Практикалық жұмыс Топырақтың экологиялық жағдайын бағалау Мақсаты



бет11/11
Дата08.12.2022
өлшемі54,45 Kb.
#55779
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Құрал-жабдықтар және материалдар:
1) сызғыш;
2) қасық;
3) зертханалық ыдыс немесе 1 л шыны банка;
4) таза су;
5) әр жерден алынған топырақ үлгісі.
Жұмыс барысы:
- 0,3 л көлемі бар ыдысқа топырақ үлгісін салыңыз;
- оны сумен толтырыңыз және ыдысқа шамамен көлемі 1 л дейін жеткізіңіз;
- колбаның құрамындағы сұйықтықты топырақ сулану үшін және ауа көпіршіктері шыққанға дейін араластыру керек;
- массаның қабаттануынан кейін тұнбадағы қабаттардың және бетке шыққан топырақтың биіктігін сызғышпен өлшеңіз;
- экспериментті топырақтың әр үлгісімен жасаңыз.
Нәтижені өңдеу және қорытынды:
1) көргеніңізді дәптерге жазыңыз. Неліктен топырақтың бір бөлшегі қалқып шықты, ал екінші бөлшегі ыдыстың түбінде тұнба ретінде қалып қойды.
2) әр бір зерттелген топырақ қабатының биіктігін кестеге жазыңыз. Мөлшерін формула арқылы есептеңіз
h
-------үстінгі
H астынғы
3) 6.4 Кестедегі берілгендерді бір-бірімен салыстырыңыз және зерттелген үлгілердің органикалық затпен байланыстылығы туралы қорытынды жасаңыз.

6.4 кесте- Топырақ құрамындағы органикалық заттар



Сына нөмірі

Ыдыстағы топырақтың биіктігі, мм

Һүстіңгі
---------------
Һастыңғы




Үстінгі
қабат

Астыңғы қабат






Бақылау сұрақтары

1 Топырақтың механикалық құрамы неге байланысты болады?


2 Қызанақ, бұршақ және бидай үшін рН мәні неге тең?
3 Топырақтың бұзылуының кезеңдерін ата?
4 Жеңіл еритін тұздардың концентрациясын қалай анықтауға болады?
5 Бұзылған топырақты қайта қалпына келтіру бойынша атқарылатын ұйымдастыру және техникалық шаралардың бір-бірінен қөандай айырмашылықта? Мысал келтіріңіз.
6 Қандай процестердің нәтижесінде топырақ деградацияға ұшырайды?
7 Агрохимиялық зерттеу мақсаты үшін қанша уақыт аралығанда топырақ үлгісіне анализ жасауға болады?
8 Қандай процестер топырақтың химиялық заттармен ластануына себеп болады?
9 Топырақтың құрамындағы зиянды заттарды гигиеналық нормалаудың тәжірибесі мен теориясының негізігі ережелерін атаңыз?
10 Топырақтың сапасын бағалаудың қандай түрлері бар?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет