Практикалық конференциясының м а т е р и а л д а р ы


МОДУЛЬ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Pdf көрінісі
бет8/45
Дата07.02.2017
өлшемі2,79 Mb.
#3575
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45

МОДУЛЬ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
ЖАЗЫБАЕВА Д.Т.  
Қазақстан инновациялық университеті, Семей қаласы     
Педагогика және психология мамандығының ІІ курс магистранты 
 
Өскелең  жас  ұрпақты  білімді  өз  бетінше  меңгеруге,  ойлау,  есте  сақтау,  ауызша 
және  жазбаша  дамытуға  дағдыландыруда  модульдік  технологияменоқытудың  маңызы 
зор.  Бұл  оқытудың  мақсаты  –  эстетикалық  сезім,  дамыта  оқыту,  зейінін  тәрбиелеу. 
Эстетикалық  сезім  рухани  сезім  тобына  жатады.  Эстетикалық  сезімді  оқыту  үрдісінде 
әсер  етуші  құдірет  болуы  керек.  Бірі  –  заттар  мен  құбылыстардағы  ерекшелік,  сол 
ерекшелікті жеткізетін сөз.  
Модуль дегеніміз - қандай да бір жүйенің ұйымның анықталатын, біршама дербес 
бөлігі.  Оқу  модулі  қайта  жаңғыртушы  оқу  циклі  ретінде  үш  құрылымды  бөліктен: 
кіріспеден,  сөйлесу  бөлімінен  және  қорытынды  бөлімнен  тұрады.  Әр  оқу  модулінде 
сағат саны әр түрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар 
тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты.  
         Модульдік  оқыту  технологиясының  ерекшелігі  -  жалпы  сағат  санына  қарамастан, 
кіріспе  және  қорытынды  бөлімдерге  1-2  сағат  беріледі.  Барлық  қалған  уақыт  сөйлесу 
бөлімінің  меншігінде  болады.    Кіріспе  бөлімде  оқытушы  студенттерді  оқу  моделінің 
жалпы  құрылымымен  оның  мақсат  –міндеттерімен  таныстырады.  Сонан  соң  оқытушы 
осы  оқу  моделінің  материалын  қысқаша  (10-20  минут  ішінде),  сызба,  кесте  сынды 
үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді.  
Студенттердің  оқу  материалын  қайта  жаңғырту  деңгейін,  қарапайым  білік  пен 
дағдыларды  және  білімін  іс  жүзінде  бірнеше  рет  қайта  қолдануы  сөйлесу  бөлімі 
сабақтарында жүзеге асырылады. Тақырып мазмұнына «өсу» бағытымен - қарапайымнан 
күрделіге,  репродуктивті  тапсырмалардан  шығармашылық  сипаттағы  тапсырмаларға, 
зерттеушілік  қызметі  элементтеріне  қарай  бірнеше  мәрте  қайта  оралып  отыру  әр 
студентке оқу материалдарымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, 
ойлауын,  ауызша  және  жазбаша  тілін  дамытуға  мүмкіндік  береді.  Қоғамның  дамуына 
қарай ғылым мен техника жүйесі өзгертіліп, жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа 
шешімдер  мен  жаңа  мүмкіншіліктерді  қажет  етеді.  Мұндай  бетбұрыстар  адамның  іс-
әрекетін өзгертіп қана қоймай, жеке тұлға ретінде жаңаша қалыптасуын да талап етеді. 
Осындай нысан – оқытуды модульге құру, соның негізінде модульді оқыту.  

53 
 
Модульмен  оқыту  –  жеке  бағдар,  жеке  нысана.  Әр  студенттің  жеке  басының 
дамуына, кәсіби біліктілігін көтеруге оқу үрдісін жекелендіруге білім деңгейін саралауға 
бағытталған жүйе.  
         Модульді  оқыту  жүйесі  ТМД  елдерінде  ең  алғаш  рет  енгізілді.  Модульді  зерттеп, 
оқу үрдісіне енгізудің ғылыми мектебінің негізін салған ғалым – П.Юцяевич. Ғалымның 
«Теорические  основы  модульного  обучения»  атты  ғылыми  еңбегі  модульді  оқытудың 
методологиялық негізін салуда, принциптерін айқындауда, теориялық және практикалық 
мәнін  көрсетуде,  оқытуды  ұйымдастыруда  ең  алғаш  пікір  білдірген  ғалым  болып 
саналады.  
         Модульді  оқыту  әдісі  –  ойын  түрлері  арқылы  баланың  қиялын  дамыту,  зейінін 
тәрбиелеу,  халықтық  педагогикамен  қаруландыру,  терең  білім  беру.  Сөз  құдіреті: 
автордың  сөз  қолданысы  арқылы  көркем  сөздің  сұлулығы,  сезімге  әсері;  сөз  қасиетін 
қабылдаған  адамның  сөйлеу  тілі.  Сөйлеуші  сөйлеудің  мазмұны  мен  формасын 
ажыратады.  Сөйлеуші  ойдың  эстетикасына  яғни  ойдың  ашық  болуы,  көңілге  қонымды 
болуы,  сөздік  қорына,  сөз  бен  ойдың  жүйелілігіне,  дауыстың  тембіріне,  сөйлеу  тіліне 
мән беруі тиіс.  
         Көңіл бөліп дұрыс сөйлей білу нормативін білу керек. Сөйлеуші қабылдаған білімін 
шығармашылықпен ой түйіндеп жеткізуде эмоциялық сезімге бойлап, ой эстетикасының 
жоғарғы сатысында әсерлі сезімде болады. Ол сатыға жеткізуші дәнекер- ойдың модулі.  
Модульді оқыту үш кезеңнен тұрады: 
1.  Кіріспе  бөлімінде  оқыту  іс-әрекеті:  оқытудың  міндеттерін  белгілеу,  проблемалық 
ситуация тудыру, оқу іс-әрекетіне студенттің дайындығы, жүйелі жоспар. 
 2. Диалог - оқытушы мен студенттің диалогы. Диалог бөлімін құруда оқу материалының 
өсу бағытымен жеңілден күрделіге қарай жүйелі түрде шығармашылық тапсырмалардың 
берілуі  студент  тұлғасын  дамытуға  жағымды  ететініне  зерттеу  нәтижелері  мен 
эксперимент қорытындылары көз жеткізді.  
3.  Қорытынды  –  сынақ,  тест.  Қорыту  кезеңіндегі  диагностиканың  қорыту  мәліметтері 
модульдік оқыту технологиясы бойынша мақсатты түрде бағытталған жұмыс нәтижесі. 
Модульді оқыту технологиясының компоненттері. 
1.Оқыту  қызметінің  барлық  кезендерінде  оны  күшейтуге,  қарқындатуға  мүмкіндік 
беретін модульдерді бірізділікпен жүзеге асыру. 
2.Іскерлік білім білік пен дағдыларды қалыптастыру. 
3.Қосыша әдебиетті дұрыс пайдалану. 
4.Бақылауды студентлардың өзін-өзі бақылауымен ұштастыру.  
Студенттердің бойында қасиет пен қабілет қалыптасу үшін оқу үрдісінде оқытудың 
жаңа  нысандарын,  жаңа  технологияларды  енгізу  қажеттігі  туып  отыр.  Осындай  нысан- 
оқытуды  модульге  құру,  соның  негізінде  модульді  оқыту.  Модульмен  оқыту  –  жеке 
бағдар, жеке нысана. Әр студенттің жеке басының дамуына, кәсібі біліктілігін көтеруге, 
оқу үрдісін жекелендіруге, білім деңгейін саралауға бағытталған оқыту жүйесі.  
Модульді оқыту 1960 жылдардың аяғына қарай шет елдерде дәстүрлі оқытудың бір 
нұсқасы,  бағыты  ретінде  пайда  болды.  Американ  ғалымы  J.N.Postltehwait  оқу 
материалының  мазмұны  аз  единицамен,  дербес  тақырыптармен  беруді  ұсынады. 
Алғашында  ғалым  бұл  единицаны  «микрокурс»,  кейіннен  «миникурс»  деп  атады.  Бұл 
курстардың  мазмұны  мен  көлемі  пәнді  оқытудың  дидактикалық  мақсатымен 
анықталады. Оқытудың жаңа үрдісі педагогтік тәжірибеге ене келе «модуль», «модульді 
оқыту» болып қалыптасады.  
Модульді  оқытудың  негізін  салушылардың  бірі  американ  ғалымы  Д.Руссел  мұны 
оқу мазмұны модульдің дидактикалық мақсатына сай құрастырылуы дегенді айтады.    
Модульді оқыту әдісін ең алғаш зерттеген ғалым-педагогика ғылымының кандидаты - М. 
Жанпейісова. Оның «Технология модульного обучения» атты еңбегі жарық көрді. 

54 
 
Модульдік  оқытудың  қазіргі  уақыттағы  дамуында  педагогикалық  жүйенің  ықпалы 
басым.  Оқыту  үрдісіне  жүйелік  ету  мағынасында  жасау  мүмкіндігін  қамтамасыз  ету 
мағынасында  модульдерден  құрастырылған  жүйе  болатын  мақсатты  модульдік  пайда 
болды.  Екінші  жағынан  модульдік  оқыту  қазіргі  кезде  педагогикалық  ғылымның 
алдында тұрған міндеттерді ең қолайлы жинақы түрде шешу үшін алғы шарт жасайтын 
жүйе бола тұра оқытудың жаңа бағытын белгілейтін бір жолы болып табылады. Жоғары 
оқу  орындарының  оқытудың  модульдік  бағдарламаларын  құрастыру  мүмкіндіктерін 
жете зерттеулерде біз мынадай ұстанымдарды назарда ұстаймыз: 
-
 
модульдегі оқу материалдарының толықтығы; 
-
 
модуль элементтерінің біршама дербестігі; 
-
 
кері байланыстың іске асуы; 
-
 
ақпаратты және әдістемелік матиериалды үйлесімді жеткізе білу.  
Жоғары  оқу  орны  жағдайларында  модульдерді  жекелеген  парақтардан  құрастыру 
пайдасыз,  өйткені  бұл  кітпаханаға  қиындық  туғызып  немесе  модуль  материалдарының 
жоғалуына әсер етуі мүмкін. Сондықтан модульдік бағдарламаларды жекелеген кітапша 
– буклеттерден тұратын модульдер түрінде басып шығарған дұрыс. Студенттер өздеріне 
керексіз кейбір модульдердің элементтерін босата алады.  
Модульдік 
оқыту 
технологиясын 
жаңартып 
отыру 
кез-келген 
оқу 
материалдарының  өзгеруі  сияқты  жаңа  міндеттерге,  педагогикалық  талаптарға,  уақыт 
талабына сай келешегі зор идеяларға сай келуі қажет.  
 
Н.Оразбаеваның,  Ф.Оразбаеваның,  Қ.Жақсылықованың  еңбектеріне  сүйене 
отырып «модульмен оқыту дегеніміз- қазақ тілінде өзара тілдік қатынасқа түсу дағдысы 
мен іскерлігін сапалы қалыптастыру мақсатында жұмсалатын оқытушы мен студенттің, 
студент  пен  студенттің,  оқытушы  мен  оқу  тобының  жасырын  ішкі  күші  мен  бірлескен 
әрекетінің  белсенділігін  арттыру  негізінде  тілді  сапалы  оқыту  жүйесі»-  деген 
анықтамасын  қабылдаймыз.  Осы  анықтама  бойынша  ол-  екі  жақты  сұрыпталған  және 
дидактикалық  тұрғыда  өнделген  оқыту  мазмұны  бірлігін  сапалы  игеруді  көздейтін 
әдістемелік жүйе.   
Модульді 
оқыту 
технологиясын 
жаңартып 
отыру 
кез 
келген 
оқу 
материалдарының  өзгеруі  сияқты  жаңа  міндеттерге,  педагогикалық  талаптарға,  уақыт 
талабына сай келешегі зор идеяларға сай келуі керек.  
Әдебиеттер тізімі 
1. Қабдықаиров Қ, Қараев Ж. Қазіргі оқыту технологиясы. – Алматы, 2000. 
2.Селевко В.Е. Образовательное технологии. –Алматы, 2000 
3.Кларин М.В. Инновации в мировой педагогике. – Рига, НПЦ Эксперимент, 1996. 176с. 
4.Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения. –Актөбе, 2000 
5.Т.Тұрағұл.  Жаңа  педагогикалық  ақпараттық  технологияларға  бет  бұрсақ  //  Қазақ 
тарихы №4, 2003 
6.А.Қайдарова. Инновациялық тәжірибе ерекшеліктері // Қазақстан мектебі №1, 2005 
 
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК МӘДЕНИЕТІН БАҒАЛАУ 
ДИАГНОСТИКАСЫ 
 
ЖАКЕЕВА Ж.Ж. 
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «6М10300 – 
Педагогика және психология» мамандығының 2 курс магистранты 
Ғылыми жетекшісі: БҰЛАҚБАЕВА М.К. 
пед.ғ.к., профессор 
 
Дарынды балаларды анықтау  – нақты бір баланың дамуын талдауға  байланысты 
ұзақ мерзімді процесс. Дарындылықты бір реттік тестілеу процедурасымен анықтай салу 

55 
 
мүмкін  емес.  Сондықтан  да  дарынды  баланы  бір  сәтте  таңдаудың  орнына  оны  арнайы 
бағдарламамен оқытуда (қосымша білім беру жүйесінде), немесе дербестендірілген білім 
беруде  (жалпы  білім  беретін  мектеп  жағдайында)  біртіндеп,  кезең-кезеңімен  анықтауға 
күш жұмсау керек.  
Психометрикалық 
тесттер 
дарынды 
балаларды 
идентификациялау 
бағдарламасының аясында қосымша ақпарат көздерінің бірі ретінде қолданылады. Бірақ 
ол  да  баланы  «дарынды»  немесе  «дарынды  емес»  деп  шешім  шығарудың  жалғыз 
критерийі емес.   
Дарынды 
балаларды 
анықтау 
мақсатында 
қолданылатын 
психология-
педагогикалық мониторинг бірқатар талаптарға жауап беруі керек:  
1)  баланың  бейімділіктерінің  кең  спектрін  қамтуға  және  ақпараттың  түрлі 
көздерін  қолдануға  мүмкіндік  беретін  оның  мінез-құлқы  мен  әрекетін  жан-жақты 
бағалаудың кешенді сипаты;  
2) идентификациялау процесінің ұзақтығы;  
3)  баланың  бейімділіктері  мен  қызығушылықтарына  барынша  сәйкес  келетін 
әрекет саласындағы мінез-құлқына талдау;  
4)  балалар  әрекетінің  өніміне  (суреттер,  өлеңдер,  техникалық  модельдер, 
математикалық  есептерді  шешу  тәсілдері  және  т.б.)  сарапшыларды  (белгілі  бір  пән 
саласы  бойынша  жоғары  білікті  мамандар  –  математик,  шахматист,  филолог,  инженер, 
т.б.) тарта отырып, сараптамалық баға бергізу;  
5)  баланың  дарындылық  белгісін  анықтауда    оның  психикалық  дамуының 
актуалдық  деңгейі  ғана  емес,  оның  жақын  даму  аймағын  да  ескеру  керек.  Ерекше 
бағдарламамен  проблемалық  сабақтар  өткізу,  баланың  психологиялық  «кедергіден» 
өтуіне игі ықпал ететін тренинг әдістерін қолдану тиімді; 
 6)  нақты  бір  баланың  өзіндік  ерекшелігі  мен  дарындылық  түріне  сәйкес 
таңдалатын көптеген психодиагностикалық процедураларды қолдану арқылы тексерудің 
көпкезеңділігі;  
7)  диагностикалық  тексеруді  шынайы  өмірлік  жағдаят  жағдайында,  табиғи 
экспериментке ұқсас формада жүргізу;  
8)  зерттеушілік  әрекетті  модельдейтін  және  балаға  барынша  әрекет  еркіндігін 
беретін пәндік жағдаятты қолдану;  
9) балалар мен жасөспірімдердің пәндік олимпиадалардағы, конференциялардағы, 
спорттық  жарыстардағы,  шығармашылық  байқау,  фестивальдардағы  жетістіктерін 
талдау;  
10)  психодиагностиканың  экологиялық  валидті  әдістерін  –  баланың  шынайы 
жағдаяттағы  шынайы  мінез-құлқын  бағалауға  мүмкіндік  беретін  -  әрекет  нәтижесін 
талдау, бақылау, әңгімелесу, ата-аналар мен мұғалімдердің сараптамалық бағасын  тірек 
ету;    
Дегенмен  дарындылықты  анықтаудың  кешенді  амалы  да  қателіктерден  толық 
арылта алмайды.  
Дарынды балаларды анықтауда дифференциялау қажет:  
а) берілген жас ерекшелігі кезеңінде қол жеткізілген, дарындылықты дамытудың 
өзекті (актуальды) деңгейі;  
б)  әрекеттің  сан  түрінде  жүзеге  асырумен  байланысты  болатын  дарындылықтың 
нақты байқалуының ерекшеліктері;  
в)  баланың дамытылуы тиіс әлеуеттік мүмкіндіктері. 
Дарындылықты  анықтауда  сан  түрлі  әдістер  мен  тәсілдер  қолданылады.  Оқушы 
бойындағы  дарындылықты  анықтау  үшін  психологиялық  диагностикалар,  (әдістемелер 
тесттер, сауалнамалар, эксперимент зерттеуі) т.б.қажет.  
Дарындылық  диагностикасы  балалардың  қабілеттілігін  бағалауға  негіз  бола 
отырып,  оларды  саралауға  мүмкіндік  беретін  қызметті  атқарады.  Сондықтан  балалар  

56 
 
дарындылығының  диагностикасында  әдістерді  таңдау  мен  қолдануда  педагогикалық 
жағынан  аса  мұқият  болған  жөн.  Диагностика  үрдісін  жүзеге  асырушы  педагогтар  мен 
психологтарға  ғылыми  Ұстанымдартерді  жетекшілікке  алып,  балалар  дарындылығын 
бағалау құралдарын өте мұқият таңдау қажет. Біздің бала қабілеттілігін диагностикалау 
жұмысымыз  оның  ішкі  қабілеттілігін  бағалауға  арналған.  Кейде  біз,  баланы  дарынсыз 
дей отыра, оның бүкіл психикасын мүгедек етуімізде мүмкін.  
Педагогикалық  зерттеулерде  ғылыми-зерттеушілік  сипаттағы  тапсырмалардың 
қолдану  аймағына  талдау  жасауға  үлкен  орын  берілуде  және  оны  оқу  үрдісінің  түрлі 
бөлімдерінде қолданудың әдістемесі де жетілдірілуде. Зерттеу жүргізуге педагогикалық 
жетекшілік  ету  мен  оқушылардың  өз  бетінше  қызметінің  қатынасы  туралы  мәселе 
қойылып  отыр.  Қазіргі  кезде  ғалымдар  өз  бетінше  ғылыми-зерттеушілік  жұмысты 
кеңінен  қолданбайынша  оқушыларды  терең,  берік  игерілген  білімдер  мен  дағдыларды 
қалыптастыру мүмкін емес екендігін мақұлдап отыр.  
Сөйтіп  оқыту  үрдісінде  ғылыми-зерттеушілік  және  шығармашылық  әрекеттерін 
ұйымдастыру мынандай жағдайларда орын алады:  
1) оқушылардың оқу-зерттеу жүргізуіне жетекшілік етуге мұғалім дайын болса;  
2) оқушылардың өз бетінше зерттеу жүргізуге икемділігі болса;  
3) ғылыми-зерттеушілік тапсырмалардың анық жүйесі бар болса. 
А.Савенков дарынды балаларды анықтаудың келесі ұстанымдарын ұсынды: 
1.  Кешенді бағалау ұстанымдары.  
Баланы зерттеу жан-жақты және кешенді болуы керек. Баланың интеллектуалдық 
қабілеттілігінің 
даму 
деңгейінен 
басқа 
психо-физикалық 
қасиеттері 
мен 
құбылыстарының  мүмкіндігінше  кең  аймағын  зерттеуіміз  қажет.  Зерттеуші  үшін 
баланың  шығармашылық  қабілеттілігінің  дәрежесін,  психо-әлеуметтік  және  физикалық 
даму деңгейін зерттеу маңызды бола бастайды.  
Кешендік  бағалау  ұстанымдарына  тікелей  қатынасы  бар  бағалаудың  сапалы 
жақтарында  есте  ұстау  қажет.  Бұл  арада  бала  психикасының  құрылымындағы  жеке 
функциялары  мен  қабілеттерінің  даму  деңгейінің  сәйкестілігін  анықтау  туралы  сөз 
болып отыр.  
2.     Ұзақ мерзімдік ұстанымдар.  
Балалар  дарындылығының  деңгейін  анықтау  мақсатында  жүргізілетін 
диагностикалық  зерттеулердің  бір  уақыттық  шара  болуы  мүмкін  емес.  Бұлай  жасауға 
осы  мәселенің  теориялық  жағынан  қарастырылу  деңгейі  ғана  емес,сонымен  қатар  осы 
үрдістің әдістемелік жағынан қамтамасыз етілу деңгейінде мүмкіндік бермейді.  
3.     Тренингтік әдістер мен тапсырмаларды қолдану ұстанымдары.  
Бір  реткі  зерттеуге  арналған  кәдімгі  диагностикалық  әдістемелердің  кемшілігіне 
баладан арнайы стандартты тапсырмалар арнасын шешуді талап ету және оның нәтижесі 
бойынша  бағалау  жатады.  Сонымен  қатар,бір  реткі  тапсырмалар  бір  уақыттық 
диагностиканың  қызметін  атқарады,  олар  кейбір  жағдайларда  балаларда  табиғи 
стресстен туған қателіктердің алдын алуға да мүмкіндік бермейді.  
Тренингтік  әдістемелер  диагностиканың  мақсатын  өзгертуге,  яғни  оларды  ең 
әуелі  бала  қабілеттілігін  коррекциялау  мен  дамытуға  бағыттауға  мүмкіндік  жасайды. 
Тренингтік әдістемелерді қолдана отырып, ұзақ мерзімдік диагностиканы жүзеге асыруға 
сол  арқылы  бір  реттік  зерттеуде  міндетті  түрде  болатын  кейбір  психологиялық 
бөгеттерді  шектеу  мүмкін  болады.  Тренингтің  көмегімен  ұзақ  зерттеуге  алынған  бала 
біртіндеп қысымнан құтыла отырып, өзінің табиғи қабілетін көрсете бастайды.  
4.     Баланың әлеуеттік мүмкіндіктерін ескеру ұстанымдары.  
Көптеген  мамандар  баланың  дарындылық  деңгейін  бағалауда  қанша  актуальды 
жағын бағаласақ, сонша потенциалдық мүмкіндігін бағалау керек дегенді айтады. Бұдан 
басқа, педагогикалық және әлеуметтік жағынан баланың сол сәттегі істегені  емес, одан 
болашақта не күтуге болады сол маңыздырақ болады.  

57 
 
5.     Диагностикалық экологиялық әдістерді тірек ету ұстанымдары.  
Экологиялық  әдістерді  баланың  жасанды,  зетханалық  жағдайда  емес  кәдімгі 
жағдайдағы  мінез-құлқы  мен  іс-әрекетін  бағалау  әдістері  жатады.  Дегенмен,  бұл  арада 
біздің мүмкіндіктеріміздің шектелетінін ұмытпау керек.  
6.     Әр түрлі мамандардың қатысу ұстанымдары.  
Диагностикалық  зерттеулерде  психологтардан  басқа  педагогтар,  физиологтар, 
ата-аналар  және  балалар  қатысуы  қажет.  Балалар  тек  зерттелуші  арналған  арнайы 
өңделген,  әдістемелік  құралдары  болуы  керек.  Тек  осы  мәліметтерді  қатар  қойып 
салыстыру ғана шынайы көріністі бере алады.  
7.     Балалардың өз дарындылығын бағалауға қатысу ұстанымдары.  
Жалпы  балалар  психодиагностикалық  жұмыстарға  зерттелуші  рөлінде  ғана 
қатысады. Әйтседе дарындылықты объективті бағалау үшін баланың өз мүмкіндіктерін 
өзі  бағалауын  ескерудің  маңызы  өте  зор  болмақ.  Балалар  дарындылығының 
диагностиалық  үрдісін  фундаментальдық  идеялар  ретінде  жоғарыда  аталған 
ұстанымдарды басшылыққа алып, келесі ретпен жүзеге асыруға болады:  
Ұйымдастыру деңгейі.  
Алдын-ала 
ізденіскезеңі. 
Осы 
кезеңдегі 
жұмыстыңмәніне 
бала 
туралыалғашқымәліметтердіжинастыружатады. 
Ақпаратты 
тасымалдаушыларғаәртүрлідеректержатадымәселен, 
ата-аналар, 
дәрігерлер, 
психологтар, педагогтаржәнебалалардың өздері.  
Ата-аналарүшінкелесіәдістемелерқолданылады: 
«дарындылықкартасы», 
«интеллектуалдық портрет» және т.б.  
Мұғалімдерүшінбаланыңбейімділігінанықтауғаарналғанәдістемелер:«оқушылард
ыңқызығушылығыныңкартасы», «интеллектуалдық портрет».  
Практикалықпсихологтаринтеллектуалдық 
даму 
деңгейінанықтау 
(Д.Венслер,Дж.Равен), 
шығармашылықойлаудыбағалау 
(Е.П.Торренстің, 
Дж.Пилфордтыңтесттері)  шығармашылықойлаудыңқысқа  тұлғаның  бағыттылығын 
анықтаудың 
дәстүрліәдістемелерінқолданаотырып, 
баланыңпсихикалықерекшеліктерініңжалпысипаттамасынұсынады.  
Медициналыққұжаттар 
мен 
мектепдәрігерлерініңбайқауынажалпытаңдаужасаунегізіндебаланыңфизикалық 
даму 
аймағызерттеледі. 
Балалардың 
өзініңдарындылығынанықтаудиагностикасынақатысуыолардыңтесттіктапсырмалардыор
ындауыменанықталады.  
Бағалаушылық - коррекциялық кезең.  
Бұлкезеңдиагностикалықкестедеізденіскезеңіндеалынғанақпараттардынақтылау 
мен 
бекітугебағытталған. 
Осы 
кезеңбарысындапедагогикалықіс-
әрекетбірреттікзерттеуменарнайыбағдарламабойыншасабаққаауысады. 
Оларпродуктивтіойлаудыпсихо-әлеуметтік  аймақты  физикалық  мәліметтерді  дамытуға 
бағытталған.  
Бала 
туралыалынғанақпараттынегізділігі 
мен 
дәлелділігіне 
қарай 
осы 
кезеңбарысындажүйелітүрдекеңтанымалпсиходиагностикалықәдістемелердіқолданаотыр
ып, 
балалардыжекежәнеұжымдықзерттеужүргізіледі. 
Бұл 
жұмыстыңжүйелілігі, 
ұзақмерзімділігі 
бала 
туралыалынғанақпараттардыңдәлелділігініңқосымшакепіліқызметіндеатқарады.  
Өзін бағалау кезеңі.  
Бұл  кезеңде  балаға  өздігінен  қосымша  сабақтардытаңдауқұқығыберіледі. 
Баланыңешзорлықсызқосымшасабақтардыжалғастыруғадегенниетідарындылықтыңеңма
ңыздыкөрсеткіштерініңбіріболыптабылады. 
Жоғарыинтеллектуалдықжүктемелергедегенбейімділіктіңбайқалуынкөптегенғалымдарда
рындыбаланыңереғкшеқасиеттерініңбірідепесептейді. 
Бала 
сабақты 
әрі 
қарай 

58 
 
жалғастырудыөздігінентаңдайотыра, 
өзіүшінқосымшаинтеллектуалдықжүктемелердіңқажетекендігітуралысұрақтышешеалад
ы. Осылайша, олөзініңдарындылығын бағалауға қатысады.  
4.     Қорытындыіріктеукезеңі.  
Жұмысбарысындағыақпаратдеректеріненалынғанмәліметтердінегізгеалып, 
балалардыңқосымшасабақтарға 
қатысуы 
мен 
оның 
нәтижесін 
таңдау 
арқылыәрбаланыңдамуынаболжамжасалады.  
Жоғарыдааталғанбалалардарындылығындиагностикалаудыңұстанымдарына 
сүйенеотырып, 
бізбалаларерекшелігінзерттеугенақтыәдістемелерұсынамыз.Ұсынылғанәдістемелер  6-9 
жастағы балаларды зерттеуге арналған. Сонымен қатар, авторлар бұрынғы бар тесттерді 
қолданбайтынын айта кету керек. Балалардарындылығын зерттеуге арналған стандарты 
тестер қазіргі ғылыми әдебиеттерде жан-жақты берілген. 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 
1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. – Астана, 2007. – 336 б. 
2.  Выготский Л.С. Проблемы развития психики //Сборник соч. – М.: Педагогика, 
1983. – т. 3. 
3. Дистервег А. Избранные педагогические сочинения. – М.: Учпедгиз, 1956. – 370 
с. 
4.  Бұлақбаева  М.К.  Жоғары  білім  беру  жүйесіндегі  шығармашылық  әлеует 
/Монография. – Алматы, 2010. - 248 б. 
5. Әмірова Ә.С. Шығармашылық іс-әрекеттің теориялық негіздері /Монография. – 
Алматы, 2008. – 301 б. 
6. Туғанбаева Б.А. Ұстаздық шығармашылық /Монография. – Алматы, 2010. – 189 
б. 
 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ 
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫН 
ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
ЖАКЕНОВА Ж.Т. 
 «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығының 2 курс магистранты
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды қ. 
Ғылыми жетекшіcі: БЕЛГІБАЕВА Г.Қ. 
п.ғ.к, доцент, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды қ. 
 
Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру ең алдымен, оқыту процесінде 
жүзеге асырылады. Заманауи педагогикада оқыту процесі оқушыны білмегеннен білуге 
және  мұғаліммен  бірлесе  отырып  сәйкес  ептілік  пен  дағдыға  үйрету,  оқыту  ретінде 
қарастырылады.  Оқыту  процесі  әртүрлі  педагогикалық  технологиялар  негізінде,  яғни, 
осы  процесті  едәуір  тиімді  де  нәтижелі  ететін  оқушы  мен  мұғалімнің  күш-жігерін, 
уақытын,  денсаулығын  жұмсаудағы  әдістер  мен  тәсілдердің  жиынтығы  негізінде 
құрылады. 
Біздің көзқарасымыз бойынша салауатты өмір салтын дәріптеу туралы сөз болғанда 
ең  алдымен  денсаулық  сақтау  технологиясы  туралы  айтылуы  керек.  Әдебиеттердегі 
талдау, шолудан байқағанымыз оқу құралдарында осындай ұғым анық көрсетілген, оқу 
материалы педагогикалық процестің ерекшеліктерімен ұштастырылған. 
Мектепке  дейінгі  білімде  баға  жетпес  гигиеналық  тәрбиенің  тәжірбиесі  мол 
болғанымен, қазіргі заманға сай баланың денсаулығының нашарлап, әлеуметтік жағдай 
баланың  дұрыс  өмір  сүру  бейнесін  қалыптастыруда  жаңа  қарым-қатынасты  меңзейді. 
Ұлттық денсаулық сақтау ұйымында баланың салауатты өмір салтына тәрбиелеу негізгі 

59 
 
міндеттердің  бірі  болып  саналады.  Мектепке  дейінгі  ұйымның  оқу-тәрбие  процесін 
денсаулық сақтау тұрғысынан ұйымдастыру мектеп жасына дейінгі балада денсаулықты 
сақтау мен нығайтуға тұрақты сұранысты тудырады. 
Қоғамдық  тәрбие  берудің  жалпы  формасы  болып  мектепке  дейінгі  білім  беру 
мекемелері  табылады,  себебі  балалар  уақыттарының  70-80%  осы  мекемеде  өткізеді, 
сондықтан мектепке дейінгі балалардың денсаулығын сақтау бойынша іс-шараларды осы 
мекемелерде өткізген жөн болып есептеледі 
Бүгінгі  мектепке  дейінгі  ұйымның  мақсаты  –  мектеп  жасына  дейінгі  баланы  жан-
жақты дамыту. Мектеп жасына дейінгі баланың мектепке дейінгі ұйымда алған алғашқы 
қарапайым  түсініктері  -  оның  болашақ  өміріне  қажетті,  қолданылатын  білім  болуы 
қажет.  Бұл  мақсатқа  мектеп  жасына  дейінгі  бала  мен  педагог  денсаулығын  көздейтін 
оқу-тәрбие  процесін  ұйымдастырудың  әдіс-тәсілдерін  жинақтаған  денсаулық  сақтау 
педагогикалық  технологиясы  арқылы  жете  алады.  Педагог  педагогиканың  соңғы 
жаңалықтарын  біле  отырып,  бала,  ата-ана,  медицина  қызметкерлері  мен  өз 
әріптестерімен  бірлесе  отырып,  өз  жұмысын  барлық  педагогикалық  процестің 
қатысушылары денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағыттап жоспарлайды. 
Мектепке дейінгі жас – ерекше маңызды және жауапкершілікті талап ететін кезең, 
бұл  кезеңде  организмнің  жүйелерінің  қызметінде  көптеген  өзгерістер  болып  жатады. 
Мектепке  дейінгі  баланың  ағзасының  иілгіштігі  және  өзгергіштігі  (лабильділігі) 
қоршаған ортаның факторларының әсеріне аса сезімтал болатынын анықтайды.  
Баланың  денсаулығының  жағдайы  әлеуметтік-гигиеналық,  медико-биологиялық 
және экологиялық факторлардың әсеріне тікелей байланысты болады.  
Қазіргі  кездегі  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  денсаулығының  жағдайы 
морфофункционалдық  ауытқудың  (76%-ға  дейін)  жиі  кездесуімен  сипатталады.  Оның 
бастылары  тірек-қимыл  аппаратының,  өкпе  және  жүрек-тамыр,  нерв  жүйесінің,  ас 
қорыту  органдарының  бұзылуы,  аллергиялық  құбылыстардың  болуы  болып  табылады. 
[1,2] 
Денсаулық сақтау технологиясын пайдаланудың қызметтерін кешенді жүзеге асыру 
оны  сауатты  ұйымдастыра  білуге  байланысты.  Ол  педагогтың  келесі  педагогикалық 
әрекеттерінен тұрады: диагностика мақсаткерлік, жоспарлау, жобалау, басқару, бақылау, 
талдаудан тұрады. [3,4] 
Денсаулық сақтау технологияларын құрайтын әртүрлі сауықтыру іс-шараларының 
бала денсаулығына позитивті әсерінің тиімділігі әдіс-тәсілдердің сапасымен емес, оның 
қаншалықты 
сауатты 
жалпы 
жүйеге 
келтірілгендігі, 
бала 
денсаулығына 
бағытталғандығы, тиімділігімен анықталады. 
Балалар  үшін  ересектер  –  олардың  ата-аналары  мен  педагогтардың  әрекеті, 
педагогикалық  іс-шаралардың  жүйелігі  мен  тұтастығы  үлкен  әсер  етеді.  Сол  себепті 
денсаулық сақтау технологиясын пайдалану келесі бағытта жүргізілуі қажет: балалармен 
жұмыс, ата-аналармен жұмыс, қоғаммен жұмыс. 
Сондықтан да бірінші кезекте тәрбиеші мен ата-аналар – баланың қызығушылығы 
мен  жас  ерекшеліктерін  ескеріп,  оның  рухани  және  физикалық  еркін  дамуына  жағдай 
жасау, қорғау қажет. Тәрбиеші барлық балалардың физикалық дамуы туралы білу керек, 
ал  ата-ана  мен  балалар  өз  денсаулығындағы  күдікті  жағдайлар  болса  ол  туралы 
жасырмай айту қажет. 
Баланың  денсаулығын  сақтау  мен  нығайту  бағытындағы  жұмыстарының    келесі 
стратегияларын бір-біріне сәйкес жүргізу керек: 
Дәстүрлі 
стратегия.Мұнда 
негізгі 
міндетті 
медициналық-гигиеналық 
технологиялар  негізінде  дәрігерлер  шешеді,  ал  педагогтар  олардың  тек  шешімдері  мен 
нұсқауларын орындайды. Бірақ қазіргі қоғамның адамы денсаулығына зиянды әсері мен 
денсаулық сақтау мекемелерінің қаржылық мүмкіндіктерінің төмендігі аса нәтиже бере 
қоймайды. 

60 
 
Нүктелік  стратегияжұмыстың  жүргізіліп  жатқандығынан  әсер  беретін  жеке 
әрекеттер, шешімдер, іс-шаралар. Бұған балабақшада фитобарларды ашу, психологиялық 
жүктемені  азайту  бөлмесі,  бірнеше  стендтер,  "Денсаулық  күні"  мен  "Денсаулық 
мерекесін" өткізу, салауаттану факультатив сабағын енгізу, т.б.  
Балабақшаның денсаулық сақтау кеңестігін қалыптастыру стратегиясы.Ол үшін 
балабақша бірнеше қадамнан тұратын жұмысты жүргізу керек. 
1-қадам.  Бұл  жобамен  жұмыс  істеуге  байланысты  құрамына  тәрбиешілер, 
мамандар, ғылыми ұйымдар өкілдері, ата-аналар кіретін жұмыс тобын құру . 
2-қадам. Жобаны құрау: мақсатын анықтау, міндеттері мен қолдағы қорды бағалау 
(материалдық-қаржылық, кадр құрамы, ұйымдастырушылық, ақпараттық) 
3-қадам.  Жобаны  жүзеге  асыру  үшін  қосымша  ресурстар  қарастыру  және 
қамтамасыз ету. Ғылыми орталықтармен серіктесіп жасау келісім шарттарын жасау, ата-
аналар комитетінің, педагог, демеушілік мүмкіндіктерін белсенді ету. 
4-қадам.  Жобаның  жұмыс  нұсқасын  жасау  және  жергілікті  жағдайды  ескере 
отырып, кезеңімен жүзеге асыру жоспарын жасау. Жобаға қатысушылардың міндеттері 
мен жауапты бағыттарды бөліп беру. 
5-қадам.  Бала  денсаулық  жағдайы  мен  денсаулыққа  зиянды  әсер  ететін 
факторларды  диагностикалау  бағдарламасын  жасау.  Баланың  жеке  көрсеткіштері 
картасын құрастыру. 
6-қадам.  Балалардың  денсаулық  жағдайы  нәтижесі  мен  патогенді  факторлар 
құрылымына  талдау  жасау.  Келесі  кезеңде  балабақшаның  жұмысын  жоспарлау  мен 
түзетуде алынған нәтижелерді ескеру. [5,6,7,8] 
Осы  стратегияларды  жүргізу  барысында  1-і  кестеде  көрсетілген  бағдарламаны 
қолдануды ұсынамыз. [9] 
 
Кесте 1. Қазіргі денсаулық сақтау технологияларының бағдарламасы 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет