Практикалық конференциясының м а т е р и а л д а р ы



Pdf көрінісі
бет29/45
Дата07.02.2017
өлшемі2,79 Mb.
#3575
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45

АФОРИЗМДЕР ТАБИҒАТЫ 
 
МЫРЗАҚҰЛОВА Г.С. 
ҚазМемқызПУ 2-курс  магистранты 
                          Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., профессор м.а. ӘДІЛБЕКОВА Л.М. 
 
Тәуелсіз мемлекетіміздің бай, кемел де көркем  әдебиетінің  бар екендігіне  ешкім 
де  шек  келтірмейді.  Республика  көлеміндегі    бұрыннан  және  жүздеген    жана  ашылған 
баспаханалардан  шығып  жатқан    түрлі  саладағы  әдеби,  ғылыми,  мәдени  еңбектерге  
күніне    толығып  жататын    ақпаратты  басылымдарды    қоссақ,  интернет  пен  технология  
заманы саналатын   XXI  ғасырда оқырман назары әлі де  кітапта екендігіне көз жеткізу  

217 
 
киын  емес.  Осы  бір  ақ  қағаз  бетіне  теріліп,  сан  мыңдаған  тиражбен  таралып  жатқан 
ағымды  жарияланымдарда  тақырыбына,    мазмұны  мен  құрылымына,  яғни  жанрына 
қарамастан  кеңінен қолданылатын бір үрдіс бар. Ол қанатты сөздерді қолдану үрдісі. Сіз 
оны көркем әдебиеттен де, ғылыми жұмыстан да, әкімнің баяндамасынан да, басшының 
есебінен де, тіпті күнделікті оқитын газетіміздің бетінен де  кездестіреміз.  
Қанатты  сөздердің  ауқымы    қанша  кең  болса,  тарихы  да  сонша  терең.  Адамзат 
тарихында қанатты сөздер  - өз дәуірі тудырған замана таңбасын арқалайтындығын, оған 
қатысты  барлық  проблемаларды    көтеретіндігін,  кейде  тарихи  оқиғаларға    нақты  әсер 
ететіндігін  ғылыми  дәлелдеп  шығуға  болады.  Өмір  туралы  ,  оның  негізгі  тірегі  «Homo 
sapiens»  -  ой  иесі,  сөз  иесі  адам    туралы  жанр  болып  табылатын  қанатты  сөздер 
әдебиеттің бір қарағанда көне түріне жатқанмен де, интеллектуалдық өнердің теңдессіз 
түрі  ретінде  бүгінгі  қоғамда  нағыз  ғұмырлы  жанрға  жатады.  Бүгінгідей  ақпараттар 
ағымы айрықша ағылған заманда , қашанда «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін»  бере 
білетін «оймақтай ой»  - афоризимдердің мәні артуда десек қателеспейміз. 
Ағылшын,  неміс,  француз,  орыс  әдебиеттеріне  сүйенсек,    қанатты  сөздерге  
берілген нақты тұжырым әзірге жоқ. Ой тереңдігі мен кемелдігіне қатысты философтар, 
тілдік бірлік ретінде лингвистер, поэтикалық сұлу, әрі ықшам  көркем сөз тіркесі ретінде   
әдебиетшілер афоризмдерді өз аясына тартып, өз тұрғысынан бағалауға тырысып келген, 
әрі бұл үрдіс жалғасуда. Әйтсе де, орыс филологтары тұжырымына сүйенсек, афоризм, 
ең алдымен әдеби жанр екендігін мойындауымыз керек.  
Афоризмнің бірінші ерекшелігі ақиқатқа ұмтылған терең ой. 
Афоризмнің екінші ерекшелігі олардың қысқалығы, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай 
түйіні» екендігі. 
Афоризмнің    үшінші  ерекшелігі  қосымша  түсініктемені  қажет  етпейтіндей, 
аяқталған ой екендігі. 
Афоризмдер  туралы  анықтамаларға  бір  мақала  аясында  шолу  жасау  мүмкін 
еместігін  ескере  отырып,  1998  жылы  «Ана  тілі»  баспасынан  шыққан  Әдебиеттану 
терминдер  сөздігіндегі[1]  анықтаманы  келтірейік.    «Қанатты  сөз  жанрлық  белгісі 
жағынан  мақал-мәтелдерге  өте  ұқсас.  Айырмашылығы,  мақал  мәтелдердің    авторы 
белгісіз, шыққан тегі белгісіз, халық шығармашылығына жатса, қанатты сөз авторы бар 
не нақты болмаған күнде аңыз күйінде ауызша болса да бүгінгі  күнге жеткен  қанатты 
сөздің  мол  болуы  сол  тілдің  сөз  байлығын,  тіл  орамдылығын  және  ұлттық  бейнелік 
ерекшеліктерін байқатады».  
Бұл  анықтамадан    фольклор  мен  афоризмдер  арсындағы  ұқсастық  нақты 
көрсетілген.  Әйтсе  де  «ауызша  болса  да  бүгінгі  күнге  жеткен»  деген  пікірдің  себебін 
әдебиетіміздегі  бұл  жанрдың арнайы қарастырылмағандығына,  афоризмдердің өміршең 
жанр  ретінде  күннен  күнге  толығып  келе  жатқандығының  ғылыми  түсініктемесі  қазақ 
әдебиетінде  әлі  жасалмағандығынан  деп  білуіміз  керек.  Ауыз  әдебиетіндегі  мақал- 
мәтелдердің қысқалығына, ритмділігіне, мағыналығына қарап орыс ғылымының бір топ 
ғалымдары  оларды  афоризмдерден  мүлдем  ара  жігін  ажыратып  қараса,  екінші  бір 
ғалымдар  тобы,  керісінше,  мақал-мәтелдерді  афоризмдермен  бірге  қарастыруды 
ұсынады. Ал әдебиеттің кейбір жанрлық түріне арналған  сөздіктерде афоризмдерді тек 
тақырып  аясына  қатысты  ғана  алып,  анықтама  беруге  тырысады.  Мысалы 
А.Квятковскийдің  «Поэтикалық  сөздігін»  алайық[2].    Афоризм  (греч.)    изречение, 
выражающее  с  предельной  лаконичностью  в  отточенной  форме  какую-либо 
оригинальную  мысль.  Афористические  строки  нередки  в  стихах  русских  поэтов.   
Привычка  свыше  нам  дана,  Замена  счастию  она.  (А.  Пушкин);  Поэтом  можешь  ты  не 
быть,    Но  гражданином  быть  обязан.  (Н.  Некрасов);  ысль  изреченная  есть  ложь.  (Ф. 
Тютчев); Ненавижу всяческую мертвечину, Обожаю всяческую жизнь. (В. Маяковский); 
Чем  продолжительный  молчанье,  ем  удивительнее  речь.  (Н.  Ушаков);  мелого  пуля 
боится,  Смелого  штык  не  берет.  (А.  Сурков);    Афоризмами    насыщена  комедия  А. 

218 
 
Грибоедова «Горе от ума», например «... Счастливые часов не наблюдают; ...Служить бы 
рад, прислуживаться тошно;   ... Блажен, кто верует  тепло ему на свете.» 
Сонау Тоныкөк, Күлтегін ескерткіштері мен көне түркі жазба ескерткіштеріндегі, 
бертін  келе  жыраулар  поэзиясы  мен  қазақ  әдебиетінің  ХІХ,  ХХ  ғасырлардағы    мол 
мұрасында  кездесетін  қанатты  сөздер  қазақ  әдебиетіндегі  бұл  жанрдың  тамырының 
тереңдігін,  ауқымының  кеңдігін  көрсетеді.  Қазақ  халқының  қаһарман  ұлы,  жазушы 
Бауыржан  Момышұлының    қанатты  сөздері  халық  арасында  кең  тарағаны  белгілі.  Бұл 
туралы  ізденушінің  бірнеше  мақалалары  жарық  көрді.  Оқырман  қауымға  Құлмат 
Өмірәлиевтің  «Абайдың  афоризмі»  [3],  Әбділхамит  Нарымбетов  дайындаған  «Ғабит 
Мүсіреповтің  күнделігі»  [4]      жинақтары  кеңінен  таныс.  Бұл  тұрғыда  баспасөз  бетінде 
кезінде осы жанрда жиі көрінген Қадыр Мырзалиев, Мұзафар Әлімбаев қаламынан туған  
қанатты  сөздерді  айту  орынды.  2006  жылы  ұлттық    «Ана  тілі»  газеті  арамыздан  озған 
ұстазымыз,  сөз өнерінің жүйрігі Зейнолла Қабдоловтың біраз қанатты сөздерін  келтіре 
отырып,  редакция  атынан    оқырманнан    ел  арасына  кең  тараған    басқа  да  ғалымның 
қанатты сөздерін білетіндердің хабарласуын сұрайды. Міне бұл үрдіс негізінен кемеліне 
келген  әдебиеттерде  қалыптасатын  өнегелі  үрдіс.          Келесі  кезекте  Қабдолов  айтқан 
қанатты  сөздерге  тоқталады:  «Әдебиет  ардың  ісі;  Жазушы  талант,  тағдыр;  Жазушы 
ұлттың  ұяты,  иманы,  намысы;  Жазушы  өз  дәуірінің    ұлы,  өз  ғасырының    үні; 
Махамбеттің әр сөзі құйылған құрыш, қорытылған қорғасын. Оны өңдеп жөндеймін деп 
жасытпақ керек;  Махамбет пен Абайға редакция жүрмейді; Бүгінде Толстойды оқымай 
орысты, Бальзакты оқымай французды білдім деу қандай қиын болса, Әуезовті оқымай 
қазақты  білдім  деу  сондай  қиын;  Жазушының    ең  жақсы  шығармасы  жазылмаған  яки  
жазатын  шығармасы;  Жаза  білу,  жазғаныңды  сыза  білу  шеберлік.  Шеберліктен  туатын 
шедевр  осы  әрекеттің    астында  жатыр;  Ұлтсыздық  имансыздық;  Тамыры  жоқ  ағаш, 
тарихы  жоқ  халық  болмайды;  Мүсіреповті  мадақтаудың  керегі  жоқ,  Мүсіреповпен 
мақтану  керек;  Талант  деген  қыран  секілді  қанатты  нәрсе;  Ұстаз  болу  өз  уақытыңды 
аямау, өзгенің бақытын аялау» [5, 6]. 
Қадыр  Мырзалиевтың    афоризмдер  туралы  ақтарыла  айтқан    мына  бір  пікірі  
қашанда  ақиқатқа  ұмтылған    қанатты  сөздің    шығу  табиғатынан  оқушысын  хабардар 
ететіндей: «Афоризм дегеніміз  - белгілі бір күні басталып, белгілі бір күні біте қалатын 
шығарма емес. Ол ғұмыр бойы айтылып, ғұмыр бойы қағазға түсіп, өмірдің  соңғы сәтіне 
шейін  созыла  беретін  дүние.  Афоризм  қызық  жанр.  Ол  негізінен,  ауыз  әдебиетіне 
жатады. Ауызша тарайды. Біреу айтады, біреу қағып әкетеді. Содан кейін қағазға түседі. 
Өкінішке  орай,  ауыздан  шыққанның  бәрі  қағазға  түсе  бермейді.  Қағазға  түскеннің  бәрі 
бірдей  кітапқа  кірмейді.  Кіргеннің  бәрі  бірдей  тарихта  қалмайды.  Олар  да  екшеледі... 
қанатты сөз болуға лайық, татымды тіркес менің аузымнан бірінші рет қашан шықты. Ол 
жағы маған беймәлім.  Есімде жоқ. Адам өз сөзін өзі   бағалай бермейді. Сөзді  қадірлеу 
қасиеті кейін, біраз кейін келді»[6, 4]. 
Ойының  тереңдігімен,  құрылымының  көркемдігімен  ерекшеленетін  қанатты 
сөздер  қай  әдебиеттің  болмасын  қаймағы  болып  табылады,  әрі  ол  жеке  жанр  ретінде 
сындарлы  зерттеуді  қажет  етеді.    Ал  түркі  тілдерінің  ішінде  тереңдігімен  де, 
кемелділігімен  де  топ  бастайтын  қазақ  әдебиетіндегі  құнарлы  қанатты  сөздер  ғылыми 
саралау мен бағалаудан кейін өз кезегінде орнын тауып, қазақ әдебиеттану ғылымының 
деңгейін әлемдік биік белестерге көтеруге өз үлесін қосатыны анық. 
Пайдалынылған әдебиеттер: 
1.
 
Әдебиеттану. Терминдер сөздігі. Құрастырушылар  З.Ахметов, Т.Шаңбаев –
Алматы: Ана тілі.  1998. -384 б. 
2.
 
Поэтический словарь. А.Квятковский. - Москва:Советская энциклопедия,  1996. -
376 б. 
3.
 
Абай афоризмі. Құлмат Өмірәлиев -Алматы: Қазақстан баспасы, 1993, 124 б.  

219 
 
4.
 
Ғабит Мүсіреповтің күнделігі. Әбділхамит Нарымбетов дайындаған -Алматы: 
Ана тілі баспасы. 1997, 288б.   
5.
 
Ана тілі газеті. №50. желтоқсанның 14-і, 2006 ж., 6-бетте. 
6.
 
Егемен Қазақстан газеті. 2005 жыл, 6 қаңтар, 4-бетте.            
 
М.МАҚАТАЕВТІҢ «ЖЫЛ ҚҰСТАРЫ» ПОВЕСІНДЕГІ ІЗГІЛІК 
БАСТАУЛАРЫ 
 
НАУРЫЗБАЕВ О. 
Алматы университеті 4-курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., профессор м.а.РАХМАНОВА Н.М. 
 
Поэзиясында    дәстүрді    дәстүрше  әдемі  ұғынып,  ұстанып    оның  аясында  қалып 
қоймай,  өзіндік    өрнекке  бет  бұрған  М.Мақатаев    проза  саласында  да    өзіндік  қол 
таңбасын  қалдырды.    Ол  прозада  да  адам  жанына  жақын  тақырыптарға  барды.  Қай 
тақырыпқа  да  қалам  тартса  да,өзіндік  авторлық  ұстанымын  білдіріп  отырған.  Сөзбен 
сурет салып, ой түйген суреткер қаламынан болмыстың шындығы, биік парасат лебі есіп 
тұрады. Ақын жүрегінің діңгегіне айналған  туған жер тақырыбы,  ондағы   адамдардың  
дүниетанымы прозасына да тақырып болып өрілген. 
Жазушының    өзіндік  ой  айтар  шығармасы  -"Жыл  құстары"  повесі.  Мұқағали 
халықтың тарихын, бүгінгі заманның кешегі көрінісін біліп өсуге оқырманын баулитын 
суреткер.  "Сен  бүгініңді  сүй  -  ол  кешегі  бабаларыңның  қанымен  келген"  деген  секілді 
"анау аспанда қыран самғап барады, міне, аяғыңның астында жылан жорғалап барады  -
жыландай  болма,  қырандай  бол!",  -  дейтін  жалаң  ақыл  айтпайды.  Сезіммен  өткен 
күндердің суретін салады. Сол арқылы ойдан жырақтап бара жатқан оқырманды ойлауға 
меңзейді. Ой мен сөздің еліне жетелейді. 
Мұқағали  Мақатаев  -  қазақ  тарихындағы  ең  оқырманы  көп,  қалың  халық  басты 
жанашыры  болған  суреткер.  Ол  ең  алдымен ақын.  Қазақ  жырының құдіреті.Мақатаев  - 
үлкенді-кішілі прозалық туындыларында да сол ақын Мақатаев жарасымын іздеген ойлы 
оқырман үшін керегі де сол болса керек. 
Мұқағали Мақатаев қаламынан туған прозалық шығармалар негізінен ішкі сезімді 
көркем  бейнелеуге  шебер.  Әдебиет  өрісінің  кеңеюі  күнделікті  оқиғалар  тізбегіне,  ең 
алдымен сіңірілген еңбек мазмұнына, әлеуметтік бағытына назар аударудың күшеюмен 
қанаттас жүреді.Сондай биік мұраттардан туған шығарма - «Жыл құстары» повесі. 
 «Жыл  құстары»  повесі  «Марусяның  тауы»  әңгімесінің  құдды  жалғасындай 
немесе  кеңейтіліп  жазылған  толық  нұсқасындай.  Мұнда  Маруся  деген  орыс  қызының 
батыл  да,  өжет  істері,  дәрігерлік  біліктілігі,  адамгершілік  биік  мұраттары  өзек  болады. 
«Жыл құстары»- адамгершілік пафос пен  адами жылы сезімдерге толы повесть.  
Шығарма  өзегі-Кеңес  өкіметінің  нығая  бастаған  алғашқы    жылдарындағы  ауыл 
өмірі.  Өз  өмірі  өкси  тұра  өзгенің  қайғысына  қабырғасы  сөгіле    қиналатын,  өз 
қорасындағы  бірді-екілі    аша  тұяғының  ғана  емес,  мемлекеттік,  ортақ  мал-мүліктің 
амандығын, бітік шыққан егіннің берекелі болуын ойлап, түн баласы дөңбекшіп шығар 
көпшіл,  бауырмал,  ақ  көңіл  ауылдастар    сенің  де      жүрек  түкпіріңе  мәңгіге  орнығып, 
өзіңмен  өмір  бойы  қатар  ғұмыр  кешіп    келе  жатқан  таныс  бейтанысыңдай    әсер 
қалдырады.  
 «Жоғынан  боздағы  шығып  жүдеген  екі  бала  да  көздерінің  астымен  қарап 
қояды...»  Осы  бір  ғана  сөйлемнің  өзі  оқырманның    жүрегін  сыздатып,  жанарына  жас 
үйіреді.  
«Батыс  өртеніп  бара    жатқандай  қызыл-алау.  Ауыл  түтіні  жіп-жіңішке,  тіп-тік  
баяу қалықтап көкке сіңіп барады.  Төстегі тау бөктеріндегі ауылдан  әлдекім шаңдатып 
келеді.  Жерден зорға көтеріліп бір-екі дуадақ көтеріліп ұшып өтті». Ауылдың  осынау 

220 
 
мамыражай көрінісі  повесть кейіпкерлерінің жаны жайсаң, мінезі  мәрт,  рухтары қайсар 
болмыстарымен  астаса үндесіп, әрі автордың  өз кейіпкерлеріне деген  көзқарас, қарым-
қатынасын  одан әрі айқындай түскендей.  
Ақынның  өзі  осы  шығарманы  роман  етіп  жазбақшы  болыпты.  Басында  әңгіме 
болып  өрілген  Марусьяның  оқиғасы    авторға  маза  бермесе  керек.    М.Мақатаев 
күнделігінен    мына  жолдарды  оқимыз.    Ауыл  қариясы  бірде  оған  арнайы  келіп: 
«Жазушы балам, ескі көздердің қатары сиреп барады... Жазғың келсе осыны жаз.Халық 
білсін.  Әлдекімдердің    таратқан  бейпіл  ауыз  қауесетіне    сенбесін.    Марусья  тауының  
тарихы  осылай болған» деп  сыр шертеді [2.63].     
Әңгіменің  повеске  айналуына  осындай  ой  түрткі  болған.  Шығарма  өзінің 
көлемімен  емес,  айтпақ  болған  идеясымен  құнды.  Егер  жазушы  шағын  көлемдегі 
шығармада  өмір  шындығын  молынан  қамти  отырып,  тың  проблемалар  көтере  алатын 
болса,  сонымен  оқырман  көңіліне  адамгершілік  қасиеттер  егіп,  оқушысын  ізгілікке 
тәрбиелей алса - суреткер шеберлігі дегеніміз осы. 
Шығармадағы  бір  -  екі  жылдық  дәрігерлік  курсты  бітірген  жиырмалар 
шамасындағы  орыс  қызы  Марусяның  (Мария  Николаевна  Шапалованың)  балалардың 
шешек  ауруымен  күресу  үшін  қазақ  ауылына  келуі,  балалармен  тамаша  тіл  табысуы, 
Марусяның  ұсыныстары  шығарма  табиғатына  лайық  көрініс  тапқан.  Бұл  повесте 
жазушының  шағын  оқиғалар  негізінде  кейіпкер  тұлғасын  айқын  шығару  шеберлігі 
танылады.  Автор  Марусяның  көпшілікке  белгілі  бағыт  сілтер  жақта  адамгершілік  пен 
ізгілік  айқын  аңғарылар  сан  алуан  сындарда  шынайы  сурет  күшімен  ұмытылмастай 
бейнесін жасайды. 
Жазушы  Артель  бастығы  -  Бизақ  пен  ауыл  советінің  председателі  -  Көзімжан 
образдарын да өз ортасына лайық аша білген. Ауылдық кеңестің төрағасы  Көзімжанның  
артель бастығы  Бизаққа деген  көңіл кемерінен асып тұрған сезімі махаббат па, әлде тек 
ынтызарлық па,  кейіпкер де оқырман да  осы сұрақ төңірегінде ой шалдырады.  Автор 
оқырманның  өзіне  ойлантуға  орын  қалтырады.  Ұнамды  кейіпкерлерінің    тартымды 
қылықтарын    барынша  төгілдіре,сүйкімді  ете  суреттеген  ақын    «жуан  топ»  өкілдерін 
суреттеуге  келгенде    өз  көзқарасына  оқушысын  ерткендей  қалып  танытады.  «Зор 
бәйбішенің» қылықтары да зорлыққа жақын тұрады.Өткен зорлықтарын аңсайды.  Жаңа  
заманның кешегі есікте жүрген құлды төбеге шығарғанына  түсіне алмайды, түсінгісі де 
келмейді. Ел ішіне іріткі салған өздері емес өзге деп ұғады. 
Бизақты  автор  «қырықтың  ішіндегі,  ірі  сүйекті  ер  адам»  деп  суреттесе, 
Көзімжанды  «етжеңді,  отыздың  бел  ортасындағы  әйел»  деп  бейнелейді.  Көзімжанның  
қандай  адам  екенін  автор  сипаттап  жатпаса  да,  біз  оны  үйін  қалай  ұстауы  арқылы  
танимыз. 
«Көзімжанның үйі. Тап - таза. Едені жер дегені болмаса қабырғалары да, төбесі де 
сары  сылақпен  мұнтаздай.  Төргі  текметтің  үстіне  құрақ  көрпе  төселген.  Әппақ 
шымылдық  құрылып  қойған,  сырлы  ағаш  төсек.  Жапқыштары  да  мұнтаздай.  Кестесі 
киім жапқыштың шашактары төгіліп тұр» [2.75]. 
Көзімжанның  үйі  қандай  таза  болса,  жаны  да  сондай  мөлдір,  таза.  Оның 
оттылығын  автор  былай  көрсетеді:  «Жалпы,  Көзімжан  бойында  жасырынып  қалған 
жастықтың жігері электр қуатындай ойнап тұр, жағып қалсаң жарқ ете түсетіндей». 
Көзімжанның  Марусьяға  айтқан  бір  сырында:  «...  Эх,  Бизақтай  жігітке  мынадай 
әйел  керек  қой,»  -  деп  түйіп  қойған  бас  бармағын  барынша  қайқайтып.Ұйықтарда 
Марусья  мен  Көзімжан  дөңбекшіп  ұйықтай  алмай  жатты.  «Көзімжанның  көз  алдынан 
қою мұртты, ірі сүйекті, биік Бизақ бастық кетер емес. Оның байсалды қимылы, түксие 
қарағанда түнеріп, көзін жауып кететін жар қабағы да көз алдынан кетер емес. Кәдімгі 
қолдан құйған ер адамның ескерткіші сиякты сом - сом тұлғасы елестейді де тұрады. Өзі 
көп сөйлемейді, сөйлесе баяу айтады, бірақ байлап айтады [2.78]. 

221 
 
Жуырда  Бизақпен  кездескенде  көздерінің  шарпысып  қалғаны,  сол  ұшқын  
Көзімжанға үміт ұшқынындай болып көрінеді. Екуінің ауданға жиналысқа барып, бірге 
қайтып келе жатқандағы жанбай қалған сол бір ұшқынды еске түсіре бергісі келеді. 
Көзімжанның  ішкі  монологын  автор  сәтті  берген.  Көзімжанның  ішкі  монологы  
оқиғаны қоюлатып, оның мазмұнын тереңдету үшін және ең бастысы ондағы образдарды 
жандандыру үшін, белгілі бір іс - әрекеттерге бастайтын ой - сана қозғалыстары  еске алу 
мен елестету секілді әдеби тәсілдерді  ұтымды пайдалану үшін қызмет атқарып тұр. Еске 
алу мен елестету арқылы өткен оқиғаны көркемдік тәсілдерді ойната отырып, ой айтуды, 
адам тағдыры жайлы үлкен мәселе көтеруді көздейді. 
Сәлімнің зайыбының аяғы ауыр кезінде қиналыспен қайтыс болғаны Марусья мен 
Көзімжандардың  көз  алдында  өтеді.  Марусьяның  келуі  Сәлімнің  анасыз  қалған  үш 
баласына үлкен сүйеніш  - тірек    болды,   оларға   бауыр    басып    кетеді. Марусьяны 
кетер кезде балалардың қимауы  нанымды суреттелген. 
 «Марусья  пальтосын  киіп,  есікке  бет  алғанда,  Күміс  әкесінің  алдынан 
ұмтылып:Майусья тәте, кетпе! Мен де кетем... Апама баям, - деп шырылдап кетті. Пеш 
түбінде  отырған  екеуі  де  жылап  жіберді.  Әбден  абдыраған  Сәлім  орнынан 
тұрып:Кетпейді,  балам.  Кетпейді!  Марусья  тәтең  апаңды  ертіп  келеді,  -  деп  жұбатқан 
болды,  бірақ  Күміс  көнбеді.  Марусья  балалардың  маңдайынан  иіскеп,  асығыс  шығып 
кетті.  Ол  әбден  ұзағанша  Күмістің  шырылдаған  даусы  құлағында  бара  жатты.  Қызын 
көтерген  бойы  Сәлім  балаларына  байқатпай  сырт  айнала  беріп,  жеңімен  көзін  бір  -  екі 
сүртіп  алды.  Төртеуінің  де  ұнжырғылары  түсіп,  нағыз  жетімдік  бастарына  енді 
орнағандай болды» [1.91]. 
Повестің  идеялық  -  көркемдік  жүгін  көтеретін  кейіпкер  -  Марусья  бейнесі.Бұл 
бейне  елгезектігімен,  бауырмалдығымен,  сергек  сезімталдығымен,  қамқорлығымен, 
ұшқыр ойлылығымен өзіне жұртшылық назарын аудартады. Тіпті Сәлім де, балалалары 
да ет жақынындай  бауыр басып қалуы - Марусьяның адал да таза көңілін, адамгершілік 
биік қасиеттерін көрсетеді. 
Повесть  соңында  Марусьямен  Сапарды  азаптап  үсіріп  өлтіретін  жауыз  Сақаның 
әрекеттері оқушысын жиіркендіреді.«Марусья асуы» халықтың Марусьядай  асыл қызға 
берген мәңгілік ескерткіші. 
Повесті  оқып  отырғанда  повесть  стиліне  тән  өзіндік  ерекшеліктер  де  айрықша 
көзге түседі. Оның бірі  - Мүқағали Мақатаев  сөйлемдерінің өте қысқа нақпа  - нақ жай 
сөйлемдермен келіп отыруы. 
Мысалы:  «Жыл  құстары»  повесінде  пейзажды  суреттеген:  «Сәске.  Кун 
құлақтанып шыкты. Сарышұнақ аяз қарып барады...» деген сөйлемдер кездеседі.Немесе: 
«Жаз. Тал түс...»; «Күз, Бұлтсыз, бұлыңғырсыз, желсіз, жауынсыз, жайдары күз...» 
Бұл  тек  табиғатты  суретеу  үшін  керек  шрихтар  емес,  сондай  -  ақ  кейіпкер 
психология  сын  ашу  үшін  де  керек  тәсіл.Психологиялық  талдау  жасауда  кейіпкер 
мінезінің  құбылысын,  сөйлеу  мәнерін,  қозғалыс  -  қимылын  айқын  бояумен,  жарқын 
детальдар арқылы аша білуі де жазушыдан шеберлікті талап етеді. Кейіпкер  сомдаудың  
диалог, монолог, портрет сиякты құралы ортақ болғанымен оны қолдану тәсілдері яғни, 
образды  мүсіндеу  тәсілдері  әр  суреткерде  әр  басқа.  Ол  жазушының  түйсіну,  көре  білу 
ерекшелігіне,  көркемдік  талғамына,  шеберлік  сырына  байланысты.  Мұқағали  Мақатаев 
прозасында  кейіпкер  бейнесін  портрет,  диалог,  монолог,  пейжаз  т.б.  тәсілдер  арқылы 
даралауға бой ұрады. 
 «Жыл  құстары»  -  көлемі  жағынан  да,  қамтитын  оқиғасы  жағынан  да  үлкен 
шығарма. Мұқағали - халықтың тарихын, бүгінгі заманның кешегі көрінісін біліп өсуге 
оқырманын  баулитын  суреткер.  Мақатаев  прозасы    драматизмге  толы.  Аты  аталған 
прозасы моральдық  мәселелерді  шығарма  өзегі етіп алған. Моральдан келіп әлеуметтік 
мәселе туындайтынын  автор үнемі қаперде ұстайды.  

222 
 
Адамзат  өрлеуіне  жат,  гуманизмге  қайшы  кез  келген  ағымдар,  әрекеттер,  пейіл-
ниеттер,қимыл-қылықтар  баршасының  түп  атасы  -  рухани  кемелденбегендіктен,  
құлықтың  құлы  болғандықтан  автор  рухани  кемелдену  жолындағы  күреске  қоғамның 
барлық  буынының  қатысқанын  қалайды.  Сол  арқылы  ойдан  жырақтап  бара  жатқан 
оқырманды  ойлауға  меңзейді.  Ой  мен  сөздің  еліне  жетелейді.  Жаңа  өмірдің  -  шындық 
салтанатының жолында құрбан болғандардың рухын  қастерлеуге шақырады. 
Пайдаланылған  әдебиеттер: 
1. Мұқағали. Шығармалары  4 томдық толық жинағы. 4 – т. Алматы: Жалын, 2002 
– 432 б. 
2. Мұқағали. Шығармалары  4 томдық толық жинағы. 3 – т. Алматы: Жалын, 2002 
– 432 б. 
 
«ТАНЫСТЫРУ» ПОЭМАСЫНДАҒЫ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖӘНЕ ИДЕЯЛЫҚ 
ІЗДЕНІСТЕР 
 
НҰҒМАН А. 
Алматы қаласының Алматы университеті, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 
3курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: НАЙМАНБАЕВ А. 
Алматы қаласының Алматы университетінің аға оқытушысы
 
 
«Алаш немесе  «Алашорда қозғалысы»  – бірнеше құрамдас бөлімдерден тұратын 
күрделі  ұғым.  Сондықтан  да  әуел  бастан  Алаш  (Алашорда)  қозғалысына  жататын 
жекелеген  мәселелердің  басын  ашып,  оларды  нақты  түрде  қарастырған  жөн  сияқты,  – 
деп жазды академик Кеңес Нұрпейісов. 
 –  Олар,  біріншіден,  саяси  партия  ретіндегі  Алаш,  екіншіден,  мемлекеттік 
құрылым  түріндегі  Алаш  автономиясы,  үшіншіден,  осы  автономияны    (Алаш  атты 
қазақтың мемлекеттігін) басқаруға тиісті болған мәселелер. Басқа сөзбен айтқанда, осы 
нақты үш мәселе жиынтығы Алаш немесе Алашорда қозғалысы деген ұғымды білдірді 
[1,5б.].  
Тарихшы-ғалым  айтқан  пікірлерді  бұтарлай  тарқатуды  мойнымызға  алмай 
Сұлтанмахмұт  ақынның  Алаш  идеясын  бірден  іліп  әкетіп  шығармаларының  арман-
аңсарына айналдыруын бөле-жара айтуымыз шарт. 
«Алаш  ұраны»  –  Алашорданың  гимні.  «Алаш  ұраны»  –  «Алаш»  партиясының, 
адамзат баласының көзі көріп, құлағы естімеген өзгерістерді басынан өткеріп жатқан исі 
қазақтың  ұраны  еді.  Сұлтанмахмұт  –  елін  емірене,  жұртын  тебірене  сүйген  ұлтжанды 
азамат.  Атар  таң,  батар  күнде  тек  қана  ел  қамын  ойлап  еңіреген,  ұлтына  жан-тәнімен 
қызмет жасауды мұрат еткен Торайғыровтай перзенттің аласапыран уақытта бұлқынып 
тарих  сахнасына  көтерілуі  заңды  құбылыс.  «Алаш  ұраны»  –  1917  жылғы  ақпан 
төңкерісінен  кейін  іле  шала  жазылған  шығарма.  Рухы  биік,  мақсаты  ізгі,  бітімі  оқшау 
туынды.    
1917 жылдың 20 наурызында  Петроградтан Әлихан, Мұстафа, Міржақып «Алаш 
ұлына»  атты  мақала  жолдап,  онда:  «Азаттық  таңы  атты.  Тілекке    құдай  жеткізді.  Күні 
кеше  құл  едік,  енді  бүгін  теңелдік.  Қам  көңілде  қаяудай  арман  қалған  жоқ.  Неше 
ғасырдан  бері  жұрттың  бәрін  қорлықта,  құлдықта  ұстаған  жауыз  үкімет  өзгеге  қазған 
оры  өзіне  шағын  көр  болып,  қайтпас  қара  сапарға  кетті  »  [2.7б],  -  деп  көңілдегі 
қуанышты  зор  шаттықпен  хабарлады.  Осы  қуаныш  лебі    Торайғыров  өлеңінде  де 
жалғасқан.  Оның  өмірбаянында  1917  жылдың  ортасына  дейінгі  мерзім  жөнді  ауызға 
ілікпей  жүр.  Басты  себеп,  осы  уақытта  С.  Торайғыровтың  Семей  қаласындағы 
қырғыз(қазақ)  комитетіне  мүшелікке  өтуі.  «Алаш»  партиясы  басшыларымен  тығыз 
қарым-қатынасқа болуы. Сұлтанмахмұтқа тағылған «байшыл», «ұсақ буржуазияшыл» т.б 

223 
 
айдарлардың  байыбына  бармай  айтылуы  «Алаш  ұраны»  1917  жылғы  Ақпан 
революциясынан кейін іле шала жазылған шығарма.  
 
                         Алаш туы астында 
                         Күн сөнгенше сөнбейміз, 
                         Енді ешкімнің алашты 
                         Қорлығына бермейміз. 
 
«Жасасын, алаш, жасасын!» деп ақынның жігерлене жырлауы сол заман ақиқатын 
көз  алдымызға  елестетеді.  Өлең  әрі  қарай  Алаш  ісіне  адалдықты,  оны  қолдауды 
уағыздайды,  бірлікке  шақырады.  Патша  отаршылдығы  мен  қоғамдық  әділетсіздікке 
қарсы  күрескен  Сұлтанмахмұт  «мұндай  заманда  қазақ  оқығандарының  қазақ  ішінде 
болмауы  иттік»  деп,  1917  жылдың  10  наурызында  жоғарыда  айтып  өткендей  Семей 
қаласына  келеді.    1917  жылдың  жазында  Алаш  партиясының  құрылуын,  Ұлттық 
автономия  ұйымдастыру  талабын  қолдап  «Алаш  ұраны»,  «Таныстыру»  сияқты 
шығармалар  жазады.  Сол  жылдың  қазанында  Семейге  келген  Әлихан  Бөкейхановты 
қарсы алушылар ішінде болып, «Әлиханның Семейге келуі» атты мақаласын бастырады. 
Сұлтанмахмұттың  Алашордаға  тілектестігін,  олардың  жолын  қуаттап  еңбектер  жазуын 
кездейсоқ  дүние  деп  қарауға  болмайды.  Оны  ақынның  сол  кездің  маңызды  саяси-
қоғамдық мәселелеріне, ел өміріндегі жаңалықтарға сергектікпен үн қосуы ретінде қарау 
орынды.  Ақынға  ең  алдымен,  қазақ  оқығандарының  патшаның  құлауын  пайдаланып, 
қазақтың  автономиясын  құру  жөніндегі  идеясы  ұнайды.  Отаршылдықтан  езілген  елдің 
дербес отау тігуі ол заманда бүкіл қазақтың арман-тілегі болатын. Ойы бар, намысы бар 
ұлт  өкілінің  оны  қолдамауының  өзі  мүмкін  еместі.  Сондықтан  да  Сұлтанмахмұт  1917 
жылдың қазанында Семейге келген Әлиханды қарсы алып, желтоқсанда өткен Алашорда 
съезіне  қатысқандардың  ішінде  болды.  «Әлиханның  Семейге  келуі»  атты  мақаласы 
болашақ  Алашорда  көсемін  халықтың  қалай  қарсы  алғанын  көрсету  арқылы  олар 
көтерген  автономия  идеясына  қазақ  қауымының  көзқарасын  танытады.  Ол  мейрамға 
жиналған  халық  нөпірін  суреттеп,  «лег-легімен,  топ-тобымен  ағылған  жұрт  –  елге 
еңбегін  сіңірген  ерін  тосып  жиналған  қазақтар  еді»,-деп  жазады.  Одан  әрі  Әлихан 
Бөкейхановтың  өз  басы  мен  еңбегіне  тоқтап,  «Ол  ері-елі  үшін  құрбандыққа  жанын 
берген,  бит,  бүрге,  қандалаға  қанын  берген,  көрдей  сасық  ауа,  темірлі  үйде  алаш  үшін 
зарығып бейнет көрген, басқан аяқ кері кеткен заманда жасымай алашына қызмет еткен, 
болса  да  қалың  тұман,  қараңғы  түн,  туатын  «бақ  жұлдызына»  көзі  жеткен,  түймеге 
жарқылдаған алданбаған, басқадай бір басы үшін жалданбаған, қайткенде алаш көркейер 
деген ойдан басқа ойды өмірінде малданбаған Әлихан Нұрмұхамбетұлы Бөкейханов еді» 
- деп суреттейді.[3,104б.].  
Осы  сөздердің  өзі-ақ  Сұлтанмахмұттың  Әлихан  бастаған  іске  тілектестігін  анық 
танытады. 
Бұдан  кейін  Сұлтанмахмұт  «Таныстыруды»  жазған.  Бұл  көлемді  шығарма 
Алашорда  үкіметінің  белгілі  қайраткерлерімен  таныстыру  мақсатын  көздейді.  Ол  қара 
қазақ пен оқыған адамның диалогына құрылған. Қара қазақ аумалы-төкпелі осы заманда 
кімге сүйеніп, кімге сенуге болады деп сұрайды да, оқыған оған жауап береді. Алдыңғы 
кезекте  Әлихан  Бөкейхановты,  Ахмет  Байтұрсыновты,  Міржақып  Дулатовты 
таныстырып,  олардың  қазақ  халықының  тәуелсідігі  жолындағы  жалынды  еңбегін  зор 
бағалайды. Әлиханды ақын жоғарыда жазған мақаласында келтірілген өлең жолдарымен 
мақтайды.  Оларға  ерген  жастар  ішінен  Әлихан  Ермековты,  Халел  Ғаббасовты,  ақын 
Шәкәрім  Құдайбердіұлын,  қазақ  мәдениетінің  белгілі  қайраткерлері  Назипа,  Нұрғали 
Құлжановтарды  таңдап  алып,  олардың  еңбегіне  сипаттама  береді.  Ақын  ойлары  жалаң 
баяндалмай, образ ашар бейнелі сөздер мен суретке құрылған («Менімше, Ермеков деген 
бала, ұқсайды ұшқыр қыран қаршығаға», немесе Ғаббас туралы айтқан:  «Ызаны ұмыта 

224 
 
алмас өшін алмай, ондайға іші зәрлі, сырты балдай. Өзі айтпаса түсінетін ұқтырмайды, 
екенін жүректегі ойы қандай» деген сияқты).  
 
Сол  кезде  Семейде  болған  іс  басындағы  адамдардың  бәрін  таныстыру 
міндетін  алғанмен,  ақын  оның  бәрін  жаппай  мадақтай  бермейді.  Көбіне  сын  көзімен 
қарайды,  оларды  еңбегіне  қарай  бағалайды.  Ақынның  осындай  жолмен  таныстыратын 
кейіпкерлерінің  ішінде  Мұқыш  Поштайұлы,  Жақып  Ақтайұлы,  Райымжан  Мәрсеков, 
Сатылған  Сабатаев  сияқты  азаматтар  бар.  Олардың  сыпаттамасы  да  ақындық  оймен, 
суреткерлікпен берілген. Атап  айтуға тұрарлық  бір нәрсе  – Сұлтанмахмұттың ақындық 
таланты  туралы  айта  отырып  Абайға  берген  мінездемесі,  Абайды  ол  қазақ  әдебиетінің 
оған  дейінгі  үлгісінің  бәрінен  жоғары  қояды.  Білімсіз  талант  көп  адастырған  ақындар 
тобынан Абайды бөліп алады: 
 
Абайды дейік биік бұлтқа жетті. 
Аз ілімі жетуіне жәрдем етті. 
Алты алашқа атағы айқындалып,  
Сүйікті, тағзым мінді, суретті. 
 
Толстой онан биік күнге жетті. 
Күн астындағы елдерге даңқы кетті. 
Алса егер Толстойдың тәрбиесін 
Абайда көрсетер ед сондай кепті
 
-деп  жазады  Сұлтанмахмұт.  Өз  заманының  ойшыл  ақындары  ішінен  Шәкәрімге 
бөлекше  қарайды.  Оның  ойшылдығы  жалғыз  қазақ  емес,  бүкіл  адамзатқа  ортақ  дегеп 
пікір айтады: 
 
Бұл қазақтың мақсұты – биік, алыс. 
Таппаса да сөзіне құлақ салыс. 
Қазақ деп жекелеме, адамзат де, 
Ол кісінің пікірімен болсаң таныс. 
 
Демеңіз тымақ киген жай бір қазақ, 
Киген киім, жүрісі, түріне қарап. 
Надандар оны өлшейтін өлшеуіш жоқ, 
Аулақ жүр, біле алмайсың жай шамалап. 
 
«Таныстырудың»  идеялық  мазмұны  осы  айтылғандардан-ақ  байқалады,  ақын 
жеке  адамдарды  бағалағанда,  олардың  адамдық,  қоғамдық  еңбектерін  халыққа,  еліне 
сіңірген қызметімен өлшейді. Ел басшылығына дәмелі адамдарға салмақ артады. Мұның 
өз  кезінде,  заман  халық  ішінен  шыққан  қайраткерлерді  іріктеп  жатқан  тұста,  айрықша 
маңызы болды. Сұлтанмахмұт елді ойлы, білімді басшылардың маңына бірігуге үндеді. 
Бірақ  көзге  түсер  нәрсе  поэмада  қазақ  жұрты  тығырыққа  тірелген  осы  бір  тұста 
көп  оқығандарының  қазақшылық  қу  мінезден  арыла  алмай,  ұлтының  емес  руының 
жыртысын  жыртқан  кепиетсіз  қалпының  сүреңсіз  суреті  қылаң  беріп  қалар  тұстары 
баршылық.  
Аңдап  оқығанға  С.  Торайғыровтың  «Таныстыруында»  тарих  түнегіне  сәуле 
түсірер  меңзеулер  мол,  індетіп  қараса  талай  бағыт  сілтеп,  бағдар  көрсетіп  тұрғандай. 
Осы күнде зерттеушілеріміз тарихшысы болсын, әдебиетшісі болсын кімді зерттесе соны 
аспандата көтеріп, оған шаң жуытпай, істеген де, істемеген де істерді соған теліп, күн де, 
көсем де сол өзі зерттеген кісі қып шығаратын әдет тапты.  

225 
 
«Таныстыру»  поэмасы  туралы  ойымызды  қорытындылай  айтарымыз  ақын  өз 
мақсатына  толық  қол  жеткізген.  Ал  мақсат  жұртына  қызмет  еткен  ұлт  азаматтарының 
абыройын  асқақтату,  кемел  тұлғаны  әдеби  көркем  бейнесі  арқылы  елге  үлгі 
ету.сұлтанмахмұт  ақын  ретінде  қазақ  зиялыларының  атын  тарихта  қалдыруды  көздей 
отыра,  олардың  ел  үшін  еткен  еңбегін  бағалай  отыра,  өмір  ағысының  толқулы  да 
толқымалы  тұстарындағы  қиындықтарға  қия  басқан  сәттерінде  жыр  желісіне  енгізіп, 
өмір шындығы көркемдіктің көрігіне суарған. 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
1.Нұрпейісов К. Алаш һәм алашорда. Алматы. 1995. – 5 б. 
2.«Қазақ», 1917, 12 апрель, №225 
3.Cұлтанмахмұт Торайғыров шығармалары. Үшінші том. Алматы: Алаш, 2005.  – 
141 б.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет