Практикалық жұмыс №1



бет12/33
Дата07.06.2023
өлшемі1,33 Mb.
#99565
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33
Протеиноидтар. Осы ақуыздар тіректік ұлпалардың (сүйектердің, шеміршектердің, сіңірлердің, тырнақтардың, шаштардың т.б.) құрамына кіреді. Олар фибриллярлы ақуыздарға жатады (коллаген, эластин, кератин, фиброин). Фибриллярлы ақуыздардың құрылысы және физика—химиялық қасиеттері алдыңғы тақырыптарда қарастырылғаи
Хромопротеидтер. Түсті күрделі ақуыздары, хромопротеидтер деп аталады. Оларға жатады: хлорофиллпротеидтер (ақуыздық емес бөлігі — хлорофилл), флавопротеидтер (ақуыз емес бөлігі — флавиндер), кобамидпротеидтер (акуыз емес бөлігі — В12 витамині), ретинальпротеидтер (ақуыз емес бөлігі — А витаминінің альдегидтік түрі), гемпротеидтер (ақуыздық емес бөлігі — гем).
Хлорофиллпротеидтер. Өсімдіктердің құрамына кіретін магнийпорфириндік жинақтық құрылым өсімдік жапырақтарына жасыл түс береді. Осы пигменттік жинақты хлорофилл деп атайды. Өсімдік жапырақтарында хлоро-филлдің а және в түрлері бар, ал балдырларда солармен қатар с және д түрлері де кездеседі. Кейбір бактериалардан өсімдік хлорофилліне ұқсас хлорофилл бөлініп алынады, оны бактериохлорофилл деп атайды. Хлорофилл (магний-порфирин) ақуыздармен бірлесіп, өсімдіктердің фотохимиялық активтілігін қамтамасыз етіп, күн сәулесінің энергиясын фотосинтездеу процесстеріне жүмсауға мүмкіндік туғызады.
Флавопротеидтер. Ақуыздар мен простетшсалық топтардың (ақуыз емес топтардың) арасында мықты байланыстар түзілуі арқылы құрылған құрылымды флавопротеидтер деп атайды. Флавопротеидтердің простетикалық топтары изоалоксазиндік туындылардан, яғни, тотыққан флавин-мононуклеотидтен (ФМН) жөне флавинадениндинуклеотидтен (ФАД) түрады. Кейбір флавопротеидтердің құрамьнда металл иондарьща бар. Құрамында гемдік емес темірі бар флавопротеидтерге жатады: ксантиноксидаза, альдегидоксидаза, сукцинатдегидрогеназа, дигидро-ортатдегидрогеназа, ацил—КоА—дегидрогеназа және электрондарды тасымалдайтын флавопротеин. Соңғы екі флавопротеидтер митохон-Дрийлік флавопротеидтердің 80% құрайды, олар жасушалардың биоэнергетикалық процесстерінде маңызды қызмет атқарады. Флавопротеидтердің ақуызының цистеинінің күкірт атомымен темір коваленттік байланыспен байланысқан. Осындай ақуыздарды қыш-Қьілдық гидролизге үшыратқанда темір және H2S бөлініп шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет