Практикалық жұмыс №1



бет13/33
Дата07.06.2023
өлшемі1,33 Mb.
#99565
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33
Гемпротеидтер. Гемпротеидтерге гемоглобин және оның туындылары, миоглобин цитохромдар, каталаза және пероксидаза жатады. Осы ақуыздардың ақуыз емес бөлігі гемнен тұрады. Металлопорфириндік комплексті гем деп атайды. Макросақинадағы орынбасарлардың орналасу ретіне байланысты, порфириндердің көптеген изомерлері болады. Осы изомерлердің ішінен табиғатта көп тарағаны протопорфирин IX жатады. Протопорфирин-ІХ-дың 1, 3, 5, 8 жағдайларында метил, 2, 4 жағдайында винил және 6,7 жағдайында пропионильдіктоптар бар. Төрт пиррольдік сақиналар, метиндік (- СН =) көпір арқылы байланысқан.
Протопорфирин ІХ-дың темір ионымен (Ғе2+) түзген комплексін гем немесе протогем деп атайды. Темірдің координациялық саны алтыға тең. Гемде темір екі коваленттік байланыспен екі пиролльдік сақинасының азотымен, ал екі координациалық байланыстармен басқа пиррольдік сақиналардың азотымен байланысқан. Пайдаланылмаған екі координациялық байланыстардын біреуі ақуыздармен байланыстыру үшін жұмсалады. Екіншісі әр түрлі лигандтарды (табиғи — оттегіні, суды және табиғаты бөлек — көміртек оксидін, цианидтерді ж.т.б.) байланыстыру үшін қолданылады.
Гемоглобиндерден басқа ақуыздардың да простетикалық бөлігін гем құрайды: миоглобиннің, каталазаның, пероксидазаның, в, с жәні с цитохромдарының. Ал, а жөне а3 цитохромдарының құрамына гем а немесе формилпорфирин кіреді. Гем а-ның 8-ші жағдайынді метилдің орнына формил тобы, ал екінші жағдайындағы винилдің орнына изопреноидтық тізбек орналасқан. Сонымен қатар цитохрондардың құрамына енетін гемдердің иондары алтыншы координациялық байланыстар арқылыақуыздың құрамына кіретін метиониннің бүйірлі радикалымен байланысқан.
Гемпротеидтердің әрбірінің өзіне тән биологиялық қызметін атқаруы олардың ақуыздарының бірінші реттік қүрылыстарының ерекшелігіне және гемдердегі темір иондарының ақуыздарымен байланысу ретіне тәуелді.
Каталаза мен пероксидаза организмде пайда болатын сутегінің асқын тотығын (Н2О2) залалсыздандырады, ал цитохромдар митохондрийдіің мембранасында орналасқан тыныс алу тізбегінің негізін құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет