Тапсырма 1 Ерітіндінің қышқылдығы бойынша топырақтың экологиялық жағдайы Мақсаты: қышқылдық көрсеткіші арқылы топырақтың экологиялық жағдайын анықтау.
Топырақтың қышқылдылығы—ең басты экологиялық фактор. Ол жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің және топырақ организмдерінің өмір сүру шартын, сондай-ақ ластаушылардың қозғалысын (бірінші орында металдар ) анықтайды.
Құрал- жабдықтар және реактивтер: 1) қасық;
2) пинцет, пипетка, капельница;
3) 2 пробирка;
4) пробиркаларға арналған штатив;
5) сақинасы бар ШЛХ штативі;
6) таразы және салмағы әртүрлі таразы;
7) әмбебап индикатор ерітіндісі;
8) дайындалған топырақтың тұзды ерітіндісі;
9) рН индикатор қағазы;
10) қағаз фильтрі.
Жұмыс барысы: 1) массасы 20-50 г. кептірілген топырақты өлшеп, ыдысқа енгізу;
2) 2 г. топыраққа мөлшермен 5 мл. калий хлорид ерітіндісін қосыңыз ыдыстағы құрамды 3-5 минут араластырыңыз;
3) фильтр арқылы ыдыстағы құрамды фильтрлеңіз, ерітіндінің сыртқы түріне көңіл аударыңыз (түс, лайлану). Ерітінді бір түрлі, топырақ бөлшектері болмау керек;
4) тұз ерітіндісінің рН көрсеткішін анықтау;
5) берілгендерді 6.1 кестеге жазыңыз.