таулықпын!
Таудан мен жаратылғам,
Бұлт бүркеніп, жай отын ала туғам.
Күн алғашқы сәулесін маған шашып,
Маған келіп түнейді қара тұман.
Тау ұлымын,
Тау – менің дәу бесігім,
Мен оның әуресімін, сәулесімін.
Асқар шыңдар желпиді бесігімді
Бір орамын ағытып сәлдесінің.
Мен – таулықпын!
Таудан мен жаратылғам.
Тау деген Ана туған дара тұлғам.
...Тауға барып,
Көкке ұшып, кетсем бе кен?
Ұстап алып қыранның қанатынан.
Талдау сауалдары:
Тіршілік салтанаты
Лирикалық қаһарманның өжеттігі, мықтылығы
Лирикалық қаһарманның еркіндігі
Лирикалық қаһарманның ой-арманы
Лирикалық қаһарманға табиғаттың әсері
Тау биіктігі
Рең әсемдігі
Эпитет (көріктеуіш)
Теңеу
Метафора (ауыстыру)
Метонимия (алмастыру)
Кейіптеу
Әсірелеу (гипербола)
Ұлттық өрнек
Нақты көрініс
Достарыңызбен бөлісу: |