Практикалық онлайн-конференция материалдары материалы международной научно-практической онлайн конференции



Pdf көрінісі
бет20/67
Дата24.03.2017
өлшемі6,56 Mb.
#10133
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   67

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1. Қазақстан Республикасының « Білім туралы » Заңы. Алматы 2008 6-б  

2.  Н.Ә.  Назарбаев  «Қазақстан  халқына  Жолдауы».  Елбасының  «Қазақстан  жолы»  –  2050   

Астана 2014 ж 

3. Қ.Р « Білім туралы» Заңы. Астана 2707 2007 № 319 –III. 

4.  Қ.Ж.  Бұзаубақова.  «Мұғалімнің  инновациялық  даярлығын  қалыптастыру».  Алматы. 

Жазушы 2006,258 – б 

5. Қ.Р. «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы». 

 

 

САПАЛЫ БІЛІМ-ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ 

ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ 

 

Шампиева Гульнар Айдаровна 

Мақтарал аграрлық колледжі 

ОҚО, Мақтаарал ауданы 

 

«Біз «білім-ғылым инновациялар» 

үштігі билеген постиндустриялық 

әлемге қарай жылжып келеміз» 

Н.Ә.Назарбаев 

 

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  Қазақстанның  болашағын  «Мәңгілік  ел»  идеясымен 

байланыстырғанда,  алдыңғы  орындардың  біріне  ұлттың  тарихи  санасын  қояды.  Ұлттың 

тарихи жады неғұрлым терең, тарихи санасының тамыры терең, тарихи санасының тамыры  

неғұрлым  берік  болған  сайын  әрбір  адамның  да,  қоғамның  да  рухани  әлемі  кең  әрі  таза 

болады. Бүгінгіні танып, болашақты барлау үшін өткенді білу қажет. 



133


 ~ 

 

«XXI  ғасырда  білімін  дамыта  алмаған  елдің  тығырыққа  тірелері  анық.  Біз 



болашақтың  жоғары  технологиялық  және  ғылыми  қамтымды  өндірістері  үшін  кадрлар 

қорын  жасақтауымыз  қажет.  Осы  заманғы  білім  беру  жүйесінсіз  әрі  алысты  барлап,  кең 

ауқымда  ойлай  білетін  осы  заманғы  басқарушыларсыз  біз  инновациялық  экономика  құра 

алмаймыз.  Демек,  барлық    деңгейдегі  техникалық  және  кәсіптік  білім  беруді  дамытуға 

бағытталған  тиісті  шаралар  қолдануымыз  шарт»  [1].  Президент  Н.Назарбаевтың    осы 

тапсырмасын  ұстанған  еліміздің  білім  саясаты  әлемдік  аренадан  өз  орнын  нақтылануда. 

Себебі, білімді де білікті маман-кадрлар экономиканы қарқынды дамытуда маңызды ресурс 

болып  табылады.  Қазіргі  кезде  адам  ресурсы  жоғары  дамыған  мемлекеттердің 

инновациялық  дамуы  соған  негізделген.  Сол  себепті,  әлемдік  білім  кеңестігінде,  соның 

ішінде  жоғарғы  және  техникалық  және  кәсіби  білім  беру  жүйесінде  идеялардың 

бәсекелестігі барған сайын күшейе түскені анық. 

Мемлекетіміздің  даму  стратегиясындағы  инновациялық  бағыт-бұл  ұрпақ  үлесін 

ғасырлар қойнауына апаратын сара жол. 

Инновация  дегеніміз-жаңалықтарды  іске  асыра  отырып,  жасалынып  жатқан 

үдірістер  мен  өнімдердің  сапасын  арттырып,  олардың  нарық  үшін  бәсекеге  қабілетті  ету 

болып табылады. 

Елбасының    инновациялық  ой-пікірлері  мен  қағида-  ұстанымдары  басшылыққа 

алынып, еліміздің білім беру жүйесін жаңаша құрып, жаңа бағытта дамытып, жетілдіруде 

жасалған    алғашқы  қадамдар,  өзгерістер  мен  жаңалықтар,  білім  беруге  қатысты 

реформалар, жаңа технологияларды енгізудің нәтижелері бүгін өз жемісін беруде. Сөйтіп, 

осы  инновациялар  қазақстандық  қауымның  тәуелсіз  даму  кезеңінің  тарихи  шындығына  

айналуда.  Сондықтан  да,  қазіргі  Қазақстанның  әлемдік  қауымдастыққа  ену  үдерісін  

зерделеуде  білім  жүйесіне  енгізілген  заманауи  өзгерістер  мен  жаңаша  бетбұрыстардың  

маңыздылығын  ескермеуге  болмайды.  Олар  Қазақстанның  жаңа  заманға  барынша 

бейімделіп,  өз  саясаты  мен  өз  экономикасын  түзеп,  сөз  бостандығы  мен  ой  еркіндігіне 

негізделген демократияны жетілдіріп, халықтың әл-ауқатын жақсартуда жасалған маңызды 

қадам, іргелі іс-шаралардың бірі болып қала беретіні даусыз. 

Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдары білімге қатысты, ғылымға қатысты жаңа 

заңдар қабылданды. Қазақстан Республикасының білім саясаты мен білім жүйесінде елеулі 

бетбұрыс  Елбасы  Н.Назарбаевтың  1997  жылы  жасалған  «Қазақстан-2030»  ұзақ  мерзімді 

стратегиялық  бағдарламасы  өмірге  келгеннен  басталды.  Содан  бері  бүкіл  еліміз  бойынша 

Елбасы атап көрсеткен мәселелерді жүзеге асыру үшін ғылыми практикалық жобалар мен 

тұжырымдамалар  және  стратегиялық  бағдарламалар  жасалып,  қыруар  жұмыстар 

атқарылды.  Білім  беру-ұзақ  мерзімді    «Қазақстан-2030»  стратегиялық  бағдарламасының 

маңызды басымдылықтарының бірі болып табылады. Елбасы әр жылы өз Жолдауларында 

ғылым мен білімді дамытуда басым көңіл бөліп отырады. Елімізде жүріп жатқан  білім беру 

реформаларының    жалпы  мақсаты  –білім  беру  жүйесін  әлемдік  деңгейге  жеткізіп,  жаңа 

әлеуметтік –экономикалық жағдайға лайықтау болып табылады.  

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев    2006ж.  26  мамырда  Л.Гумилев  атындағы  ұлттық 

университетінің студенттерімен кездесуінде еліміздің барша студенттеріне арнап:  «Білімді 

сауатты  адамдар  –  бұл  XXI  ғасырда  адамзат  дамуының  қозғаушы  күші...  Бүгінгі  күн  –

талантты, жігерлі, өзіне сенетін адамдардың, арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерік 

жігері  бар  адамдардың  уақыты»  [2],  -  деген  болатын.  Бұл  барша  жастарға,  оларды 

тәрбиелеп жатқан ұстаздар мен ата-аналарға, қоғамға айтылған сөз деп білеміз. 

Қазіргі заман білім мен ғылымның заманы. Бүгінде  «білім экономикасы» ғаламдық 

дамудың негізі. Бәсекелестіктің жаһандық индексі 135 шарттан тұрса, соның сегізі тікелей 

білім  беру  сапасына  қатысты.  Сондықтан  Елбасының  алға  қойған  талаптары  да 

интеллектуалдық ұлт қалыптастырудың, инновациялық-индустриялдық даму стратегиясын 

жүзеге асырудың, әлемдегі бәсекеге қабілетті ел болудың қамы екені баршаға аян. 


134


 ~ 

 

Қай  халықтың  болсын  өзге  жұртқа  ұқсамайтын  бөлек  болмыс-бітімін  даралап, 



өзіндік  тағдырын  айқындайтын  басты  белгісі-оның  тарихы,  тілі,  мәдениеті.  Тіл,  тарих, 

мәдениет ұлттық сана.   

Тарих  –  үнемі  даму  үстіндегі  ғылым.  Тарих  алдымен  әлемді  тану,  оның  өткенін 

ашып  көрсету  болып  табылады.  Жер  шарында  тарихсыз  халықтар  жоқ.  Адамдар  өмір 

сүрген  жерде  тарих  бар.  Өткенді  білсең,  осы  заманды  игеру  оңайырақ,  ал  болашақты 

бағдарлау  одан  да  жеңіл.  Тарих  тағылымына  терең  үңілетін  болсақ,  осыдан  ширек  ғасыр 

бұрын  кеңес  дәуірінің  «құрсауынан»  босап  шыққан  тұтас  бір  ұлттың,  тұтас  бір  халықтың 

алдында жаңаша дамудың жолын таңдау міндеті тұрды. Бұл өте жауапты кезең еді. 

Дегенмен,  ел  басқарған  ерлеріміздің  батыл  әрекеттерінің,  ұлтымыз  бен 

халқымыздың  бірлігі  арқасында  арман  жолын  адаспай  тауып,  ертеңгі  жарқын 

болашағымызға  деген  берік  сенімімізді  ту  етіп,  намыс  пен  бақыт  жолында  жалындап 

жанып, бүгін бүкіл әлем таныған іргелі мемлекеттің іргетасы берік қаланды.  

Гуманитарлық  білімнің  өзекті  саласының  бірі  –  тіл.  Қазір  тіл  –  қарым-  қатынас 

(коммуникация)  құралы,  белгілі  бір  халықтың  мәдени  мұраларын  сақтап  жеткізуші 

(кумулятивті),  ұлттық  таным  мен  сананың  көрсеткіші  (когнитивті)  және  адамдарды 

біріктіретін ,ынтымақтастыратын қоғамдық саяси күш. 

Мәдениет-адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандары. 

Мәдениет-тарихи құбылыс.  

Тарих та, тіл де, мәдениет те-ұлттың рухы, адамзат дамуының қозғаушы күші. Білім 

беруде  ғылыми  зерттеу  және  өндірісті  интеграциялау,  ғылым  мен  техниканың  соңғы 

жетістіктері  негізінде  жаңа  заманғы  технологияларды  қолданысқа  енгізе  отырып,  білім 

берудің сапалылығына қол жеткізу қажет. 

Қазіргі  кезде  қоғамда  болып  жатқан  түрлі  өзгерістер  білім  беру  саласында  жаңа 

параметрлердің  қалыптасуына  ықпал  етеді.  Оқушылардың  сапалы  білім  алуына  және 

сабақты  өзгеше  өткізуге  әсер  ететін  инновациялық  технологияларды  пайдалана  білудің 

тиімділігі  мол.  Сол  инновациялық  факторлардың  бірі-ақпараттық  технология  болып 

табылады.  Бұл  технологиялар  ұстаздарға  сабақ  барысында  білім  берудің  көптеген 

мүмкіндіктерін ашып қана қоймай, оқушылардың да педагогикалық үдеріске қарқынды әрі 

белсенді  тартылуына  жағдай  жасайды.  Ақпараттық  технологиялар  оқушыларды 

әлеуметтендіру құралына да айналдырып келе жатыр. 

Білім  берудің  жаңа  тәсілдеріне  көшу  бүгінгі  уақыт  талабынан  туындап  отыр. 

Елбасымыз    Н.Ә.Назарбаев  2007  жылғы  28  ақпандағы  Қазақстан  халқына  арналған 

Жолдауында  былай  деп  атап  көрсетті:  «Біз  білім  берудің  сапалы  қызметін  көрсетуде 

әлемдегі  он-лайн  тәсілінде  оқыту  тәжірибесін  дамытып,  елімізде  оқу  телевизияларын 

құруымыз қажет» [3]. 

Техникалық  және  кәсіби  білім  беру  жүйесінде  маман  дайындаудағы  міндетіміз-

қазіргі  сұраныстарды  терең  біліп,  ескере  отырсақ,  маман  дайындауда  озық 

технологияларды  қолдансақ  дұрыс  болатын  сияқты.  Оқушылардың  интеллектуалдық 

деңгейін  қалыптастыру  мен  көтеруде,  оқушыларды  отаншылдыққа  баулудағы 

гуманитарлық  пәндердің  ролі  ерекше.  Гуманитарлық  пәндердің  ішінде  Қазақстан  тарихы 

пәнін  жүргізу  арқылы  оқушыларға  өткен  тарихымызды  білдіре  отырып,  біз  оларды  биік 

парасаттылыққа, адамгершілікке, отаншылдыққа тәрбиелейміз. 

Тарихты  оқыту  барысында  жылдар  бойы  қалыптасқан  оқыту  әдістеріне  өзгерістер 

енгізілді.  Ежелден  бері  әрбір  мұғалімнің  сабақ,  барысында  қолданылатын  негізгі 

құралдары,  кәсіби  біліктілігі,  көпжылдық  тәжірибесі  және  қосымша  материалдары 

(көрнекіліктер,  дидактикалық  мәліметтер  т.б.)  болды.  Кейінгі  кезде  компьютер,  проектор, 

интерактивті  тақта  және  т.б.  техникалық  құралдар  пайда  болды.  Соңғы  уақытта 

технологиялық 

прогресстегі 

жасалған 

жетістіктер 

нәтижесінде 

ақпараттық 

технологиялардың жаңа, озық түрлері пайда болды.  

Біз  ақпараттандырудың  жаңа  заманына  аяқ  бастық.  Ақпаратты  технологияларды 

пайдаланудың  жолдары  мен  түрлері  постиндустриалды  елдердің  дамуымен  қатар  жүруі 



135


 ~ 

 

қажет.  Онсыз  еліміздің  білім  беру  жүйесін  заманауи  сұраныстарға  сәйкестендіру  мүмкін 



емес. Ақпараттық технологиялардың артықшылықтары көп және кең.  

Ақпараттық технологиялардың тиімділігі де көп. 

Технологиялардың  теріс  жақтары  да  бар  екенін  атап  өткен  жөн.  Интернет 

желілерінде,  ақпаратты  сақтау  құралдарында  электронды  форматтарда  кері  әсер  ететін 

мәлімет  түрлері  өте  көп  кездеседі.  Әсіресе  зорлық-зомбылық,  жыныстық  ашықтық,  адам 

өміріне  және  тәрбиесі  кері  ықпал  етуші  ақпараттар  кең  түрде  жойылып  кетті.  Бұл  жерде 

айтып  кететін  бір  жағдай,  ұстаздар  ақпаратты  технологияларды  сабақ  барысында 

пайдаланып қана қоймай, оқушыларға оларды дұрыс әрі тиімді пайдалануды үйретуі қажет. 

Қазір  электронды  оқулықтар,  аудиокітаптар,  бейнетаспаларды  пайдалану  кең  етек 

алуда.  Жылдан  жылға  білім  саласы  жаңа  сатыға  көтеріліп  жатыр.  Онлайн  форматындағы 

кітапханалар,  ақпарат  орталықтары  қарқынды  дамуда.  Қазақстан  тарихы  пәнінен  дайын 

қазақ тіліндегі мультимедиялық оқулықтардың тиімділігіне көзім де жете түсті.  Олардың 

артықшылығы  мұғалімнен  құлақпен  еститіндерін,  бір  мезгілде  экран  арқылы  көзбен  көру 

арқылы, оқушылардың терең білім алуына барынша жағдай жасалады деп ойлаймын. 

Тарих  бүкіл  адамзаттың  даму  жолы  болғандықтан,  айтылатын  ауқымды  әңгімелер 

бір  сабаққа  сыймай  да  қалады.  Сол  кезде  осындай  видеофильмдер  көрсетсек,  оның 

тиімділігі  өте  мол  болар  еді.  Бірақ  ауылға  ол  дүниелердің  келуі  екі  талай.  Сондықтан 

мультимедиялық фильмдер, электронды оқулықтар көп шықса, ауылға да жетсе, нұр үстіне 

нұр болар еді. 

Өмірдің өзі  бізден ғылымды дамытып, алға   қарай тоқтаусыз жылжуымызды талап 

етіп отыр.  

Инновация  –  «жаңалық  және  енгізу»  деген  сөзден  шыққан,  яғни  аудармасы 

«жаңару»  дегенді  білдіреді.  Қаншалықты  батыстық  немесе  шығыстық  технологияларды 

мақтағанымызбен төл технологияларға қамқорлық жасауымыз керек. 

Біздің халқымыз ежелден ерекше жаратылған халық деп есептеймін. Ерте заманнан 

бері, «тар жол, тайғақ кешу» дәуірлерінде ғасырлар  тоғысында ыдырап кетпей, керісінше, 

тағдыр  «қазанында»  құрыштай  қайнап,  өздеріне  ғана  тән  ұлылық  пен  іріліктің,  бірліктің 

арқасында  әр  кезде  Ақ  тудың  астында  бас  қосып,  енді,  міне,  бүгінде  тәуелсіздік  туының 

желбіреген ақ таңына да аман-есен жеттік емес пе. 

Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  тікелей  бастамасымен  «Мәңгілік  Ел»  ұлттық  идеясы 

өмірге  келді.  Біз  ұлттық  тәрбиені  жастардың  бойына  бала  жастан  сіңіруіміз  керек.  Өзінің 

ана тілін жақсы меңгерген, сүйіп өскен бала басқа тілге саналы түрде басымдық бермейді. 

Өз халқының тарихын жақсы білетін, текті халықтың ұрпағы екенін көкірегіне сіңіріп өскен  

ұрпақ ешқашан басқаның алдында еңсесін түсірмейді. Қазақ халқының жырын, дастанын, 

әдебиетін жаттап өскен баланың рухы биік болып, ешқашан жат жұрттан бақыт іздемейді. 

Осы  орайда  Елбасымыздың  мына  сөзін  еске  сала  кеткеніміз  жөн:  «Тарихи  тек 

тамырының  тереңнен  бастау  алғанын  танып-түсіну,  ата-бабаның  шапағаты  мол  шабытты 

істерін  заңды  мақтаныш  ету,  тоталитарлы  кезеңнің  зардаптарынан  арылу,  сөйтіп  тарихи 

сананы  уақыт  талабына  сай  қалпына  келтіру  ұлттық  тұтастануға  тегеурінді  серпін  беруге 

тиіс» [4].  

Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстанның  Үшінші  жаңғыруы:  жаһандық  бәсекеге 

қабілеттілік  атты  тақырыппен  жарияланған  2017  жылғы  Қазақстан  халқына  Жолдауымен 

таныса  отырып,  еліміздің  кешегі,  бүгінгі  және  болашақтағы  даму  жолдары  туралы  терең 

ақпарат аласыз. 

Еуразия кеңістігіндегі өзінің тарихи орнын анықтап, небәрі 25 жыл ішінде даму мен 

тұрақтандырудың  ерекше  үлгісін  көрсеткен  жас  мемлекетіміздің  болашаққа  жасаған  нық 

қадамдары нәтижелі болды.  

Өзінің  тарихи  ерекшеліктері  бар  жаңғырудың  бірінші  кезеңін  абыроймен  аяқтап, 

Елбасы  жаңғырудың  екінші  кезеңін  –  «Қазақстан-2030»  стратегиялық  бағдарламасын 

жариялады.  



136


 ~ 

 

Бұл  кезеңде  де  сындардан  сүрінбей,  Астананы  салу  арқылы  мемлекетіміздің  даму 



мен тұрақтану жолының қаншалықты айшықты екенін бүкіл әлемге паш етті. 

Еліміздің 30 елдің қатарынан көрінуі – ерлік пен бірліктің жеңісі. Алдымызда мұнан 

да зор, мұнан да биік міндеттер тұр. Ол – дамыған 30 елдің ортасынан өз орнымызды табу, 

ұрпағымыздың  жарқын  болашағына  даңғыл  жол  ашу,  ұлттық  құндылықтарымызды 

жоғалтпау. 

Еліміз  тәуелсіздік  алып,  өз  алдына  дербес  мемлекет  болғаннан  кейінгі  жиырма  бес 

жылда 

жаңа 


сапалық 

биікке 


көтергелінімізді 

көреміз. 

Жолдауда 

саяси, 


экономикалық,әлеуметтік,  мәдени  дамуымыздың  бірнеше  бағыты  белгіленген.  Соның 

ішінде,  Қазақстанның  жаһандық  бәсекелестікке  қабілеттілігін  арттыруға  жол  ашатын  бес 

негізгі басымдық көрсетілген. Солардың ішінде мен төртінші басымдық туралы ой бөліссем 

деймін. 


Адами  капитал  сапасын  жақсарту  маңызды  міндеттердің  бірі  болып  табылады.  Ел 

конституциясында  «Мемлекеттің  ең  қымбат  қазынасы-  адам  және  адамның  өмірі»  деп 

жазылған  [5].  Мемлекет  үшін  адам  капиталын  жақсарту  үлкен  мақсат-міндеттердің  біріне 

санаулы-заңды.  Иә,  адам  факторы,  адами  капиталдың  дамуы  -  Қазақстан  үшін  

стратегиялық  міндет.  Сол  үшін  де  Президент  осы  бағытқа  инвестиция  салуды,  атап 

айтқанда, жалпы азаматтардың білім алуы мен денсаулығын жақсарту үшін тиісті қаражат 

бөліп, дамытып отыруды ұдайы назарда ұстап келеді. 

Азаматтардың  білім  сапасын  арттырып,  еңбекке  жарамды  тұлғалардың  бәсекеге 

қабілетті сапалы маман болып қалыптасуда жол ашу үшін Елбасы, ең алдымен, білім беру 

жүйесінің өзгеруі керектігін айтты. Жолдауда бұл тұрғыда «Біздің міндетіміз- білім беруді 

экономикалық  өсудің  жаңа  моделінің  орталық  буынына  айландыру.  Оқыту 

бағдарламаларын  сыни  турғыдан  ойлау  қабілетін  және  өз  бетімен  іздену  дағдыларын 

дамытуға бағыттау керек [6] делінген. 

Сонымен  қатар,  ІТ  білімді,  қаржылық  сауаттылықты  қалыптастырып,  ұлт- 

жандылықты  дамытуға  да  зер  салу  қажеттілігі  ескерілген.  Қала  мен  ауыл  мектептері 

арасындағы білім сапасының алшақтығына назар аударған  Елбасы  Жолдауда білім беруді 

жаксарту  бағытында  жұмыс  жүргізгенде  ауылдық  мектептерге  жете  көңіл  бөлінбей, 

тысқарылау  қалып  қоймауы  қажеттігін  атап  көрсетеді.  Ол  үшін  әрине,  еліміздегі  жалпы 

білім  беретін  мектептерде  оқытылатын  оқулықтар  мен  оқу  бағдарламалары 

оңтайландырып,  қаладағы  білім  беру  мекелерімен  қатар,  ауыл  мектептеріне  де  білімді, 

білікті мұғалімдер тартылуы қажет. 

Алдағы  2019  жылдан  бастап  10-11  сыныптарда  кейбір  пәндер  ағылшын  тілінде 

оқытыла  бастамақ.  Осыған  байланысты  Президент  Үкіметке  үш  тілді  оқытуға  кезең-

кезеңмен көшу мәселесі бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырған. 

«Бір тіл білу- бір адам болу, 

Екі тіл білу- екі адам болу»демекші, ағылшын тілін қосымша оқытудың маңызы арта 

бермек. 

Ана  тіліне  басымдық  бере  отырып  шет  тілін  үйренуіміз  кажет.  Алайда  академик 

Асқарбек Құсайынов үш тілде оқыту мәселесі жөнінде әлемнің өркениеті 20 еліне зерттеу 

жүргізді.Бірде-бір елде үш тіл оқытылмайды екен. Әлемде үш тілді  оқытатын алғашқы ел 

де біз боламыз-ау. 

Жалпы, білім беруде үш тұғырлы тіл саясатын еңгізуге байланысты өз ой-пікірімді 

де білдіргенді жөн санаймын. Балабақша және бастауыш мектептерінде білімді тек қазақша 

беру тиіс сияқты. Педагогиканың тұжырымдамасында балаға шет тілін 11-12 жастан оқыту 

көзделген. Шет тілін 5-6 сыныптардан бастап оқытсақ та, меңгеріп кете алады. Себебі,қазақ 

халқының жас өркені дарынды, талантты, қабілетті екендігіне таласым жоқ. 

«Қазақ тілінің басымдығы сақталады. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді», 

дейді  Президент  [7].  Бұл  Елбасының  болашақта  әрбір  Қазақстан  азаматы    мемлекетті 

құраушы  ұлт-  қазақ  халқының  тілін  біліп,  адал  азамат  болып,  ұлтжанды  тұлға  болып, 

ағылшын тілімен, ғылым-біліммен қаруланып, халық сапасының жоғарылауына үлес қосса 



137


 ~ 

 

деген  ниетін  аңғартады.  Сонымен  қатар,  орта  кәсіптік  және  жоғары  білім  беретін  оқу 



орындарының  қызмет  сапасын  арттырып  «Баршаға  арналған  тегін  кәсіптік-техникалық 

білім беру» жобасын одан әрі жетілдіру мәселесі қамтылған.  

Сонымен,  бүгінгі  қазақ,  «Мәңгілік  елдің»  ертеңгі  тізгінің  ұстайтын,  жастардың 

санасына елдік рухты  сіңіріп, біліммен сусындататын адам- ұстаз. Ұстаз- мемлекетіміздің 

өркениетті  даму  саясатының  насихатшысы.  Өз  ісімізбен,  сөзімізбен,  жүріс-тұрыс 

мәдениетімізбен  еліміздің  эталондық  бейнесі  болып  табылады.  Сондықтан  да,  мұғалімнің 

оқу-  әдістемелік,  әлеуметтік-  материалдық  жағдайын  жақсарту  жолымен,  оның  беделін 

арттырып  отыру  ,мемлекетіміздің  білім  беру  саясатының  негізі  басымдылықтарының  бірі 

болуы тиіс. Жаңаша оқытуды жүзеге асыратын негізгі күш – жас мұғалімдер. 

Шәкәрім  айтқандай,  әр  адамда  «Нысап,  әділет,  ұждан  бар»  дегендей,  қазіргі 

ұстаздарда  осы  қасиеттер  болса,  бүгінгі  күнгі  мұғалім  еліміздің  білім  беру  саясатындағы 

басты  тұлға  ғана  емес,  оқыту  сапасын  жаңа  денгейге  көтеру  мәселесін  шешуде 

айқындаушы ролін атқарушы болады. 

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні- тарихи зердені  ойсыратпай, ана тілін баланың 

бойына  жастайынан  сіңірсек,  ұлттық  рухта  тәрбиелесек,  әлемдік  жаһандаудың  ықпалына 

қарсы тура аламыз. 



 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1. Елбасының Қазақстан халқына жолдауы, 2005 ж.  «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік 

жедел жаңару жолында». 

2.  Назарбаев  Н.  «Инновацияциялар  мен  оқу-  білімді  жетілдіру  арқылы  білім 

экономикасына». «Егемен Қазақстан» - 27мамыр, 2006. 

3.  Назарбаев  Н.  2007  ж.  28  ақпандағы  жолдау,  «Жаңа  әлемдей  жаңа  Қазақстан»  КР 

президентінің Қазақстан халқына жолдауы, Астана. 

4. Назарбаев «Тарих толқында» - Алматы, «Атамура»- 1999, 56 бет. 

5. ҚР Конституциясы. 

6.  Н.  Назарбаевтың    Қазақстан  халқына  жолдауы.  2017  ж.  қантар.  «Қазақстанның  үшінші 

жаңғыруы: жаһандық бәсеке қабілеттілік». 

7.Қазақстан  тарихын  оқытудың  өзекті  мәселелері  (ОҚ  облысы,  білім  басқармасы 

ұйымдастырған конференция материалдары) 30 қазан 2009 ж. 

8.Қ.Өстеміров, А.Айтбаев «Қазіргі білім беру технологиялары»- Алматы. 2006 ж. 

9.Қ.Ж. Бұзаубақова «Жаңа педагогикалық технология».- Алматы.2006 ж. 

10.Қ. Оразова. Электрондық оқулық- ерекше көрнекілік. – «Қазақ тарихы», 2005, №3, 87-90 

бет, 2005 №3 97- бет.  

 

 



ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ САБАҒЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ 

НӘТИЖЕСІ 

 

Ауелбекова Гулжан Жаксыликовна 

Мақтарал аграрлық колледжінің оқытушысы 

ОҚО, Мақтаарал ауданы 

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап 

келеміз»,  -  деген  сөзі  ұстаз  қауымына  үлкен  тапсырыстарды  артып  отыр.  Еліміздің 

болашағы  көркейіп,  өркениетті  елдердің  қатарына  қосылуы  бүгінгі  ұрпақ  бейнесімен 

көрінеді.  Дүниежүзілік  озық  тәжиірбелерге  сүйеніп,  жаңа  типті  оқыту,  яғни  әр  баланың 

табиғи қабілетін дамыту  үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту 

керек.  Сонымен  қатар  халыққа  Жолдауында  ел  дамуының  негізгі  кепілі  -  білім  саласын 

ешуақытта  назардан  тыс  қалдырған  емес.  Сондай-ақ,  үлгерімі  жоғары  студентер  мен 

оқушылардың қолдау көрсетудің тиімді жүйесін құру қажеттігін айтып өтті. «Мәңгілік Ел» 


138


 ~ 

 

стратегиясын  қолдаушы  да,  жалғаушы  да  осы  ұстаздар  қауымы  болмақ.  Өйткені, 



мұғалімдер  оқушыларға  дұрыс  бағыт  –бағдар  бере  отырып,  еліміздің  болашағын  қалауға 

атсалушы. Елбасы Жолдауын жүзеге асыруда ұстаздарға артылар міндет зор. 

Қазіргі  таңда  біздің  Республикада  білім  берудің  жаңа  жүйесі  дайындалып,  әлемдік 

білім беру кеңістігінде енуге батыл қадамдар жасалынуда. Білім берудің мазмұны жаңарып, 

оларды технологиялық-педагогикалық тұрғыдан жетілдіру қажеттігі туындауда. Білім беру 

деңгейіндегі  озық  технологияларды  пайдаланудың  мақсаты  үйрете  жүріп,  үйрену.  Білім 

беру  саласында  озық  технологиялардың  енуі  мұғалімнің  ойлану  стилін,  оқыту әдістемесін 

өзгертеді. Менің құқық негіздері пәнін оқытуда озық технологияларды пайдаланудың басты 

мақсаты  –  оқушыларға  білім  беру  процесінде  көмектесу. Оған:  оқыту  бағдарламалары, 

оқытуда  қолдануға  арналған  электрондық  оқулықтар,  тексеру  бағдарламалары  мен  тестік, 

өзіндік  жұмыстар  ерекше  орын  алады.  Оның  мақсаты:  жаңа  ақпараттық  дамыған  қоғамда 

оқушыларды белсенді шығармашылық іс-әрекетке дайындау. Бұл мақсатқа жету үшін жаңа 

 технологияларды сабақ беру процесіне енгізу болып отыр. Сабақта жаңа  технологияларды 

тиімді пайдалану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, шығармашылық 

қабілетін  дамытады,  қоршаған  ортаны  танымдық  зерттеу  барысында  дидактикалық 

мақсаттар іс жүзінде асырылады. Педагогикалық ізденіс барысында оқушыларды тәрбиелеу 

мен  оқытуда  жаңа  әдістемелерді  қолдануды  оқу  үрдісіне  енгізудің  маңызы  ерекше. 

Сабақтың  тиімділігін  оқушылардың  танымдық  қызығушылығын  арттыру  үшін  тақырып 

материалдарын  оқып  үйренуде,  олардың  әртүрлі  ізденушілік  бағыттағы  тапсырмаларды 

орындауларынан  байқауға  болады.  Оқытудың  осындай  жаңа  әдіс-тәсілдерін  пайдалануда 

мұғалімде,  оқушыда  табысқа  жетіп,  білімін  шыңдай  түседі.  Жас  ұрпақтың  жаңаша 

ойлануына,  олардың  біртұтас  дүниетанымының  қалыптасуында  әлемдік  сапа  деңгейіндегі 

білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру жалпы білім 

беру  жүйесіндегі  өзекті  мәселе  . Бүгінгі  орта  білім  беру  ісіне  қойылар  талаптар  қай 

кездегіден де күрделі маңызды. Өйткені бізді дамудың жаңа кезеңі күтіп тұр. Сол кезеңге 

лайық  ұлттық  санасы  жаңғырған  жаңа  ұрпақ  тәрбиелеу  міндеті  мойынымызда.  Барлық 

кедергілерді  жеңу  табысқа  талпыну  өз  қолымызда  деп  білемін.  «Оқусыз  –  білім  жоқ, 

білімсіз күнің жоқ» деген халық даналығы ешқашан мәнін жоғалтпайды. 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында»:  «Білім беру жүйесінің негізгі 

міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, 

халықаралық,  ғаламдық  коммуникациялық  желілерге  шығу»  –  деп  көрсетілген  .  Бұл 

міндеттерді  жүзеге  асыру  барысында  білім  ордаларында  жаңа  педагогикалық 

технологияларды  пайдаланудың  негізгі  мақсатын  айқындап  алуда,  яғни  «берілген  үлгі 

бойынша өнім алу», оқытудың тиімділігін, сапасын көтеру. 

Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған 

байланысты  тұлғаға  ақпараттар  кеңістігінде  дұрыс  бағытты  таңдауға  мүмкіндік  жасай 

алатын  оқытудың  жаңа  технологиялары  пайда  болып  отыр.  Жаңа  ақпараттық 

технологиямен  орындалатын  қызмет  өзінің  кез  келген  нақты  формасында  тиімдірек 

орындалады,  адам  өркениетті  бола  бастайды.  Педагог  мамандарды  ақпараттық-

коммуникациялық технология негiзiнде дайындауда келесi қағидалар негiзге алынған: 

–  вариантивтiлiк  –  әрбiр  бiлiм  беру  қызметкерлерiнiң  жасақтаған  материалдарына 

сәйкес бiлiктiлiктi көтеру жүйесiн бағыттайды; 

– 

болашаққа 



негiзделген 

– 

күтiлетiн 



нәтиженi 

анықтайтын 

кезеңдiк 

бағдарламалардың  бағытын  орнықтырады  және  жеке  тұлғаға  бағытталған  курстың 

жалпылама мақсатын анықтайды; 

–  рефлексивтi-креативтi  –  жаңа  ақпараттық  технологияларды  меңгерту  бiлiмдерiн 

ұйымдастыруда курстың бағыты даралық-шығармашылық негiзге бағытталуы қажет; 

–  iзгiлiктiлiк  –  бейiмделген  оқыту  жүйесiн  құруды  талап  етедi,  бiлiктiлiктi  көтеру 

жүйесiнiң құрылымы мен нақтылы нәтижесiн анықтау; 

–  тәжiрибеге  бағытталған  –  оқыту  көздерiнiң  бiрi  ретiнде  оқытушылардың 

тәжiрибесi  қолдану  ой-пікірі  жүзеге  асырылады  және  нақытылы  iс-әрекеттер  бойынша 


139


 ~ 

 

тыңдаушылардың танымдық үдерістерінің өзара байланыстылығы мен олардың жеке тұлға 



ретiнде қалыптасу деңгейi анықталады; 

– жекелеген кеңес беру – тыңдаушыларға кеңес беру ұсынылады. 

Білім беру жүйесінің барлық саласында жаңа технологияны жоспарлы түрде енгізіп, 

жүйелік  интегралды  өткізу  немесе  қамтамасыз  ету  қажеттілігі  туындап  отыр.  Қазіргі 

замандағы  технология  әрбір  тұлғаның  білім  алу  үдерісінде  шығармашылық  қабілетін 

дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Дәл осы жаңа технология мен әрбір тұлғаның өзіндік 

білім  алу  траекториясын  таңдауына  жол  беретін  анық  білім  беру  жүйесін  құруды,  оқу 

бағдарламаларының бағдарламалануы және өзгермелі бейімделінуі есебінен оқу үдерісінің 

біртұтастығын  сақтай  отырып  оны  дараландыруға  мүмкіндік  беретін  компьютердің 

маңызды  дидактикалық  қасиеті  негізінде  тұлғаның  оқу  үдерісінде  танымдық  қызметін 

тиімді  ұйымдастыру  арқылы  жаңа  білім  алу  технологиясын  түбегейлі  өзгертуді  тығыз 

байланыстырады.  Бiлiм  берудi  ақпараттандырудың  негiзгi  мақсаты  Қазақстан 

Республикасында бiртұтас бiлiмдiк ақпараттық ортаны құру болып табылады. Олай болса, 

бiлiм беру саласында жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға, Қазақстан Республика-

сындағы  ақпараттық  кеңiстiктi  әлемдiк  бiлiм  беру  кеңiстiгiмен  сабақтастыруға  мүмкiндiк 

бередi. Бiлiм берудi ақпараттандырудың негiзгi мiндеттерi: 

–  ақпараттық және телекоммуникациялық техникалық құралдармен қамтамасыз ету; 

–   бiлiм  берудi  ақпараттандыру  бойынша  практикалық  шараларды  анықтап,  жүзеге 

асыру; 

–   оқу-тәрбие  үдерісіне  жаңа  ақпараттық  технологияны  енгiзудi  қамтамасыз  ету 



бойынша ғылыми-iзденушiлiк және оқу-әдiстемелiк жұмыстарын жүргiзу; 

– пәндер бойынша жасақталатын жалпыға мiндеттi бiлiм стандарттарының және оқу-

әдiстемелiк кешендерiнiң мазмұнын ақпараттық технологияны пайдалану мүмкiндiктерiмен 

жетiлдiру бiлiм берудi басқаруда ақпараттық жүйенi құру; 

–  бiлiм  беру  мекемелерiнiң  қызметкерлерi  үшiн  бағдарламалық-техникалық 

құралдарды  қамтамасыз  ету  және  мультимедиалық  бағдарламаларды,  электрондық 

оқулықтарды жасақтау

–  педагог  кадрларды  жаңа  ақпараттық  технологияны  өз  қызметтерiне  еркiн 

пайдалана бiлуге дайындау және жүйелi түрде бiлiктiлiктерiн көтеру. 

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру – 

бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің бірі екендігі даусыз. Педагог мамандардың біліктілігін 

көтеруді  ақпараттандыру, қажеттілікті  шешу  барысында педагог мамандардың біліктілігін 

ақпараттық  технологияны  өз  қызметтеріне  пайдалану,  педагог  мамандардың  ақпараттық 

сауаттылығын, 

ақпараттық 

мәдениетін 

және 

ақпараттық 



құзырлығы 

сияқты 


қабілеттіліктерді  қалыптастыру  мәселесі  бүгінгі  күннің  өзекті  мәселесіне  айналып  отыр. 

Әлемдік  өркениетке  қадам  басқан  Қазақстанның  қоғамдық-саяси,  экономикалық,  мәдени 

дамудағы жаңа бастамалар мен түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесіне өз әсерін тигізіп, 

білім  деңгейін,  оқыту  әдіснамасын  жетілдіруде  тың  ізденістер  жасауға  мүмкіншілік 

туғызып отырғандықтан алдыма мынадай мақсаттар қойдым. 

–жаңа технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру; 

–  жаңа  ақпараттық  және  телекоммуникациялық  технологияларды  енгiзу  арқылы 

бiлiм беру мазмұнын жаңарту; 

–  жаңа  технологияны  қолдану  саласы  бойынша  оқушылардың  мамандыққа  баулу 

механизмiн құру; 

– бiздiң елiмiздегi жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену

– мультимедиалық электрондық оқулықтарды пайдалану; 

– отандық бiлiм беру жүйелерiн бiртұтас әлемдiк ақпараттық бiлiмдiк кеңiстiкке ену 

арқылы сабақтастыру және т.б. 

Бұл технологияның өзектілігі қоғамның ақпараттандыру жылдамдығының артуымен 

сипатталады.  Әр  түрлі  пән  сабақтарында  жаңа  технологияны  пайдалану  білім  мазмұнын 

жаңартумен,  ақпараттық  ортаны  қалыптастыруымен,  сондай-ақ  сапалы  білім  беру 


140


 ~ 

 

мүмкіндігінің  жоғары  болуымен  ерекшеленеді.  Соңғы  кезеңде  қазіргі  заманғы 



педагогикалық ғылым мен практика түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соның ішінде оқыту 

үрдісі  ақпараттық  –  коммуникациялық  жағдайларда  жаңа  көрініс  алу  жолында  басқаша 

жаңалаған  жолмен  ХХІ  ғасыр  талаптарына  сай  білгір,  уақытты  үнемдей  алатын  тұлғаны 

қалыптастыруға бағытталады. 

Құқық негіздері сабағында жаңа технологияларды қолдану нәтижесінде - ойлай алу, 

сөйлей  алу  дағдылары,  эмоционалдық  ерік-жігер,  шығармашыл  әрекет  ету  дағдылары 

қалыптасады,  дами  түседі.  Осылайша  білім  алу  нәтижесінде  оқушы  талдауға, 

жинақтауға,  білімді  жүйелеуге,  бақылауға,  қорытынды  жасауға,  нәтижені  тексеруге 

үйренеді  және  осы  білік-дағдыларын  шыңдайды.  Тәжірибе  нәтижесінде  осындай 

салаларды  қалыптастыруға  болатындығына  көз  жеткіздік.  Бұның  айғағы  ретінде 

келесідей жағымды өзгерістер динамикасын атай аламыз. 

1. Оқушылар тапсырмаларды жүйелі орындауға үйренеді; 

2.  Біртіндеп  күрделендірілген  тапсырмаларды  орындауға  дағдыланады.  Демек, 

өмірде кездескен танымдық тосқауылдарды, қиындықтарды жеңуге үйренеді; 

3.  Олар  жоспар  құрып,қорытынды  шығарып,  негізгі  ойды  бөліп  алуға  тырысатын 

болады; 

4.  Оқытуда  пайдаланылатын  проблемалық  сұрақтар  өмірден  алынатындықтан, 

осындай мәліметтерді тәжірибеде қолдану дағдылары қалыптасады

5.  Оқушылар  өз  білімдерін  өздері  бағалап,  өз  деңгейлерін  анықтауға  мүмкіндік 

алатындықтан, білім алуға деген жауапкершілікті сезінеді; 

6. Әр түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады; 

7.  Айтылғанның  барлығы  оқушыларды  өзіндік  ой  қорытуға,  ойын  жүйелеуге, 

нәтижесін шығарып, сыни бағалауға үйретеді. 

Қазіргі оқыту үрдісіне жаңа педагогикалық технологиялар кеңінен енуде. Оқушыны 

пәнге  қызықтырумен  қатар,  саналы  ойлауға  тәрбиелейтін,  қоғамдық  көзқарастарын 

қалыптастыра  алатын,  өзіндік  пікірі  бар,  қоғамдағы  болып  жатқан  түрлі  қарама-

қайшылықтарды  түсіне  білетін,  еркін  сөйлеп,  өз  пікірін  ашық  айта  алатын  ойлы  ұрпақ 

тәрбиелеуде сабақтың  маңызы зор. Сол сабақ атты театрдағы басты кейіпкеріміз – оқушы 

болса,  онда  барлығымыздың  бағытымыз  бір,  бағдарымыз  байсалды  болмақ.  Әр  мұғалім 

оқушыға  көпқырлы  сабақ  беретін  болған  соң,  қазіргі  жаhандану  саясатына  сәйкес  жаңа 

технологияны өз ыңғайына, пәніне лайықтап пайдалануы тиіс. Мұғалім шеберлігі – ізденіс 

нәтижесі.  Сондықтан,  орыстың  ұлы  педагог-ғалымы  К.Д.Ушинскийдің  “Мұғалім  –  өзінің 

білімін  үздіксіз  көтеріп  отырғанда  ғана  мұғалім,  оқуды,  ізденуді  тоқтатысымен  оның 

мұғалімдігі  де  жойылады”  –  деген.  Бұл  “Ұстаз”  атты  ұлы  сүрлеуге  соқпағын  салып  жол 

тартқан  көкірегі  ояу,  көзі  ашық  әрбір  адамға  берілген  елеулі  ескерту.  Сабақты  тартымды 

өткізіп,  оқушылардың  қызығушылығын  арттыру  үшін  әр  сабағымызды  түрлендіріп  отыру 

шарт.  Ол  үшін  тек  бір  технологиямен  шектеліп  қалмай,  әртүрлі  технологияның 

элементтерін пайдалану қажет. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет