Практикалық конференциясының м а т е р и а л д а р ы


ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВ ЖӘНЕ АБАЙТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет31/45
Дата07.02.2017
өлшемі2,79 Mb.
#3575
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45

 
ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВ ЖӘНЕ АБАЙТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
СҮЙІНБАЕВА С. 
Қаз Мем қызПУ 2-курс магистранты 
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., профессор м.а. РАХМАНОВА Н.М. 
 
Абайтанушы ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайым Мұхамедхановтың 
есімі  зиялы  қауымға  жақсы  таныс.  Қайым  Мұхамедханов  –  қазақ  әдебиетінің  абайтану 
мектебінің негізін қалаушылардың  бірі,  Шәкәрімтанушы  және  Шәкәрім  шығармаларын 
алғашқы насихаттаушылардың бірі, әрі жарыққа шығарушы, Мұхтартанушы ғалым. 
Қ.  Мұхамедхановтың  әдебиеттану  саласындағы  көптеген  мақалалары  қазақ 
әдебиетіндегі жаңа белесті айқындап, қазақ әдебиеті даму бағыттарын белгіледі. 
Зерттеуші  алғашқы  шыққан  «Қазақ  әдебиеті  тарихының»  бірінші  томындағы 
тарихи жырлар «Қабанбай батыр», «Бөгенбай батыр» жырлары туралы зерттеуді жазды. 
 «Абай әлемін қазақ ғылымына әкелген және Абай мектебін түп-тұқиянына дейін 
зерттеп,  орасан  зор  ғылыми  мұра  қалдырған  —    Мұхамедханов»  дейді  ғалым  мұрасын 
зерттеуші [ 1.1]. 
Қайым  Мұхаммедханов  өмірін,  бостандығын,  отбасын  құрбан  етіп,  физикалық 
және  моралдық  тұрғыдан  НКВД  мен  Карлаг  лагерінің  жан  төзгісіз  қинауы  мен  азабын 
басынан өткерсе де, марксизм-ленинизм бірден-бір мектеп ретінде мойындалған заманда 
Абай мектебін сақтап қалған болатын. 

235 
 
 «Көңілді  түгел  айтып  болмайды  екен,  менің  кеудем  сендерге  сандықпен  тең» 
деген Абай сөзіне илансақ, ақынның көкірек көзін ашатын  өлеңдерін талдап, тереңдеген 
сайын  арғы-бергі  әлем  әдебиетінен  мол  сусындаған  сырына  қаныға  түсеміз.  Абайдың  
ақындық    өнерінің  қазақ  әдебиетіне  жаңа  бағыт,  ілгерілеу  әкелгенін  Қайым 
Мұхаммедханов  көптеген  еңбектерінде  дәлелмен  айтады.  Зерттеуші  Абайдың    бұрын 
жұршылыққа  белгісіз  алты  өлеңін  тауып,  ақынның  туғанына  жүз  жыл  толу  қарсаңына 
шыққан жинаққа енгізген.  
Азаттық  аңсары  басқа  сезімнің  барлығынан  биік,  барлығынан  терең  Мұхтар 
Әуезов пен қайыспаған қайсар Қайым Мұхамедхановты сөз сиқырына сұғынтып жүріп 
орға  құлатқан  да,  өзгелерден  бөлекше  биік  шыңға  шығарған  да  -  осы  Абай  өлеңінің 
сағымы  [2.4].  Сондықтан  да  Қайым  үшін  Абай  шығармаларын  жинау,  оларды 
бастырудағы текст өзгешеліктерін зерттеу мен анықтаудың мәні үлкен болды.  
Әуезовтей    ұстазының  кеңесімен    Абайдың  ақындық  мектебін  зерттеумен 
айналысқан  Қайым  Мұхаммедханов  «Абайдың  әдеби  мектебі»  деген  тақырыпта 
кандидаттық  диссертация  қорғайды.  Сол  тұста  саясаттың  салқынымен  Абай 
айналасындағы  ақындар  ұлтшыл  деп  танылған,    олардың  еңбегін  ғылыми  айналымға 
енгізген Қ.Мұхамедханов та ұлтшыл ретінде қабылданған.  
Алашшыл,  елшіл,  ұлтшыл  Қайым  Мұхамедханов  кеңес  өкіметінің  құқайын    бір 
кісідей көрген жан.   1952 жылдың мамыр айында Абай мұражайының директоры және 
пединституттың  оқытушысы  Қайым  Мұхамедханов  Қазақ  КСР  Жоғарғы  сотының 
шешімімен жиырма бес жылға бас бостандығынан айрылған.Сондықтан да  өкінішке қа-
рай, кандидаттық еңбегі тәркіленіп,сотталған.  
Зерттеуші  Абай  мектебінің  шәкірттері    Көкбай,  Ақылбай,  Мағауия,Уәйіс 
Шондыбав,Әріп  Тәңірбергенов    шығармашылықтары  туралы  зерттеулер,  көлемді 
мақалалар жазды. Олар туралы еңбектері «Абайдың ақын шәкірттері» атты төрт кітаптан 
тұратын жинаққа енді. «Абай» журналының қайта жарық көруіне  де көп еңбек сіңірді.  
Қайым 
Мұхамедханов 
«Толқын», 
«Майданнан 
майданға», 
«Комиссар 
Ғаббасов»,«Ер 
Білісбай» 
пьесаларының 
авторы. 
Әзірбайжан 
 
