Практикалық конференциясының м а т е р и а л д а р ы


ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ



Pdf көрінісі
бет18/45
Дата07.02.2017
өлшемі2,79 Mb.
#3575
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45

ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ 
 
СҮЙЛЕМЕНОВА А.М. 
Семей қаласының Қазақстан Инновациялық  Университеті, 
«Педагогика және психология, дизайн» мамандығының магистранты 
Ғылыми жетекшіcі: АБИЛЬМАЖИНОВА О.С. 
Семей қаласының Қазақстан Инновациялық Университеті, аға оқытушысы 
 
Шет  тілін  үйретудегі  әдіс-тәсілдерді  түрлендіру  арқылы  оқушылардың  пәнге 
деген қызығушылығын арттыру, сабақта алынған материалды бекіту, соның нәтижесінде 
балалардың ауыз – екі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.  
Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғам шығармашыл 
әрекет  пен  шығармашыл  тұлғаға  мұқтаж  екенін  күнделікті  өмірдің  өзі  дәлелдеуде, 
осыған  орай  бүгінгі  күні  білім  беру  мекемелері  мен  ұстаздарға  үлкен  талап  қойылуда. 
Ағылшын  тілін  оқытудың  басты  мақсаты  –  шынайы  өмірде  оқушылардың  ағылшын 
тілінде  қарым-қатынас  жасай  алу  негіздерін  қалыптастыру  болып  табылады.Ағылшын 
тілін  оқытудың  тарихы  жүз  жылдап  есептелінеді.Орта  мектепте  ағылшын  тілін 
оқытудың  тарихы  1947  жылдан  басталады.  Содан  бері  қарай  көптеген  өзгерістер 
енгізілді. 
ХХІ  ғасыр  табалдырығын  білім  мен  ғылымды  инновациялық  технология 
бағытымен  дамыту  мақсатымен  аттауымыз  үлкен  үміттің  басты  нышаны  болып 
табылады.Жаңаша  көзқарастардың  дамуы  шетел  тілін  оқыту,  дамытуға  ықпалын 

135 
 
тигізуде.  
Білім  алушылардың  жан–жақты  дамуына,  сапалы  білім  алуына,өмірде 
жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуінде ағылшын тілін жақсы менгеруінің маңызы үлкен. 
Осыған  орай  қазіргі  заманға  сай  ағылшын  тілін  тиімді  үйретуге  мүмкіндік  беретін 
көптеген әдістер пайда болды. Сондықтан, әр мұғалім өзінің шығармашылығын дамыта 
отырып  озық  іс-тәжірибелерді  пайдалана  білуі  тиіс.  Сонымен,  еліміздің  мектептерінің 
оқу  үрдісі  түбегейлі  өзгеріп  оқытудың  жаңа  түрлері,  әдістері,  жаңа  бағыттағы 
инновациялық  педагогикалық  технологиялар  пайда  болып,  олар  білім  мазмұнының 
толығымен  жаңаруына  себепші  болуда.Жеке  тұлғалардың  қалыптасуын  қамтамасыз 
ететін  деңгейлеп,  саралап  оқыту,  жобалап  оқыту,  коммуникативті  оқыту,ақпаратты-
коммуникациялы  оқытудың  негізгі-қағидалары  балаға  өз  бетімен  ықпал  ету,өзіндік 
пікірлерін  анық  жүйелі  жеткізе  алатын  жеке  тұлға  қалыптастыру,оқушылардың, 
танымдық, шығармашылық қабілетін жеке тұлғаның дамуына әсер етуші фактор ретінде 
танылып,  әдістемелік-теориялық  негіздерге  сүйене  отырып  анықталды.  Соның  ішінде 
интерактивті, белсенді оқыту әдістерінің маңызды роль атқаратыны анықталды.[1.14] 
Жалпы білім беретін мектептерде ақпараттық коммуникативтік технологиялармен 
оқыту үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері осы бағыттағы ағылшын тілі сабақтары 
жүйесін  негіздеп,олардың  педагогикалық,психологиялық  шарттарын  жасау  арқылы 
айқындалды. 
-инновациялық  технологиялар  жүйесімен  оқыту-мақсатты  түрде  жобаланып 
саналы түрде ұйымдастырылатындығы зерттеу барысында нақтыланады; 
-ақпараттық    технологиялар    жүйесімен  оқытуда    көрсетілетін    әдістердің    өзара 
байланыса, араласа қолданылуы зерттеуде айқын көрінеді. 
Зерттеудің  теориялық  маңыздылығы.  Жалпы  білім  беретін  орындарда  ағылшын 
тілін  ақпараттық  коммуникативтік  технологиялар  жүйесімен  оқытудың  әдістемелік 
тұғыр  арқылы  жасалған  өзіндік  құрылымдық  –мазмұндық  болмысы  мен  технологиясы 
туралы теориялық түйіндер мен дидактикалық ұстанымдар жүйесінің құрамдас бөлшегі 
ретінде ағылшын тілін жаңаша жаңғыртып оқытуға қосылған үлес ретінде таныла алады. 
Зерттеудің  практикалық  құндылығы.  Жұмыста  қарастырылған  нәтижелер  жалпы 
білім  беретін  мектептерде  шет  тілін  оқытуда  оқушыларды  коммуникативті  оқыту 
технологиясы  негізінде  сөйлеу  дағдысын  қалыптастырудың  тиімді  жүйесі  ретінде 
ақпараттық  технологияны,  компьютерді  мультимедианы  қолданудың  артықшылығы 
тәжірибе  жүзінде  дәлелденіп,  негізделді;  зерттеу  нәтижелерін  мектепте  ағылшын  тілі 
сабағында қолдануға болады. 
Бірінші  тараудың  бірінші  тарамшасында  ағылшын  тілін  оқытудың  құрылымдық 
және  мазмұндық  негіздері  сипатталады.  Ағылшын  тілін  оқытудың  тарихы  жүз  жылдап 
есептелінеді,  әрине  осыншама  уақыт  ішінде  оқыту  әдістемесі  де  әр  кезеңде  тілдің  әр 
аспектісіне назар аудара   отырып көптеген өзгеріске ұшырап отырды. 
Ағылшын әдіскері Г.Пальмер бұл кезең туралы былай деген екен:»Take care of the 
first two stages and the rest will take care of itself».   Бұл кездегі бағдарламада оқыту,түсіну 
және  шет  тіліндегі  мәтінді  аудара  білу.  Ауызша  сөйлеуді  түсіну,  ауызша  мен 
жазбашаның негізін қалау. Бағдарламада бөлімнің екі түрін рецептивті және өнімділікті 
айқындайды.  Алғашқы  кезеңге  бірінші  орынға  оқып-түсіну  және  аударма 
қойылады.1961жылғы  қаулыдан  кейінгі  өзгерістер.  Бұл  кезеңдегі  бағдарлама  бойынша 
бірінші  орынға  тәжірибелік  мақсат  қойылды.  Ауызша  сөйлеуде  өз  ойын  айта  алу  және 
ауызша  хабарлама  жасауға(монолог)және  ағылшын  тілінде  әңгіме  жүргізе 
білуге(диалог)мән берілді. Оқуға қойылатын талап та өзгерді. 
Орта  мектепте  мынадай  талаптар  қойылды:  ағылшын  тілінде  әңгімелесе  білу; 
сөздіксіз күрделі емес мәтінді оқып-түсіну; оқи білу. 
Жазуға  көмекші  рөлі  берілді.  Лексиканың  көлемі  азайды.  Бағдарламада  тілді 
тәжірибелік білу жағына басты назар аударылды.[2.25] 

136 
 
Тіл  -  сыртқы  дүние  мен  қоршаған  орта  туралы  білім  алу  көзі.  Пәнді  оқытуда 
оқушылар  ағылшын  тіліндегі  атаулармен,  құбылыстармен  танысады.  Танысу  ауызша 
және жазбаша түрде жүреді. Осы екі түрді меңгеру ағылшын тілін игерудің  тәжірибелік 
мақсаты  болып  табылады.  Яғни,  оқушы  ағылшын  тілін  ауызша  және  жазбаша  түрде 
пайдалана білуі тиіс. Ағылшын тілін тыңдап түсіне білу және сөйлей білу ауызша түрге 
жатады. Жазбаша түрге тілдің жазбаша түрін пайдалана білу немесе жазу және ағылшын 
тілінде жазылған мәтінді оқи білу жатады. Тіл қатынас құралы,ол ауызша және жазбаша 
түрде  жүзеге  асады.  Ауызша    түрге:  тыңдау,  түсіну  және  сөйлеу  әрекеті  жатады. 
Жазбаша түрге: оқу және жазу әрекеті жатады. 
Тыңдау,  сөйлеу,  жазу  және  оқу  дағдыларын  қалыптастыру  оқушының  тілді 
ауызша да, жазбаша да жақсы меңгеруіне тікелей әсер етеді. Оқушы тілді жақсы меңгеру 
үшін осы төрт дағдының негізі берік қалануы керек.  ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен 
ғылымды  инновациялық  технология  бағытымен  дамыту  мақсатымен  аттауымыз  үлкен 
үміттің  басты  нышаны  болып  табылады.  Жас  ұрпаққа  саналы,  мән-мағыналы,  өнегелі 
тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы.Сондай-ақ халықаралық қатынастар аясында 
болып  жатқан  әлеуметтік-экономикалық,  саяси  және  мәдени  өзгерістердің  әсерінен 
қоғамда  ағылшын тілінің рөлі  өзгерді.  Ол қарапайым оқу пәнінен заманауи білім беру 
жүйесінің  негізгі  элементіне  айналды.  Осыған  орай  қазіргі  заманға  сай  ағылшын  тілін 
тиімді үйретуге мүмкіндік беретін көптеген әдістер пайда болды.Сондықтан, әр мұғалім 
өзінің  шығармашылығын  дамыта  отырып  озық  іс-тәжірибелерді  пайдалана  білуі  тиіс. 
Сонымен,  еліміздің мектептерінің оқу үрдісі түбегейлі өзгеріп оқытудың жаңа түрлері, 
әдістері, жаңа бағыттағы инновациялық педагогикалық технологиялар пайда болып, олар 
білім мазмұнының толығымен жаңаруына себепші болуда. 
Білім  беру  жүйесінің  алдындағы  жаңа  міндеттердің  бірі  инновациялық 
педагогикалық  оқыту  технологияларын  пайдаланып  білім  сапасын  арттыру.  Ағылшын 
тілін ақпараттық технологиялар жүйесімен оқытудың ерекшелігі: оқу материалдарының 
ақпараттық-коммуникативтік  технологиялар  арқылы  оқушылардың  оқу  іс-әрекетін 
мұғалімнің  көмегімен  немесе  компьютер  арқылы  меңгерілуі.Жеке  тұлғалардың 
қалыптасуын  қамтамасыз  ететін  деңгейлеп,  саралап  оқыту,  жобалап  оқыту, 
коммуникативті оқыту,ақпаратты-коммуникациялы оқытудың негізгі-қағидалары балаға 
өз  бетімен  ықпал  ету,өзіндік  пікірлерін  анық  жүйелі  жеткізе  алатын  жеке  тұлға 
қалыптастыру,оқушылардың,  танымдық,  шығармашылық  қабілетін  дамыту  болып 
табылады. Оқытудың мақсаты оқу бағдарламасымен айқындалады. 
Оқытудың 
негізгі 
үш 
түрі 
бар: 
1.тәрбиелеу, 
2.ағарту, 
3.дамыту.                                                                       
Оқытудың  тәрбиелік  мақсаты.  Оқушылардың  көпшілігінің  ағылшын  тілін  оқуға  деген 
үлкен  қызығушылықпен  кірісуі,  олардың  ағылшын  тілінде  қалай  сөйлейтінін  естігісі 
және  сөйлегісі  келеді.  Олар  алғашқы  кезде  амандасып,  қоштасып  үйренеді,  заттардың 
атауларын  біле  бастайды.  Осы  кезеңде  қарым-қатынас  екі  жақты  болуды  талап  етеді 
себебі, олар тыңдай білуге де, сұрай білуге де үйретілуі керек. Оқытудың  ағартушылық 
мақсаты.  Кез-келген  тілдің  ағартушылық  қызметі  зор.  Әрбір  тіл  сол  тілде  сөйлейтін 
халықтың мәдениетінің тікелей көрсеткіші және сол тілде сөйлейтін ел туралы хабардар 
болуы;  өз  ойын  дұрыс  жеткізе  алуды  үйренеді.    Оқытудың  дамыту  мақсаты.  Оқу-
ұйымдастыру  білігі  мен  дағдысын  қалыптастыру  дамытушылық  мақсаттарының  негізі 
болып  табылады.  Себебі,  оқушының  тіл  білімі  деңгейін  жоғарылату  және  сол  тілде 
ойлауды дамыту-тіл білімін дамытудың басты міндеті.[3.4] 
Ағылшын  тілін  оқытудың  басты  мақсаты  –  оқушылардың  ағылшын    тілін 
инновациялық тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. 
Еліміздегі білім беру саласында оқытудың жаңа түрлері, әдістері,жаңа бағыттағы 
технологиялар  пайда  болып,  олар  білім  мазмұнының    жаңаруына  себепші  болуда. 
Осындай  оқыту  әдістемесіндегі  заман  талабына  сай  бағдар  деп  инновациялық, 
технологиялық  білім  беру  жүйесін  айтуымызға  болады.«Инновация»,  «Технология» 

137 
 
терминдеріне  жеке-жеке  тоқталатын  болсақ,  инновация  дегеніміз-  жаңа    мазмұнды  
ұйымдастыру,  жаңалық    енгізу,  яғни    инновациялық  үрдістерді  мазмұнды 
ұйымдастыруды анықтайды. Қазіргі әдістемелік әдебиеттерде «технология» (technology) 
деген  ұғым  «оқыту»  деген  ұғыммен  қатар  қолдананылады  »Технология»  термині 
тәсілдер жүйесі деген мағынаны білдіреді. 
Оқыту  технологиясы  дегеніміз-оқыту  техникасы  туралы  ғылым,  сондықтан, 
оқыту  ғылыми  түрінде  жүзеге  асуы  керек,  яғни  мұғалім  қалай  оқыту,  неге  олай  оқыту 
керек деген білім бірліктілігін білуі тиіс. Оқыту технологиясы қалай оқыту  керек деген 
ғылыми  тұжырымдамамен  тығыз  байланысты,  яғни  қандай  үдерістер  арқылы,  қандай 
әдістер  арқылы,  қандай  оқыту  құралдары  арқылы,  оқытуды  қалай  ұйымдастыру  керек, 
қандай    факторларды  ескеру  қажет  және  ағылшын  тілін  үйретуде  қалай  ескеру  керек 
деген  сұрақтарға  жауап  іздейді.  Сонымен,  тәжірибелер  мен  зерттеулер  нәтижесі  бізге 
шетел  тілінен  берілетін  білім  мазмұны  мен  оқыту  әдістерін  жаңалау  керек  екендігін 
көрсетті. 
Ақпараттық  технологиялар  жүйесімен  оқытуда  көрсетілетін  әдістердің  барлығы 
өзара  байланыста,араласа  қолданылады.  Ақпараттық  жүйемен  оқытуда  түсіндіру  әдісі 
кино, диафильмдер  көрсету  арқылы  жүзеге  асады.  Мәтін,  елтануға  байланысты,  мақал-
мәтелдер  т.б.түсіндіру  осы  әдіс  арқылы  жүзеге  асады.  «Мәтінді  тыңдап  қайтадан  оқып 
шығу»,  «Диалогты  тыңдап,қайтадан  кейіпкерлердің  соңынан  қайталап  отыру»  сияқты 
тапсырмалар компьютер арқылы меңгеріледі. 
Оқу  материалын  толықтыру,  қорытындылау,  қайталау,  ал  ең  бастысы  оның 
практикалық қолдану дағдысы мен шеберлігін қалыптастыруда бұл ең тиімді әдістердің 
қатарына жатқызылады. 
Бірінші 
тараудың 
үшінші 
тарамшасында 
ағылшын 
тілін 
үйретудегі 
коммуникативтік  оқыту әдісінің негізгі ерекшеліктерінің сипаты ашылады.[4.22] 
Қазіргі  кезде  тілді  коммуникативтік      оқыту  мәселесіне  ерекше  назар 
аударуда.Ағылшын тілін оқытудың жаңа технологиясы тілдің коммуниктивтік қызметін 
ескере  отырып,  оны  коммуникативтік  танымдық  жағынан  меңгертуді  көздейді. 
Қатынастық  әдіс  ХIХ  ғ  60-70жылдарында  ағылшын  тілі  халықаралық  қатынастық  тіл 
статусын алған кезде Британияда пайда болды. 
Бүгінгі  тәуелсіз  мемлекетімізде  білімге  деген  көзқарас  түбегейлі  өзгеріп, 
оқытудың  жаңа  түрлері,  әдістері,  жаңа  бағыттағы  технологиялар  пайда,  болып,  олар 
білім мазмұнының толығымен түбегейлі жаңаруына себепші болуда. 
Оқыту әдістемесіндегі заман талабына сай әдістердің бірі коммуникативтік оқыту 
технологиясы.  Осы  мәселе  жөнінде,  яғни  ағылшын  тілін  оқытудағы  коммуникативті 
біліктілік деңгейді Германияның оқу бағдарламасын жасаған неміс ғалымдары Г.Нойнер, 
Г.Хунфельд  былай  түсіндіреді:  коммуникация  тіл  және  іс-қимыл  (күлу,  дауыс  ырғағы 
сияқты)  әрекеттер  арқылы  болады.  Ол  алдын-ала  жоспарланған,  дайындалған  болуы 
немесе  жоспарланбаған  болуы  мүмкін.  Сабақ  үстінде  әдетте  дайындалған,  жоспарлы 
сөйлеу коммуникациясына көп көңіл бөлінеді. 
Оқушылардың сабақта  айтылған хабарлардың мағынасын түсінуі,  олардың түпкі 
мақсатын  танып  білуі  және  өзінің  жеке  мақсатын  іске  асыруы  өте  маңызды  іс.  Осы 
біліктілік коммуниктивтік біліктілік деп аталады. 
Коммуникативтік біліктілік мынадай оқу мақсаттарын қамтиды: 
1.Когнитивті  мағыналық  мақсат,  яғни  оқушы  коммуникативтік  жағдаяттарды  
әңгімелесу,  сөйлесу,  қарым-қатынас  туындайтын  жағдайларды  таба  білуі  керек.  Ол 
өзінің  іс-әрекетінің,  сөйлесуінің,  қарым-  қатынас  жасауының  барысында  -  осы 
жайттарды ескеруге дағдылануы, үйренуі қажет. 
2.Әлеуметтік мақсат, оны жүзеге асыру кезінде оқушы өзін өзі қалай ұстайтынын 
біле отырып, өз іс-әрекетіне жауап бере алады. Алға қойған мақсатына басқалармен бірге 

138 
 
жетуге  ұмтылады,  сондай-ақ  қарым-қатынас  жасайтын  әріптесімен  жеке  тұлға  ретінде 
тең жағдайда болуға тырысады. 
3.Лингвистикалық  біліктілік  мақсат.  Бұл  мақсатқа  сәйкес  оқушы  ойларын,іс-
әрекетін сөйлеп жеткізе алуға ынталы болады. 
Бұл  үш  компонент  бөлек-бөлек  емес,керісінше  өзара  тығыз  байланыста  болады 
деп пайымдайды Г.Нойнер. 
Осы аталған коммуникативтік  біліктілікке қалай қол жеткізу жолын  іздестіруші 
әдіскерлердің  бірі  Е.И.Пассовтың  пікірінше  шетел  тілін  оқытуда  мына  жайттарды 
ескергенде коммуникативтілікке ие болатынын байқаймыз: 
1 коммуникативтік сипаттағы оқыту тәсілдерін пайдалану;  
2.арнайы жаттығулар жасау;  
3.бүкіл оқу процесін мақсатты түрде ұйымдастыру. 
Коммуникативтік  әдістің  жаңалығы  неде,  ол  оқыту  ісін  қалай  ұйымдастырады 
оның ерекшеліктері мынада: 
1.Коммуникативтілік  оқу  процесіндегі  білік,дағдыны  жетілдіруге  бағытталады. 
Ағылшын  тілінде  үнемі  сөйлеу  оқушылардың  тілді  білмеймін  деген  ойдан  арылтып 
оқуға  деген  қызығушылығын  арттырады.  Ол  үшін  барлық  жаттығулар  сөйлеуге 
жетелейтін мақсатта болуы керек.  
2.Коммуникативтік  бағытта  оқыту  оқушының  жеке  бас  ерекшелігін  ескеруді 
көздейді, яғни баланың бойындағы барлық  жеке  қасиеттері  ескерілуі керек. Бұл оның 
белсенділігін арттырып, оқуға ұмтылу үшін ең басты құралы болып   саналады. 
3.Коммуникативтілік  функционалдықпен  де  байланысты,  себебі  кез  келген  сөз 
коммуникация процесінде белгілі бір қызмет атқарады. Оқушы тілді үйрене бастағаннан 
бастап сөздерді іс жүзінде сөйлеу барысында қолданып жаттықпаса, кейін оларды есіне 
түсіре алмай, дұрыс пайдалана алмайды. 
4.Коммуникативтілік,  коммуникативті  бағытта  оқыту  әдісі  оқытудың  ситуативті 
болуын  талап  етеді.  Өйткені,  ситуативтілік  сөйлеу  дағдысының  табиғи  қасиеті  болып 
есептеледі. Ситуативтілік сөйлеуге ынталандырудың  бір түрі ретінде,сөйлеу біліктілігін 
жетілдіретін әдіс ретінде әрі белгілі бір мақсатқа, нәтижеге жету жолы екендігі бұрыннан 
әдіскер ғалымдардың  көптеген еңбектерінде қаралып келеді. 
Коммуникативтік  оқыту  технологиясы  дегеніміз  пікір  алысуға  негізделген 
әдістеме. Ал, адамдар тілді сөйлем түрінде қолданғанда ғана бірін-бірі түсініп, пікірлесе 
алады.  Оқушыларды  белгілі  бір  дәрежеде  ағылшын  тілінде  сөйлеуге,  өз  ойын  басқаға 
жеткізе алатын, біреудің сөйлеген сөзін, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізу үшін, 
ағылшын тілі алғашқы сабақтан бастап сөйлем түрінде үйретілуі тиіс. Себебі, жеке атау 
тұлғалы  сөздер  де,  грамматикалық  формалар  да  өзара  бір-бірімен  байланысып,  сөйлем 
құрамына енгенде ғана тұтас аяқталған ойды білдіре алады. 
Коммуникативтік  әдіс  мұғалім  мен  оқушының  арасындағы  психологиялық 
кедергіні  бұзады.  Коммуникативтік  біліктілікке  қалай  қол  жеткізу  жолын  іздестіруші 
әдіскерлердің  бірі  Е.И.Пассов  оқытудың  коммуникативтік  әдісінің  негізгі  белгілері  деп 
мыналарды атап көрсетті: 
1.Әдістің дифференциалдығы әр әдіс нақты бір мақсатқа жету құралы екендігінде 
көрінеді. Бұндай мақсат сөйлеу әрекетінің әрбір түрі, нақтылап айтқан осы әрекет түрін 
жасай білу. 
2.Әдістің оқыту жағдайына байланысты еместігі. Әдіс оқытудың тактикасы емес 
стратегиясын  анықтайды  және  сол  себептен  осы  таңдауды  тілге,оқыту  сатысына 
байланысты. 
3.Коммуникативтік  әдістің  мүмкіншілігі  сөйлеу  әрекетінің  берілген    түрін    жан-
жақты қамтиды. 
4.Әдісте  негізгі  өзек  бар  болғандығы  немесе  М.В.Ляковскийдің  сөздерін 
пайдалансақ басты әдістемелік мәселенің шешуінің басымды ойы о бастағы әдістемелік 

139 
 
мәселені  шешу  қызметінің  бір-біріне  байланысты  болуын  шарт  етеді.  Бұл  негізгі  ой 
әдіске  кіретін  кіретін  принциптерді  қарастырады,  оларды  интегралдайды.  Осының 
негізінде Е.И.Пассов бұл өзара жағдай жасаған жеке әдістемелік принциптер жүйесі, бір 
стратегиялық  оймен  біріккен,  сөйлеу  әрекетінің  қандай  түрін  болса  да  үйретуге 
бағытталған әдіс деп анықтайды. 
Коммуникативтіліктің қандай жағдайда нәтижелі болатынына мұғалімнің тигізер 
ықпалы  зор  және  оқыту  барысындағы  білім  сапасына  да  мұғалімнің  үнемі  көңіл  бөліп 
отыруы аса маңызды. 
Сондықтан,  ағылшын  тілдерін  оқытуда  коммуникативтік  оқыту  әдістемесін 
қолдану  –оқушылардың  сөздерді  грамматикалық  тұрғыдан  бір-бірімен  дұрыс 
байланыстырып,  еркін  сөйлей  білуіне  мүмкіндік  береді,  бұл  әдістемені  жиі  қолдану  өз 
нәтижесін береді.Тілді оқытудағы ең басты мақсат- оқушыны сөйлеуге, яғни айтар ойын 
жеткізе  білуге  үйрету.  Сөйлеу  тілдік  қарым-қатынасбарысында  адамның  өз  oйын 
жарыққа шығару процесі. 
Пайдаланылған әдебиеттер 
1. Қазақстан мемлекеті №3 2007ж  
2. Шетел тілін оқыту әдістемесі №2 2003ж  
3. Шетел тілін оқыту әдістемесі №5 2007ж  
4. Мектептегі шет тілі №3 2006ж  
 
ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ - ҚҰЛЫҚТЫ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
ТОЛЕУҒАЛИ Д. 
Семей қаласының Қазақстан инновациялық  университеті, 
«Педагогика және психология, дизайн» мамандығының студенті 
Ғылыми жетекшісі: КАБДУАЛИЕВА А.Ж. 
Семей қаласының Қазақстан инновациялық университеті, аға оқытушысы 
 
«Бүгінгі  мектеп  партасындағы  оқушы  –  ертенгі  ел  болашағы»  -  деп  Елбасымыз 
айтқандай, бүгінгі  танда жас ұрпақ тәрбиесіне айрықша назар  аударылуда. Бүгінгі  күні 
ұрпақ тәрбиесі  үшін мектеп, ата-ана және қоғамның алар орны зор. Тәуелсіз Қазақстан 
Республикасының  өсіп  келе  жатқан  ұрпақтарын  тәрбиелеу  мен  оларға  білім  берудегі 
маңызды  бағыт  балалар  және  жасөспірімдермен  жүргізілетін  психологиялық  және 
педагогикалық жұмыс. Бұл дегеніміз қоғамдағы мектеп пен отбасының басты міндеті – 
бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп жаңа тұрғыдан тану мәселесін туындатты. 
Ал, бала дамуындағы ең ауыр және күрделі жас аралығының бірі ол – жасөспірімдік шақ. 
Жасөспірімдік  шақ  бұл  -  адамның  дамуының  кезеңіндегі  ең  күрделісі  болып 
табылады.  Бұл  кезең  адамның  сенімсіздікпен  жүйесіздік  кезеңінде  шынайы  ер  жету 
шағы.  Жасөспірім  кезеңінде  адамдарда  өмір  құндылықтарын  таңдау  мәселесі  пайда 
болады. Жасөспірім өзіне деген ішкі қарым-қатынасын қалыптастыруға, басқа адамдарға 
деген  қарым-қатынасқа  және  моральдық  құндылықтарға  талпынады.  Жасөспірімдердің 
өміріндегі маңызды жағдайлардың бірі – өмір жолындағы адамгершілік құндылықтарды 
іздеу. Олар алға қарай жүретін жолды табулары керек және бұл ең «жақсы» болуы керек. 
 
Осы  шақта  олардың  негізгі  міндеттері  –  өзіндік  анықталу  және  өзіндік  бекіту. 
Жасөспірімнің өзіндік анықталу мен өзіндік бекіту процестерінің мағынасын анықтауда 
–  әлеуметтік  орта,  соның  ішінде,  жасөспірім  үшін  референтті  болып  табылатын  шағын 
топ  жетекші  рөлді  атқарады.  Өзіндік  бекіту  –  бұл  адам  өзін  біртұтас  және  үйлесімді 
тұлға  ретінде  бекітетін  ұзақ  уақытқа  созылатын  күрделі  процесс.  Ол  үрдіс  әлеуметтік 
салаларда жүзеге асады. Әлеуметтік салалары – бұл әлеуметтік тәжірибені игеруге ықпал 
ететін институттар. Олар  макро және микро орта болып екіге бөлінеді. Осы әлеуметтік 

140 
 
орта  институттары  көп  жағдайда  жасөспірімнің  мінез-құлқына  кері  әсерін  тигізіп 
отырады соның салдарынан девиантты мінез-құлық қалыптасады. 
Девиантты  мінез-құлық  –  қоғамда  адамдардың  жасалған  әлеуметтік  нормаларды 
тікелей  бұзатын  немесе  оған  сәйкес  келмейтін  мінез-құлық.  Кәмелетке  толмаған 
жасөспірімдердегі  девиантты  қылықтың  нақты  себептері  мыналар:өзін  бақылаудың 
төмен  деңгейі  немесе  оның  мүлдем  жоқтығы;  отбасындағы  жағымсыз  жағдай; 
ересектердің  бала  проблемасын  дұрыс  түсінбеуі;  баланың  өз-өзіне  сенімділігінің 
жетіспеуі;  көшенің  ортаның  және  құрдастарының  жағымсыз  әсері;  өзіне  назар  аударту 
тілегі; ата-аналардың үнемі қалының бос болмауы; баланың интеллектуалды дамуының 
әлсіздігі  қарапайым  әлеуметтік  дағдылардың  жоқтығы;  бос  уақытының  көп  болуы; 
баланың  әлеуметтік  өмірге  араласпауы,  отбасының  тұрақсыздығы  және  төмен 
материалдық жағдай. 
Жасөспірімдердің  эмоционалды  қанағаттанбаушылығының  орнын  толтыру 
олардың  жолдастық  топтарда  өзін-өзі  тануымен  жүзеге  асады.  Мектеппен  және 
отбасымен  байланысты  үзу  олар  үшін  маңызды  болып  табылады.  Жасөспірімдер  топ 
болып  қылмыс  жасау  үшін  жиналмайды.  Олар  араласуға,  достыққа  ұмтылады,  ал 
кездейсоқ кездесулерді бірігіп көңіл көтеру үшін қолданылады. Топта басқарушы біреуге 
арсыз,  қатыгез,  жасы  жағынан  үлкен  жас  адам  ие  болған  кезден  бастап,  жасөспірімдер 
тобы жаман жолға бұрылады. Бұл басқарушы болуы мүмкін, бірақ, көбінесе, жасы үлкен, 
рухани  тұрғыдан  азған  адам  болады,  ол  нағыз  еркектік  қасиеттер  балағат  сөздер 
қолданумен, ішімдік ішумен, егер ақша болмаса, оны қылмыс жолымен табумен көрінеді 
деген  жалған  пікірлермен  жас  өспірімдердің  санасын  уландырады.  Бұндай  топ 
жасөспірімдерге  қарым-қатынас  жасау  мұқтаждығын  қанағаттандыруға,  әлеуметтікке 
қарсы әрекеттердің комегімен өзін-өзі танытуға мүмкіндік береді. 
Девиантты мінез-құлықтың қалыптасуына келесідей факторлар әсер етеді: 
1.  Биологиялық  факторлар  –  баланың  әлеуметтік  бейімделуіне  кедергі  жасайтын 
физиологиялық  және  анатомиялық  жағымсыз  ерекшеліктер.  Оларға  жататындар: 
ұрпақтан-ұрпаққа берілетін немесе адамның жүкті болғанда дұрыс тамақтанбауы, арақ-
шарап, нашақорлы заттарды пайдалануы, темекі тартуы, ананың психикалық физикалық 
т.б.  сырқаттары  себеп  болатын  генетикалық  факторлар:  ақыл-ой  дамуының  бұзылуы 
есту,  көру  кемшіліктері  ,  жүйке-жүйесінің  зақымдануынан  пайда  болған  денедегі 
кемшіліктер. 
2.  Психологиялық  факторлар  –  бұған  баладағы  психопотологиялармен  мінездегі 
кейбір  қасиеттердің  басым  болуы  тағы  басқалары  жатады.  Бұл  ауытқушылықтар 
жүйелік-психикалық ауруларды, психопатияда көрінеді. 
3.  Әлеуметтік-педагогикалық  факторлар  –  олар  мектептік,  отбасылық  қоғамдық 
,тәрбиедегі 
кемшіліктердің 
нәтижесінде, 
баланың 
оқудағы 
үлгермеушілігіне 
байланысты.  Мұндай  балалар  көбінесе  мектепке  дайындығы  жоқ,  үйге  берілген  оқу 
тапсырмаларына  және  бағаларға  парғысыз  қарайтындар.  Баланы  психоәлеуметтік 
дамуындағы  ауытқушылықтардың  негізгі  факторы  ата-ана.  Отбасында  үлкендер 
арасында  кездесетін  даудамайлар,  экономикалық  жетіспеушіліктер,  үлкендердің  балаға 
түсінік  пен  көңіл  бөлмеуі,  отбасы  мүшелерімен  сырласа  алмауы  жасөспірім  мінезінің 
ауытқуына әкеліп соғады.   Бала  үйінде  шығара  алмаған  ашу  ызасын  көшеге  барып, 
достарының  арасында  көрсетіп,  сыртқы  әлеуметтік  ортаға  шығарып  жеңілдеуді  жөн 
көреді. 
4.  Әлеуметтік-экономикалық  нормалар  –  әлеуметтің  теңсіздігі,  қоғамның  кедей 
және  бай  болып  бөлінуі,  жұрттың  кедейленуі,  жұмыссыздық,  инфляция,  әлеуметтік 
кернеу т.б. 
5.Моральды-этикалық  факторлар  –  қазіргі  қоғамның  адамгершілік  қасиеттерінің            
деңгейі төмен болуы, рухани құндылықтардың бұзылуы. 

141 
 
Жасөспірімдерге  психологиялық  және  педагогикалық  түзету  жұмыстары    дер 
кезінде  жүргізілмесе,  олар  тұрақты  ассоциалды  мінез-құлықпен  бірге  және  заң 
бұзушылыққа бейімділікпен сипатталатын санатқа өтіп кетуі мүмкін. 
Қазіргі  жасөспірімдердің  үлкендердің  ақылын  тыңдамауы,  өзін  қазіргі  кездегі 
әртүрлі  теле  хабарлардың  көмегімен  өмірді  олардан  артық  түсінемін  деп  ойлауынан 
болады. Бала психикасына теледидардан көрсетілетін қатыгездік, қаталдық мазмұндағы 
хабарлар  фильмдердегі  зкрандағы  күш  көрсетулер  баланың  мінез-құлқында  агрессия 
пайда  болуына  әкеп  соғады.  Бала  ойын  кезінде  сол  көргендерін  қайталайды.  Ол 
байлықпен даңққы осылай жетуге болады деп миына сіңіреді. Бала 14 жасқа келгенше, 
ғалымдардың есептеулеріне қарағанда теледидардан 18 мың рет кісі өлтіру көріністерін 
көреді екен. 
Девиантты  іс-әрекетке  ие  балалар  мен  жасөспірімдер  жағымсыз  іс-әрекеттермен 
қылықтар  жасайды,сол  себепті  өз  құрбыларының,  мұғалімдермен  ата-аналардың  және 
жалпы қоғамның теріс көзқарасына ие болады. 
Жасөспірімдердің  ішімдікке  деген  қатынасы  және  оны  қолдануға  мотивациясы 
бойынша, жасөспірімдер төмендегі типологияға бөлінеді 
- әуестікпен; 
- ішімдік ішуді бастағандар; 
- өзін-өзі тұрақтандыру мақсатында ішімдік ішетіндер; 
- ләззат алуды жақсы коретіндер; 
- алкогольдік эстеттер; 
- батылдылар; 
- ішімдікке тәуелділер 
Жасөспірімдердің  топтарының  өзін  есеңгірету  мақсатында  токсикоманияның 
алуан  түрлерін  қолданып  өзін-өзі  уландыратын,  яғни  өзін-өзі  құртатын  заң  бұзушылар 
тараған.  Әдетте  жасөспірімдер  құрамында  спирт  бар  қатты  әсер  ететін  заттарды-
бояулырды,  әртүрлі  айразолдарды  иіскейді;  парфюмерия  өнімдерін  қолданады; 
наркотикалық  заттардың  әсеріне  жақын  күй  дәрі-дәрмектерді  көп  көлемде  жұтады; 
веналарына  әртүрлі  қоспалар  құяды;  тұрмыстық  химия  заттарын,  өндірістік 
эмулсияларымен бояғыштарды, өсімдіктен жасалған әртүрлі заттарды қолданады. 
Улағыш  заттарды  қолдану  мотивтері  ішімдікті  қолдану  мотивтерімен  сәйкес 
келеді. Ең кең тарағандары: 
- құмарлықпен қолдану 
- батырлығын көрсету 
- өзі сияқтылардың ортасында өзін-өзі танытуға ұмтылыс 
- топтық іс-әрекеттер 
- ләззат алуды қалау 
- көңіл көтеруді қалау 
- шынайы өмір мәселелерін ұмытып, галлюцинация әлеміне енуді қалау 
-  ассоциалды  және  криминалды  әрекеттердің  басқа  түрін  істеу  алдында 
психологиялық кедергіні жою. 
Девиантты  мінез-құлықты  балаларды  түзету  күрделі  әрі  қиын  ұзақ процесс,  оны 
іске  асыруда  көп  шыдамдылықпен  белсеңділік  қажет.  Қазіргі  осы  саладағы  әлеуметтік, 
педагогикалық  талаптар  мен  жүзеге  асырылып  жатқан  тәжірибелер  негізінде,  бұл 
саладағы  тәрбие  міндеттерін  жүзеге  асыруды  мынадай  шарттарды  орындау  қажеттігі 
туады: 
- балаға ілтипатпен ізгі тілектестікпен қарау 
- оның жағымды қасиеттеріне сүйену 
- оның адамгершілік күшіне потенциалды мүмкіндіктеріне сену 
-  оқу  орындарында  моральды  тәрбие  беру  мен  осы  бағытта  маңызды  өзгерістер 
енгізіліп жүзеге асырылуы қажет 

142 
 
-  оқушыларды  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру  үшін  жасалған  жалпы  білім 
беретін бағдарламаларды тиімді пайдалану 
-  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыруға,  қауіпсіз  тіршілік  етуге  бағытталған 
тәрбиелік бағдарламаларды ұштастыра пайдалану 
- баланың өзін-өзі дұрыс тәрбиеленуіне бағыт – бағдар көрсету 
-  девиантты  мінезге  ие  балалардың  білім  алуы  мен  бос  уақытын  пайдалы  іс-
әрекеттермен өткізу жолдары қарастыратын жаңа кешенді бағдарламалар құру 
- бала бойындағы сенімділік пен жігерліктін дамуына жағдай жасау. 
Мінез-құлық ауытқушылығының алдын-алу  жолдары әлеуметтік ұйымдардын әр 
түрлі  деңгейіндегі  арнаулы  және  жалпы  шаралар  жүйесінен  құралады.  Яғни  Баланың 
«девиантты»  болуына  өз  халқына  тән  мәдениетпен,  салт-дәстүрмен  тәрбиеленбеуі  де, 
ғылыми тілмен айтқанда, этнопсихологиялық ерекшеліктерінің ескерілмеуі де өз әсерін 
тигізуде. 
Әдебиеттер: 
1. Акажанова А.Т. Девианталогия.-А:Заң әдебиеті,-2009 
2.Құлдашева  Н.У.  Девиантты  мінез-құлыққа  әсет  етуші  орта  факторлары  және 
олармен жүргізілетін психологиялық түзету жұмыстары.ҚазҰҰ хабаршысы.2010-№4 
5. Бек А.Девиантты мінез-құлық түрлері.Өзіндік таным – 2006-№3 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет