Практика өту жөніндегі Форма


IV. ПРАКТИКА БӨЛІМДЕРІН ОРЫНДАУҒА НҰСҚАУ



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата21.06.2023
өлшемі108,67 Kb.
#102760
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
IV. ПРАКТИКА БӨЛІМДЕРІН ОРЫНДАУҒА НҰСҚАУ:
Студент өндірістік практикаға кетер алдында практикаға бағыт, іс-
сарап куәлігін және практика жетекшісінен жеке тапсырма алады.
Практикаға барған жерінде студент агроном, бригадир, көмекшілер,
есепшілер лауазымында тікелей бас (аға) агроном немесе шаруашылық
басшысының жетекшілігімен жұмыс жасағаны дұрыс. Студент атқаратын
жұмыстарына шаруашылық штатындағы жұмысшылармен бірдей
жауапкершілікте болады. 
Практика жетекшісімен бірге студент практиканың бар кезеңіне және
күнделікті істелінетін мекеме жұмыстарына жоспар жасайды. Ол
өндірістік кеңестерге, шаруашылықты басқару мәжілістеріне, жалпы
жиналысқа қатысуы керек, сондай-ақ шаруашылықтағы қоғамдық
жұмысқа белсене араласып, күнделікті практика бағдарламасы бойынша
жиналған материалдарды өңдеп, қарап отыруы керек.
V. СТУДЕНТТІҢ МІНДЕТІ, ЕСЕП БЕРУ ҚҰЖАТТАРЫН 
ТОЛТЫРУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 
Студенттің міндеті: 
- жеке тапсырмаларды орындау, практика күнделігін толтыру;
- ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау;
- ЖОО-ғы практика жетекшісіне мекеме жетекшісінің қолы қойылған жеке
тапсырманы орындағаны жөніндегі практика күнделігін, жазбаша есебін,
баға қойылған мінездемесін өткізуі керек;
- практика қорытындысы бойынша есебін кафедра мәжілісінде қорғау.


Есептің алғашқы бетіне практика жөніндегі құжаттар (іс-сапар куәлігі,
жолдама түбіртегі, күнделік), одан есептің мәтіні тігіледі. Әдебиет
тізімінен кейін, парағының саны көрсетілген практика мазмұны тіркеледі.
Есепке практика жөніндегі негізгі құжаттардың көшірмесі және
нұсқасы, фотосуреттер тіркеледі. Есепке ауыл шаруашылық мекеме
жетекшісінің сын пікірін міндетті түрде тігуі керек. Өндірістік практика
есебі сол жағынан 30 мм, оң жағынан 10 мм, астыңғы және үстіңгі
жағынан 10 мм қалдырылып, А4 формат бетіне жазылады. Есеп түсінікті
қолжазбамен, біркелкі сиямен, парақтың бір жағына ғана жазылуы керек.
Есептің барлық парағы, кесте, иллюстрациялар араб санымен, оң төменгі
бұрышына жазылады. Тақырыпшалар қою шрифтімен бөлектеніп
жазылады. Мәтінде жазылған кестелер бөлек араб санымен номірленеді, №
белгісі қойылмайды. Оң жаққа «Кесте» номірімен жазылады да, оған
симитрично кестенің аталуы жазылады, содан соң Кесте өзі
орналастырылады. Мәтінде кестенің номірі көрсетіліп, оған түсініктеме
беріледі, кестенің ішінде міндетті түрде қайталанбайтын сан арқылы
мәтіндік талқылау жазылмауы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет