Мал шаруашылығында профилактикалық және емдеу шараларын ұйымдастыру.
Мал шарушылығында профилактикалық шаралар малдың өлім-жетімін азайтумен бірге, оның өнімділігін арттыруға мүмкіндік туғызады. Мал дәрігерлік мамандардың ұйымдастырушылық қызметі жергілікті шаруа-шылықта еңбекті дұрыс ұйымдастыруға, мал шаруашылығындағы жұмыстардың мәдениетін арттырады. Атап айтқанда:
1. Малды азықтандыруда, бағып күтуде зоогигиеналық, мал-дәрігерлік ережелерді іске асыру;
2. Фермаларда мал дәрігерлік санитарлық бақылауды ұйымдастыру, мал азығының сапасы мен құнарлығын анықтап отыру;
3. Мал дәрігерлік ғылымды көпшілікке түсінікті түрде насихаттау.
Бұл көрсетілген жұмыстар мынаған негізделуге тиіс.
1. Шаруашылықтың жалпы жағдайын зерттеу, мал дәрігерлік-жағдайды жете біліп отыру;
2. Мал дәрігерлік-санитарлық мекемелерінің жұмыс жоспарын жасау. Алдымен бұл эпизоотияға қарсы қолданылатын шараларды ауруға қарсы ұйымдастырғанда, егу жұмыстарын жүргізгенде осы территориядағы малдың түгел қамтылуына көмектеседі.
Шаруашылықтағы малды мал дәрігерлік байқаудан өткізу-малдың ауруын анықтағанда және оның шығу себептерін зерттегенде ең маңыздысы жалпылай клиникалық зерттеу мен диагностикалық зерттеулерді ұштастыру болып табылады. Аурудың алдын алу шараларының бірі малды диспанзаризация болып табылады.
Диспанзеризация дегеніміз - жалпы жұқпалы немесе жұқпалы емес аураларды болдырмауға бағытталған шараларды немесе індетті дер кезінде анықтап, емдеу, алдын алу шараларын іске асыру.
Сонымен диспанзеризация мына төмендегі шараларды қамтиды.
1. Ауруды бастапқы кезінде анықтап, емдеуді қажет ететін малды бөлектеп отыру;
2. Арнайы есеп жүргізе отырып, бөлек есепке алынған малға үнемі бақылау жасау;
3. Емдеу, аурудың алдын алу шараларын уақтылы жүргізу;
4. Шаруашылықтағы малдың күтіміндегі кемшіліктерді жою шараларын ұйымдастыру. Жылына міндетті түрде екі рет өткізу қажет. 1. Көктемде, жазғы жайылымға шығар алдында. 2. Күзде, малды қыстату алдында.