Практикалық конференциясының м а т е р и а л д а р ы



Pdf көрінісі
бет21/45
Дата07.02.2017
өлшемі2,79 Mb.
#3575
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45

Бүйіде-  өрмекші  тәрізділерге  жатады,  ол  көбінесе  шөлді,  шөлейт,  орманды  далалы 
жерлерде, кейде өзен жағасында да тіршілік етеді. 
Бүйінің  үлкендігі  3,5  см,  денесі  түкпен  қапталған.  Онда  сарғыш,  қоңыр,  ақ-сұр,  қара 
дақтары  және  жолақтары  болады.  Бүйінің  улы  безі  жоқ,  жақтары  мықты  болғандықтан, 
тістеген жерін қатты ауыртады. Олар адам мен сүтқоректілердің өмірі үшін қауіпсіз. Ол күндіз 
тік қазылған інде жасырынып, түнде қорегін аулауға шығады. 
Бүйі  інінің  іші  өрмекпен  қапталады,  бірақ  өрмекші  торын  құрып,  қоректік  затын 
ұстамайды. 
Сондықтан  өрмекшілердің  (қарақұрт,  құршаян,  бүйінің)  зиянынан  болашақта  пайдасы 
өте  зор  болғандықтан  оны  өлтірмей,  олардан  сақтану  шараларын  жүзеге  асырып,  қорғау 
қажет. 
Қазақстанда  улы  жыланның  4  түрі  (дала  сұржыланы,  кәдімгі  сұржылан,  гюрза 
(бозжылан)  және  Палласов  қалқантұмсықты  жылан)  кездеседі.  Улы  жыландардың  басқа 
жыландардан  айырмашылығы  басының  пішіні  үшбұрышты  болады  өйткені,  көзінің  артқы 
жағында  улы  бездері  орналасқан.  Оның  уы  үстіңгі  жақ  сүйектеріндегі  екі  тістің  қуысы 
бойымен  тістеген  жеріне  құйылады.  Улы  жылан  шағып  жарақаттанғанда  екі  ірі  нүкте 
байқалады. Улы жыландардың жіңішкерген мойны жуан денесінен бөлінген, құйрығы қысқа, 
көзінің қарашығы тік орналасқан. 
Сұржыландар тұқымдасының 3 түрі  кездеседі. 
1. Дала сұржыланының ұзындығы 30-60 см-ге дейін, сұр түсті, басынан құйрық бөліміне 
дейінгі  арқасында  иректеліп,  созылып  жатқан  қара  немесе  қоңыр  жолағы  бар.  Қалың  ши 
арасында қыстайды, көктемде шөл, шөлейт жерлерге кең таралып кетеді. 
2.  Қазақстанның  тек  солтүстігінде  орманды,  далалық  жерлерінде  кәдімгі  сұржылан 
кездеседі. 
3. Республиканың Қызыл-Құмында Пістелі тауда бұтасы сирек өскен жерлерде, шатқал 
қуысында немесе тас астында ұзындығы 1,8 м дейін гюрза (бозжылан) мекендейді. 
4.  Палласов  қалқантұмсықты  жыланның  ең  көп  мекендейтін  жері  шөлдің,  даланың  тау 
етектеріндегі  сазды,  сары  топырақты,  тасты  жерлері.  Оның  ұзындығы  70  см-ге  дейін, 
арқасында ұзына бойына көлденең орналасқан жолағы бар. Өзіне тән белгісі: танау тесігі мен 
көзінің  аралығында  орналасқан  шұңқыршағы  –  термолокаторы  арқылы  маңындағы  басқа 
жануарлар денесінен бөлінген жылуды сезетін сезім мүшесі  болады. Қорегін түнде ұстайды, 
күндіз інінде тығылып жатады. 
Улы  жыландар  адам  өміріне  және  ауылшаруашылық  малдарына  қауіпті  болғандықтан, 
оның шағуынан алдын-ала сақтандыратын шараларды білу қажет. 
Қорыта келгенде, ерте заманда жыланның қастандықтан бөтен пайдасы жоқ  деп келсе, 
қазір  ғалымдар,  оның  ауыл  шаруашылығына  пайдасын  былай  қойғанда,  адамның  өзіне  де 
емдік-дәрілік  қасиетінің  бар  екендігін  ашып  отыр.  Сондықтан  да  улы  жыландарды  жаппай 
қыра  бермей,  оның  өсіп-өнуіне  қолайлы  жағдай  жасап,  табиғатта  жүргенде  олардан  қалай 
сақтануды еске сақтап,  қорғау қажет.  
Әдебиеттер 
1.
 
Банников  А.Г.,  Даревский  И.С.  и  др.  Земноводные  и  пресмыкающиеся  СССР.  Москва. 
Мысль. 1997. 
2.
 
Бобринский  Н.А.,    Мотвеев  Б.С.  и  др.  Курс  зоологии.  Зоология  позвоночных.  Ч.  2. 
Москва. Высшая школа. 1966. 

158 
 
3.
 
Кузнецов  Б.А.  Определитель  позвоночных  животных  фауны  СССР.  Т.  1-3.  Москва. 
Просвещение.1974. 
4.
 
Наумов  Н.П.,  Карташев  Н.Н.  Зоология  позвоночных.  Ч.  1  и  2. Москва.  Высшая  школа. 
1979. 
 
ПАВЛОДАР – ЕКІБАСТҰЗ АЙМАҒЫНДАҒЫ ӨНЕРКӘСІП 
САЛАЛАРЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
ӘБІЛЖАН Г. 
Алматы қаласының Алматы университеті, география мамандығының студенті 
Ғылыми жетекшісі: КАРМЕНОВА Н.Н. 
Алматы қаласының Алматы университетінің доценті, г.ғ.к. 
 
Павлодар  облысы  –  Республиканың  барынша  дамыған  экономикалық  облыстың 
бірі.Бұл  Қазақстанның  электр-энергетика  және  одақтық  маңызы  бар  көмір,  қара  және 
түсті металлургия, сонымен қатар машина жасау және металл өңдеу, мұнай өңдеу, химия 
өнеркәсібі, ас тұзын өндіру, жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыған ірі өнеркәсіпті облыс. 
Республика  көлемінде  екінші  орын  алатын  Екібастұз  көмір  бассейіні,  Майкүбі 
қоңыр  бассейіні,  Майқайың  алтын  кеніші,  көлдерінен  тұз  өндірілетін,  табиғаты  әсем, 
минералды  бұлақтарға  бай  республикамыздағы  туризмді  дамытуда  маңызды  орны 
алатын  облыстың  бірі.  Облыста  арзан  электр  энергетикасын  өндіру  маңызды  орын 
алады.  Павлодар  қаласында  мұнай  өңдеу  зауыты,  алюминий  зауыты,  трактор  жасау 
зауыты, химия өнеркәсібі, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі, құрылыс  материалдар, ас 
тұзын    өндіру  салалары  дамыған.  Ақсу  қаласында  ферроқорытпа  зауыты,  облыста 
бірнеше МАЭС-тер жұмыс істейді. 
Сонымен  қатар  облыста  –  ауыл  шаруашылығы  егін  және  мал  шаруашылығы 
жақсы  дамыған.  Қазіргі  кезде  Павлодар  облысы  республикамызда  шаруашылығының 
дамуы  жөнінен  алдыңғы  орын  алады.  Ертіс  өңірінің  су  тазалығын,  ауа  тазалығын  сөз 
еткенде  Павлодар,  Ақсу  және  Екібастұз  сияқты  ірі  қалалардың  ауа  бассейні  облыс 
тұрғындарын ерекше қобалжытып отырғанын айтпасқа болмайды.  
Павлодарлықтар,  мысалы,  мұнай  өңдеу,  химия  және  трактор  зауыттарының,  ал 
Ақсулықтар ферроқорытпа зауытының қою қара түтінінің астында қалып отыр. Өйткені 
осы  аталған  және  облыстағы  басқа  да  өндіріс  орындары  бөліп  шығаратын  зиянды 
заттардың мөлшері тиісті нормадан әлде қайда көбейіп барады. 
Әрине, Екібастұздың еліміздің экономикасында атқарар ролі ұшан теңіз. Алайда, 
мысалы,  онда  МАЭС  1  салынғанда  ақ  және  қазірге  дейін  табиғат  қорғау  шаралары 
екінші  мәселе  болып  қала  беруде.  Бұл  күнде  облыс  бойынша  атмосфералық  ауаны 
ластаушылардан ең бастысы болып Екібастұздың  МАЭС 1 аталды. Станциядағы барлық 
энергоблоктардың  техникалық  жағынан  жарамсыз,  электросүзгілер  жұмыс  істемейді 
деуге болады. Мұржалардан шыққан түтін мен күлді жел мыңдаған шақырымға әкетеді.  
Еліміздің  әлеуметтік-экономикалық  дамуын  жақсарту  қоғамдық  өмірдің  барлық 
саласында терең өзгерістер жасауда, жаңаша ойлар қалыптастыруды талап етеді.  
Сондықтан  зертте  жұмысымыздың  өзектілігі  облыстағы  кейбір  өндіріс 
орындарының  әліде  болса  қоршаған  ортаға  тигізетін  әсері  бар  екендігі  зерттеу 
жұмыстарын жүргізуге себеп болды. 
Республикамыздың  экономикалық  және  әлеуметтік  жағдайының  өркендеуіне 
Павлодар  облысының  алатын  орны  ерекше.  Павлодар-Екібастұз  аумақтық-өндірістік 
кешені  құрамына  –  Павлодар,  Екібастұз,  Ақсу  қалалары,  сонымен  бірге  Кереку, 
Таволжан, Майқайың, Бозшакөл қала типтес елді мекендері кіреді.  

159 
 
Өндірістік кешеннің қалыптасуында Екібастұз тас көмірі, Майкүбі қоңыр көмірі, 
маңызды  орын  алады.  Сонымен  қатар  Павлодар  трактор,  мұнай  өңдеу,  глинозем,  ұн 
тарту, құрғақ сүт, Ақсу ферроқорытпа зауыттарының да алатын орны ерекше.  
Павлодар-Екібастұз  өндірістік  кешендерін  дамыту,  ондағы  ірі  кесінділер 
Богатырь,  Северный,  Восточный  көмір  өндіретін  орындарын  жақсарту,  МАЭС-терді 
жаңа  технологиялармен  жабдықтау.  Бозшакөлдегі  мыс  кендері,  Майқайың  алтын  кен 
орындары жұмысын жаңарту. Облыстың ежелгі өнеркәсібі  – тұз өнеркәсібі. 1947 жылы 
Коряк көлінде тұз өндіру басталды. Қарасу, Таволжан, Бештұз, Кеміртұз көлдерінде тұз 
өндіруді арттыру.  
 Екібастұз  көмірін  Орал,  Сібір,  Қазақстан  және  Орта  Азия  Республикаларының 
көптеген  электростанциялары  жағады.  Оған  деген  сұраныс  жылдан  жылға  көбеюде. 
Екібастұз көмірі өте арзан энергетика көзі.  
Мамандардың  айтуынша  көмірдің  энергетикалық  мөлшері  ұзақ  жерге  пайдасыз. 
Екібастұз көмірін сол жердегі қуатты электростанцияларда жағып, электр энергия желісі 
арқылы 1000 шақырым жерге жіберуге болады. 
Сондықтан  Екібастұз  ауданында  қуатты  жылу  электр  станциясының құрылысын 
кеңейту үшін Ертіс маңына және Орталыққа электр желісі орналастырылды. 
Павлодар  облысының  климаты  шұғыл  континентальды,  құрғақ.  Негізі  ауа 
массасы,  ол  қоңыржай  белдеуінің  континетальды  ауасы,  ол  материктің  үстінде  пайда 
болады, сондықтан ол қыста суық, жазда қатты жылып кетеді. 
Қыста  мұнда  Сібір  антициклоны  енеді,  сондықтан  ашық  аязды  ауа  райы  басым 
болады.  Облыс  көлеміндегі  орташа  жылдық  температура  оң,  бірақта  солтүстікте  0
0
-тан 
төмен,  орта  бөлігінде  1,8
0
С,  оңтүстігінде  2,6
0
С-қа  дейін  көтеріледі.  Өзендері  аз  және 
ақпайтын болдықтан, кішігірім көлдер пайда болған.   
Ертіс  өзені  –  Қазақстанның  ең  ірі  өзені,  Сібірдің  ең  негізгі  көлі,  облыс  өзенінің 
негізгі  саласы.  Облыстың  территориясын  оңтүстік  шығыстан  солтүстік  батысқа  дейін 
кесіп өтіп, үлкен транспорттық магистраль болып саналады. Ертіс суы мол және балыққа 
бай. 
«Майқайыңалтын»  ААҚ-ының  қалпына  келтірілген  шахтасында  алтын  өндіру 
арта түсті. Су басып, жеті жыл тұрған жерасты кеніші екі жылдың ішінде құрғатылып, 
жаңа  жабдықтармен  жарақтандырылып,  пайдалануға  берілді.  280  метр  тереңдікте  бір 
ауысымда  300  тонна  кен  өндірілуде.  Келешекте  жылына  300  мың  тонна  кен  шығару 
көзделіп  отыр.  Бұл  акционерлік  қоғамның  кен-байыту  комбинатын  шикізатпен  толық 
қамтамасыз етіп отыруға жетеді. Өткен жылы комбинатта өндірілген концентраттан 300 
килограмм алтын, 5 тонна күміс және 500 тонна мырыш балқытылды. 
Павлодар  облысындағы  Майқайың  кентінде  «Майқайың  алтын»  кәсіпорнынның 
75  жылдығы  атап  өтілді.  1932  жылы  шөлейт,  тасты  далада  алтын  өндіретін  кен  орнын 
игеру  жұмыстары  басталып,  жер  асты  шахталары,  байыту  фабрикасы,  ашық  кеніштер 
салына бастады.  
Екібастұздың  Россия  федерациясының  орталығы  50  млд.авт-сағат  электр 
энергиясын беру темір жолмен осындай мөлшерде көмір тасудан анағұрлым аз күрделі 
қаржы жұмсалады және шағын мөлшердегі пайдалану шығындары есебінен жылына жүз 
миллион сомға дейін қаржы үнемдеуді қамтамасыз етеді. 
Ақсу  МАЭС-ін  өнімділігін  жылына  25-30  млн.  тонна  отын  беретін  Екібастұз 
ашық  көмір  шахталарының  қуатын.  Павлодар  картоп  –  руберойд  зауытын  іске  қосады. 
Сондай-ақ Павлодар-Астана темір жолының екінші линиясын іске қосу, мұнай өңдейтін 
зауыттың 1 Екібастұз МАЭС-ің құрылысын тездету қажет. 
Керамикалық  кірпіш  өндірісі  бойынша  үш  зауыт,  асфальт-бетон,  метил-трет-
бутил эфир және полипропилен, болаттан жасалған тік жікті құбырлар өндірісі бойынша 
зауыттар, сұйық сабын жуу құралдары, Екібастұз ЖЭО-да қуаттылығы 12 МВт турбина 

160 
 
қондырғысы және Павлодар мұнай-химия зауытында сутегі өндірісі бойынша қондырғы 
іске қосылды.  
Ақсу ферроқорытпа зауытында № 61 және № 62, № 25 пештерді күрделі жөндеу 
және  теңіз  контейнерлерімен  жүкті  тиеп  қою  алаңқайын  салу,  «Екібастұз  ГРЭС-1» 
ЖШС-да  №  5  блогының  құрылысы  аяқталды,  “Павлодарэнерго”  АҚ-да  3-ЖЭО 
градирняны жаңарту,  «Екібастұз ГРЭС-2 стансасы» АҚ-да күлұстағыш қондырғыларын 
қайта жаңарту аяқталды. 
“Қазақстанның  30  корпоративтік  көшбасшысы”  мемлекеттік  бағдарламасы 
бойынша 3 серпінді жобаны және 3 жаңа инвестициялық жоба – кальцийлендірілген сода 
өндірісін,  вагон  жасау  зауытының  құрылысын,  рельс-бөрене  өндірісін  іске  асыру 
бойынша жұмыс жалғасуда. 
Алюминий зауыты, трактор зауыты негізгі шет елдермен байланыста Италияның 
«Фиат» деген фирмасы келіп аталған зауыттармен жеңіл автомоблиь жасауға көмектесіп 
жатыр. 
Өткен  жылдың  аяғында  Павлодар  алюминий  зауыты  ағылшын  фирмасына  5 
жылға жалға берілді. 
Павлодар  трактор  зауыты  –  машина  жасау  кәсіпорны.  1968  ж.  пайдалануға 
берілген.  1998  ж.  кәсіпорынды  Алматыдағы  «Поршень»  зауыты  сатып  алды.  1999 
жылдың  басына  «Қазақстантрактор»  ААҚ  болып  қайта  құрылды.  Акциялар  пакетінің 
100%-ы жекешелендірілді. 
Павлодардағы  аса  ірі  металл  өңдеу  кәсіпорындарының  бірі  «Октябрь»  атындағы 
ремонт механикалық зауыты. Бұл зауыт 1942 жылы салынған. Зауыт трактор, комбайн, 
автомашиналарға станоктарға, мұнай двигательдерге ремонт жасайды.  
1930  жылдан  бастап  Май  руднигінде  Кузнец  металлург  комбинаты  отқа  төзімді 
саз  шығара  бастады.  Май  руднигі  Ертістің  сол  жақ  жағасында,  Павлодардан  195 
шақырым оңтүстік шығыста орналасқан және май кемежайынан 1 шақырым қашықтықта 
орналасқан. 
Облыста 11 ағаш өңдеу орталықтары бар. 
Павлодар  ағаш  өңдеу  комбинаттары  жұмыс  істейді.  Аса  ірі  комбинаттар: 
Павлодар, Екібастұз олар өте әдемі үйжабдықтарын шығарады. 
«Павлодар  алюминий  зауыты»  -  түсті  металлургия  кәсіпорны.  1963  ж.  қорыту-
механикалық цехы ашылып, өнім бере бастады. 1964 ж. зауыттың алғашқы кезегі, 1967 
ж.  екінші  және  үшінші  кезеңдері,  1968  ж.  төртінші  кезегі  іске  қосылды.  1996  ж. 
наурыздан «Қазақстаналюминий» ААҚ-тың құрамында. 
Павлодар ауыл шаруашылығы ғылыми – зерттеу институты, 1993 ж. 11-қарашада 
құрылған.  Құрамында  егіншілік;  селекция  және  тұқым  өсіру;  танаптық  мал  азығын 
өндіру;  шалғындық  шөп  өсіру;  Ертіс  аумақтық  бөлімдері  және  радиоизотоптық 
лаборатория бар.  
Институттың  ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  негізгі  бағыттары:  республиканың 
солтүстік-шығысындағы  дала  және  қуаң  дала  жағдайындағы  аймақтар  ауыл 
шаруашылық  дақылдарын  егіп-өсірудің  энергия  сақтайтын  озық  технологиясын  жасау 
және өндіріске енгізу; пішендік жер мен жайылымдарды жақсарту және қалпына келтіру 
технологиялары; егіншіліктің экологиялық теңгерілген агроландшафтық топырақ қорғау 
жүйесін жасау; жоғарғы өнім беретін, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайына, аурулар 
мен  зиянкестерге  төзімді,  жергілікті  орта  жағдайына  бейімделген  ауыл  шаруашылық 
дақылдарының жаңа сорттарын шығару; тұқым өсіруді ұйымдастыру.  
Зерттеу  жұмыстарын  нәтижесінде  жаздық  жұмсақ  бидайдың  3  сорты  және 
еркекшөптің  «Толағай»  сорты  шығарылды.  Селекциялық  жұмыстар  нәтижесінде 
алынған  бидайдың  Ертіс-97,  Павлодар-93  сорттары  облыстың  өзінде  және  Ақтөбе 
облыстарында аудандастырылған. 

161 
 
Институт  Қазақстанның  және  Ресейдің  бірқатар  селекция  мекемелерімен,  жүгері 
мен  бидайды  жақсартудың  халықаралық  «СИММИТ»  орталығымен  (Мексика)  тығыз 
байланыс  орнатқан.  Соның  арқасында  институт  генофонды  жаңартылып,  жергілікті 
селекция  өнімдер  әр  түрлі  климат  жағдайларында  сынақтан  өткізіліп,  экология  бағасы 
беріледі. Институтта 2 ғылым докторы, 4 ғылым кандидаты жұмыс істейді. 
«Павлодар  картон-рубериод  зауыты»  -  құрылыс  материалдары  өнеркәсібі  орны. 
1975  ж.  құрылған.  Қайталама  ресурстардан  шатырлық  картон,  рубериод,  пергамин, 
шынылымаст, жұмыртқаға ұялы картон төсем, әртүрлі қағаз өндіреді. Өндірістік қуаты: 
жылына  50  мың  т  шатырлық  картон  және  105  млн  шаршы  метр  шатырлық  жұмсақ 
материал.  2005  ж.  гофкартон  мен  гофроыдыс  өндіретін  технологиялық  желі  іске 
қосылды. 
«Павлодар машина жасау зауыты», жөндеу-механикалық зауыттың негізінде 1991 
ж.  құрылған.  1994  ж.  акционерлік  қоғамға  айналды.  Меншік  нысаны  –  жекеше,  жеке 
тұлғалардың  акциялары  -  100%.  Зауыт  жүк  көтергіш  техника:  16  тонналық  көтергіш 
автокрандар,  төрт  тұрақты  крандар,  көпірлі  крандар,  арқалық  крандар  шығаруға 
мамандандырылған.  
Кәсіпорын,  сондай-ақ  жел  агрегаттары,  жел-су  көтергіш  қондырғылар,  бетон 
ерітіндісін  араластырғыштар,  редукторлар  сияқты  қосымша  машина  жасау  өнімдерін 
шығаруды да игерді. Сонымен қатар 20-дан астам көпшілік қолды тауар түрлерін: жиһаз, 
металл есіктер, сейфтер, контейнерлер, гантельдер, т.б. шығарады.  
Зауыт  өнімін  негізінен  Қазақстан  Республикасының  кәсіпорындары  тұтынады. 
Сонымен  қатар  Ресей  кәсіпорындарының  да  тапсырыстары  орындалады.  Кәсіпорында 
682 адам еңбек етеді. 
Серпінді  жобаларды  ойдағыдай  жүзеге  асыру  Павлодар  облысы  өнеркәсіп 
өндірісінің  көлемін  арттыруға  және  экономика  салаларын  дамытуға  септігін  тигізуде. 
Павлодарда  4  серпінді  жобаның  2-уі  жүзеге  асырылды.  Өткен  жылдың  соңында 
Қазақстан электролиз зауытында металл алюминий өндіріле бастады. Онда 54 мың тонна 
«қанатты» металл өндіріліп үлгерді.  
Зауыттың  2-ші  кезегінің  құрылысы  жалғасуда.  Ол  келесі  жылы  іске  қосылмақ. 
Құрылыс-жөндеу  жұмыстары  мен  құралдарды  жеткізу  кестеге  сәйкес  атқарылуда. 
Павлодар құбыр илемдеу зауытында мұнай өнеркәсібі үшін 17 өлшемді жіксіз құбырлар 
өндірісі іске қосылды. Жыл басынан бері 6,4 мың тонна өнім шығарылды.  
Келесі жылы қуаттылығы жылына 270 мың тонна құбырға дейін жеткізіледі. Іске 
асырылатын  жобалар  құрамында  –  күйдіргіш  сода,  сұйық  хлор  мен  тұз  қышқылын 
шығаратын  өндіріс  құрылысы,  Майқайың  кентінде  кальцийленген  сода  шығаратын 
зауыт  құрылысы  бар.     2015  жылға  дейінгі  Павлодар  облысын  стратегиялық  дамыту 
жөніндегі  серпінді  жобаларды  жүзеге  асыру  өнеркәсіп  өнімінің  көлемін  2  есеге, 
инновациялықты 7 есеге арттыруға мүмкіндік береді. 
«Павлодар мұнай-химия зауыты» - мұнай өңдеу кәсіпорны. 1978 ж. іске қосылған. 
Технологиясы  жағынан  Қазақстанда  ғана  емес,  ТМД  елдеріндегі  соңғы  үлгімен 
жабдықталған кәсіпорындардың бірі. 2000 жылдан ЖАҚ. Зауыт отындық нұсқа бойынша 
мұнай  өндіреді,  өңдеу  тереңдігін  85%-ға  дейін  қамтамасыз  етеді,  мұның  өзі  мұнай 
өнімдерін өндірушілердің әлемдік таңдаулы деңгейіне сай келеді.  
Мұнай  өңдеудің  жобалық  қуаты  бойынша  зауыт  еліміздегі  аса  ірі  кәсіпорын 
болып  табылады:  жылына  7,5  т  мұнай  өндіреді.  Өнімінің  негізгі  түрлері: 
этилендірілмеген  бензиндер:  А-76,  АИ-80,  АИ-92,  АИ-93,  АИ-95,  АИ-98;  реактивтік 
қозғалтқыштар  үшін  отын;  жазғы  және  қысқы  дизельді  отын;  мазут  М-40,  М-100; 
құрылыс,  жол,  төбелік  битумдар;  мұнай  кокстары;  техникалық  көміртек  үшін  шикізат; 
сұйытылған газ. Кәсіпорында 2700-ден астам адам еңбек етеді. 

162 
 
Павлодар су құбыры, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары жерінде Ертістен 
(Ертіс  ағысы  тұсынан)  басталады.  Жалпы  ұзындығы  903  шақырым.  Құбыр  аптасына 
өзеннен 26,32 мың м
3
 су алады.  
 
ҚАПШАҒАЙ  ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫНЫҢ ШӨЛ, ШӨЛЕЙТ ЖЕРІНДЕ 
ӨТКІЗІЛГЕН  ОМЫРТҚАЛЫ  ЗООЛОГИЯДАН  ОҚУ– ДАЛА ПРАКТИКАСЫ. 
 
БҮРКІТ Н.Қ. 
Алматы Университеті,  Биология мамандығы 3 курс студенті 
ИБРАГИМОВА З.А.,      
 п.ғ.к., доцент        
 
Қазақстанның  оңтүстігін  шөлейт және шөл  алып  жатыр. Онда  өсімдіктер сирей 
түседі және тек шөлге тән түрлері   ғана  кездеседі. 
 Студенттер  шөлді  өңірдің  төрт  түрімен  тастақ  ,  сазды  ,  сортаң  ,    құмды  шөлмен 
танысты.  Бұл аталғандардың бәріне ортақ қасиет: бәрінде  қара шіріктің өте аз болуы.  
 Шөлді  өңірдің    жазы  өте  ыстық  ,  қысы  суық,  жауын−  шашыны  аз,  ауасы  өте  
құрғақ  келеді. Өсімдіктері сирек, селдір өседі. 
 Шөлді  жерді  мекендейтін    жануарлар  аз,  өйткені  онда    жануарларға  қажетті 
қоректік азық та аз, баспана да кем, климаты қатал. Олар осындай өте ауыр жағдайларға  
бейімделген.  Шөлді жерлерде су табу қиын, сондықтан  кейбір  жануарлар (қарақұйрық,  
ақбөкен,  тез    ұшатын    құстар    қарабауыр    бұлдырық)    су    іздеп    алыс    жол    жүруге  
бейімделген,  екінші бір  жануарлар (кесірткелер,  дуадақтар, тышқандар)  өсімдіктердің  
сөлімен  немесе  азықтарының сөлімен ғана  қанағаттанады, кейбіреулері  құрғақшылық   
кезде  ұйқыға жатады. 
Шөл жануарлары  ыстыққа  да   бейімделген. Мысалы,  сарышұнақ  күннің ыстығы  
қайтқан кезде  ғана  інінен сыртқа  шығады.   Екінші   біреулері  құмды  қазып,  астына  
көміліп  жатады    не    бұтаға  өрмелеп    шығып  тыныстайды.    Шөлді  жерлерде    топырақ  
бетін    күн    қатты  қыздырады,    оның    температурасы    І,5−2  м.    биіктіктегі    ауа  
температурасынан    30−35−тай  жоғары    болады.    Ал,  топырақтың    төменгі    қабатына 
қарай тереңдеген сайын  температура күрт  төмендейді: жарты метр тереңдікте  топырақ  
қабатының  температурасы, топырақ  бетіндегіден  екі  есеге  жуық  төмен. 
Шөлде  бауырымен    жорғалаушылар  өте    әр    түрлі      және    орасан    көп,    ал  
сүткоректілерден    кемірушілер    көп    кездеседі.    Бұл  жерлерде    тұяқтылар,    жыртқыш  
сүткоректілер  мен құстар өте  аз.              
Селдір  өсімдікті    жерлері    мен    өсімдіксіз    жалаңаш    тақырлы  кең    алқаптар   
кезектесіп    келетін    сазды    және    тастақ  топырақты    шөлдерде    қосаяқ  тәрізді    тез 
жүгіретін  кемірушілер  көбірек  кездесті Тасты шөлейтте эфемер өсімдіктерін және дала 
тасбақасын кездестірдік. Сазды шөлейтте өсімдіктер мен жәндіктер, жануарларының өте  
аз  кездесетінін көрді, оның себебін білді;  саздың  беті  қақ болып,  қазғанда  ылғал  саз 
жатқанын көріп, сондықтанда өсімдіктер  кездеспейді, жануарлардың ін қазып тіршілік 
етуіне,  жауынан  қорғануына  қолайсыз      екендігіне    көз  жеткізді.  Сортаң    шөлейтте 
топырақ құрамында тұздың көптігінен  тұз топырақ бетінде ақ сор  болып шығып жатты. 
Құмды шөлейтте өсімдіктер, жәндіктер,  жануарлар түрлері өте  көп , оған себеб  құмды 
50−60  см  қазғанда  топырақ  ылғалды  өсімдіктердің    өсуіне  қолайлы  жағдай  және 
жануарлардың  ыстықтан  және  жауынан  қорғану    үшін    құмның  арасына  кіріп    кетеді;  
Қоянсүйек, жүзгін т.б.  өсімдіктер гүлдеп, исі аңқып бүкіл насекомдарды  өзіне шақырып 
тұрғандай;    онда  насекомдардың  түрлері  көп  болғандықтан  олармен  қоректенетін 
кесірткелер түрлері, құм аждаһаршасы жыланы, т.б.  жорғалаушылардың түрлері    көп  
кездесті.  Қапшағай  су  қоймасы  жағалауынан  өзен  шағаласын,  оның  жанындағы 
көлшіктерден  қызғыш  (чибис),  қарғалар  т.б.  көрдік;  Шөлейт  құстарынан      Сарыалқым 

163 
 
аражегіш  (Золотистая  щурка),  Сауысқан  (Сорока),  Көкқарға  (Сизоворонка),  Бәбісек 
(Удод),  Сарыжағал  қараторғай  (Майна),  Сақиналы    тұркептер  (Кольчатая  горлица), 
Мысықторғай (Иволга),  Қарабауыр бұлдырық  (Чернобрюхий рябок) т.б.  
Студенттер  сүтқоректілерден: Құм қоянын, Сарышұнақ, Құлақты  кірпі  т.б. көріп, 
Олардың  морфологиялық − анатомиялық құрлысымен, систематикасымен таныстық. 
 Құстардың 
түрлерін 
анықтап
 
кейбір 
 
құстарға
Сарыалқым 
аражегіш−(Золотистая    щурка),Көкқарға−(сизоворонка),  Бәбісек−(удод),    Сақиналы 
тұркептер−(Кольчатая 
горлица), 
Кіші 
 
тағанақ−(Чернолобый 
сорокопут), 
Мысықтоғай−(иволга),  Қарабауыр    бұлдырық−(Чернобрюхий    рябок)    және    т.б 
тіршілігіне дүрбінің көмегімен бақылау жұмыстарын  жүргіздік т.б.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет