БАСТАУЫШ СЫНЫП БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ
ҚОЛДАНУ
ӘДІЛХАНГ.Б.
Семей қаласы, «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КҚМК
0105000 «Бастауыш білім беру»мамандығы, 22ә топ білім алушысы
Ғылыми жетекшісі: САРСЕКОВАГ.К.
Семей қаласы, «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КҚМК
Педагогика және психология пәндерінің оқытушысы
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін
арқалап келеміз», - деген сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр.
Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдердің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ
бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжиірбелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни
әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-
жақты дамыту керек. Сонымен қатар халыққа Жолдауында ел дамуының негізгі кепілі -
білім саласын ешуақытта назардан тыс қалдырған емес. Білім сапасын көтеріп, мұғалім
беделін арттыру, жаңа мектеп, балабақша салу сынды жұмыстар елбасының тікелей
тапсырмасымен кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Алдағы үш жылда мектеп
жетіспеушілігін жойып, білім ордаларын мүмкіндігінше екі ауысымға ауыстыру
керектігін алға тартты.
«Мәңгілік Ел» стратегиясын қолдаушы да, жалғаушы да осы ұстаздар қауымы
болмақ. Өйткені,мұғалімдер оқушыларға дұрыс бағыт –бағдар бере отырып еліміздің
болашағын қалауға атсалушы. Елбасы Жолдауын жүзеге асыруда ұстаздарға артылар
міндет зор.
Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа
технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге
кеңінен еніп, қолданылуда. Білім саласындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін, мектеп
ұжымында әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерді
сабақтарында енгізіп отырады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық
технологияларын меңгермейінше жан-жақты сауатты маман болу мүмкін емес.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік
және көптеген адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-
тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Нәтижесінде тұтас педагогикалық
үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге
келді. Кез-келген оқыту технологиясы мұғалімнен терең теориялық, психологиялық,
педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан
17
дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Сондықтан оқушының рухани
өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе
алатын педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесімен әр баланың үрдісінен шыға алады.
Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, жеке тұлғаны тек қана
педагог қалыптастыра алады. Бастауыш сынып мұғалімі үшін, оқушы жазылмаған ақ
қағаз секілді таза, пәк. Бастауыш сыныпта оқытудың негізгі міндеті – баланың жеке
басының жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілетін анықтау мен дамыту,
білімдерін ашу, дұрыс түсінік қалыптастыру. Білім берудің кешенді міндеттерін және
мұғалімдердің әртүрлі жағдайларда жұмыс істейтіндігін ескерсек, тиімділік деген сөзге
аса мән беріп курста оқыған модуль туралы қысқаша тоқталайық.
1.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер
Білім беру – жекелеген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға
қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің бір тұтас кешені деп
айқындалған. Бағдарламаны жалпы алғанда әлемдік дәрежеге жету мақсатын көздей
отырып, жаңаша қырда қолданылатын технологияларды тиімді пайдалану.
2.Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту.
Сыни тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен
өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап,
жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және
бірлесіп, шығармашылық жұмыс жасау.
3.Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау
Бағалау – одан арғы білім туралы шешімді қабылдау мақсаты мен оқытудың
нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін
қолданылатын термин. Мұғалімдер мен оқушылар өздерінің қандай мақсатқа
жететіндерінің өлшемдерін түсіну. Осыған байланысты бағдарлама критерийлі бағалау
тәсілдерін қарастырады.
4.Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану
Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану – қоғамдағы
өзгерісті танып білуге және оларды тез қабылдауда мол мүмкіндік береді. Жоспарланған
сабақты тиімді өткізуге көмектеседі, оқушының ой-өрісінің дамуына, зерттеулік
жұмыстар жүргізуіне ықпал етеді.
5.Талантты және дарынды балаларды оқыту
Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі
негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жасау.
Оқушылардың қабілеттерін дер кезінде анықтай білген ұстаз болашақ талантты да тани
біледі.
6.Жаңа инновациялық технологияны пайдалану
Білім беру жүйесіне жаңа инноавциялық технологияларды енгізу арқылы оқыту
үрдісін жетілдіру арқылы оқушының танымдық қабілетін дамыту, саналы деңгейге
көтеру. Білімді жеке тұлғаға бағыттау, оқушының өзін-өзі тануы, өзін-өзі тәрбиелеуі,
ақыл-ойын дамытуы, яғни жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу мұғалімдер алдына
тың міндеттерді жүктеп, жаңашыл іс-әрекетке жетелейді.
7.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқу
Белгілі бір шарттық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және
психиологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан
педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктігінде ширақтықты,
өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын
қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Сол себепті бастауыш
сынып оқушыларына сергіту сәтін жүргізуге жас ерекшеліктерін ескере отырып
орындату қажет.
8.Білім беруді басқару және көшбасшылық
18
Аталған модуль білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен
өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің
тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алу керек деген тұжырымға сияды.
Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің өмірлік ұстанымызда таңдай білу, адамдық
көшбасшылыққа негізделеді.
Психологтардың зерттеулеріне сүйенсек, ойлау стилі бастауыш сыныптан-ақ
оқушыларда жеке қалыптаса бастайды. Оқушылардың бастауыш мектепте қазіргі
ақпараттық технологияларды адамзат іс-әрекетінің түрлі салаларында қолдана білудің
қажетті дағдыларын игеріп үлгеруіне мүмкіндік туады. Ақпараттық технология білім
беру үрдісін ұйымдастыру бастауыш сынып оқушыларының оқу материалын жеңіл
меңгеруін, компютерде жұмыс істеу дағдыларымен қарулануын жүзеге асырады.
Оқытудың ақпараттық технологиясын оқу үрдісінде тиімді қолдану үшін
бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекеті, психологиялық тұлғалық әлеуметтік
және физиологиялық даму ерекшеліктерін есепке алу керек. Бастауыш мектеп
бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның өзіндік оқу-танымдық
әрекетін дамытуға бағытталған. Бастауыш сынып оқушыларының өз мүмкіндігін көрсете
білу үшін, ақпаратты өзіндік іздеу, жоспарлау, бөлшектеу, біріктіру, суреттеу,
жалғастыру және тиімді пайдалану. Өз іс-әрекетінің дұрыстығын тексеріп, бақылау
икемділігін бойына сіңіру әлде қайда маңызды.
Шығармашылық ойлау мен өз ойын еркін жеткізе білу икемділіктерінің дамуы
негізінде бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымы мен дарындылығы жетіле
түседі. Мәселен, бастауыш мектепте информатика, ана тілі, қазақ тілі, дүниетану сияқты
пәндермен ұштастыра отырып оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана білуге
құштарлығы басым екендігі айқын көрінеді.
Жаңа технологияларды енгізу барысында мұғалімнің даярлығы мен жаңаға оқыту
мазмұны жайында білген жөн.
Мұғалім нені білу керек?
Мұғалім не істейалуы керек?
Мұғалім қандай іс-әрекеттерді дұрыс ұйымдастыру керек?
1.Жаңа технология көмегімен шешілетін мәселелерді ;
2.Жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәттижелерді;
3. Жаңа технология мәнін,алынатын нәтижелердің теориялық негізін;
4.Жаңа технологияда мұғалім қолданылатын әдіс –тәсілдерді;
5. Оқушыларды жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдісін;
1.Оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыру ;
Дамыта оқыту бағытында;
Модульдік курс үшін;
Әлеуметтендіру бағытында;
Ұжымдық жүйеде оқыту;
Басқа технологиялар үшін;
2.Күнтізбелік- тақырыптық жоспарлау.
3. Әр сабақты жоспарлау
4.Жаңа технология бойынша жүргізілетін әртүрлі типтегі сабақ жоспарларын жасау.
5. Оқу модулін құрастыру.
6. Оқу жобаларының мазмұның анықтау.
1. Жаңа технологияда пайдаланылатын жекелеген әдістер мен тәсілдерді қолдану.
2. Әртүрлі типтегі сабақтарды өткізу.
3. Өткізілген сабақтарға талдау жасау.
4.Жаңа технологияда қолданылатын оқу әрекеттерінің әдістерін оқушыларға үйрету.
19
Жалпы оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып,сабақтың тиімділігін
арттыру.Сонымен
қатар
оқушыларды
өз
бетімен
жұмыс
жасауға
тәрбиелеу,үйрету,шығармашылық қабілетін дамыту.
Қазіргі заманғы жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқу-тәрбие
үрдісінің барлық деңгейін қарқындату,яғни оқу үрдісінің сапасы мен тиімділігін
танымдық іс-әрекет белсенділігін көрсету,пәнаралық байланыстарды тереңдету,қажет
ақпаратты іздеу тиімділігі мен көлемін кеңейту.Оқып үйренушінің жеке тұлғасын
дамыту ақпараттық қоғам жағдайында жабдықталған өмірге өзіндік дайындықтар
жүргізу,әртүрлі ойлау қабілетінің түрлерін байланыс жолдары қабілеттілігін
дамыту,күрделі жағдайлардағы шешім нұсқаларын ұсыну немесе тиімді шешімдерін
қабылдау біліктілігін қалыптастыру,компьютерлік графика мен мультимедия
технологияларын пайдалану арқылы эстетикалық тәрбиелеу,ақпаратты өңдеуді жүзеге
асыра білу,ақпараттық мәдениетті қалыптастырып,мәселені модельдей білуді дамыту
және ең бастысы тәжірибелік-зерттеу іс-әрекетін жүзеге асыра білуді қамтамасыз ету.
Қоғамның әлеуметтік тапсырыстарын орындау жұмыстары, яғни, ақпаратты
сауатты меңгерген жеке тұлға даярлау, тұтынушыны компьютер құралдарымен жұмыс
істеуге үйрету және информатика аймағында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүзеге
асыру. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі баланы оқыта отырып, оның
еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.
Педагогикалық технология - педагогикалық іскерліктердің жетісітігіне жеткізетін
ғылыми жобалау және нақты өндіру. Сонымен педагогикалық процесс белгілі жүйе
принциптерінде құрылатын болғандықтан, педагогикалық технология сыртқы және ішкі
болып бөлінеді. Осы принциптерді жалғастырмалы орындау оларға обьективті қарым-
қатынастарында және педагогтың тұлғасын толық көрсететін жинақы ретінде
қалыптастырылады.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің
дамуымен тығыз байланысты. Ендеше қазақ мектептерінің білім деңгейін арттыру және
онда ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу-тәрбие үрдісін тиісті деңгейге
көтеру үшін мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі
басшылыққа алатын бағыты болуы тиіс. Осылай айтылған ой-пікірлерді тұжырымдай
келе білім беруді ақпараттандыру, мектеп пәндерінің оқыту сапасын арттырады және
ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа
сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы оңтайландыру мен тиімділігін
арттырудың маңызы өте зор.
Осы технологияларды тиімді пайдалану арқылы құзіретті мұғалім өз тәжиірбесін
жетілдіре түспек.
Пайдаланған әдебиеттер
1.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы. – Астана: Елорда, 2014. – 23-б.
2.Қалым Г.М.. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар // Педагогикалық
альманах, 2011. – 1.
3.Түсіпова А. Компьютер-оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы. – Қазақстан
мектебі, 2004. – №7.
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУШІЛІК ӘРЕКЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ –
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ НЕГІЗІ
ӘЛІМХАТ А.А.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «5010300 – Педагогика
және психология» мамандығының 4 студенті
20
Ғылыми жетекшісі: БҰЛАҚБАЕВА М.К.
пед.ғ.к., профессор
Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын
қамтамасыз етуге бағытталған «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты
міндеттері:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға бағытталған сапалы білім
алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш қуат мүмкіндіктерін дамыту,
адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты
дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» – деп атап көрсетілген [1].
Осы міндетке сәйкес оқушының ой-өрісін дамытып, алған білімдерін өз
тәжірибесінде жаңа жағдайларда қолдану біліктілігін, ізденімпаз, зерттеуші тұлға
қалыптастырудың керек екені анық.
Бүгінгі күнгі білім беру жүйесі алдында оқушыны ойлануға үйрету, қай жаста
болмасын алдынан шығатын проблеманы шешуге қажетті әрекет тәсілдерін үйрету
міндеті тұр. Қазіргі мектеп тәжірибесінде оқушының тапсырманы айнытпай орындаушы
ретінде тәрбиелеу басым бағыт алып отыр. Ол оқушының өз бетімен ойлануына, өзіндік
пікірін білдіруіне кері ықпал етіп, білім алуға деген қызығушылығын төмендетеді.
Сондықтан Жоғары сынып оқушыларының ғылыми-зерттеушілік әрекетін қалыптастыру
қазіргі тандағы проблемалардың бірі болып табылады.
Оқушы қабілетін шығармашылыққа бағыттау мәселесі өте ерте кездерден бастау
алады. Ежелгі грек философы Сократ жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін дамыту
үшін эвристикалық әңгімелерді пайдаланған. Ол заманауи педагогикада «эвристикалық
әдіс» деген жаңа атқа ие болды. Оқу процесінде эвристикалық әдісті қолдану
оқушылардың логикалық бірізді, дәл ойлануларынан ықпал өтеді. XVII-XIX ғасыр
педагогтары Я.А.Коменский, И.Г.Пестолоцци, Ж.Ж.Руссо, А.Дистверг, К.Д.Ушинский
және т.б. оқушы шығармашылығын дамытудың негізі – оларды өз бетінше ойлау,
зерттеу ізденістеріне бейімдеу деп санаған. Бұл ойдың астарында оқушы дербестігін
дамыту идеясы жатыр.
Қазақ
ағартушылары
А.Құнанбаев,
Ш.Құдайбердиев,
Ы.Алтынсарин,
А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов еңбектерінде жастардың шығармашылығын
дамыту, ақыл-ойын жүйелеу туралы пікірлер айтылады. Бүкіл бір халықтың ұстазы ұлы
Абай өзінің қарасөздерінде, бала өмірге келгенде қабілеттерін әрі қарай дамытуды,
шыңдауды қажет ететінін, сонда ғана олар пайдаға асатынын жазған. Ал назардан тыс
қалған қабілеттер бара-бара жойылып жоқ болатынын айтқан.
Шығармашылық әрекетке деген ішкі қажеттілік тұлға дамуының шынайы
заңдылығы
ретінде
қарастырылады.
Л.С.Выготскийдің
тұжырымдауынша:
«шығармашылық – бала дамуының қалыпты жағдайы; шығармашылыққа бейімділік
барлық балаларға тән қасиет. Баланың шығармашылық қабілетін дамытуда
психологиялық-педагогикалық ықпалдар үлкен әсер етеді. Сол сияқты шығармашылық
қабілет балалардың ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық тәрбиесін жетілдіруде үлкен рөл
атқарады» [2].
Оқытудың дидактикасын жасаған А.Дистервег «Нашар мұғалім шындықты
хабарлап қояды, ал жақсы мұғалім – оны табуға үйретеді» – деген [98]. Шындықты табу
үшін оқушы шығармашылықпен ойлана бастайды.
Жеке тұлғаның шығармашылығының қалыптасуындағы үлкен роль еңбек, өзара
қарым-қатынастар, адамдардың әлеуметтік және саяси институттары сияқты әлеуметтік
факторларға тиесілі. Бұл диалектикалық тұтастықтың арасында жүзеге асатын процесс.
21
Философияда шығармашыл тұлға ретінде адамның мәні – оның әлем мен
тарихтағы орнына және оның әрекеттеріне келіп тіреледі. Шығармашыл тұлға олардың
әрекеті мен қарым-қатынастарының, қоғамдық қатынастардың, қоғамдық мұраттардың,
құндылықтардың индивидуалдық көрінісі және субъектісі ретінде қарастырылады.
Әсіресе, әрекеттің шығармашыл тұлғаға әсері ерекше екендігін атап өткен жөн. Адам
әрекетінің арқасында шығармашыл тұлғаның дамуы мен оның қоғамда әр түрлі
рольдерді атқаруы жүзеге асады. Тек әрекетте ғана индивид тұлға ретінде орнығады.
Бүгінгі күні жалпы білім беретін мектепте оқушыларды белгілі бір білім
көлемімен қамтамасыз ету жеткіліксіз, бұл таңда оқушылардың өз бетінше білімдерін
толықтыру, жаңа білідерді алу тәсілдерін үйрету міндетіне көп мән беріліп отыр. Мұның
өзі баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу,
шығармашылық тұлға қалыптастыру, дарын иелерін жастайынан таңдай білу, оларды
ерекше жетілдіруді талап етеді.
Оқушының шығармшылық қабілетін дамытуда кері әсер ететін қайшылықтар мен
кедергілер де кездесіп жатады. Олардың біразына тоқталайық:
психологиялық кедергілер (қорқу, сәтсіздіктен қауіптену, өз күшіне сенбеу,
ойланудан қашқақтау, жалқаулық);
әлеуметтік-педагогикалық кедергі (әлеуметтің жағдайдың болмауы; оқушының
сүйікті ісімен айналыса алмауы; үйде, достарының арасында шығармашылық ахуалдың
қалыптаспауы және еркідіктің болмауы);
әкімшілік-әміршілідік стиль (мұғалімнің шектен тыс қаталдығы, бала еңбегін
бағалауда әділетсіздікке жол берілу т.б.);
физиологиялық кедергі – баланың, адамның денсаулығының сақталмауы,
денсаулығында кемшілігінің болуы.
Шығармашылық қабілетті дамытудағы кедергілер мен қайшылықтардың алдын-
алу жолдарының бірі – ғылыми-зерттеушілік әрекеттерін мектеп кезінен қалыптастыру.
Баланы ізденушілікке баулу, оған ғылыми зертеу дағдысы мен білігін игерту
бүгінгі білім беру саласының маңызды мәселесі болып саналады. Ғылыми зерттеу
дегеніміз ғылыми әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, белгілі бір обьект жөнінде жаңа білім
қалыптастырумен аяқталатын жүйелі және арнайы мақсатқа көзделген нысандармен
танысу. Балаларды оқытуда зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи
қызығушылығы қоршаған ортасына деген құштарлығының басымдылығымен
түсіндіріледі. Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға
ықпл етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің
көмегімен жаңа білімді дайын күйде емес, өзі іздену арқылы ашады.
Көптеген авторлар атап өткендей, зерттеушілік әрекеттің түрлерін сабақтың
төмендегідей дидактикалық мақсаттары бойынша жіктеуге болады:
жалпы білім алу мақсатында зерттеу;
білімді жалпылау мақсатында зерттеу;
білімді бекіту мақсатында зерттеу (Әмірова Ә.С., Тұғанбаева Б.А.,
Бұлақбаеа М.К., Бейсенова Г.Ы., т.б.).
М.К.Бұлақбаеа зерттеушілік сипаттағы жұмыстардың маңыздылығын айта келе
зерттеушілік сипаттағы өз бетінше жұмыстардың оқушылардың ғылыммен
жақындататына назар аударады . Егер де оқушылар оқу үрдісіне жүйелі түрде қосылып,
білім алудағы және қиын біліктіліктерді игерудегі өз жетістіктерін сезінетін болса, онда
мұндай жұмысқа тарту тиімді нәтиже береді.
Ә.С.Әмірова оқушыдардың тиісті дайындығы болса, зерттеушілік әдісті
қолдануға болатынын айтады. Бұл жағдайда оқушылардың алдына қандайда бір мәселе
қойылады да, олар оны өз бетінше шешуі қажет.
Б.А.Туғанбаева мектептегі зерттеулерді оқушылардың алдына, мәселелік деңгейі
жоғары, теориялық және тәжірибелік ғылыми-зерттеушілік тапсырмаларды қою арқылы
22
мұғалім ұйымдастыратынын атап өтеді. Б.А.Туғанбаеаның айтуынша, ғылыми-
зерттеушілік тапсырмалардың ерекшеліктері болып алғашқы фактілерді жинақтау,
суреттеу, талдау сияқты тәжірибелік жұмыстар табылады. Көбіне мәселе бірден
туындамайды, фактілердің арасындағы сәйкес келмеушілік, қарама-қарсылықтар
табылғаннан соң туындайды. Ал оның шешімі фактінің түсініктемесі болып табылады.
Педагогикалық зерттеулерде ғылыми-зерттеушілік сипаттағы тапсырмалардың
қолдану аймағына талдау жасауға үлкен орын берілуде және оны оқу үрдісінің түрлі
бөлімдерінде қолданудың әдістемесі де жетілдірілуде. Зерттеу жүргізуге педагогикалық
жетекшілік ету мен оқушылардың өз бетінше қызметінің қатынасы туралы мәселе
қойылып отыр. Қазіргі кезде ғалымдар өз бетінше ғылыми-зерттеушілік жұмысты
кеңінен қолданбайынша оқушыларды терең, берік игерілген білімдер мен дағдыларды
қалыптастыру мүмкін емес екендігін мақұлдап отыр.
Сөйтіп оқыту үрдісінде ғылыми-зерттеушілік және шығармашылық әрекеттерін
ұйымдастыру мынандай жағдайларда орын алады:
1) оқушылардың оқу-зерттеу жүргізуіне жетекшілік етуге мұғалім дайын болса;
2) оқушылардың өз бетінше зерттеу жүргізуге икемділігі болса;
3) ғылыми-зерттеушілік тапсырмалардың анық жүйесі бар болса.
Қорыта келе айтарым, оқушылар оқу үрдісінде тек қана білім бір ғылыми білім
деңгейін игеріп қана қоймай зерттеу жұмыстарын жүргізудің ғылыми әдістер мен
танысуын, оқып үйрену мақсатында ғылыми-зерттеушілік әрекетті қылаптастыруға негіз
болатын оқытудың арнайы моделін, оның өлшемдері мен көрсеткіштерін, әдістемелік
жүйесін жасау қажет.
Оқушылардың зерттеу жұмыстары негізінде мынадай танымдық біліктері
қалыптасады:
- оқу және ғылыми – көпшілік әдебиеттермен жұмыс істей отырып, өз бетімен
білім алу;
- жұмысты жоспарлау;
- бақылау жүргізу және соның негізінде қорытынды шығару;
- гипотезалар шығаруға ұмтылу;
- өз бетімен эксперимент қою және соның негізінде жаңа білім игеру;
- теориялық білім негізінде құбылыстың және бақылау фактілерінің себебін
түсіндіру, тұжырым жасау т.б.
Ізденушілік оқушылардың зерттеу жұмыстарының моделін қалыптастырады.
Себебі:
біріншіден, зерттеу барысында оқушылардың коммуникативтік мүмкіндіктерін
дамытады: категориялық ұғымдарды қабылдау үшін базистік, арнайы терминдердің
мәнін ұғыну керек. Мағлұматтарды түсініп қабылдамайынша, оқушы басты мәселелер
бойынша қандай да бір шешім қабылдай алмайды;
екінішіден, зерттеу әрекеті ақпараттық қызмет атқарады: тақырыбына байланысты
белгілі жүйелер және олардың құрамдас бөліктерін, құрылымдарды, заттар мен
құбылыстардың арасындағы өзара байланыстарды шып көрсетеді, сонымен қтар, адам
және қоршаған ортамен байланыс жасаудың дағдысын игеру мүмкіндігіне ие болады;
біртіндеп ғылыми көзқарасы қалыптасады;
үшіншіден, зерттеу – оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруға ең басты, ой-
өрісін, жауапкершілігін, еңбекқорлық, шыншылдық, өзара қамқорлық, әдептілік пен
сыпайылықты дамытуға үлес қосады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. – Астана, 2007. – 336 б.
2. Выготский Л.С. Проблемы развития психики //Сборник соч. – М.: Педагогика,
1983. – т. 3.
23
3. Дистервег А. Избранные педагогические сочинения. – М.: Учпедгиз, 1956. – 370
с.
4. Бұлақбаева М.К. Жоғары білім беру жүйесіндегі шығармашылық әлеует
/Монография. – Алматы, 2010. - 248 б.
5. Әмірова Ә.С. Шығармашылық іс-әрекеттің теориялық негіздері /Монография. –
Алматы, 2008. – 301 б.
6. Туғанбаева Б.А. Ұстаздық шығармашылық /Монография. – Алматы, 2010. – 189
б.
Достарыңызбен бөлісу: |