ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ ТУРАЛЫ БІРЕР СӨЗ
(Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының
докторы, профессор Бүркітбай АЯҒАННЫҢ сөзі)
«Тарихты халық жасайды» дегенмен, тарих тұлғасыз тұл, жетімсіреп
тұрады. Сондықтан еліміз бен жерімізді қорғауда ерлік көрсеткен батыр-
ларымызды, халқына сүйеу болған хандарымызды, елін көкке сүйреген
оқымыстыларымызды ұлықтау, олардың қызметін насихаттау, көпшілік қауымға
таныстыру тарихшылардың міндеті болып табылады. Қасірет мен ерлікке толы
қазақ тарихында ел аузынан түспейтін тарихи тұлғалар аз болмаған. Әсіресе,
Шоқан Уәлиханов «ерлік ғасырына» балаған XVIII ғасырға шегініс жасасақ,
көз алдыңызға жоңғар шапқыншылығынан елін қорғаған қаншама билер мен
батырлар елестейді.
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегінде
жазылғандай, «1723-1727 жылдардағы «Ақтабан шұбырындыдан» қазақ
халқының өміршеңдігіне сын басталды. Ұлтты қорғаушылар қатарына Бөгенбай,
Қабанбай батыр, Наурызбай батыр және солар сияқты ұлттың жауынгерлік ру-
хын танытатын жарқын тұлғалы жаубасар ерлер келіп қосылды».
Жеке басының батырлығымен, қолбасшылық дарынымен елін қорғаған, жа-
лынды жырларымен халқының рухын көтеріп, күреске жігерлендірген таны-
мал тарихи тұлғаның бірі – осыдан үш ғасыр бұрын өмір сүрген Қожаберген
Толыбайұлы (1663-1763). Ол батыр ғана емес, өз заманының «көзі ашық,
көкірегі ояу» азаматы да болды. Туған жерінің тарихын, халқының мәдениетін
терең білген, елінің болашағы үшін аянбай күрескен.
Қожаберген жыраудың өлеңдеріне елдің бірлігі мен ынтымақтастығы, бейбіт
өмір мен ел қорғау идеялары арқау болды. Қожаберген халық ақыны болды.
Қожабергеннің жоңғар шапқыншылығы кезіндегі қиын-қыстауда туған «Елім-
айы» халқына күш-жігер берді және сол дастан арқылы патриотизм рухымен
қаруланды.
202
Қожаберген жырау – 350
Тарихымызда Қожаберген сияқты тұлғалар болмаса, қазақ халқы толыққан-
ды өмір сүрмеген болар еді. Халық қашанда өзінің батырларын көкке көтерген,
жадында сақтап ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырған. Егер Қожаберген жырау
өз заманында ерлігімен көзге түспесе, оның жырлары халыққа жетпес еді, оның
есімі ұрпақтар жадында сақталмас еді.
Өкінішке қарай, тәуелсіздік алғанға дейін Қожаберген жырау туралы
мәліметтер әдебиеттердің біріне енсе, екіншісінде ұмыт қалып келді. Мысалы,
Қожаберген жыраудың шығармалары 1984 жылғы «Бес ғасыр жырлайды» атты
3 томдықтың 1-томына енбей қалған. Өйткені, советтік қазақ әдебиетінде оның
азаттық күреске толы шығармашылығын кеңінен насихаттау қауіпті болатын.
Патшалық және советтік отарлық кезеңде Қожаберген жыраудың атын
атауға тыйым салынды. Академик Манаш Қозыбаев оның себептеріне тоқтала
келіп, «бірінші – Қожаберген баба орыс империясына ашық қарсы шықты, оның
«Елім-айы» – империяға қарсы туынды. Онда ол орыс империясы қалмақтарға
қару сатты, қолдады деп айыптайды» деген қорытынды жасайды.
Елбасымыз отаршылдыққа қарсы күрескерлердің тағдырына қатысты ой-
ларымен толғана келіп, «...қазақ халқының небір данышпан перзенттері мен
көсемдері тарихтың қарғыс атқан тұзағында тұншықты» деген болатын.
Қожаберген жырау Толыбайұлы (1663-1763) қазақтың екі бірдей ханы
Тәуке (1680-1718) мен Абылайдың (1771-1781) тұсында жыраулығымен,
батырлығымен ерекшеленген, «сардар», «елші», «қолбасшы», «ордабасы», тіпті
«хан кеңесшісі» атанған. Ол әйгілі Бұқар жырауға, Қаракерей Қабанбай мен
Қанжығалы Бөгенбайға ұстаз болған, оларға бағыт-бағдар беріп отырған. Оған
Бұқар жыраудың «Ғаділ ер», «Ұстазыма» атты өлеңдері айғақ бола алады.
Тәуелсіздік жылдарындағы арнайы зерттеулер бойынша Қожаберген жырау
орта жүз Ашамайлы керейдің Көшебе руының Таузар әулетінен шыққан. Арғы
атасы Көшебе де, атасы Дәулен де батыр болған, яғни батырлық қасиет оған
ата-тегінен дарыған делінеді. Оның жастайынан нағашысы Жалаңтөс баһадүр
ұрпақтарының қолында тәрбиеленіп, Үргеніш, Бұқара, Самарқан медреселерінде
оқығаны, араб-парсы тілдерін игергені белгілі. Ол 13 жасынан ақындыққа бет
бұрып, аңыз әңгімелерді жатқа білген.
Жазба деректерге сүйенсек, Қожаберген жырау екі әйел алған (Дүзік, Айша),
соңғысы кіші жүзден, Қабылан батырдың қызы екен. Дүзіктен Жандәулет, Ай-
шадан Науан, Әсет есімді балалары болған. 1723 жылы Қожаберген жырау кіші
жүздегі қайын жұртына аттанады, алайда, сол жақта жоңғарлардың қоршауына
түсіп, екі бірдей баласынан айырылып қалады. Қожаберген жырау Тәуке ханның
«Жеті Жарғысын» әзірлеуге қатысқан ықпалды адамның бірі болған. Тарихқа
203
Қожаберген жырау – 350
жүгінсек, Тәукенің билік құрған кезеңі – «әділеттілік пен парасаттылық сал-
танат құрып, рулар арасындағы қырқысулар тыйылып, қой үстіне бозторғай
жұмыртқалаған заман». Кезінде Шоқан Уәлиханов дала жыр-дастандарының
шынайылығы нақтылы өмірден алшақтамайтынын алға тартқан болатын. Олай
болса, Көтеш ақынның «Жиен жырау» дастанындағы «Ақылдасып үш бимен
/«Жеті Жарғыны» жазған ер. / Кім десеңіз ол бекті: / Қожаберген кемеңгер»
деген сөздері шындыққа жанасады.
Келесі ақпарат 1757 жылғы 30 қыркүйек күні Железин бекінісінен түскен
хатта берілген. Оны Омбы облыстық мемлекеттік мұрағатынан Солтүстік
Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағатының басшысы, тарих ғылымдарының
кандидаты Сәуле Мәлікова алдырған және филология ғылымдарының канди-
даты Зарқын Тайшыбай дайындаған жинаққа енгізілген. Онда былай делінген:
«Қыркүйектің 30-ы күні, өзеннің дала жағынан кімдікі екені белгісіз көп әскер
көшіп келіпті... Сол әскерден алты салт атты адам келіпті, екеуінің мылтығы бар.
Захарин Иса Мұратов деген татар арқылы сұрастырса, олар былай депті: «Біз
Абылай сұлтанның әскеріміз, басшымыз – Қожаберген. Бір мың түндікпен
Ертісті жоғары бойлап көшіп барамыз. Бұл жерде екі күн тұрамыз да, Осмо-
рыж бекінісіне және одан әрі Құлсары батырдың әскеріне қосыламыз. Оның
он мың әскері бар... Сөз арасында олар Әмірсана ноян туралы сұрапты». Осы
мәліметтен Қожаберген мен Құлсары батыр жоңғар ханзадасы Әмірсананы
торуылдап жүргені байқалады. Бұл оқиғаның болғаны тарихтан белгілі. Цин
әскері 1756-1757 жылдары жоңғарды қыспаққа алғанда Әмірсана, Даваци хан-
задалар Абылайды паналаған. Осы арада ашып алатын мәселелер бар.
Біріншіден қанқу сөзге ілесе бермей (Ж. Артықбаев, т.б.) Қожаберген
жырауға телінетін өлең-жырларға сараптама (экспертиза) жасауымыз керек.
Ол сондай қиын іс емес. Тіл, әдебиет институты бар, университеттер бар, бұл
істі сондағы мамандар арқылы шешуге болады.
Екіншіден, мұрағат құжаттарында Қожаберген атауы жиі айтылады.
Әсіресе, керей тайпасына, Петропавл қамалы мен Есіл – Ертіс өңіріне қатысты
мәліметтер көп кездеседі. Егер де біз Қожаберген есімді бірнеше адам болған
десек, онда оның шыққан тегі, ұрпағы, елі болуы керек. Мұрағаттарда Петро-
павл маңайындағы Қанжығалыдан шыққан Қожаберген туралы материалдар
кездеспейді.
Ал белгілі «Русско-казахские отношения в XVIII-XIX вв.» атты жинақта
мынадай ақпарат бар. 1742 жылы тамыздың 30-ында Әбілқайыр ханмен бірге
орыс әміршісінің атына ант берген қазақ рубасыларының арасында орта жүз, ке-
рей руы атынан бірінші болып Қожаберген батыр аталады. Ресми құжаттардан
байқасаңыз, оның руы мен батырлығы анық көрсетілген.
204
Қожаберген жырау – 350
Әмірсанаға жақтастарымен бірге қашуға қолайлы жағдай жасалғаны белгілі.
Кейінірек Әмірсана сүзек ауруынан көз жұмған дейді, ал шынында оның өлімі
құпия жағдайда қалып отыр.
Келесі үшбу хатта, 1757 жылдың 2 қазан күні қазақ тұтқынынан қашып кел-
ген қалмақ Баисун Чирин «Абылай сұлтанның әскерлері қайда деген сұраққа
«білмеймін» және «Қожабергеннің қайда екені белгісіз» деп жауап берген
(Қараңыз: Сәдуақасов Т. Ел мен жер. – Алматы, 2003. – 24-б.; Қараңыз:
Абылай хан. Астана, 2005. – 234, 236-237-бб.).
Қалай дегенмен, 1750-1760 жылдары Есіл – Ертіс бойында болған саяси
оқиғаларда Абылаймен бірге Құлсары, Қүлеке, Қожаберген есімдері жиі айты-
лады және олардың батырлығы әрі мемлекетаралық күрделі істерге араласқаны
анық көрінеді.
Ендігі мәселе – әрине, Қожаберген бабамыздың өмірбаянын анықтап беру.
Осы айтылған деректер Үкілі Ыбырайдың ел тарихына арналған поэмасында
кездеседі. Ол жоңғар соққысынан ес жинап арғын – керейдің отанына, қазіргі
Қостанай, Солтүстік Қазақстан жеріне қайтқанын жырлай келіп, мынадай
мәлімет келтіреді. 1740-1750 жылдары елге қайтқанда, «ертең реніш болмасын
деп атығай – қарауыл Есілдің сол жағына (Көкшетау жағы) керей ағайындар
бөлінген» дейді. Демек, Шал ақын, Құлсары, Қожаберген бабаларымыз елді
Сыр бойынан қайтарып, туған жеріне алып келген.
Соңғы жылдары Қожаберген жыраудың есімін ұлықтау мақсатында
«Қожаберген жырау Толыбай сыншыұлының Отан тарихы мен қазақ поэзи-
ясында алатын орны» (Қызылжар, 2000) «Қожаберген жырау – Ұлы Дала
дауысы» (Алматы, 2013) атты республикалық ғылыми-теориялық конфе-
ренциялардың өткізілуі де тегін емес. «Жеті Жарғы» және «Қожаберген жы-
рау» қайырымдылық қоры жұмыс істейді. Қожаберген жыраудың таңдамалы
шығармалары жарыққа шықты. Солардың ішінде Н. Әбуталиев, Т. Сүлейменов,
Б. Тұрғараев, А. Тасболатов, т.б. авторлардың зерттеулерін атаған жөн.
Тәуелсіздік кезеңіндегі ғылыми ізденістер тарихтың «ақтаңдақтарын»
толықтыруда. Биыл Қожаберген жыраудың туғанына 350 жыл толады.
Осыған орай үкімет тарапынан өткен жылдың 2013 жылғы 25 желтоқсанында
жыраудың 350 жылдығын республика көлемінде атап өту туралы арнайы
қаулы қабылданды. Үкімет шешімін орындау үшін елімізде бірнеше ғылыми-
практикалық конференциялар өткізіліп, бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды,
баспасөз беттерінде көлемді ғылыми-танымдық мақалалар жариялануда.
Сондай іс-шараның бірі осы жылдың наурыз айында Ш. Уәлиханов
атындағы Тарих және этнология институты мен М. Әуезов атындағы Әдебиет
205
Қожаберген жырау – 350
және өнер институты бірігіп өткізген «Қожаберген жырау – ұлы дала дауы-
сы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болды. Осы тұста
басын ашып айтатын бір мәселе бар. Бұқаралық ақпарат құралдарында «осы
Қожаберген қайдан шықты, бұрын қазақ тарихы мен әдебиетінің оқулықтарында
бұл сияқты тұлға жоқ еді ғой?» деген сауалдар пайда болды.
Тәуелсіздікке қол жеткізген кезеңде ғылыми ортада Қожаберген жыраудың
XVIII ғасырда өмір сүргеніне, оның «Елім-ай» дастанын шығарғанына күмән
келтірушілер шықты. «Қожаберген жыршы, батыр да, қолбасшы да емес, ол –
қолдан жасалған қаһарман. Жыраудың әкесі Толыбай да ойдан шығарылған
кейіпкер. Ол керей руынан емес, арғынның қанжығалы тармағынан және ол
XVIII ғасырдағы адам емес, ерте заманның, эпикалық дәуірдің қаһарманы» де-
ген жаңсақ пікірлер кездеседі. Басқасын айтпағанда, үкіметтің қаулысы, оны іске
асырудағы қыруар жұмыстар, тарихшы, әдебиетші ғалымдар мен ғылыми зерт-
теу институттарының ізденістері қайда қалады? Кейбір ғалымдардың пікірінше,
мұның бәрі бос әурешілік болғаны ғой.
Ғылыми ортада әрбір ғалымның өзіндік ұстанымы, ой-тұжырымы, дәйекті
көзқарасы болғаны дұрыс. Бірақ, «менікі ғана дұрыс, ақиқат» деп, көпшілік
мойындаған тарихи шындықты жоққа шығаруға ұмтылу абырой әкелмейтін
іс, одан кімге пайда, кімге зиян?.. Ойланайық, ұтылатын өзге емес, қазақ.
Сондықтан шыққан тегі орнықты керей Қожаберген жыраудың шежіресін қайта
таратудан келер пайда жоқ. Осы ретте Ахмет Байтұрсыновтың
«Қинамайды абақтыға жапқаны,
Қиын емес дарға асқаны, атқаны.
Маған ауыр осылардың бәрінен
Өз ауылымның иттері үріп қапқаны»
деп айтып кеткен өлең жолдары еріксіз тілге оралады.
Әділдікті ту еткен Қожаберген жырауға қай әулеттен болғаны емес, ең
маңыздысы қазаққа адал қызмет еткені тарихи шындық.
Бүгінде Қазақ елі адамзат көшіне ілесіп, әлемдік өркениетке бағыт алды.
Ал, сол өркениетке ұмтылып, елін өрге сүйреген көрнекті тарихи тұлғаларды
ұлық тау және оларды құрметтеу – жоғары мәдениеттіліктің белгісі.
09.09.2013 ж.
206
Қожаберген жырау – 350
ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ ТАНЫМЫНЫҢ
САЯСИ ӘЛЕМІ
(Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің
профессоры, филология ғылымдарының докторы, Мемлекеттік
сыйлықтың лауреаты, Абайтану орталығының жетекшісі Мекемтас
МЫРЗАХМЕТОВТЫҢ баяндамасы)
«Түбінде құруыңа елден ерек
Мен айтайын болады жерің себеп».
С. Торайғыров
Қожаберген жыраудың «Елім-ай» қиссасын терең танып, саяси астарын білу
үшін бүкіл түрік халықтарының «тарихи үш бұрышына», яғни алапат тарихи
иірімдеріне тартылу себептеріне назар аударып, шолу жасау қажеттілікке айна-
луда. Ертеде 49 түрік ұлысы болса, соның біреуі ғана, яғни Түркия түріктері
о бастан-ақ саяси тәуелсіздігін бүгінгі дейін тапжылтпай сақтап келеді. Ал
қалған 48 түрік халқы тұтастай Ресей мен Қытай империясының бодандығына
айналды. 48 түрік халқының біреуі, яғни ұйғырлар XVIII ғасырдан бастап
Қытай империясының шеңгелінде бодан болып қалды. Ал қалған 47 түрік
халқы тұтастай Ресей патшалығының отарына айналып, бодандық бұғауына
түсті. Ресей патшалығы Иван Грозныйдан бастап, түрік, моңғол халықтарын
шоқындырып, орыстандыруды өзінің саяси миссионерлік саясатын жүзеге
асырудың басты саясатына айналдырды. Ал 1917 жылы қазан төңкерісінде
билікке келген большевиктер партиясы дінді терістеп, жауынгерлік атеистік
танымды ұстануы себепті, патшалы Ресейдің шоқындыру саясатын лақтырып
тас тап, орыстандыру саясатын жасанды ұлттар достығы саясатымен бүркемелеп
жүзеге асыра бастады. Ұлт саясатына «жан ашырлық» танытқан боп атсалысса
да, келе-келе ССРО ұлы державаға айналып күшіне мінген соң, бас хатшы Лео-
нид Ильич Брежнев заманында орыстандыру саясатына ашық кірісуге айналды.
Оның айғағы бір ғана совет халқы (единный советский народ) деген ұғымды
шындыққа айналдырып та үлгерді. Осы кезде 1926 жылғы халық санағында
Совет үкіметінде 194 ұлт пен ұлыс есепке алынса, 1991 жылға дейін 93 ұлыс пен
207
Қожаберген жырау – 350
ұлт ассимиляцияланып, 101 ұлт пен ұлыс қана қалды. Осы тұста Ресей жаулап
алған 47 түрік халқының 27-сі тұтас орыстанып, сіңіп кетті де, 20 түрік халқы
ғана қалды. 1991 жылы Совет үкіметі құлап, 5 одақтас республика тәуелсіздік
алғанда, 15 түрік халқы Ресейдің қол астында қалып, ашық түрде ассимиляция-
ланып, орыстандырылуда.
Міне, бүл дәстүрді империялық саясаттың, яғни Карл Маркстің «Тра-
диционная политика в русского царизма» деген атақты мақаласында арнайы
түрде атап өткен дәстүрлі саясаттың арғы түп тамырында қандай құбылыстар
жатыр? Олардың саяси-әлеуметтік жетістігі қандай еді? Оларды терең танып
білу бүкіл даму жолындағы ортақ құбылыстарға ғана мән бере қарауды, өткен
тарихшымызды танып біліп, болашағымызға бағыт-бағдар алу біздер үшін
өмірлік қажеттілікке айналуда. Еуразия құрлыгында біздің заманымызга дейінгі
кезеңнен 751 жылы Талас өзені бойындағы қытай, араб, түркеш – үш мемле-
кет арасындағы ұлы шайқаста қытайлардың күйрей жеңілуі себепті, алғашқы,
яғни бірінші алапат тарихи иірімнің (бірінші бұрыш) тартылу күшінен айырылу
заманына дейінгі кезеңді жатқызамыз. Өйткені осы екі аралықта Еуразиядағы
алапат тарихи иірімінде түрік халықтары мен қытайлардың тарихи тағдыры шыр
көбелек айналып, осы тарихи алапат иірімнің тартылу күшінен босанып шыга
алмады. Бірақ осы екі аралықта Қытай империясының отаршылдық саясаты ның
жер отарлау саясатымен ондағы халықтарды идеологиялық қыспаққа алудағы
амал-айлаларының сан түрлі қақпанға қаптырып, тұзаққа түсіру тәсілдері дүниеге
келді. Осы айла-амалдар арқылы отарланған ұсақ ұлттардың жері қазіргі Қытай
Республикасының 60 пайыз жерін құрап отыр. 1949 жылы түрік халықтарын
ыдыратып ұстау саясатын ұстанған бас хатшы И. Сталин Қытайда өмір сүретін
түрік халықтарының ырқымен дүниеге келген Шығыс Түркістан республика-
сын жойып, олар жайлаған жер Қытай мемлекетінің бөлінбес меншігі ретінде
зорлықпен қосып берген құпия сыры бүгінде айқара ашылып, әлем халықтары
алдында әшкереленіп отыр.
Түрік халықтарының тарихи тағдыры біздер үшін тұңғыш тарихи алапат
иірімі тарту күшінен айырылып, 751 жылы қытайлар араб пен түркештен Талас
өзені бойында күйрей жеңілуімен тоқтаған еді. Түрік халықтары VIII ғасырдан
бастап XVIII ғасыр арасында мың жылдан астам уақыт ішінде екінші тарихи
алапат иіріміне тартылып, араб-парсы әлемімен мидай араласып кетті. Ислам
дініне ену арқылы түрік халықтары тарихта алғаш рет маргиналдық санаға
ауыс ты. Өзінің ата жазу таңбасынан айырылып, араб жазу таңбасының ша-
насына зорлықпен мінуге мәжбүрленді. Рухани әлемі де исламданды. Әсіресе,
отырықшы түріктер ислам идеологиясының ықпалына түсіп кетті де, көшпелі
208
Қожаберген жырау – 350
өмір салтын ұстанған қазақтар мен басқа түрік халықтары қос дінді халықтарға
айналып жүре берді.
XVIII ғасырдағы еуразиялық кеңістіктегі түрік халықтарының 47-сін Ресей
империясының тұтас жаулап отарлануына байланысты тарихта енді тарихи ала-
пат үшінші иірімінің тартылу күші пайда болды. Славян, яғни орыс халқымен
отарланған түрік халықтарының тағдыры осы алапат үшінші тарихи иіріміне
тартылды. Қазір де осы түрік халықтары мен славян халықтарының тағдыры
осы аталған тарихи алапат иірім ішінде шыркөбелек айналудамыз. Әлі де тар-
ту қуаты күшті осы тарихи алапат иірім бүгін де сол зар қалпында. Бірақ, бұл
құбылыс та мәңгілік емес. Өйткені мұның да күре тамыры солқылдап, тар-
ту күші күн өткен сайын екпіні басылып баяулап келеді. Бәлкім, енді Еуразия
кеңістігінің тағдыры тарихи төртінші алапат иірімін күтіп тұрған шығар деп ойла-
нудамыз. Жоғарыда аталып өткен Еуразия ауқымындағы алапат тарихи иірімнің
ішінде түрік халықтарының, әсіресе, қазақ халқының тағдырына аса ауыр тиген
қасіретті де апатты күндер Ресей мен түрік халық арасындағы үшінші алапат
иіріміне соқтырды. Өйткені, әлемдік жаһандық соғыстармен мемлекетаралық
соғыс атаулының өзегі, басты шығу себебі жер үшін талас-тартыста жатады
екен. Тарих қазақ халқының тағдырын Қытай мен Ресей сияқты ашкөз, жер
дегенде араны ашылған, ең отаршыл екі империяның ортасында ұлан-байтақ,
құс үшса қанаты талатын, тұлпар шапса тұяғы тозатын апайтөс далада өмір
сүруді жазыпты. Ғұмыр бойы екі империяның сұқ көзі асты-үсті таусылмайтын
қазынаға толы қазақ жеріне қадалумен өтіп келеді. Бұған тарих куә. Бірақ ау-
зынан сілекейі ағып, қазақ жеріне сұқтанып, неше түрлі амал-айлаға басса да,
қазақ жеріне ене алмапты. Жетілген зеңбірек, мылтығы болса дағы XVIII ға-
сырға дейін тұмсығын еркін сұға алмапты. Бұлай болуының себебі: олар тұ-
рақты әскер ұстап, қару-жарағы сай болса да, талай рет сайланып қарулы
қолмен келсе де, күтпеген қарсылыққа ұшырап, жүрегі шайлығып отырған.
Мұндағы басты себеп: қазақтардың тұрақты әскері болмаса да, ат үстінде
соғысуға, ат құлағында ойнаған асқан шебер, бетпе-бет келгенде әдіс айла
жасауға мейлінше жетілген табиғи болмысы үстемдік жасай берген. Өйткені
екі империяның жаяу әскері мол болса да, атты әскерінің жетілмеуінде,
жетіле қалған күннің өзінде соғыста дала табиғатының қыр-сырын жете
танып білмеуінде. Ал өмірі ат үстінде өткен көшпелі қазақ кең-байтақ жерін
қорғады, ал жері қазағын қорғады. Амалы таусылған, бірақ өкпені қысқан
екі империя енді келіп қытай мен араб басқыншыларының отарлау саясатын-
да қолданған бөтеннің қолымен от көсейтін амал айланың ішінен «жабайылар-
ды жабайылардың қолымен қан жоса етіп қыру» айласына көшті. Екі империя
209
Қожаберген жырау – 350
сол тұстағы жері мол жауынгер көшпелі екі елді, яғни қазақ пен қалмақты бір-
біріне айдап салып, бірін-біріне қырғызып, босаған жерге бекіністер орнатты.
Ойлаған мақсаттарына жетудің жолында дипломатиялық түрде тіл табысты.
Бұл отаршылдық амал-айланы қолдануға қалмақ пен қазақ хандығын таңдаудың
да өзіндік қайталанбас себебі болатын-ды. Әрі бұл көшпелі екі хандык малдың
өрісіне таласып, бір-бірімен қақтығысып тұратын. Міне, осы қайшылықты
екі отаршыл империя өз мақсаттарына пайдаланып, қалмақтарды қазақтарға
айдап салудың қандықол саясатын ұстанды. Бүл кезде қалмақ хандығы
күшейіп, тіпті қытайлардың өзіне қысым жасау жолына түсті. Қалмақ
хандығы тегеуріні қатты сезілген қытай патшалығы қалмақтардың арасында
ру таласын қоздырып, күшін екіге бөлуге әкелсе, Ресей патшалығы Аюке
бастаған қалмақ тобын өзіне пайдаланып қалу үшін, ал Қытай қалмақтарды
екіге бөліп, күшін әлсірету үшін Еділ мен Жайықтың арасындағы аса құнарлы
мал өрісіне келуге жол ашты. Оларды қолдап, жетілген оқ пен атылатын қару-
жарақпен жабдықтап отырды. Жаңа жерде малға жайлы қоныста Аюке хан
бастаған қалмақтар күшейіп, қуаттана бастады. Бүкіл сарбазы атқа мінген,
жеңсе қуып, жеңілсе шегініп соғыс өнеріне өте жетік қалмақ қолын Ресей
патшалығы қазақтарға, ноғайларға, башқұрттарға айдап салса, тіпті, өзіне
қарсы көтеріліс жасаған казак орыстарға әлі келмеген Ресей Степан Разин
бастаған шаруалар көтерілісін қалмақтың қарулы қолымен жусатып салды.
Кырым хандығын жаулап алу жолында қалмақтардың атты сарбаздарын оққа
айдады. Аюке хандығы дәуірлеп зорайып күшейгенде олардың ішіндегі рулық
жіктелісті керек кезінде қоздырып, пайдалануға жағдай жасап қойды. Енді олар-
ды шоқындырып, орыстандыру үшін қалмақ қыздарын оқытатын миссионерлік
бағыттағы мектеп ашып, отбасына, ағайын-туыстарына эсер ету жағын алдын
ала ойластырып, іске кірісіп, миссионерлік саясатын жүзеге асырудың амалына
қызу атсалысқан әрекетін де көреміз. Аюке ханның Оралдың шығысына келуі
қазақтарды екі жақтан қысу мақсатын да көздеген еді. Осы жағдайды терең
сезінген Қожаберген жырау: «Орыстың мылтығымен қаруланып, / Оралтау
шығысына жаулар келген», – деп тап басып айтуында ащы шындық та болатын-
ды. Мыңғырған малға толы қазақты жақтаса, қалмақты екі бүктеп, алған жерін
екі империяға бермей зорайып кетіп, өздеріне салмақ салатын тегеуірінді күшінен
де сескенді. Сескенді де жері аз, саны аз қалмақты жақтауды қолайлы деп тап-
ты. Осы саяси айла-амалдың бэрі әрі соғыс театрының көрінісі, сол соғысқа
бастан-аяқ қатынасқан аса білімді төрт-бес тілді меңгерген атақты қолбасшы
Қожаберген жыраудың «Елім-ай» қиссасында өзінің реалистік көрінісін таныт-
ты. Сол себепті Қожаберген жырау:
14-254
210
Қожаберген жырау – 350
Жұртымнан неге аяйын өнерімді,
Жоғалтпан тірі жүрсем беделімді.
Халқымның ауыр хапін баян етіп,
Бастайын «Елім-ай» деп өлеңімді, –
деп халқының апатты ауыр халін суреттеп баян етуді мақсат еткен жырау-
дың туындыларын танып білуді, әрине, кеш бастап отырсақ та, жақсылықтың
ақжолтай бастамасы екеніне осы конференцияның өзі-ак айғақтап отыр емес
пе? Торайғыровтың бір кездері «Сондай-сондай замандар өткендігін / Қазаққа
әдебиеті берген ашып» деп айтқанындай, біздің мұрағатымыз қазақ ақын-
жырауларының туындыларында жатқанын Қожаберген жыраудың «Елім-ай»
қиссасынан көріп қанығып отырмыз.
Советтік билік әдебиет пен тарихты саналы түрде бөлек оқытуды қолға
алды. Себебі тарих пен әдебиетті қосып оқытса, алгыр ойлы шәкірттерге Ре-
сей империясының отаршылдық саясатының құпия-сырлары ашылып кетуінен
сескенді. Әрі ақын-жазушыларды тарихи тақырыптан шеттетіп не нәрсе жазса да
әдебиеттің таптығы мен партиялығы тұрғысынан суреттеп баяндауды қатаң та-
лап етті. Ресейдің 47 түрік халқын отарлап жаулап алуы, олар үшін прогрессивтік
құбылыс деген жалған, жасанды танымды мадақтап, жастардың санасына күн
өткен сайын сіңіріп келді. Бұл идеялық жалған танымының қарқыны қапай
болғанын Қазақстанның Ресейге өз еркімен 1731 жылы қосылуы актісінің 250
жылдық мерейтойы 1982 жылы Алматыда арнайы аталып өтуі айғақтайды.
Ал, бұл жалған танымның әуселесін, яғни тарихи шындықты, әсіресе, көркем
әдебиеттің шыншылдықпен суреттеп беруі бар мәселенің маскасын сыпырып
көрсетсе, тарихи шындық бар құпиясын айқара ашуға қызмет етпек. Бұған нақты
мысалды Ресей, Қытай империясының өзара астыртын құпия түрде жүргізген
дипломатиялық келісім саясатының өзекті мәселесі, көксеген арман-мүддесі
түрік халықтарының атамекен жерлерін тұтас әрі оңай жолмен отарлауға келіп
тіреледі екен. Бұл екі отаршыл ел қазак пен қалмақты бір-біріне айдап салып,
жабайыларды жабайылардың қолымен қыру арқылы босаған жерлерге бекініс
қамалдарын салып, қуаныш сезіміне бөленген қасіретті оқиғасына бастан-аяқ
қатысқан Қожаберген жыраудың «Елім-ай» қисса-дастанында жер мәселесіне
шешушімен бірге қаралған әрі терең таныммен халқының, бозторғайша
шырылдаған жыраудың қасіретті үні, жаны бар саналы азамат атаулының жан
дүниесін астаң-кестең етіп қоздырмай тұра алмайды.
211
Қожаберген жырау – 350
Қазақтың сахарасы жүз құлпырған,
Қытай мен Ресейді қызықтырған.
Күнгейдегі хандықтар көз алартып,
Үш жүзді бас салуға даяр тұрған, –
деп, ортаазиялық хандардың да қазақ жерінен дәмелегенген саяси соқырлығын
да тап басып нұсқай кетеді.
Шаттанып бекінісін орыс салды,
Мекенін естек, татар жауда қалған, –
деп анталаған жау атаулының қазақ жерін бөлуге аш бөрідей ұлысып табысу-
дағы мақсатын жырау жұрт алдына жайып салады. Осы үш жаудың: Ресей,
Қытай, қалмақ сұм ақылдасып, қазақ жерін үшке бөліп алмақшы. Басып алу ба-
сты арман-мақсаты болса, бұл аз болғандай, Бұхара, Хиуа, Қоқан хандығы мен
түрікпен, башқұрт елі қазақ жерінен үлес алып, қалмаққа жанталаса, бір бүйірден
Ордос, Гумет, Тілеуіт деген қалмақ елдері өршеленіп соғысты. «Керек боп қазақ
жерлері» деп бәрінің мақсаты – қазақ жерін айнала өрт болып лаулаған отты
қоршау ортасында қалдырып, аузын ашып, азу тісін ақситып, талап жеу арқылы
қазақ атаулыны жер бетінен сыпырып жоюға ұмтылған қатыгездік, геноцидтік
саясат та қатар жүргізіліп жатты.
Қытай, Ресей, қалмаққа қазағы тұтас қырылған жері ғана керек болуы се-
бепті де:
Жоңғарлар татарларды шапқан кезде
Ресей қалмақтарға қой демеді.
Жердің елсіз қалғанын қош көрді орыс,
Оларға қажет болды иесіз қоныс, –
деп жердің иесіз қалуы, жабайыларды жабайылардың қолымен қырып, түбінде
қазақпен бірге қалмақ жерінің қырылудан иесіз қалуы – Ресей мен Қытайға
бірдей керек болды. VIII ғасырда Қытай патшасы ұйғыр жерін жаулағанда,
ұйғырларды бала-шағасымен тұтас қырып, жерінің иесіз қалуын талап етуі,
жауыздықтың төркіні қайда жатқанын меңзейді. Шынында, қазақ жері қаптаған
өрттің ортасында қалды... Осыған байланысты Бұқар жыраудың:
212
Қожаберген жырау – 350
Былай барсаң орыс бар,
Балаңды берсең қоныс бар.
Былай барсаң Қытай бар,
Жапырағыңды бұтай бар.
Былай барсаң қалмақ бар,
Күшіңді еппен алмақ бар.
Былай барсаң Қоқан бар,
Қоқаңдаған әкең бар, –
деп қазақ халқының жоғарғы азу тістері ақсиған қасқырлардың ортасында
қалған қоянның тағдырындай ажал аузында қалған заманды көз алдыңызға
елестетіп көріңіз. Соғыста жаңа қару-жарақпен қаруландыру шешуші күшке
айналды. Бүл күшті кімге қарсы қолдану мәселесін Ресей мен Қытай импе-
риясы өз мүддесіне орай, қалмақтарға түрік халықтарын, әсіресе, қазақтарды
қырып, жер бетінен жоюды мақсат тұтты. Осы саясаттың түбін терең сезіне
білген Қожаберген жырау сол түста Ресей мен Қытай империясының саналы
түрде жүзеге асырып, бірін-бір қолдап отырған геноцидтік саясатын әшкерелей
көрсетіп, сынай қарайды. Қожаберген жыраудың саясат әлемінде біліктілігін,
өз көзімен көрген, білгенін замандастары мен келешек ұрпақтарының алдына
жария етуінің мән- мағынасы баға жетпес бірегей құбылыс деп бағалаймыз. Әз
Тәуке заманында қарудың жаңа түрін пілтелі мылтықты Қарнақта жасап шығуға
ұмтылыс болғанын:
Қару соғу, жарандар,
Ерте кезде басталған.
Пілтелі мылтық білсеңіз,
Қарнақта бұрын жасалған.
Әз Тәуке өтіп дүниеден,
Шеберлік кәсіп тұсалған, –
деп Әз Тәукеден кейінгі хандар ынтасыз, алдын болжай алмас осал жандар
болғанына күйініш білдіреді. Қазақтар үшін аса өкінішті жайт:
Алшынның темір тауына
Дұрыстап назар салмадық.
Мылтық соғу шаруасын
Үш жүз боп қолға алмадық, –
213
Қожаберген жырау – 350
деп қазақ хандарының өзара тайталасы мен сатқындыққа бой алдыруы мылтық
соғу әрекетін мүлде тоқтатып тастады. Сол тұста қолдануға түскен қарудың жаңа
түрі – қолоқ (қазіргі күндегі қол гранатасы) қан майдан үстіндегі шайқаста қазақ
сарбаздары қолданған қару болғанын біздер «Елім-ай» қиссасын оқу арқылы
хабардар болып отырмыз.
Сол заманның қаһарлы қаруы – зеңбірек, винтовкамен соғыс жүргізудің амал
айласын, жауға шабуыл жасаудың жол жобасы мен тактикасын қалмақтарға
беріп, қазақтарды жер бетінен жойып, иесіз қалған жерлерін иемденуді мақсат
еткен екі империяның жымысқы әрекетін аяусыз әшкерелейді.
Мылтығын Ресей, Қытай қалмаққа сатты.
Айдап can малғұндарды қоқаңдатты.
Қырғызып қазақтарды қалмақтарға,
Орыстар қамалдарын салып жатты, –
деп Ресей, Қытай қазақтарды қырғызып жатса, діндес деген өзбектің үш
хандығы да қазақтарға қару сатпай, сырт айналып кетуіне күйіне қараған жырау:
Туысқан болыса алмай туысқанға,
Ұқсап түр бүгінгі күн шын дұшпанға.
Қырсығып Бұқар ханы мылтық сатпай,
Жат болды Өзбек, Тәжік дін исламға, –
деп туыс деген Бұқар хандығы өзбек, тәжік жат қылық танытып, қазақтың
қырылуына өз үлестерін қосып жатса, Хиуа хандығы түрікмендерге мылтық са-
тып, Маңғыстауға айдап салуын жаулыққа баласа,
Хиуа алып түрікпеннен арғымақты,
Орнына берген қылыш дандай сапты.
Қазақты аяғансып тұрса дағы,
Мылтықпен түрікменді жабдықтапты.
Үш жүзге ықыласы түспей қатты,
Бұқар да түрікменге мылтық сатты, –
деп саясат алдында көрмес соқырдай, түбін ойламай, ортаазиялық үш хандық
та қазаққа мылтық сатудан бас тартып, қазақтарды жығылған үстіне
жұдырықтап, иесіз қалса қазақ жерінен үлес алмақшы болып жауыздыққа ба-
рып жатты. Ал Ресей мен Қытай империясы болса:
214
Қожаберген жырау – 350
Қазақ пенен ноғайды құртқызбақ боп,
Сөйлесіп орыс, қытай табандады, –
деп қазақтар үшін бас қауіптің қайдан келіп жатқанын баса көрсетіп, қазақты
тұтас қырып жойып, иесіз қалған жерін үшеу ара бөлісіп алу мақсатын терең
тани білген Қожаберген жырау жырларында пессимистік ниеттің ұшығы
да жоқтығына көз жеткізеді. Бастан өткен апат күннің ауыр салмағын өз
көзімен көрген Төле би де түптің түбінде әділетті жеңіс қазақтарда қалатынын
көріпкелділікпен болжап айтқан еді.
Жау қалмақ бүгін бізді жеңсе дағы,
Түбінде оны қазақ жеңер деген, –
деп болжау сөзі Қожаберген жырауға да рухани дем бергені жыраудың ой-
толғанысынан ашық сезіліп тұрады. Келешек жеңіс қазақтардың қолында
болатынына оқырманын сендіре отырып, жақсылықты болашақтан күткен
оптимистік көзқарастағы жырлаудың «Елім-ай» қисса-дастан түріндегі рухани
жыры – біздің тарихи жадымызды жаңғыртып, тәлім-тәрбиемізді ұштай бер-
мек. Өйткені Қожаберген жырау қазақ елінің бастан кешкен қасіретті тағдырын
іштей сезіп, қанды қасап майдан төрінде көзбен көріп толғанысқа түскен батыр
жырау:
Дұшпаннан кек алуға еттік шешім,
Ел-жұрттан жасырамын мұның несін.
Халқымның ауыр халін баян етіп,
Жырладым апат күннің шежіресін, –
деп келер ұрпақ қазақ елінің бастан кешкен апат күннің шежіресін білсін деген
өсиет сөзі біз үшін рухани қазына көзіне айналып, жауға деген ыза-кегімізді
қайрай отырып, адасқан соңғы ұрпағының көзін ашар шындықтың туын жалау-
лата көтеретіні бар.
Қожаберген жырау қазақ хандарының бірлікке, ынтымаққа келе алмай, тұтас
бір халықты көрер көзге бөлшектеп билеу арқылы халықтың күшін ыдырату-
мен болғанын жете түсінді. Ал билігі бір қолда болған қалмақ қонтайшысының
қазақ жеріне жойқын шабуылына жол ашқанын танып-білуі саяси өзгерістердің
табиғатын тап басып танып отырған сұңғылалықты көреміз. Бұған қоса, екі
империя оларды бақайшағына дейін қаруландырып, қазақ-ноғайды қырып са-
215
Қожаберген жырау – 350
лып, олардың иесіз қалған қонысын иемденіп, бекініс қамалдарын салып жа-
туы – алысты көздеген отаршылдық саясаттың жалғаса беретінін іштей сезініп,
ұрпағына соқыр болмай, көкірек көзін ашу қажеттілігін ұқтырып өткен.
Жыраудың пікірі бойынша, қазақтардың қалмақтан жеңіліс табуының ба-
сты себебі, көрші екі елдің, яғни Ресей мен Қытайдың дипломатиялық саяса-
тында жатыр деп біледі. Өйткені қалмақтармен болған бұрын-соңғы соғыстарда
қазақтар басым түсіп жататын. Ал көрші екі ел қалмақтарды қолдап, оларға
соғыстың айла-тәсілін үйретіп, сол заманның ең жетілген қаруы – зеңбірек,
мылтықпен қаруландыру саясатында жатыр деп білген.
Алтын, күміс, мал беріп, аямай-ақ,
Орыстар мен қытайдан білгір жалдап,
Сыбан Раптан ден қойды өнерпазға,
Әскерін үйретуде он жыл қамдап.
Оларды надан қалмақ меңгерген жоқ,
Дәу мылтық жасауды олар үйренген жоқ.
Көрші екі ел мылтық беріп айдап салды,
Өйтпесе қалмақ бізге тең келген жоқ, –
деп саясат мәселенің төркіні қайда жатқанын дәл танып білді.
Қожаберген жырау қазақ, қалмақ соғысында қазақ елінің жеңіліске ұшырап,
қасірет қоршауында қалуына себеп болған ел билеген хандар мен төрелердің
сатқындық әрекетімен ұштастыра қарауында ішкі саяси ахуалдың осалдық кор-
сету негізін дәл танып, аяусыз сынға алуында көрегендік танытты. Өйткені
қалмақтар қазақ батырлары сияқты елін, жерін сүйген патриоттық сезімнен
жұрдай болып, жеке басының мүддесіне жығылды. Осы себептен де батыр жы-
рау Қожаберген олар жайлы ой танымын ашық айтуды мақұл көргендіктен,
Сақтауға өз бастарын кейбір төре
Қалмақпен құда болып, аман қалған.
Жоңғарға кей төрелер елді сатқан,
Көсемі жоқ қазақтың басы қатқан.
Бұл соғыс қазағыма қатты батты,
Қара жер боздақтарды жалмап жатты.
Қыз алып, қыз берісіп, құда болып,
Кей төре ойда-жоқта елді сатты.
216
Қожаберген жырау – 350
Құлдырап кері кетті қоғамымыз,
Болды ғой аяқасты Отанымыз.
Кетірген үш жүзімнің берекесін,
Хан, сұлтан, бекке болсын обалымыз.
Орта жүзді төрелер,
Екі бөліп билеген.
Алдап момын қауымды,
Саз балшықша илеген.
Бөлшектеп елді басқарды
Әбілмәмбет пен Сәмеке.
Бір хандық төртке бөлінсе,
Бола ма, халқым, береке? –
деп қазақ елі тағдыры қыл үстінде тұрғанда ел билеген хан мен төренің
сатқындығы қазақ атаулыны жері үшін көзін жоюға ұмтылған үш елдің (Ресей,
Қытай, Қалмақ) отына май құйғанмен бірдей жаулыққа басты деп өзінің эділ
бағасын бере білді.
Қожаберген жырау ел билеуге ұмтылған төрелердің талантты қолбасшы
деген Әбілқайыр сұлтанның хан болуға ұмтылған түлкі-бұлаң қулығына сын
көзімен қараған. Қожаберген жыраудың өз танымы тұрғысынан берген саяси
әділ бағасы баға-ақ. Бүгінгі Ресей тұрғысынан зерттеп, Әбілқайырды біржақты
бағалап танытып жүрген зерттеушілердің идеялық бағытын сын талқысына са-
лып, әділет тұрғысынан бағалау – азаматтық борышымыз болып саналатынын
білуіміз керек-ақ күрделі құбылыс. Осы себепті де тарихты қайта сараптағанда
Қожаберген жыраудың бағыт-бағдары, ой толғаныстары бізді бүгінгі қоғамдық
танымның ой орманындағы адастырып жүрген қалың тұманнан жол тауып ада-
стырмас соқпақпен жүре алмақпыз. Өйткені жыраудың Әбілқайыр сұлтан тура-
лы сыншылдық ой-пікірлер желісінен:
Қамданған жасақ жиып тігіп шатыр,
Қолбасшы Әбілқайыр қайда жатыр?
Сәмеке, Ғайып, Болат, Әбілмәмбеттің
Жәрдемі бар қазаққа тимей жатыр.
Мақтанған жайшылықта Барақ қайда?
Қытай мен орыстарды мақтаушы еді,
Тапты екен сол жұрттардан қандай пайда?
217
Қожаберген жырау – 350
Дұшпанға қарсы тұрды арғын қолы,
Кесілді еріксізден жаудың жолы.
Айнакөл жағасында тұрсақ тағы
Келмеді Әбілқайыр жиған тобы.
Әбілқайыр төреңіз
Хан болудан үмітті.
Қолға алса істі бүлдірер,
Бермеңдер оған билікті.
Кіші жүзге хан болса ол,
Алшыннан бақыт жойылар.
Сыртқы дұшпан басынып
Талайдың көзі жойылар.
Билік құрса ондайлар
Жол бермес жайсаң, қасқаға.
Адастырып халқыңды
Кіріптар етер басқаға, –
деп берген бағасы сол қанды майдан жорықта болған жырау өзі танып-білген
шындығын алдымызға жайып салады. Бұл шындыққа сенбей біздер кімге
сенеміз? Біздің тарих отаршылдар көзімен жазылған жалған тарихты, жалған
тарихшы пенделердің саясатқа байланған ой-танымынан тұтқын болған ой- са-
намызды арылтып, шындық ауылына үй тігер заман келді.
Әйтеке бидің өмірден өтер кезінде сұлтан, төрелердің ел билеу қылығынан
көңілі қалып, қалың қазаққа айтып кеткен өсиеті болатын-ды:
Өткен жыл Әйтеке би дүниеден өтті,
Келгенде елу алты жасқа ажал жетті.
Бағыну бір көсемге дұрыс қой деп,
Боларын осы апаттың болжап кетті.
Төреден Әйтеке би безін деді,
Келді ғой көсем сөйлер кезің деді.
Қазақты алғыр батыр басқармаса,
Ата жау быт-шыт қылар, сезін деді.
Хан, сұлтан, төре күні өткен деді,
Олардан ақыл, айла кеткен деді.
218
Қожаберген жырау – 350
Үш жүзім өзіңді өзің тұтас ел қыл,
Басқарар енді уақыт жеткен деді.
Үш жүзден үш ақылшы болсын деді,
Қазаққа бақ пен дәулет қонсын деді.
Сайлаған көсемдерің кемеңгер боп,
Халқының болашағын шолсын деді...
Өсиетін Әйтекенің естеріне ап,
Қазыбек, Төле, Ақсуат шайқады бас, –
деген өлең жолдарындағы Әйтеке бидің көрегендік өсиетін заман жүрісі өзге-
ріп, жаңа уақыт талабына сай келмеген ел билеуші төре, сұлтан, хан атаулының
сатқындыққа бой ұруы елдің бағын қайтарды, себебі ел билейтін батыр көсемді,
оған көмекші үш жүзден үш биді таңдап, халық қамын ойлауды шешуші орынға
көтерді. Әрине, бұл ұлттық сананы жаңғыртып, оянудың бастамасы деп білмек
керек.
Өткеніңді танып білмей, болашағыңды болжай алмайсың. Сол өткен руха-
ни қазыналарымыздың бірі Қожаберген жыраудың әдеби мұрасы – XVIII ға-
сырдағы атамұрамыз. XVIII-XIX ғасыр басындағы қазақ қауымының бар бол-
мысы, тарихи шындығы осы «Елім-ай» қисса-дастаны берген бағыт- бағдарымыз
бола бермек. Өйткені ол бізді шындыққа бастайды. Көріпкел бабамыздың
«Елім-ай» жырында сол заманда-ақ тарихи шындық пен бізге қарсы оқталған
жаулардың қатыгез геноцидтік саясат ұстанған жаулығын танып-біліп, келешек
ұрпақтың сусындауына өсиет еткен мұрасы жас ұрпақтың өткен тарихтың ащы
шындығын әшкерелейді, ата-баба ұстанған сара жолын ұрпақ санасына сіңіріп,
отаншылдық сезімін оята түсу үшін «Елім-ай» қиссасын «Бір ел – бір кітап»
акциясы аясында бүкіл халық оқуға қолға алғаны дұрыс жол болады.
219
Қожаберген жырау – 350
Достарыңызбен бөлісу: |