драматургі 
У.Гаджибековтың  «Аршин  мол  алан»,  татар  жазушысы  Ш.Камалдың  «Қажы  әпенді 
үйленеді» пьесаларын қазақшалаған.  
Қалың  жұртшылық  бұл  кісіні  көбінесе  кеңестік  Қазақ  республикасының 
мемлекеттік  әнұранына  мәтін  жазған  ақын  ретінде  біледі  десек,  екі  тармақ  өлең 
туындыгерді шынайы абырой шыңына шығарған. Қазақ жанының ұлы қасиетін жанартау 
жалынындай лапылдатып, асқақтата танытқан:  
Ер қазақ ежелден еркіндік аңсаған,  
Бостандық өмір мен ар үшін қиған жан. 
М. Әуезовтің кеңесімен әнұран жөніндегі байқауға қатысып, жеңімпаз атанғанда 
Қайым Мұхаммедхановтың  жасы небәрі 27- де ғана болған екен. 
Қайым  Мұхамедханов  туралы  және  оның  ғылыми  зерттеу  еңбектері  туралы 
айтқанда  жеке  дара  салаларға  бөлініп  кетеді.  Абайтану  және  Қайым  Мұхамедханов, 
Қайым  Мұхамедхановтың  зерттеуіндегі  Абайдың  өмірі  мен  шығармашылығы,  Қайым 
Мұхамедхановтың зерттеуіндегі Абай өлеңдерінің текстологиясы, Қайым Мұхамедханов 
зерттеуіндегі  Абайдың  ақындық  айналасы  және  сол  ақындық  мектептің  әр  мүшелері 
Көкбай, Әсет, Мағауия, Ақылбай, тіпті Біләлға дейінгі аралықтағы үлкен әдебиеттің қат 
қабаттары  көтеріледі.  Сонымен  қатар,  бүкіл  Қайым  Мұхамедханов  және  Алаш 
ардагерлері  Ә.Бөкейхановтан  бастап  ең  соңында  М.Әуезовке  дейінгі  әкелетін  ұлы 
арналы еңбектерде Қайым Мұхамедхановтың үлкен еңбектері зерттеліп жатыр. 
Ақын  жырларының  құдірет  күшін  түсіну,  түйсіну  үшін  сен  де  ақынның  сырын, 
жұмбақ  жанын  ұғатын  ұлағат  иесі  болуың  керек.  Ақындықтың  дарын  деңгейіне 
көтеріліп, сезімтал назымен, сөз сиқырының кілтін аша білген Қайым Абай өлеңдерінің 
жанашыр  жақыны  болды.  Әдеби  шығармалардың  мәтінін  автордың  қолжазбасы 

236 
 
негізінде,  сондай-ақ  бұрынғы  басылымдармен  саластырып,  тексеретін  сенімді  деректер 
бойынша  анықтайтын  филология  ғылымдарының  саласы  -  текстология.  Шығарма 
текстінің  жаңылыс  оқылған,  қате  басылған  жерлері  табылса,  тиісті  түзету  енгізу 
қажеттігі. 
Абай өлеңдерінің текстологиясы да осы  бағытта туған. Өз қолжазбасы сақталмай 
басқалардың  қолжазбасы  арқылы  жеткен  шығарма,  кейіннен  әртүрлі  дерек  жазба 
негізінде жарияланып, текстологиялық тексеру жұмысын жүргізу қиындай түсті. 
Сондықтан  да  Қайым  үшін  Абай  шығармаларын  жинау,  оларды  бастырудағы 
мәтін  өзгешеліктерін зерттеу  мен  анықтаудың  мәні  үлкен  болды.  Ақынның  1909  жылы 
басылып  шыққан   алғашқы  өлеңдер  жинағынан  бастап,  1921  ж,  1922ж,  1933ж,  1948  ж 
1954ж  жылдардағы  жарияланған  өлеңдер  тым  асығыс,  тым  үстірт  жасалғандықтан 
берілген  түсініктерде  қайшылық,  қателіктер  көп  кездеседі.  Ақын  шығармаларының 
жазылу  тарихы,  қате  басылып  жүрген  жеке  сөздерді  түп-нұсқасына  келтіру   жұмысы 
Қайым Мұхаметханов үшін аса жауапты жылдарға созылды. 
1909 жылы   жарық  көрген Абай жинағынан бастау  алған Абай өлеңдерінің мың 
сексен алты сөзіне түзету енгізілді. 
1945 жылы жарық көрген «Толық академиялық жинақта: «Абай шығармаларының 
жыл  мезгілдерін  белгілеу,  текстологиялық  кемшіліктер  негізінде  «академиялық  жинақ» 
дәрежесіне көтеріле алған жоқ» - дейді Қайым Мұхаметханов[3.7]. 
Әдеби  мұраны  шынайы  ғылыми  тұрғыдан  зерттеп,  ғылыми  талапқа  сай  толық 
жинақ  ретінде  қолымызға  тигені  1959  жылы    ғалымның  «Абай  шығармаларының 
текстологиясы  жайында»  атты  еңбегі.Бұл  кітапта    Абайдың  күні  бүгінге  дейін  дау 
туғызып келе жатқан кейбір сөздері нақты дәлелдермен зерттелді. 
Абайды  зерттеу  мәселесін  биік  ғылыми  дәрежеге  көтере  отырып,  ол  кезде 
Қазақстанда  полиграфия  базасының  болмауы,  баспасөз  мамандарының  жоқтығы, 
Абайдың алғашқы жинақтарының сапалы болып шығуын қамтамасыз ете алмағандығын 
айтады.Ескі араб әрпімен басылған жинақта таза қазақ сөздерінің дәлме-дәл берілмеуін 
сол сияқты граматика ережелерінің сақталмауын еске алғанда Абайдың тұңғыш өлеңдер 
жинағының  көп  кемшіліктермен  шыққанын,  түпкі  нұсқаның  дәл  сақталмағанын 
көрсетеді. 
Мүрсейіт  ақын  шығармаларын  түгелдей  Абайдың  тура  өз  жазбасынан  көшірген 
емес.  Ол  да  ел  аузындағы,  қолжазба  қалпындағы  халыққа  тараған  Абай 
шығармаларының  жинағын  көшіріп  жазған.Сондықтан  Абай  шығармаларын  баспаға 
әзірлеуде  тек  1909   жылы  шыққан  кітаппен  Мүрсейіт  қолжазбаларын  ғана 
текстологиялық  негізге  алу  жеткіліксіз  екенін  түсінген  Қ.Мұхамедханов  жоғарыдағы 
еңбектермен  қатар  Абай  шығармаларын  көшірген  басқа  адамдардың  да  қолжазбаларын 
пайдаланды. 
Оразке  Жандыбаев,  Мәди  Әсенов,  Әкімал  Мамырбаев,  Сапарғали  Әлімбетов, 
Әрхам Ысқақов, Рақымжан Машырқазов сияқты Абай өлеңдерін жадында сақтап келген 
адамдардың мағұлматтарымен салыстырды. 
Абай  өлеңдерінің  баспасында  көшірме  қолжазбаларында  кеткен  қателіктердің 
көпшілігін  түпкі  нұсқасына  келтіруге  ақын  шығармасының  өзіне  тән  ерекшеліктері 
жетекші бола алды.Ерекше көркемдік түр мен терең идеялық мазмұны қабысып жатқан 
Абай  өлеңдерінің  «бөтен  сөзбен  былғанып»  тұрған  жері  болса  зер  салып  үңіле  қарап, 
айнытпай  тапты.  Аңғармаған  адамды  адастырып  әкететін  жазба  деректерге  аса 
сақтықпен  қараған  текстолог  қара  өлеңге  қайыспай  қарымды  еңбек  етті.  Ақынның 
«Алланың өзі де рас, сөзі де рас» өлеңі 1954 жылғы жинақта: 
Махаббатпен жаратқан адамзатты, 
Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті. 
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, 
Және хақ жолы осы деп әділетті - дейді. 

237 
 
Өлеңнің соңғы жолына үңіле қараған зерттеуші мағана - мазмұн жағынан өлеңдік 
қисын  жағынан  да  ойсырап,  Абай  сөзіне  «бөтен  сөз»  араласып  тұрғанын  көрді.  Осы 
өлеңнің келесі шумағындағы, 
Осы үш сүю болады иманға гүл, 
Иманның асылы үш деп сен тахиқ біл - деген жолдарымен салыстырады. Абайдың 
өзіне сүйенеді. 
Махаббатпен жаратқан адамзатты, 
Сен де сүй ол  алланы жаннан тәтті. 
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, 
Және сүй хақ жолы деп әділетті - деп түзету енгізеді. Абайдың айтып отырған үш 
сүюінің сыры осылай ашылады. 
Абайдың  1882  жылғы  жазған  «Қансонарда  бүркітші  шығады  аңға»  деген 
өлеңінде: 
Төмен ұшсам түлкі өрлеп құтылар деп, 
Қанды көз қайқаң қағып шықса аспанға. 
Көре тұра қалады қашқан түлкі, 
Құтылмасын білген соң құр қашқанға - дейді. 
Осы  жолдағы  «көре»  деген  сөз  өлеңнің  мағынасын  бұзып  тұр.  Осы  өлеңге 
берілген  түсініктемеде  «1909  ж  басылым  бойынша  алынды»  деп  түсініктеме  берілген. 
Шындығында  олай  емес  екенін  арабша  жетік  меңгерген  Қайым    Мұхамедханов    араб 
әрібімен «Кере тұра қалады»  - деп басылғанын дәлелдейді. Яғни дұрыс  басылған сөзді 
зерттеушілер өздері бұрмалап жіберген. 
Ақын  бұл  арада  аспанға  шығып  алып,  шүйілген   қыраннан  құр  қаша  бүргенмен 
құтыла  алмайтынын  білген  түлкінің  жанын  қорғау  үшін  қайрат  қылмақ  болып  «кере», 
яғни  керіліп  тұра  қалған  жайын  ақын  дәл  суреттеп  отыр.  Түлкі  аңшыны  көргенде  тұра 
қалмайды қашады. Үстінен төніп келген бүркіттен қашып құтыла алмайтын болған соң 
«кере» тұра қалады.  
Әлі  күнге  дейін  терең  зерттеуді  қажет  ететін,  ақынның  жинағына  1933   жылдан 
бастап қана енген «қарасөздері» Қ. Мұхамедханов  еңбектеріндегі үлкен сала.  
 «Ғақлия  кітап»  деп  аталатын  қолжазбалардағы  сөздерді  салыстырғанда  осы  
күнге  дейінгі  жинақтарда  басылып  жүрген  тәртібі,  әрбір  сөздерінің  соңынан  жазылған 
уақыты дерексіз, дәлелсіз ой-жота берілген - дейді Қайым  Мұхамедханов. 
Бұл сөздерде де қолжазба мен жинақтар арасында текстологиялық қайшылықтар 
әлденеше рет кездеседі. Отыз алтыншы сөзінде Абай ұят туралы айтып келіп, шын ұят  
екі түрлі болатынын түсіндіреді. Онда:  «Біреуі  - ондай қылық өзіңнен шықпай  - ақ, бір 
бөтен  адамды  көргенде  сен  ұялып  кетесің.  Мұның  себебі  сол  ұят  істі  қылған  адамды 
есіткендіктен болады» - дейді. 
Текстологтың  көзіне  түскен  мұндағы  «бөтен  сөз»  «есіткендіктен».  Абайдың 
айтып  отырған  ой-пікірінің   мағынасын  кетіріп,  сиқын  алып  тұрған  сөздің  дұрысы 
«есіркегендіктен» болады деп түсіндіреді ғалым. Қолжазбада, Абай жинақтарында дұрыс 
берілген дұрыс сөз 1945, 1954 жылғы  жинақтарда бұрмаланып басылған.  
Мұхтар  Әуезов  «Абай  жайын  зерттеушілерге»  деген  мақаласында  өз  пікірін 
айрықша  қадап  айтқан.  Ол:«Абай  сөзі  деген  сөз  -  бірақ  сөз  болса  да  Абайша  шықса 
жарасар. Абайдың Абайлығы да сонда шығар. Осы Абай  өлеңдерінің санын көбейтейік 
деп  өзеурегенше  бар  сөзінің  кенеуін  кетірмейік.  Абай  сөзін  көбейтеміз  деп  көбік  етіп 
алмайық» деген[4.3]. 
Қайым  Мұхамедханов  осы мақсатта жұмыс істеген. 
Пайдалынылған әдебиеттер: 
1.Мұхаметқалиқызы А.«Абай-ақпарат» 2011. 
2.Сұлтанбеков. М. Жұлдызға апаратын жол... //Семей таңы. - 2011. -11 қаңтар. - 3 
б. 

238 
 
3.Мұхамедханов Қ. Шығармалар.9-Т. Астана,2011. 
4.Әуезов М.Жиырма томдық шығармалар жинағы.16-Т.Алматы,1997. 
 
ХАЛЫҚТЫҢ ҚАСИЕТІН ЖАНЫМЕН ҰҚҚАН АҚЫН 
 
ЧНЫБАЕВА Қ. 
Қаз Мем қызПУ 3-курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., профессор м.а. ӘДІЛБЕКОВА Л.М. 
 
Ғылыми  мақаламызда  қазақ  поэзиясының  көгінде  тұрған  біртуар  ақын  Иса 
Байзақов  поэмаларының  ішіндегі    романтикаға  толы  көркем  дүниесі  «Ақбөпе» 
поэмасына  тоқталдық.  Ақын    «Ақбөпе»  поэмасында  табиғат  көркіне  таңданып, 
тамашалап  қана  қоймайды.  Табиғаттың  қатігездігі  мен  мылқау  күшін  суреттеу  арқылы 
мақсатын  орындау  жолында  небір  қиындықтарға  барған  ер  бейнесін  реалистікпен 
ашады. 
Ой  мен  сезімге  бірдей  әсер  ететін  поэзия  мен  адамның  жан  дүниесін  бүтіндей 
баурап  алатын  ән  құдіретін  жарыстыра  бейнелеу  бар.  Мұндай  жағдайда  Иса  әр  уақыт 
романтикаға сөз береді. Бірақ та Иса романтикасы қиялдан емес, өмірден туады да, қиял 
қанатын қақтырады. «Топырақ жеп, домаланып еңбектеген, аңырып жас бала да тыңдап 
қалды». Я солай деп құптамасқа әбдің жоқ, бәрі де рас, бәрі де шындық. Сол шындықты 
түлетіп,  жаңартып  отыруда  Иса  әр  уақыт  романтикаға  қанат  қатырып,  әннің  құдіретті 
күшін жеріне жеткізе суреттейді. Туғалы ән сүймеген Мұсабек Әмірханнан көзін алмай, 
аузын  ашып  аңырып  қалған.  Жым-жырт  түннің  ұйқысын  ашып,  бой  сергітіп,  тылсым 
дүниенің  тынысын  кеңейткен  ән  толқыны  тоқтар  емес,  Ертіс,  бойын  шарлап  өтіп, 
тамылжыған қалпында айға барып, оны да таңырқатты. 
Ақын  осы  арқылы  негізгі  қаһарманның  типтік  мінезін  эпикалық  үлкен  арнадан 
ашып, лирикалық бояулармен сезім әлеміне ұшқын тастап отырады да, суреттеу тәсіліне 
реалистік  ақиқаттық  пен  романтикалық  өршілдік  астасып  жатады.  Міне,  бұл  эпикалық 
поэма жанрын қалыптастырудағы Исаның өзіндік стиль өзгешелігі болып келеді. Өнерлі 
жігіт  пен  ел  қадіріне  ие  болған  арудың  мінсіз  бейнесінің  тартымдылығы  соншалық: 
«Шаңқанның  ақ  құсындай  Ақбөпеге,  Жігіттің,  көзі  түссе  ішкендей  у».  Бір  сөз  бірер 
жолмен-ақ  ұнамды  кейіпкерге  бас  игізген.  Әрине,  бұл-  асқан  шеберліктің,  суреттеу 
тәсіліндегі ойнақылықтың белгісі. Кейіпкердің толық тұлғасын көз алдыңа келтіріп адам 
мінезін  там-тұмдап  ашуда  ақын  сыншылдық  реализм  дәстүрін  шебер  пайдаланады  да, 
оның әдіс-тәсілдерін де жаңғыртып, жаңартып отырады да, мазмұнын тереңдетіп, мінезді 
озық белгілерімен үлгілі-өнегелі жақтарынан танытады. Иса өзінің ақындық табиғатына 
жақын  дүниеге  көбірек  барады.  Осыған  байланысты  сюжет  желісінде  қайсыбір 
қайталаулар елес бергенімен оқушыны бірде-бір жалықтырмайды, қайта мұны өзі оқиға 
өрісін кеңейтуге  жағдай жасап, тың мінез туғызады. 
Ел дәстүрін, елдің қадір тұтқан салт-санасын жыр еткенде Иса сырттай таңданып-
тамашалаудан  аулақ.  Ақын  мұнда  халық  өмірін,  олардың  эстетикалық  көзқарасын 
аңғартуды  мақсат  еткен  де,  жекелеген  эпизодтар  мен  детальдарға  шейін  нақтылы 
дәлелдер іздеп, әрбір құбылысты орталық кейіпкер мінезін ашу үшін пайдаланады. 
Реалист ақын Ақбөпе бейнесін халық дәстүріне байланыстыра отырып, нанымды 
бейнелеген. 
Поэманың бас қаһарманы – Әмірхан мен Ақбөпе. Бұл екеуі шығарманың басынан 
аяғына дейін көрініп, алма-кезек суреттеліп, типтік жағдайдың  аясын кеңіткен. Поэмада 
көзге түсетін негізгі мәселенің бірі қалың мал ғұрпы, алайда оны ақын поэма сюжетіне 
тікелей  арқау  етіп  алмаған.  Феодалдық-патриархалдық  салт-санада  қалыптасып  кеткен 
бұл  дәстүрдің  ауыр  салмағын  тағдыр  талқысына  түскен  екі  жастың  өмір  өткелдерін 
суреттеу  арқылы  елестеткен.  Суреттеу  тәсілдерінде  жалқылық  пен  жалпылықтың  ара 

239 
 
қатынасын  шебер  қабыстырып,  өзіндік  бояу  өрнектерін  тапқан.  Ақын  әлеуметтік  өмір 
шындығын  импровизаторларша  жалпылама  шолып,  дидактикалық  толғау  сарынында 
жырламайды, қаһармандар мінезінің даралықтарын аша отырып қоғам мен жеке адамдар 
қатынасынан  үлкен  түйіндеу  жасайды.  Осы  жақтарынан  алғанда,  Иса  социалистік 
реализм әдебиетінде өзіндік стиль ерекшеліктерімен көзге түседі. 
Исаның «Ақбөпе» поэмасында әр алуан жақтарынан шешімін тауып, адам, қоғам, 
табиғат, бомыс, дәстүр мен салт-сана тұп-тұтас көрінген. 
Поэмада  ХХ  ғасырдың  бас  кезіндегі  әлеуметтік  қайшылықтардың  беті  ашылып, 
азаматтық ар-ұжданын жоғары қойған жаңа адамдар сахнаға шыққан. Абай реализимінде 
табиғи игі қасиеттерімен айрықша көзге түскен идеалы ұнамды бейне, гуманистік озық 
үлгілерімен  жинақталып  отырылған  боса,  Иса  шығармаларында  осы  бір  дәстүр  жаңа 
сипат  алып,  типтік  даралықтарымен  танылған.  Сайып  келгенде,  мұның  өзі  социалистік 
реализмнің  әдіс,  тәсілдерінен  туған.  Осыған  орай  поэмада  азаматтық  бас  бостандығын 
аңсаған  жастар  бейнесі  жасалған.  Өктімдіктің  сойылын  көтергендер  жаңа  тәсіл,  айла-
амалдарға  көшкен.  Шығарманың  әкелген  жаңалығы  да,  өзіндік  өзгешілігі  де  осы 
жақтарында.  Ақынның  поэмада  ашпақ  болған  Октябрь  революциясының  алдындағы 
қазақ  ауылының  ішкі  жағдайы  –  әлеуметтік  теңсіздіктен  туған  қайшылықтар.  Мұны 
оқырмандарға  қызықты  етіп  көрсету  үшін  Әмірхан  мен  Ақбөпе  арасындағы 
сүйіспеншілікті  алады да, оқиға желісін сол екеуінің айналасына құрады. 
Бұл Иса шығармаларындағы негізгі тәсіл. «Құралай сұлуда» Келденнің қартайып 
оты сөнгенше жүрегін жаралап, еңсесін басып келген өкініші мен орны толмас арманын 
жыр  еткен.  Еркежан  мен  Балақаз  тағдырларынан  да  осы  бір  жай  айқын  аңғарылады. 
Міне,  бұл  «Ақбөпе»  поэмасында  тамырын  тереңдете  түсіреді  де,  ел  дәстүрі,  салт-сана, 
әдет-ғұрып, қаһармандар тағдырына байланысты сөз болады. 
Поэма  сюжетінде  кертартпа  қара  күштің  жауыздығына  қарсы  бас  бостандығын 
аңсап  күреске  шыққан  жастар  арасындағы  наразылық  шиеленісе  келе  таптық 
қайшылықты  тұтандырған.  Алайда  Әбіш  тәрізді  жатып  атар  айлалы  жандардың  сан 
алуан  шырмауына  түскен  Әмірхандар  тобы  жеме-жемге  келгенде  төтеп  бере  алмай, 
жеңіліс табады. 
Оқиғаның  бұлай  шешілуі  өмір  шындығына  қайшы  келмейді.  Өйткені  ол  кезде 
Әмірхан  мен  Ақбөпе  тәрізділердің  бас  бостандығын  алу  үшін  күресулері  мүмкін  еді, 
бірақ  бай-феодалдар  үстемдік  еткен  заманда,  феодалдық  ғұрыптың  берік  сақталған 
кезінде сүйгеніне бара алмай зарлаған, теңдікке қолы жетпей арманда өткен Әмірхандар 
аз  болған  жоқ.  Сондықтан  поэмадағы  суреттелген  оқиға  да,  ақынның  шешуі  де  сол 
кездегі өмір шындығына сәйкес. Поэманың мазмұнынан ұнамды қайшылық, таптық жік, 
әлеуметтік қысым айқын ашылады. Бас бостандығын аңсаған Әмірхан мен Ақбөпелердің 
белсеніп күреске шығуы оқиға түйінін шешеді. 
Поэмада  әр  саладан  құйылып  жатқан  оқиға  тізбегі  мол.  Ақтарланның  соңынан 
қуған Әмірханның жол-жобасы жоқ, алай-дүлей дүниеге келіп тап болған. Дегенмен үміт 
алда.  Зәбір-жапаны  көп  шексе  де  Әмірхан  жүзінен  қасірет  дағы  байқалмайды.  Иса 
суреттейтін  қаһармандар  портретінің  әр  уақытта  жүзі  жарқын  келеді.  Мұңға  батып, 
ұнжырғасы  түскен  бірде-бір  кейіпкерлерді  көрмейсің.  Іштей  тынып,  терең 
толғанғанымен тағдыр талқысына бас ие бермейді. Құбылай да, Жоламан да, Балақаз да, 
Кәпін,  Көбіктің  қуғынына  түскен  Қаутін  де  осындай.  Иса  стиліндегі  осы  бір  өзгешелік 
жайдан  жай  туа  салмаған.  Өмірді  терең  зерттеп,  «халықтың  қасиетін  жанымен 
ұққандықтан» туған. 
Небір  қиын  кезең,  ауыр  қыспақты  басынан  кешірген  күнде  де,  сол  бір  өршіл 
мінездерінен  танбайтын  қаһарман  мінездерінде  ой  мен  сезім  қатар  суреттеледі  де, 
парасаттылық пен табандылық алға мегзейді. 
Маңдайлы, қалың келген қас пен қабақ, 
От болып көзінде тұр жанған шырақ. 

240 
 
Толық бет, ер мұрынды, дене тіп-тік, 
Жүзінде нұр боп бейне талай мен бақ. (5-б.) 
Шығарманың  сюжеттік  желісі  мен  композициялық  бітімін  шебер  құратын  ақын 
поэма  кейіпкерін  тұлғаландыра  түсуде  типтендірудің  қилы-қилы  тәсілдерін  қолданады. 
Рулы  елдің  би  болыстарына  қарсы  аттанарлықтай  ерлік  қасиеттерді  қаһарман  бойынан 
табады.  Портрет  жасауда  кейіпкерлердің  кескін-келбетін  көз  алдыңа  айны-қатесіз 
келтіреді де, өрелі іске қадам басқан ер жүрек ердің нағыз өзі осы болар дегізеді. 
Қаһарман  тағдырын  жан-жақты  танытуда  ақынның  суреттеу  тәсілдерінің  қыры 
көп.  Соның  бірі  экспозицияны  түрлендіріп,  құбылтып  отыру  тәсілі.  «Алтай  аясында» 
оқиғаға ортақтас болған өлкенің өткені мен бүгінгісін салыстыра суреттесе, «Қойшының 
ертегісінде»  аңызға  айналған  Ағыбай  батырдың  қалмақ  жортуылшыларына  тойтарыс 
берген  ерлігін  айтып,  әңгіме-дүкен  құрған  екі  қойшының  асқақтаған  тау  шыңы  мен 
құлазып жатқан ен далаға қызыға көз тастауынан-ақ көп нәрсені аңғартады. Кавказдың 
құзды  шатқалдарында  жалғыз  жортып  келе  жатқан  Бағдадан  да  бір  терең  сыр  түйіп 
қалғандайсың. 
«Ақбөпе»  поэмасында  табиғат  көркіне  таңданып,  тамашалап  қана  қоймайды. 
Табиғаттың қатігездігі мен мылқау күшін суреттеу арқылы мақсатын орындау жолында 
небір қиындықтарға барған ер бейнесін реалистікпен ашады. 
Сөгіліп құм жатады, сырғып құлап, 
Бекініп бір тұрмайды басып құрап. 
Бүгін бар, ертеңіне кетед көшіп, 
Еш адам білген емес, жөнін сұрап. 
Жортады ақбөкендер жонды кезіп, 
Жүргендей Бетпақта өмір барын сезіп. 
Болмаса шөлде туған құрт-құмырсқа, 
Төзе алмай аңдар кеткен шөлден безіп.(4-б.) 
Осындай  қиын-қыстау  жерге  тап  боларлықтай  Әмірханға  нендей  қысым  болған. 
Құрт-құмырсқадан басқа тіршілік жайламаған шөл даладан Әмірханның жол тауып алған 
мақсатына жете қоюы да бұл жағдайда екіталай. Ақын Әмірханды жеке би-болыстармен 
ғана  алыстырып  қоймай,  табиғаттың  тілсіз  жауына  да  кездестірген.  Бұл  салада 
пейзаждық  суреттеудің  небір  түрлерін  тудырған  шығармаларды  бұрын-соңды  жиі 
ұшырастыра тұрсақ та, Иса суреттейтін Бетпақ дала тап осындай картинаға түскен емес. 
Байыптап қарағанда бір  жанды көрініс көз алдыңнан қозғалып өтіп жатады. «Бүгін бар, 
ертеңіне  кетед  көшіп,  Еш  адам  білген  емес  жөнін  сұрап».  Бұл  не  деген  сыр,  бірлік  те, 
тірлік  те  –  жұмбақ.  Солай  бола  тұрса  да  осы  сөгіліп,  құлап,  көшіп  жатқан  құмды 
жазирадан  да  өмір  лебі  ескендей.  Ақын  жаны  осыны  сезген,  өз  геройын  тұйықта 
қалдырмай, аман есен алып шыққан. 
Міне, бұл – адам мен табиғат арасындағы ара қатынасты суреттеудегі ақын тапқан 
жаңалық.  Сол  жаңалық  реалистік  бояумен  ашылып,  романтикалық  пафоста  берілген. 
Тіршілік атаулының бәрін бездірген Бетпақтың шөлінен Әмірхан жол тапқан. Осындай 
сын сағаттарынан сүрінбей өткен ол поэманың сюжеттік желісінде өзектеніп отырған. 
Шығарманың  екінші  бөлімінде  егескен  дұшпанға  есесін  жібермей,  Ақтарланды 
алып қайтқан Әмірханның қалыңдығына ұрын келген күйеудің жолдасы болып баруына 
байланысты поэма сюжеті мүлде жаңа арнаға түскен. Бұл тұста оқиға кенет өзгеріп, тың 
тартыс,  жаңа  эпизод пайда  болған.  Әмірханды  Ақбөпе кездестіру  үшін  ақын  оны  әдейі 
күйеу  жолдас  етіп  алған.  Онсыз  бір  ауыл  мен  арасы  алшақ  екінші  ауылдағы  қыз  бен 
жігіттің жүзбе-жүз кездесуі мүмкін де  емес еді. Некен–саяқ жүруді  ел дәстүрі  ол кезде 
көтермейді. 
Әрбір  өзгеріс,  жаңалықтарды  нақтылы  іс-әрекеттерімен  дәлелдеп  шығуды  берік 
тұтынатын  ақын  поэманың  мотивировкасы  мен  байланыс,  шегіністерін  өте  шебер 
қиюластырған.  Ел  дәстүрін,  халықтың  салт-санасын  терең  ұғынған  ақын  Әмірхан  мен 

241 
 
Ақбөпені  қызойнақтың  үстінде  кездестіреді.  Шолпылары  сылдыр  қағып  келе  жатқан 
қыздар  таң  шолпанын  ортаға  алған.  Ақ  көйлектің  төгілген  желбіршектерінен  шешек 
атқан  гүл  бәйшешектер  де  жарастық  тауып,  жолды  Ақбөпеге  берген.  Жанданып 
тамашалау  да,  асығып,  аңсау  да,  жүрек  сырын  ақтату  ба  бір  кештің  ішіне  сыйған  да 
қойған. 
Қорыта  келгенде,  шиеленіскен  тартысқа  құрылған  бұл  поэмада  Октябрь 
революциясының  қарсаңында  қазақ  өмірінде  боған  әлеуметтік  топтар  мен  таптар 
арасындағы әр алуан қайшылықтардың беті ашылған.  
Иса  поэмасындағы  кейіпкерлер  белгілі  қоғамдық  ортадан  туады  да,  таптық 
бағыты  жіктеліп,  мақсаттары  айқын  көрініп  отырады.  Феодалдық  үстем  тап  өкілдері 
Құсан,  Кәрібайларға  қарсы  күреске  шыққан  Балақаз,  Құбылай,  Қаутін,  Бағда,  Әмірхан, 
Ақбөпе арқылы ақын өзінің эстетикалық көзқарасын айқындай түскен. 
Сонымен ақын Әмірхан мен Ақбөпе сүйіспеншілігін поэманың лирикалық арқауы 
ете  отырып,  бір  дәуірдің  әлеуметтік  қарым-қатынас,  әдет-ғұрыптарын  кеңінен  алып 
көрсеткен. Поэманың оқиғасын өте ұзақтан тартып, сюжеттік желісі мен композициялық 
құрылысын  шебер  үйлестіретін  ақын  Ақбөпе  мен  Әмірхан  тағдырын  нанымды 
суреттеген. 
Осыған  орай  дұшпаннан  кек  алып,  тілек-мақсатқа  жетудің  бірден-бір  жолы 
озбырлыққа  қарсы  күрес  деген  эстетикалық  идеалды  құптатып,  ақын  дәуір  сипатынан 
үлкен түйіндеу жасайды. Өмір картинасын айқын елестетуде мінездер даралықтары мен 
жалпы  ортақ  құбылыстарды  жинақтап,  астастырып,  шығарма  сюжетінде  қос  өрімдеп 
отыру Иса стилінің өзіндік ерекшелігі болып келеді. 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.Байзақов И. Ақ бөпе: таңдамалы. - Астана: Елорда, 2000. - 367 б. 
2.Байзақов И. Екі томдық таңдамалы шығармалар. - Алматы: Жазушы, 1983 
3.Ақын Иса. - Павлодар, 2000. - 158 б. 
4.Жақсыбаев Ахат. Иса ақын. Бірінші кітап: роман. - Алматы: Елорда, 2010. - 400 
б. 
5.Хасенов  М.  Иса  Байзақовтың  ақындығы  мен  стильдік  ерекшелігі.  -  Алматы: 
Ғылым, 1976. - 175 б. 
6.Байзақова М. Өнердегі өмір: естелік толғау. - Алматы: Жалын, 1977. - 125 б. 
7.Байзақов Иса // Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. - 6 томдық. - Алматы, 1999. - 
2 т. - 56-57 б. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет