Есептің алғашқы бетіне практика жөніндегі құжаттар (іс-сапар куәлігі,
жолдама түбіртегі, күнделік), одан есептің мәтіні тігіледі. Әдебиет
тізімінен кейін, парағының саны көрсетілген практика мазмұны тіркеледі.
Есепке практика жөніндегі негізгі
құжаттардың көшірмесі және
нұсқасы, фотосуреттер тіркеледі. Есепке ауыл шаруашылық мекеме
жетекшісінің сын пікірін міндетті түрде тігуі керек. Өндірістік практика
есебі сол жағынан 30 мм, оң жағынан 10 мм, астыңғы және үстіңгі
жағынан 10 мм қалдырылып, А4 формат бетіне жазылады. Есеп түсінікті
қолжазбамен, біркелкі сиямен, парақтың бір жағына ғана жазылуы керек.
Есептің барлық парағы, кесте, иллюстрациялар араб санымен, оң төменгі
бұрышына жазылады. Тақырыпшалар қою шрифтімен бөлектеніп
жазылады. Мәтінде жазылған кестелер бөлек араб санымен номірленеді, №
белгісі қойылмайды. Оң жаққа «Кесте» номірімен жазылады да, оған
симитрично кестенің аталуы жазылады, содан соң Кесте өзі
орналастырылады. Мәтінде
кестенің номірі көрсетіліп, оған түсініктеме
беріледі, кестенің ішінде міндетті түрде қайталанбайтын сан арқылы
мәтіндік талқылау жазылмауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: