Практикалық жұмыс №1



бет11/33
Дата07.06.2023
өлшемі1,33 Mb.
#99565
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33
Проламиндер. Бұл ақуыздар өсімдік ақуыздарына жатады, олар суда, түз ертіндісінде, қышқылда, сілтіде ерімейді. Ал, этанолдың 60 — 80 % судағы ертіндісінде проламиндер ериді. Ақуыздың осы ерекше қасиеті, олардың қүрамына гидрофобтық аминқышқылдарының көп мөлшерде кіруіне байланысты. Бөлініп алынатын көздеріне байланысты проламиндер аталады: бидайдан— глиадин, арпадан— гордеин, сұлыдан — авенин, жүгеріден — зеин.
Глютелиндер. Бұлар да өсімдік ақуыздарына жатады. Глютелиндер суда, түздың және этанолдың ертіндісінде ерімейді. Проламиндермен салыстырғанда, глютелиндердің құрамына аргининнің көп мөлшерде, ал пролиннің аз мөлшерде кіруіне байланысты, глютелиндер әлсіз сілтіде ериді.
Альбуминдер. Бұл ақуыздардың молекулалық салмақтары жоғары емес, олар қышқылдық қасиет көрсетеді (құрамындағы глутаматтың көп мөлшерде болуына байланысты). Альбуминдердің изоэлектірлік нүктесі 4,7 тең, олар күшті гидратацияланған. Альбуминдер тазартылған суда, NaCl әлсіз ертіндісінде, Na2SO4 және NaCl қаныққан ертіңділерінде, (NH4)2SO4 жартылай қаныққан ертіндісінде ериді де, (NH4)SO4 қаныққан ертіндісінде ерімейді.
Қан сарысуынан альбуминді таза күйінде бөліп алуға болады, оның бірінші реттік құрылысы анықталынған, яғни бір полидептидтік тізбекте орналасқан 575 аминқышқылдарының реттері. Қан сарысуының түзетін осмостық қысымының 75-80 % альбуминдердің үлесіне тиеді, сонымен қатар альбуминдер физиологиялық жағдайда тасымалдаушы қызметін атқарады. Альбуминдердің тасымалдаушы қызметтері. олардың гидрофобты және гидрофильді заттарды жоғарғы талғамсыздықпен байланыстыра алу қабілетіне негізделінген.
Глобулиндер. Бұл ақуыздардың молекулалық салмақтары альбу-миндерге қарағанда жогары олар әлсіз қышқылдық немесе бейтараптық қасиет көрсетеді (құрамындағы қышқылдық аминқышқылдарының альбуминдермен салыстырғанда аз мөлшерде болуына байланысты). Глобулиндердің изоэлектрлік нүктесі 6—7,3 аралығында, олар әлсіз гидратацияланған. Глобулиндер NaClәлсіз ертіндісінде ғана ериді, ал басқа еріткіштердің (тазартылған судың, Na2SOмен NaCl қаныққан ертінділерінің, (NH4)2SO4 жартылай және толық қаныққан ертінділерінің) әсерінен ерімейді. Сонымен қатар кейбір ақуыздар глобулиндерге жатқанымен ерекше қасиет көрсетеді. Мысалы, қан сарысуының β-лактоглобуішні (NH4)2SO4 (50%) ертіндісінде ериді, басқа глобулиндерге ұқсап тұнбаға түспейді. Кейбір ақуыздар альбуминдерге ұқсас суда ериді де, глобулиңдерге ұқсас бейтарап тұздар ертіндісінің өсерінен тұнбаға түседі. Осындай ақуыздарды псевдоглобулиндер деп атайды. Қағазда жүргізілген электрофорез әдістемесімен қан сарысуының ақуыздары негізгі 5 фракцияларға бөлінеді (альбуминдерге, γ-глобулиндерге). Ал, электрофорез әдістемесін полиакриламиндік гельде жүрізгенде негізгі фракциялардың ақуыздары (альбуминдерге, а1 а2, β1, β2 және γ-глобулиндерге) жеке ақуыздарға бөлініп 17 фракция түзеді. Бұл процесс альбуминдік фракциясының гомогендігін (альбуминдерден ғана тұратынын), ал а1, а2, β1, β2 және γ-глобулиндік фракциялардың гетерогендігін (әртүрлі ақуыздардың күрделі қоспасы екендігін) көрсетеді. а1-фракциясының глобулиндері қанда билирубинмен және тығыздығы жоғары липопротеиндермен байланысқан күйінде болады. Бұл фракцияда құрылымы толық анықталынбаған екше гликопротеиннің бар екендігі анықталынды. Адам организмінің кейбір ұлпалары жылдам өсе бастағанда (ісіктің өсуі кезінде) Қан сарысуындағы ерекше гликопротеиннің мөлшері бірден жоғарылайды. Сондықтан осы гликопртеиннің құрылысын, биологиялық қазметін анықтау үшін онкология саласында көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары жұргізілуде. а2-Глобулиндік фракцияда глобулин және белгісіз гликопротеин бар. β-Глобулиндердің фракцияларының құрамына физиологиялық маңызды қызмет атқаратын ақуыздар кіреіді: трансферрин, церуллоплазмин, протромбин. Трансферрин темірді ал церуллоплазмин мыс иондарын тасымалдайды. Церуллоплазминнің биосинтезі бұзылғанда гепатоцеребральдық дистрофия дамып организмнің бос мыс иондарымен улануы байқалады. Адам организмінде протромбин тромбинге айландырылады, өз кезегінде тромбинге фибриногенді фибринге айландырып, қанның ұюын қамтамасьізетеді.
γ-Глобулиндік фракция иммуноглобулиндерден түратындыктан, бұл фракция жоғарғы гетерогендік қасиет көрсетеді. Сонымен қатар, иммуноглобулиндер аз мөлшерде β2-глобулиндік фракциясымен де бөлінеді. Қан айналымының негізгі мономерлік антиденешіктерің иммуноглобулин G деп атайды.Оның төрт полипептидтік тізбегі терінің бірінші реттік құрылысы толық анықталынған. Пентамерлік құрылымды иммуноглобулин М (IgM) қан сарысуында бар, бірақта Бұл иммуноглобулин көбірек мөлшерде слекейде жөне уыз сүтте кездеседі, Әрбір иммуноглобулин өзіне тән биологиялық қызметін атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет