Практическая реализация языковой политики республики казахстан в специализированном лицее "арыстан"



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата03.03.2017
өлшемі0,76 Mb.
#6656
  1   2   3

Филиал Общественного фонда 

"Фонд образования Нурсултана Назарбаева" 

Специализированный лицей 

«Арыстан» 



Л.В. Фот, Ж.Т. Умерджанова, М.Ж. Терлікбаева, 

Ж.А. Исабекова, И.Л. Кирьянова, Д.Б. Досмурзина.

ПРАКТИЧЕСКАЯ РЕАЛИЗАЦИЯ

 ЯЗЫКОВОЙ ПОЛИТИКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 

В СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОМ ЛИЦЕЕ "АРЫСТАН"

КОЛЛЕКТИВНАЯ МОНОГРАФИЯ

Варшава


2015

УДК  373.1.02:372.8

ББК 


81

              

Печатается по решению Учебно-методического объединения «Языков и ли-

тературы» Филиала Общественного фонда «Фонд образования Нурсултана Назар-

баева» Специализированный лицей «Арыстан» (протокол №4 от 5 декабря 2014 г.)  

                   

  

Рецензенты:    

С.С. Тауланов – доктор педагогических наук, доцент, начальник Специализи-

рованного лицея «Арыстан»

А.К. Насыбуллина – кандидат педагогических наук, координатор научно-

методической работы Специализированного лицея «Арыстан» 

Авторский коллектив: Л.В. Фот, Ж.Т. Умерджанова, М.Ж. Терлікбаева, Ж.А. 

Исабекова, И.Л. Кирьянова, Д.Б. Досмурзина.

Практическая реализация языковой политики Республики Казахстан в Специ-

ализированном лицее "Арыстан": [Текст]: коллективная монография / Л.В. Фот, Ж.Т. 

Умерджанова, М.Ж. Терлікбаева, Ж.А. Исабекова, И.Л. Кирьянова, Д.Б. Досмурзина. 

–  «Warszawa: Diamond trading tour», 2015.- 48 стр.

ISBN:  978-83-65207-15-9

В  настоящем  сборнике  представлены  методические  разработки  учителей-

языковедов, раскрывающие формы, средства и методы обучения лицеистов, направ-

ленные на развитие полиязычной коммуникативной компетенции учащихся в рамках 

реализации языковой политики Республики Казахстан. 

Сборник предназначен специалистам-лингвистам, а также широкому кругу 

читателей, интересующихся проблемами полилингвального образования в школе.

               

 ©   Специализированный лицей «Арыстан»  2015

 ©   Л.В. Фот, Ж.Т. Умерджанова, М.Ж. Терлікбаева, 

Ж.А. Исабекова, И.Л. Кирьянова, Д.Б. Досмурзина.  2015

©   «Diamond trading tour» 

ISBN:  978-83-65207-15-9


3

коллективная монография 



СОДЕРЖАНИЕ

ПРЕДИСЛОВИЕ.............................................................................................. 5

РАЗДЕЛ 1. ПРАКТИЧЕСКАЯ РЕАЛИЗАЦИЯ ЯЗЫКОВОЙ ПОЛИТИКИ 

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН НА УРОКАХ КАЗАХСКОГО ЯЗЫКА

1. ф.ғ.к., Жанар Тоқтарбайқызы Умерджанова .............................................7

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӨПТІЛДІЛІК МӘСЕЛЕСІ

2. Терлікбаева Маржан Жақатайқызы  ....................................................... 11

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ҮШ ТІЛДІҢ КІРІГУІ

3. Исабекова Жұлдыз Абайәліқызы ............................................................. 16

«ҮШТҰҒЫРЛЫ  ТІЛ»  САЯСАТЫ  –  БӘСЕКЕГЕ  ҚАБІЛЕТТІ  ҰЛТ 

БОЛУДЫҢ КЕПІЛІ

РАЗДЕЛ 2. ПРАКТИЧЕСКАЯ РЕАЛИЗАЦИЯ ЯЗЫКОВОЙ ПОЛИТИКИ 

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН НА УРОКАХ РУССКОГО ЯЗЫКА

4. Фот Луиза Владимировна (доктор PhD) ..................................................... 21

ИЗУЧЕНИЕ  ЯЗЫКОВ  НА  ОСНОВЕ  ПРИНЦИПА  ЭКВИВАЛЕНТ-

НОСТИ

5. Кирьянова Ирина Леонидовна ................................................................... 26

ОБОГАЩЕНИЕ  ЛЕКСИКИ  ВОЕННОЙ  ТЕРМИНОЛОГИЕЙ  НА 

УРОВНЕ  ТРИЯЗЫЧИЯ  (ИЗ  ОПЫТА  РАБОТЫ  В  СПЕЦИАЛИЗИРО-

ВАННОМ ЛИЦЕЕ «АРЫСТАН»)

РАЗДЕЛ 3. ПРАКТИЧЕСКАЯ РЕАЛИЗАЦИЯ ЯЗЫКОВОЙ ПОЛИТИКИ 

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН НА УРОКАХ АНГЛИЙСКОГО ЯЗЫКА

6. Dinara Baksikovna Dosmurzina .................................................................... 31

WORD  ORDER  IN  ENGLISH,  KAZAKH  AND  RUSSIAN 

SENTENCES

ПРИЛОЖЕНИЕ 

№1

РУССКО-КАЗАХСКО-АНГЛИЙСКИЙ 

СЛОВАРЬ 

ОСНОВНЫХ 

ЛИНГВИСТИЧЕСКИХ 

ТЕРМИ-

НОВ  ДЛЯ  ЛИЦЕИСТОВ  СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОГО  ЛИЦЕЯ 

«АРЫСТАН» .......................................................................................... 36

ПРИЛОЖЕНИЕ №2. КАЗАХСКО-РУССКИЙ СЛОВАРЬ ОСНОВНЫХ 

ВОЕННЫХ  ТЕРМИНОВ  И  КОМАНД,  ИСПОЛЬЗУЕМЫХ  В 

СПЕЦИАЛИЗИРОВАННЫХ  УЧЕБНЫХ  ЗАВЕДЕНИЯХ  (НА 

ПРИМЕРЕ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОГО ЛИЦЕЯ  «АРЫСТАН») .. 41

4

АННОТАЦИЯ

В  настоящем  сборнике  представлены  методические  разработки  учителей-

языковедов, раскрывающие формы, средства и методы обучения лицеистов, направ-

ленные на развитие полиязычной коммуникативной компетенции учащихся в рамках 

реализации языковой политики Республики Казахстан. 

Сборник предназначен специалистам-лингвистам, а также широкому кругу 

читателей, интересующихся проблемами полилингвального образования в школе.

АҢДАТПА

Бұл  жинақта  тілші  мұғалімдердің  лицеистерді  оқыту  тәсілдері  мен 

әдістерінің  түрлері,  Қазақстан  Республикасының  тілдік  саясатын  жүзеге  асыру  ая-

сында оқушылардың  көптілді қарым-қатынас құзырлылығын дамытуға бағытталған 

әдіскерлік зерттемелері ұсынылған.

Жинақ маман тілшілерге, сондай-ақ мектептегі көптілде білім беру мәселелері 

қызықтыратын  кең ауқымды оқырман қауымға арналған.

SUMMARY

In the given miscellanea the teachers – linguists’ guidance papers are presented. It 

discloses the forms, means and methods of teaching the lycee which is aimed at developing 

of the polylingual communicative competence of students in the framework of language 

policy of Republic of Kazakhstan. 

This miscellanea is meant for linguists and also for reading public who is interested 

in the problems of polylingual education in schools. 


5

коллективная монография 



ПРЕДИСЛОВИЕ

Казахстан должен восприниматься 

во всем мире как высокообразованная страна, 

население которойпользуется тремя языками. 

Это: казахский язык  государственный язык, 

русский язык  как язык межнационального общения 

и английский язык – язык успешной интеграции в глобальную экономику.

Назарбаев Н.А. 

Предлагаемая читателям коллективная монография является первым и пока 

единственным в своем роде научно-методическим трудом, созданным преподавате-

лями Учебно-методического объединения «Языков и литературы» лицея «Арыстан». 

Наряду с другими учебно-методическими объединениями (УМО), данное объедине-

ние было создано по инициативе начальника лицея, генерал-майора запаса, доктора 

педагогических наук, доцента Тауланова Сабита Сауменовича всего 1,5 года назад и 

за этот непродолжительных срок доказало свою эффективность. 

Учителя-языковеды (преподаватели казахского, русского и английского язы-

ков) основной целью работы своего УМО определили стремление к «развитию по-



лиязычной коммуникативной компетенции учащихся в рамках реализации языковой 

политики Республики Казахстан (в специализированном учебном заведении)». В те-

чение  года  регулярно  проводятся  заседания  УМО,  предполагающие  обмен  педаго-

гическим опытом, совершенствование в рамках преподавания языковых дисциплин 

существующих и внедрение новых форм, методов и средств обучения и воспитания. 

Совместными  усилиями  языковеды  стремятся  выработать  систему  мероприятий, 

способствующих успешному обучению лицеистов, обеспечивающих совершенство-

вание  уровня  педагогического  мастерства  учителей-филологов,  их  компетентности 

в области преподавания учебных дисциплин в условиях обновления содержания об-

разования и языковой политики страны. 

Внимание авторов статей настоящего сборника обращено к наиболее акту-

альному вопросу в рамках языковой политики страны: поиск путей и способов ре-

ализации культурного проекта «Триединство языков», предложенного Президентом 

Республики  Казахстан  Н.А.  Назарбаевым.  В  связи  с  тем,  что  реализация  данного 

проекта для современного Казахстана, несомненно, станет основным курсом станов-

ления нового полиязычного поколения казахстанцев, которые, владея несколькими 

языками, станут конкурентоспособными членами мирового сообщества, как в про-

фессиональной сфере, так и в личностной самореализации.

 

Приложением  к  настоящему  сборнику  является  совместный  труд  учите-



лей-языковедов,  основанный  на  «принципе  родного  языка»  и  призванный  решить 

ряд проблем, с которыми встречаются как ученики, так и учителя. Так, например, 

разработанный Словарь основных лингвистических терминов облегчает процесс из-

учения русского языка для казахоязычных ребят, казахский язык становится более 

понятен с опорой на родной русский язык, и, соответственно, изучение английско-

го  языка  осуществляется  через  более  близкий  и  понятный  язык-посредник.  Пред-



6

ставленный в приложении «Казахско-русский словарь основных военных терминов 

и  команд,  используемых  в  специализированных  учебных  заведениях  (на  примере 

Специализированного лицея  «Арыстан» организован по принципу частотности упо-

требления в нашем учебном заведении представленных в нем команд, рапортов и т.п. 

Цель настоящего словаря – сформировать и в дальнейшем обогащать трехъязычное 

единство используемой военной лексики в специализированном учебном заведении. 

Методические  разработки,  представленные  в  настоящей  коллективной 

монографии научных статей, не претендуют на полноту и исчерпанность в освеще-

нии указанных лингвистических проблем и вопросов, но они способствуют освеще-

нию ряда актуальных вопросов в преподавании языковых дисциплин в школе и слу-

жат импульсом к активному научному общению и поиску.



РуководительУМО «Языков и литературы» 

Специализированного лицея «Арыстан»,

преподаватель русского языка и литературы

 

доктор PhD

 

Фот Луиза Владимировна


7

коллективная монография 



РАЗДЕЛ 1. ПРАКТИЧЕСКАЯ РЕАЛИЗАЦИЯ ЯЗЫКОВОЙ ПОЛИТИКИ РЕСПУ-

БЛИКИ КАЗАХСТАН НА УРОКАХ КАЗАХСКОГО ЯЗЫКА

ф.ғ.к., Жанар Тоқтарбайқызы Умерджанова

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 

 «Арыстан»  мамандандырылған лицейі

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӨПТІЛДІЛІК МӘСЕЛЕСІ

Әрбір тілдің өмір сүруінің шарты – оның іс жүзінде қолданыста болуы, сол 

тілді қолданушы әлеуметтік топтың қажеттілігін өтеуі. Егер мемлекет көпұлтты болған 

жағдайда, тілдік саясат түрлі этностық топтардың қарым-қатынасында басымдыққа 

ие  тілді  жергілікті  мемлекеттің  тұрғын  халқының  тіліне  қоса  қолданады.  Тілдің 

коммуникативтік  қызметі  саяси,  экономикалық,  мәдени,  әлеуметтік  жағдайларға 

қатысты өрістейді, ұлтаралық қарым-қатынаста тұрақтылықты сақтау үшін билинг-

визм (қостілділік) ерекше мәнге ие болады.

Билингвизм – қостілділік, дербес екі тілде бірдей ойлап, жаза білетін өнер 

адамдарының  психологиясын  зерттейтін  тіл  білімінің  әлеуметтік  саласы.  Әсіресе, 

екі тілді қатар пайдаланатын өнер қайраткерлерінің шығармашылығына ерекше на-

зар аударатын ғылыми бағыт [1, б. 509]. М. Әуезов те, Б. Момышұлы да, Г. Бельгер, 

С. Әшімбаев, С. Қирабаев та сондай тұлғалардың санатына жатады, олардың біраз 

шығармалары орыс және қазақ тілінде бір мезгілде жазылды. Уикипедиядан не эн-

циклопедиядан, не сөздіктерден көптеген анықтамасын келтіруге болады, қысқасын 

айтқанда, қостілділік – саяси жағдайларға қатысты ана тілімен қатар екінші тілдің 

ресми  үстемдікке  ие  болуы.  Өндіріс  саласында,  халық  ағарту  саласында,  халық 

шаруашылығының барлық саласында қызмет етуші түрлі ұлт өкілдерінің сұранысы 

мен талабына сай екінші тіл жергілікті халық тілімен тең қолданыста болады, кейде 

негізгі ұлт санының аз-көптігіне орай ресми тіл үстемдік алады.

Қазақстандағы  билингвизм  мәселесі  кеңес  өкіметі  күшіне  енген  уақыттан 

басталады. Алдымен Алашорда үкіметінің басшылары қазақ тілінің мүддесін көтерді, 

бірақ саяси қыспақпен алфавит ауыстырылып, ұлттық жады өшірілді, араб алфавитіне 

негізделген әліпби латын әрпіне, 10 жыл өткен соң, ол кириллицаға ауыстырылды. 



8

Коммунизмге жету үшін «бір тілде, бір партияда» болуды қалаған сталиндік саясат 

СССР-де тек бір тілдің, орыс тілінің, билік тұтқасы болуына жол ашты. Аз ұлттарды 

өз  уысында  ұстау  үшін  барлық  дамыған  мемлекеттердің  отар  елдерінде  де  үстем 

тіл  жаулап  алған  мемлекеттің  тілі  болып,  ұлттық  құндылықтар  жойылып,  өзге 

елдің  мәдениетін  күшпен  қабылдаттыратын  саясат  болған.  Алдымен  асауды  ептеп 

жуасытып, тәттімен ноқталап, артынан ерттеп міну, өз дегенімен қамшымен жүргізу– 

мемлекет пайда болғалы  келе жатқан салт.

Қазақстан  Республикасында  қостілділік  саясаты  2009  жылдарға  дейін 

гүлденіп тұрды, бірақ ресми тілдің қолданыс аясымен шектеліп қалмас үшін, әлеммен 

тек аударма арқылы емес, тікелей байланысқа түсу үшін «үштұғырлы тіл саясаты» 

енгізілді. Бұған саяси, әлеуметтік, жаһандану саясаты әсер етті. Себебі интерферен-

ция, интеркаляция процесі қостілді ортада қалыпты жағдайға айналды, ана тілі мен 

ресми  тілде  (официальный  язык)  қатар  ойлау,  араластыра  сөйлеу  күнделікті  өмір 

көрінісінің бір бөлшегі. Тіл шұбарланды, ұлттық таным өзгерді, жастардың тәрбиесі 

басқа арнаға ауыса бастады. Ұлт жанашырларының дабылы тиісті орындарға жетті. 

Мемлекеттік ахуалды саясат пен экономикалық жағдай басқарады. 

Әрбір ұлттық этникалық топтармен толеранттылықты сақтай отырып, қазақ 

тілінің де қолданылу аясы кеңейіп келеді. Әлеуметтік лингвистиканың жетік маманы, 

профессор Б. Хасанов «Қостілділіктің адамның үй лесімді дамуындағы рөлі орасан; 

өйт кені, ол көпұлтты қоғамда жан-жақты дамудың және де өзін танытудың аса ма-

ңызды құралы» [2, б.13] – деп есептейді.

Қазақ тілінде білім беретін мектептер көбейді, өзге тілді мектептерде қазақ 

тілі  бастауыш  сыныптан  бастап  оқытылады.  1990  жылдармен  салыстырғанда, 

Қазақстан халықтарының көпшілігі қазақ тілін сөйлей алмаса да, еркін түсінетін хал-

ге жетті. Мемлекеттік құжаттардың барлығы екі тілде толтырылады. Қазақ тілін тегін 

үйрететін  курстар  ашылды.  Мемлекеттік  тілді  ана  тілі  және  өзге  этнос  өкілдеріне 

екінші тіл ретінде үйретудің әдіснамалық, философиялық, психологиялық, әлеуметтік, 

дидактикалық, практикалық негіздері қалануда. 

«Жеті  жұрттың  тілін  біл»  деп  ұрпағына  ұлағат  қалдырған  дана  халқымыз 

адам  көп  тілді  білген  сайын  көкірек  көзі  ашылып,  әлемдік  дамумен  қатар  өзін 

жетілдіретінін ерте сезінген. Көп тілді еркін меңгеру арқылы көп жетістіктерге жету-

ге болатындығына «Екінші ұстаз» атанған отырарлық ғұлама Әбу Насыр Әл-Фараби 

тұлғасы мысал бола алады. 

Қазақстан халықтары әлемдік тіл деп танылған ағылшын тілін меңгеруді 

мемлекет  бастамасымен  қолға  алды.  Дүние  жүзінің  көп  жеріне  Қазақстан 

мемлекетін  таныта  білген  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев  қазіргі  жаһандану  процесіне 

ілесу  үшін  халқымыздың  ағылшын  тілінде  тікелей  түсінісе  алуына  жол  ашып, 

жағдай жасап отыр. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2013 

жылғы Халыққа Жолдауында «Қазақ алфавитін 2025 жылдан бастап, латын гра-

фикасына көшіру үшін дайындықты осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін 

жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпарат тіліне айналдырады» – деуі 

тәжірибеден туған ақиқат.

«Үштұғырлы тіл» дегеніміз – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің мемлекетте 

қатар қолданылуы, оқыту процесі мен коммуникативтік салада үш тілді меңгерген 

мамандарға жол ашу, аудармашысыз тілдесу.



9

коллективная монография 

  Алфавитті  ауыстыру  мәселесінің  қозғалуы  орынды.  Ағылшын  тілі  латын 

алфавитіне негізделген. Ал ағылшын тілі болса, Қазақстанда 1930 жылдардан бері 

шет тілінің бірі ретінде оқытылады. Оның үстіне, 1930-1940 жылдар арасында Қазақ 

КСР-нде  латын  графикасына  негізделген  қазақ  жазуы  қолданылды.  Яғни,  тарихи 

тәжірибеміз бар.

Қазірде социолингвистика қалыптасқан тіл білімінің белсенді саласы ретінде 

бірнеше  бағытта  жұмыс  істейді:  жеке,  тарихи,  салыстырмалы,  ингеренттік  (айқын 

байқалмайтын  тілдік  құбылыстарды  зерттейді),  адгеренттік  (тілдік  қолданыс  иесі 

сезінетін, анық байқалатын тілдік) құбылыстарды зерттейді. 

Социолингвистиканың    негізі  әдіс-тәсілдерін:  анкета  толтыру,  интервью 

алу,  анкета  және  интервью  мәліметтерін  талдау,  әлеуметтік  сұрау,  статистикалық 

әдістерді  қолдана  отырып,  «Арыстан»  мамандандырылған  лицейінің  9-11  сынып 

лицеистері  аралығында  лицеист  Ш.  Аубакиров  екеуіміз  мынадай  нәтижеге  қол 

жеткіздік: лицеистердің 65%-ы латын графикасына өтуді қолдайды, ал 5%-ы мүлде 

қарсы, ал 30%-ы осыған дейінгі мәдени мұраларымызды жаңа графикаға өткізудегі 

қиындықтарға алаңдаушылық білдірді. Бұл лицейде оқыту орыс тілінде жүргізіледі. 

Бірақ педагогтардың көпшілігі қостілді, лицеист қай тілді еркін меңгерсе, сол тілде 

ойын жеткізе алады. Мемлекеттік тапсырыс бойынша қазақ тілін үйретуге арналған 

сағаттар жеткілікті. Былтырғы ҰБТ-дан лицеистеріміз қазақ тілінен өте жоғарғы бал-

ды жинады. Ағылшын тілін үйренуге деген құштарлық өте күшті. Үш тілде шығарма 

жаза алатын лицеистеріміз бар.

«Үштұғырлы  тіл»  саясатын  көпшілік  бірден  толық  қолдаған  жоқ.  Бірақ 

ғылым  мен  техника  қай  тілде  басымдыққа  ие  болып  отырғанын  көрген  Қазақстан 

жұртшылығы бұрыннан таныс-бейтаныс ағылшын тілін үйренуді бірінші сыныптың 

оқу бағдарламасына енгізіп отыр. «Атамұра» баспасынан шыққан көркем безендірілген 

оқу құралдары мен видеожазбалардағы сабақтар, интерактивті тақта мен оқытудың 

жаңа технологиясы ағылшын тілін үйренуді жеңілдетудің негізгі құралына айналуда. 

6-7  жастағы  бала  үшін  жат  тілдегі  алфавитті  үйрену  өте  қиын,  бірақ  бұл 

сабақ оқушының құлағын басқа тілдегі сөздерге үйретуде, жеңіл, үнемі қайталанатын 

сөздер  арқылы  жаңа  ұғымдарға  баулуда.  Дегенмен,  1-2-3-сыныпта  оқушы  жазуды, 

оқуды, ойын жеткізуді, төңіректі тануды үйренеді, ұлттық ана тілін меңгереді, таны-

мы қалыптасады. Сондықтан ағылшын тілі қосымша пән ретінде оқытылса, санаға 

салмақ түспейді. Осыдан 30 жыл бұрын мектепте ағылшын тілі 4-сыныптан бастап 

оқытылатын, негізінен, сол пайдалы еді. Себебі бала барлық ғылымның бастауын ана 

тілінде меңгергені дұрыс. Назар аударатын бір мәселе бар, ол –латын графикасына 

көшсек, бала 3 тілді бір алфавит негізінде үйренеді де, екі алфавитті шатастырмайды.

Тәжірибеге сүйенсек, осы мақала авторының қызы екінші сыныпта оқиды. 

Бірінші сыныпта қызым ана тілінде оқуды тез меңгергенмен, жазуды әрең үйренді. 

Бірінші  сыныптың  ортасында  «Әліппе»  аяқталып,  ағылшын  тілі  қосылды.  Қызым 

ағылшын тілінің әріптерін екінші сыныпта оқыса да шатастырады. Ағылшын тілі ап-

тасына бір рет жүргізіледі. Сол күні үйретілген сөздер мен оқытылған мәтінді бірге 

қайталаймыз. Егер қайталамасақ, ол ұмыта бастайды. Сыныптағы 24 баланың 10-ы 

«4» алса, 10-ы «3», қалғаны – «5». Сондықтан осындай қиындықты шешу үшін алфа-

вит мәселесін реттеу керектігі туындап отыр.

«Үштілділік» мәселесі бірден шешіле салмайды. Тілді үйрену – өте күрделі. 


10

Белгілі бір тілді меңгеру үшін практикада жиі қолдану керек және оны қолданатын 

орта қажет. Тілді үйренушінің тілді үйренуге деген пейілі мен ынта-ықыласы, табиғи 

бейімділігі де көп маңызға ие. Бәрінің басын біріктіретін – мемлекеттік қажеттілік, 

мемлекеттік  мүдде.  Дамыған,  тәуелсіз  Қазақстанның  болашағы  –  үштұғырлы  тіл 

саясатында. Қазақ тілін меңгертуді жақсарта отырып, орыс, ағылшын тілін үйрету – 

бүгінгі күннің талабы.

Көптілділік мәселесі – көпұлтты мемлекеттерге тән сипат. Мемлекет – біреу, 

оның  құрамындағы  ұлттар  мен  ұлыстар  жүздеген  болса,  этностардың  тілдерінің 

дамуына  жағдай  туғыза  отырып,  мемлекеттік  тілді,  ресми  тілді  және  әлемдік  тіл– 

ағылшын  тілін  үйретуді  дамытудың  жағдайы  жақсартылады.  Дүние  жүзінің  60  - 

70% ы латын графикасын қолданады, сол арқылы ағылшын тілін меңгерудің жолдары 

жеңілдетілген, біз де сол әлемнің бір бөлшегіміз. Дамыған 50 мемлекеттің көбінің 

негізгі тілі – ағылшын тілі.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1.  Қазақ  тілі.  Энциклопедия.  Алматы:  Қазақстан  Республикасы  Білім,  мәдениет 

және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 

бет. ISBN 5-7667-2616-3.

2.  Хасанов Б. Казахско-русское двуязычие. Алматы, 1987 жыл. 13-бет.


11

коллективная монография 



Терлікбаева Маржан Жақатайқызы 

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 

 «Арыстан»  мамандандырылған лицейі

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ҮШ ТІЛДІҢ КІРІГУІ

1.  Білекке сенген заманда

2.  Ешкімге есе бермедік

3.  Білімге сенген заманда

4.  Қапы қалып жүрмелік

 – деген Абылай ханның сөздерінің жаны, мәні бар сияқты. Біз аса білімді, 

тапқырлық пен жаңашылдықты қажет ететін дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Уақыт 

көші жылжыған сайын заман, онымен қоса адам өзгеріске ұшырап жатады. Әр елдің 

негізгі тірегі – ата-бабалар дәстүрін жалғастырушы- өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен 

білімі – жарқын да, нұрлы болашақтың кепілі. Сол жас жеткіншектерді өмір айды-

нында жетеліп, шыңға шығуына демеу болып, қоғамда үйлесімді дамуының басты 

негізі  –  ата-ана  және  педагогтар  қауымы  екені  баршаға  мәлім.  Ұстаз  атаулының 

зымырап өтіп бара жатқан уақыттан, бәйгеге қосқан тұлпардай қалыспай, лайықты 

болу заман талабы. Оқу үдерісінің сапалы, тиімді болуы ұстаздарымыздың құзырлы 

болуында  болса,  құзырлы  мұғалімге  айналу  үшін  мемлекет  көмегі,  мұғалімнің 

батылдығы мен батырлығы, жақсы өзгеріске деген құлшынысы, ескіден аттай оты-

рып, жаңаны қабылдай алуы қажет. Кeз-кeлгeн мұғaлiмнiң aрмaны, aлдынa қoйғaн 

мaқcaты  –  oқушыcының  бeлceндi,  шығapмaшылықпeн  жұмыc  icтeйтiн,  iздeмпaз, 

жaн-жaқты,  өздiгiнeн  өмip  cүругe  бeйiм,  құзыpeттi  бoлуы.  Мұғaлiм  әрдaйым  тeк 

жeкe бiр пәндi oқытушы ғaнa eмec, coнымeн қaтap жeкe тұлғaны қaлыптacтыpушы 

дa  бoлып  тaбылaды,  coл  ceбeптi  тәрбиесіз  берілген  білім  қауіпті  болмас  үшін, 

тәрбиеге де аса мән берген жөн. Кеңестік дәуірден қалған сарқыншақтардан ары-

лып, ұстаздарымызды жаңа кезеңге бейімдеп, шеберлігін шыңдау мақсатында мем-

лекет  тарапынан,  дамыған  елдер  тәжірбиесіне  сүйене  отырып,  арнайы  курстық 

бағдарламалар жасалынды. Өз iсiнiң шeбeр мaмaны – oл үнeмi iздeнгiш, өз iсiнe 

шығaрмaшылықпeн қapaйтын, өз жұмысын өтe сүйeтiн жәнe жaқсы бiлeтiн әрбip 

жaғдaйлapдa  шeшiмдi  жoл  тaуып,  жылдaм  дa  ұтымды  қимыл-әpeкeт  көpceтeтiн 


12

ұстаздар қауымы артуда. 

Бүкіл әлемде білім берудің дамуына біршама  қызығушылық  танытуда. 

Бұл  техника,  компьютерлендіру,  ғылыми-техниканың  жетістіктерінің  дамуы-

на  байланысты.  Ол  жаңа  форматта  білім  беру,  білім  берудің  барлық  саласына 

да  енгізілуде.  Бәсекеге  қабілетті,әлеуметтік  және  кәсіптік  дамыған,  заманауи 

білімді азамат қалыптастыруда мектеп – алғашқы баспалдақ. Жаратылыстану-

математикалық  бағыттағы  әскери  мамандандандырылған  «Арыстан» 

лицейі–  шәкірттердің  білім  алуға  қызығушылығын,  танымын  арттыратын,  өз 

мүмкіндігіне  сенімді,  рухани  және  физикалық  көп  күш-қуаттың  ордасы  екені 

күмәнсіз. Лицейдің «Тілер кафедрасының» алдына қойған мақсаты мен жүргізіп 

жатқан іс-шаралары заман талабына сай. 

Осынау мүмкіндіктерді игеру мақсатында бүгінгі білім ордалары үштілділікті 

енгізудің,  оны  тиімді  жүргізудің  тың  жолдарынан  ізденіс  табуда.  Елбасының 

үштұғырлы үштұрлытіл саясаты аясында шетел тілін үйрену, оның қолданыс аясын 

кеңейту бүгінде аталған оқу ордасының да өзекті де келелі мәселелердің бірі болып 

отыр. Алайда «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»,-деп ақын жырлағандай, өз 

тілінде еркін сөйлеп, өз тілін құрметтейтін тұлғаны баулысақ, өзге тілді қадірлейтін 

тұлғаны баулитынымызға көз жеткіземіз. 

Лицейде  қазақ  тілін  оқыту  барысында  орыс  тілі,  ағылшын  тілі  пәндерін 

бірлікте  алу  мұғалімнің шеберлігіне байланысты жүргізіліп жүр.  Бұл  жерде өтіліп 

отырған  бағдарламаға  сай  үш  пәнді  бірлікте  ала  отырып,  пәнаралық  байланы-

сты жүзеге асыруға болады. Алайда дәстүрлі оқытуда тек аударма жасатумен ғана 

шектеліп отырсақ, қазіргі оқыту технологиясында түрлі шығармашылық бағыттағы 

тапсырмалар  бере  отырып,  оқушы-субъектінің  ізденісіне,  яғни,  жеке  тұлғаның 

әрекетін дамытуды мақсат етудеміз.

Өз іс-тәжірибемізде оқушылардың интеллектуалдық қабілетіне түрткі 

болатын  ойын  технологиясын  қолдана  отырып  сабақты  үш  тілде  жүргізудің 

тиімділігі  зор.  Өнімді  нәтиже  беріп  жүрген  іскерлік  ойындары:  «Полиглот», 

«Кім  тапқыр?»,  «Үздік  тілші»,  «Кел,  сайысайық!»,  «Тілдер  сөйлейді»  сын-

ды  тағы  басқа  ойындарды  өткізудің  үштілді  меңгертудегі  маңызы  айрықша. 

Оқушыларды  ойната  отырып,  үш  тілде  жүргізілген  сөзжұмбақтар,  ана-

граммалар  олардың  коммуникативтік  құзыреттіліктері  мен  функционалдық 

сауаттылықтарын  арттыруға  негіз  болды.  Лицеистердің  тілдік  қабілеттерін 

арттыруына дидактикалық ойын арқылы жетуге болады деп ойлаймын. Ойын– 

бала өмірінің бір бөлшегі. 

Ойынға  балалар  күшпен  емес,  өз  еркімен  қатысады.  Дидактикалық, 

жағдаяттық, рөлдік ойындар, сөзжұмбақ, ребус, жұмбақ, қызықты сұрақтар мен тап-

сырмалар  арқылы  тек  танымдық  қабілеттерін  ғана  арттырмай,  есте  сақтау  ойлау, 

сөйлеу,  талқылау,  шешім  қабылдауға,  сөздік,  анықтамалық,  т.б.  түрлі  әдебиеттерді 

қолдануға да үйретеді. 

Сондай-ақ,  ақпараттық  технологияны:  электрондық  оқулықтар,  презен-

тациялар,  тест  т.б  түрлері  оқушылардың  қызығушылығын  оятып,  уақыттарын 

үнемдеуге,  қосымша  деректерді  тиімді  қолдануға  түрткі  болды.  Шығармашылық 

жұмыстарға  жетелейтін  тапсырмаларды  да  оқушылар  қызыға  орындап,  еркін  ау-

дарма жұмыстарын жасауға дағдыланды. Мәселен, «Мақал-мәтелдердің үндестігі» 



13

коллективная монография 

салыстыру жұмысы оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты ұсынылып, сыны-

бына орай күрделеніліп отырады. Бұл тапсырмада мақал-мәтелдерді тақырып бой-

ынша табу, үш тілде аудармасын ұсыну, үндестігін табу.

Мақал-мәтелдер Тақырыбы Казақша

Орысша

Ағылшынша



Бұл жерде оқушылардың сөйлеу тілдері мен сауаттылықтарына назар ауда-

рылады.  Ал  осы  тақырып  бойынша  қабілеті  жоғары  оқушыларға  шығармашылық 

бағыттағы  тапсырма  «Мақал-мәтелдердің  баламасын  жаз»  ұсынуға  болады.  Бұл 

жерде  оқушылар  өздері  таңдаған  тақырыпта  үш-тілде  мақал-мәтел  ойлап,  балама-

сын  жазуға  талаптанады.  Шығармашылық  бағыттағы  тапсырманың  бір  түрі:  «Тіл 

тағдыры ақындар жырында».

Қазақша

Орысша


Ағылшын

Үндестігі

Ерекшелігі

Бұл  тапсырмалар  оқушылардың  ізденушілік  әрекеттеріне,  өз  беттерімен 

білім  алып,  алған  білімдерін  ортаға  салып,  дәлелдеу  дағдыларына  түрткі  болды. 

Ауызша,  жазбаша  сөйлеу  тілдерін  дамытты.  Пәнаралық  байланыстың  негізінде 

оқушылар  әр  пәннен  алған  білімдерін  тоғыстыра  отырып,  өз  мақсаттарына  жете 

білуге дағдыланды. 

Үштілділікті әдебиет сабағында да жүйелі түрде қолданып келеміз. Мәселен, 

әдебиет  сабағында  9-сыныпта  «Ертегілер»  тақырыбын  өткенде  іздендіру-зерттеу 

бағытындағы  тапсырма  ұсынуға  болады.  Яғни,  «қазақ  ертегілері  мен  әлем  халық 

ертегілерінің үндестігі» тақырыбы бойынша оқушылар салыстыру жұмысын жасап, 

тапқан деректерін топпен бірлесе отырып, үш тілде еркін баяндап беруге талаптана-

ды. Үлгі:

Әдебиет пен тіл – рухани егіз пәндер болғандықтан, оларды бірлікте ала оты-

рып жүргізген сабақтарда үштілділікті қолдану аясында оқушылардың коммуникативтік 

қабілеттерін,  зерттеушілік  әрекеттерін  дамытып,  салыстыру,  талдау,  дәлелдеу  сынды 

дағдыларын  қалыптастыруға  түрткі  болдық.  Сондай-ақ,  үндестіктерін  табу,  салысты-

ру  жұмыстары  оқушылардың  қызығушылығын  оятты.  Шығармашылық  бағыттағы 

тапсырмалар:  модель,  презентация,  жоба  құру  сынды  бағытта  да  ұсынылып  отырды. 

Бұл  жерде  олардың  ақпараттық  құзіреттіліктерін  дамыту  көзделді.  Мәселен,  9-сынып 


14

әдебиет сабағы. Ауыз әдебиеті тақырыбы бойынша оқушыларға «Ұлттық салт-дәстүрлер 

үндестігі» тақырыбында презентация жасау. Мұнда үш халықтың салт-дәстүрлерін салы-

стыра отырып, үш тілде еркін презентация арқылы қорғап шығу талап етіледі.

Қазақ  тілі  сабағында  жүргізілетін  басты  жұмыстар  –  балаларды  қазақша 

сөйлетіп үйрету, сұраққа жауап бергізу, өздерін бір-бірімен сөйлестіру, оқығандарын 

ауызша  айтқызу,  өз  бетінше  жұмыс  істеуге  дағдыландыру.  Міне,  осыған  орай 

оқулықтағы  мәтіндер,  жаттығулар,  өлең,  жұмбақтар  оқу,  ауызша  әңгімелеу,  тіл  да-

мыту және грамматикалық тұлғаларды меңгертіп, қазақ тілінде дұрыс сөйлеу үшін 

пайдаланылады және соған лайықтап беріледі. Кітаптағы мәтіндердің күрделілігі сол 

мәтіндермен жұмыс істейтін оқушылардың білім деңгейіне сай келу керек. Осыған 

байланысты мәтінмен жұмыс істеуді түрлі әдістермен жүргізуге болады: 

- интерактивті тақта арқылы;

- мұғалімнің кіріспе әңгімесі;

- мәтінді мұғалімнің оқуы;

- сөздікпен жұмыс жүргізу;

- мәтінді оқушылардың оқуы;

- мәтінді оқығаннан кейінгі қысқаша әңгіме өткізу;

- мәтінді бөліктерге бөле оқу;

- сұрақтарға жауапты мәтіннен тауып оқыту;

- мәтінді рөлге бөліп оқыту;

- мәтінге тақырып қою, оның мәнін түсіндіру.

Міне, осындай жұмыс түрлерін өткізе отырып, мәтіндермен жұмыс жүргізу 

кезінде оқушылардың ой-өрісін дамытуға, терең білім алуларына мүмкіндік туады. 

Есте болатын бір жағдай оқушылар сабақта жалығып кетпес үшін жаңа сөздерді жат-

тау, есте сақтау, тіл дамыту жұмыстарын үнемі түрлендіріп отыру міндет. Өтілген сөз, 

сөз тіркестерін, сөйлемдерді үнемі қайталап отырмаса, тез ұмытылады. Сондықтан 

жаңа  сөздерді  үй  тапсырмасын  тексергенде,  суретпен  жұмыс  жүргізгенде,  мәтін 

оқығанда, сұраққа жауап бергенде, яғни сабақтың барлық кезеңінде үнемі қайталап, 

еске  түсіріп  отырған  жөн.  Сабақты  тиімді  де  кұнды  әдістермен  өткізу  және  оны 

жүйелі  де  жоспарлы  жүргізу  сабақ  элементтерінің  толық  қатысуына  мүмкіндік 

береді. Қазіргі педтехнология талаптары оқушыға білім берудің ең тиімді, ұтымды 

жақтарын таңдауды талап етеді және үнемі дамыту, жетілдіру, толықтыру сабақ са-

пасын арттырады. Оқушыны да, мұғалімді де шығармашылыққа жетелейді. Сөйтіп, 

жоғарыда  аталған  әдіс-тәсілдерді  қолдана  отырып,  мұғалім  әр  сабақта  оқушыға 

жағдай жасап түрлі технологияларды жүйелі қолданып, оларды шығармашылықпен 

пайдалана білсе, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады. Сондықтан да осындай әр 

түрлі тіл дамытуды грамматикамен байланыстыра оқытудың әдіс-тәсілдерімен жұмыс 

жүргізгенде оқушылардың ой-өрісін дамытуға,терең білім алуларына мүмкіндік ту-

ады. Сонымен «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді», - деп Әбу На-

сыр Әл Фараби айтқандай, тіл дамыту жұмыстарын грамматикамен байланыстыра 

оқытудың әсері мол. Тілді жақсы білу – толеранттылық мәдениетін қалыптастыруға 

негіз болатын маңызды фактор. 

Оқушылардың  тілді  үйрететін  негізгі  құралдарының  біріне  –  жаттығулар 

жатады.  Тәжірибелі  мұғалімдер  жаттығуларды  күрделендіріп,  кейде  керісінше 

жеңілдендіріп, оқушының белгілі дәрежесіне сай, қажетіне қарай түрлендіріп, өзгертіп 



15

коллективная монография 

пайдалануларына болады. Жоғарыдағы қарастырып отырған жаттығуларды екі топқа 

бөлуге болады: тілдік жаттығулар және сөйлеу жаттығулары. Тілдік жаттығулар тілдік 

нұсқалар туралы алғашқы білімді оқушыда бекітуге арналады. Қазіргі оқулықтардағы 

жаттығулардың  көбі  –  осы  тұрғыдағы  жаттығулар.  Ал  бұл  жаттығулар  оқушыны 

ауызекі  сөйлеу  нормаларына  сай  сөйлеу  дағдысын  қалыптастырып  қана  қоймай, 

олардың  жазбаша  сауатты  сөйлеу  дағдысына  да  жақсы  әсер  берері  сөзсіз.  Тілді 

үйретудің алғашқы қадамы тілдік жаттығулар арқылы тілдік нұсқалардың мағынасын, 

қолданылуын  үйретуден  басталады.  Негізінен  тілдік  жаттығуларға  қойылатын  та-

лаптар  тілдік  нұсқаларға,  материалдарға  арналуы  керек.  Осыған  орай  сөйлемнің 

барлық мүшелерін сөйлемде қолдануға жаттықтыру, соңында сөйлемдерді біртіндеп 

қысқарту, біртіндеп толықтыру арқылы жазба тілді дамытудың маңызы зор. Айталық, 

« Ағам келді» деген қысқа сөйлемді бірте-бірте, кеңейту үлгісін беріп, оны кеңейтуге 

мұғалім оқушыға тапсырма береді. Үлгі: Ағам келді. Менің ағам келді. Менің ең үлкен 

ағам келді. Менің ең үлкен ағам біздің үйге келді. Менің ең үлкен ағам біздің жаңа 

үйге келді. Менің ең үлкен ағам біздің жаңа үйге сағат бесте келді. Сонымен бірге 

оқушыларға керсінше, осы соңғы сөйлемді беріп, оны бірте-бірте жоғарыдағыдай сөз 

қосудың орнына бір сөзден қысқарттырып үйретуге болады. Тапсырмалардың осы-

лайша кең көлемде, ауқымды берілуі оқушылардың білім деңгейіне қарай міндетті 

деңгейде  де,  мүмкіндік  деңгейде  де  жазу  жұмыстарын  жүргізуге  тиімді  екендігін 

көрсетеді. Мемлекеттік тілдің мәртебесі өсіп, оның әрекет ету аясы кеңейді. Бұған 

басты себеп – қазақ тілінде білім беру кеңістігінің ұлғайып, сапалы білім берілуі деп 

білемін. Қорыта келгенде, тіліміздің мәртебесі – еліміздің мәртебесі, сондықтан са-

уатты, мемлекеттік тілді жетік білетін азамат тәрбиелеу біздің мақсатымыз. Мұғалім 

әрдайым  ізденісте  болса  ғана,  орыс  тілді  мектептердегі  оқушылардың  қазақша 

сөйлеу дағдылары қалыптасып, пәнге деген қызығушылықтары артады. Еліміз жыл 

сайын білімді, ақылды жасөспірімдермен толығып келеді. Ендеше, болашаққа деген 

сенімділік те бізде мол.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет