Практикалық жұмыс. Газ заңдары: Гей-Люссак, Бойль-Мариотт,Шарль, Авогадро



Дата07.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#18735
Байланысты:
Практикалық жұмыс 3


Практикалық жұмыс. Газ заңдары: Гей-Люссак, Бойль-Мариотт,Шарль, Авогадро.

1. 0,9 моль кальций карбонатына 540 мл 8%-тік тұз қышқылы (ρ=1,04 г/см3)ерітіндісімен әсер еткенде қандай газ бөлінеді және бөлінген газдың көлемі қанша?





2. 12,8 г мыс концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттестіріліп, қыздырылды. Бөлінген газдың массасын, қ.ж.көлемін және зат мөлшерін табыңыз



3. 40 мл 6%-тік күміс (І) нитраты (ρ=1,05 г/см3) ерітіндісін 250 мл тұз қышқылымен әрекеттестірілді. қандай зат тұнбаға түсті және массасы қанша?



4. Натрий хлориді ерітіндісін электролиздегенде қ.ж. 7,2 л сутегі бөлінді. Ерітіндіде натрий гидроксидінің зат мөлшерін және қанша гр.түзілгенін анықтаңыз





5. 3 л көлем алатын біршама температурадағы газдың қысымы 93,3 кПа (700 мм.сын. бағ.) тең. Егер де температураны өзгертпей газдың көлемін 2,8 литрге дейін азайтса, оның қысымы қандай болады?



6. 27ºС температурадағы газдың көлемі 600 мл. Егерде қысым тұрақты болса, онда 57ºС-де газ қандай көлем алады?



7. 15ºС-да баллондағы оттегінің қысымы 91,2 ∙ 102 кПа тең. Қандай температурада ол 101,33 ∙ 102 кПа жетеді?



8. 100 кПа (750 мм сын. бағ.) тең бірдей қысымда 2 л О2 мен 4 SO2 араластырылады. Араласқан қоспаның көлемі 6 л. Алынған қоспадағы газдың парциалды қысымын анықта.



9. 3 л СО2 4 л О2 және 6 л N2 араластырылды. Соған сәйкес СО2, О2 және N2 араластырғанға дейін олардың қысымдары 96,108 және 90,6 кПа болды. Қоспаның жалпы көлемі 10 л. Қоспаның қысымын анықта.



10. 20ºС температура мен 100 кПа (750 мм сын. бағ.) қысымда су бетінен жиналған 120 мл азот



қалыпты жағдайда қанша көлем алады? 20ºС су буының қаныққан қысымы 2,3 кПа тең.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет