Практикалық жұмыс №1



бет18/33
Дата07.06.2023
өлшемі1,33 Mb.
#99565
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33
Электронный ресурс

  1. https://ppt-online.org/222924



Практикалық жұмыс №9


Тақырып: ДНК репарациясы


Сабақтың мақсаты: ДНҚ репарациясы түрлері мен механизмдерін білу.
Оқыту міндеттері:
-Репарацияға жалпы сипаттама беру;
- Репарация типтерін меңгеру;
- ДНҚ репарациясының рөлі мен маңызын түсіну;
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Репарация, репарация түрлері және олардың механизмдері:
2. ДНҚ репарациясының биологиялық маңызы.
3. ДНК репарациясының жүру механизмі
4. Фотореактивация. ДНҚ репарациясының ролі.
5. ДНК реапарациясының бұзылуынан пайда болған аурулар
Сабақтың мазмұны:
Репарация дегеніміз - ДНҚ молекулада пайда болатын азды көпті қателіктерді жөндеу болып саналады. Репарация – тірі ағзалардың мутагендік факторлар әсерлерінен зақымданған ДНҚ молекуласының қайта қалпына келу қасиеті. Жасушадағы зақымданған ДНҚ молекуласының репарация процессі бірнеше жолмен іске асады. Жарық тық репарация жарықта арнайы ферменттің – фотолиазаның көмегімен УК сәулесінің әсерінен түзілген мутантты ДНҚ-ғы тиминдік димерлерді ажыратып ДНҚ молекуласының тұрақтығын қамтамасыз етеді. Қараңғылық (эксцизиялық) репарацияжарық тың көмегінсіз арнайы гликозилаза ферментінің қатысуымен зақымданған ДНҚ молекуласының бөлігі анық талынып эндо- және экзонуклеазалармен танылып, қырқылады. Арық арай ДНҚ – полимераза бос қалған жерді комплементарлық принцип бойынша нуклеотидтермен толтырылады, тізбекке тізбектеліп тігілуін лигаза қамтамасыз етеді.
Пострепликациялық репарация ДНҚ репликациясынан кейін зақымдалған бос орындар зақымдалмаған ДНҚ тізбегінің нуклеотидтері арқылы іске асырылады. SOS–репарациясы жаңа пайда болған (транзиция және трансверсия) мутациялар саны артқан кезде іске қосылатын механизм. Мұндай жағдайда ДНҚ репликацияланып және бөлініп кейбір жасушалар тіршілік қабілетін сақтайды. Осындай жасушалардың ұрпақтары ДНҚ молекуласындағы барлық мутацияны тасымалдай отырып, геномға бекініп «қалыпты» қызмет атқаруын қамтамасыз етеді.
Репарацияның негізгі төрт типі бар: фотореактивті, эксцизионды және пострепарация.
Репарацияның типтері.
1. Фотореактивті немесе жарық репарация. Ультракүннің сәулелері ДНҚ молекуласына әсер етіп, онда тимидин (пуриндік димерлер) пайда болады. Яғни 2 көршілес тимидиннің аденинмен байланысын үзіп, олардың өзара байланысуына алып келеді. Сол кезде фотореактивтеуші ферменттер жарықтың әсерінен түзілген димерлерді ыдыратып, ДНҚ молекуласын қалпына келтіреді.
2. Эксцизионды репарация (Қараңғылық репарация). Эндонуклеаза ферменттері пайда болған димерлерді тауып, оларды таным қиып алып тастайды. Ккесілген ДНҚ жіпшелері нің ұштарын экзонуклеаза ферменттері танып, арасын алшақтатады да, кесілген нуклеотидтерді ауыстырып шығады. ДНҚ-плимераза ферменті кесіліп алынып тасталған нуклеотидтердің орнына ДНҚ-ның үзілмеген екінші жіпшелерінің негіззінде комплементарлы принциппен қалыпты нуклеотидтерді синтездейді. ДНҚ кесілген жіпшесіне жалғайды.
3. Пострепликация. Репликациядан кейінгі репарация. Егер де репарацияның бірінші және екінші жолдары арқылы ДНҚ молекуласындағы қателіктер репликация кезінде жөнделмесе, онда ол келесі репликацияда матрица қызметін толық атқара алмайды. Пайда болған қателіктер репликациядан кейін жөнделуі тиіс. Репликация ары қарай жалғасады, бірақ полимераза өзгерісі бар бөлікке қарсы жаңа тізбекті синтездемей өткізіп жібереді. Нәтижесінде жаңа тізбекте тесік пайда болады. Алайда да бұрыс генетикалықинформация бастапқы екінші тізбекте бар және бұл тізбек ДНҚ-ның жартылай концервативті автосинтездік принципіне сай жаңа тізбектерде сақталады. Міне осы тізбек үзіндісі полимераза тастап кеткен тесікті толтырады. Яғни, ДНҚ-ның гомологиялық молекулаларының үзіндісінің алмасуы жүреді. Сондықтан мұндай репарация рекомбинациялық репарация деп аталады. Өзгерісі жоқ жаңа тізбек өз үзіндісінен айрылған, оның өзінде тағы бір тесік пайда болады. Бірақ оның комплементарлы тізбегі бар болғандықтан полимераза тесіктерінің орнына жаңа тізбекті оңай синтездейді.
4. Фотореактивация. ДНҚ репарациясының ролі. Фотореактивация - фотореактивтеуші ферменттер жарықтың әсерінен түзілген димерлерді ыдыратып, ДНҚ молекуласын қалпына келтіру процесі. Репарацияның маңызы оынң ДНҚ молекуласындағы қателіктерді жөндеуінде болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет