Практикалық онлайн-конференция материалдары материалы международной научно-практической онлайн конференции



Pdf көрінісі
бет17/67
Дата24.03.2017
өлшемі6,56 Mb.
#10133
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   67

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1. 


Н.Ә.Назарбаев 

«Қазақстанның 

әлемдегі 

бәсекеге 

барынша 

қабілетті 

50 елдің қатарына кіру стратегиясы». 

2. «Информатика негіздері» журналдары. 

3.  Қазақстан  Республикасы  білім  беруді  дамытудың  2005-2010  жылдарға  арналған 

Мемлекеттік бағдарламасы. 

4. А. Салихова «Оқушылардың шығармашылығын дамыту». 

 

 

КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДЕ ҚҰЗЫРЕТТІ МАМАН ДАЯРЛАУДЫҢ 

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОЛДАРЫ 

 

Нұргелдиева Айгул Оралқызы 

Арнаулы кәсіптік колледждің жоғары санатты 

арнайы пән оқытушысы, әдіскер 

ОҚО, Кентау қаласы 



 

ХХІ  ғасырдағы  дамыған  ел  дегеніміз  –  белсенді,  білімді  және  денсаулығы  мықты 

азаматтар.  Заманауи    бағдарламалар  мен  оқыту  әдістемелерін  білікті  мамандар  ұсынуы 

маңызды.  Оқыту  нәтижесі  оқушылардың  сындарлы  ойлау,  өзіндік  ізденіс  пен  ақпаратты 

терең талдау машығын игеру болуға тиіс... 

Қазақстан Республикасында білім беруді  дамытудың заңнамалық тұжырымдамалық 

негіздері, әсіресе, Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған мемелекеттік 

бағдарламасы білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды басты назарға қояды. 

Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үдерістің қарқыны, білім беру жүйесінің алдына жаңа 

міндеттер  қойып  отыр.  Ең  бастысы  –өз  жұмыс  орнына  және  бүкіл  техникалық  тізбекте 

технологияның  үздіксіз  өзгерістеріне  бейімделе  алатын  құзыретті  маман  тұлғасын 

қалыптастыру міндетті. Біліміне, біліктілігіне, парасатына пайымы сай ұстаз бүгінгі таңда 

жас  ұрпаққа  білім  беру  жұйесінде  болып  жатқан  оң  өзгерістерге  байыппен  қарап,  оның 

заман  талабына  сай  мән-маңызын  түсінуі  хақ.  Сондықтан,  жүктеліп  отырған  аса  жауапты 

міндет,  білім  саласындағы  реформалар,  педагогикалық  әдіс-тәсілдердің  тың,  мәнді,  әрі 

сапалы  болуын  талап  етіп  отырған  осы  бір  айтулы  кезеңде,  педагогтың  жылдар  бойы 

жинақтаған  іс-тәжрибесін  жаңа  ақпараттық  технологияға  ұштастыруын  қажетті  санайды. 

Қазіргі педагогика ғылымында негізгі базалық ілімдердің бірі «құзыреттілік» болып отыр. 

Құзыреттілік  дегеніміз  –  тұлғаның  бойында  білім,  дағды,  іскерлік,  ерік,  күш-жігердің 

болуы.  Құзыреттілік  жаңа  әлеуметтік-экономикалық  жағдайда  аман  қалуды  қамтамасыз 

етеді  және  олар  бәсекеге  қабілетті  маманмен  қамтамасыздандырады.  Көптеген  елдерде 

құзыреттілікке  жаңаша  мән  бере  отырып,білімді  жоғары  дәрежеге  көтергені 

мәлім.Құзыреттілік  еңбек  нарығанда  тұрақты  өсіп  отырған  талаптармен,  шапшаң 

технологиялық өзгертулермен, соның ішінде білімдік және еңбектегі мобильдік өсулермен 

негізделген.  Құзыреттіліктің  жеке  компанентін  анықтай  отырып,  ол  адамның  алдына 

қойған мақсаттарын орындауға көмектесетін сипаты мен икемделігін айтады. Қазақстанның 

әлеуметті-экономикалық  даму  мақсатын  жүзеге  асыруда  кәсіптік  білім  беретін  оқу 

орындарында бәсекелестікке қаблеті бар болашақ мамандарға әртүрлі өндірістік салаларға 

даярлау  деңгейі  білім  беру  жағдайларымен  анықталады.  Қазіргі  таңда  жан-жақты  маман 

даярлау  олардың  әлеуметтік,  кәсіптік,  өздік  жұмыс  жасай  алу  қабілеттерін  дамытумен 

белгіленеді.  Себебі,  әлеуметтік  сала  экономикасын  дамыту  осы  болашақ  мамандардан 

төмендегідей шарттардың орындалуын талап етеді. 



113


 ~ 

 

-    жүйелі ойлауды; 



-    құқықтық ақпараттық мәдениетті; 

-    кәсіпкерлік мәдениетті; 

-    өзін-өзі тануды; 

-    басқаларға ұсынуды; 

-    өз қызметін білімді талдауды; 

-    жаңа білімді; 

-    нано технологияларды меңгеруді; 

-    кейбір өндірістік жағдайларда өз бетімен дұрыс шешім қабылдауды; 

-    бәсекелестікті және өмір талаптарына сай қызмет етуді; 

-    әр іске жауапкершілікпен қарауды; 

-    нәтижеге бағытталған істерді жасауды. 

Осыған  орай,  біздің  –  мамандықтар  бойынша  арнайы  пәндер  арқылы  білім  беру 

мемлекеттік білім стандарттары негізінде құрылған типтік жұмыстар бағдарламалары, оның 

негізінде дайындалған оқу, жұмыс бағдарламалары, тақырыптық – күнтізбелік жоспарлар, 

оқу  –  әдістемелік  кешендер,  электрондық  оқулықтар,  жаңа  ақпараттық  –  технологиялар, 

тірек-сызба,  сын  тұрғысынан  ойлау,  рефлексия  әдістері   қолданылып  келеді.  Мұның 

барлығы  маман  моделінің  нарықтық  экономикада  қажеттілігін  тұрғызуға  бағытталуы 

негізделеді. Себебі, соңғы кезде білім саласында біліктілік моделінің құзыреттілік моделіне 

ауытқуы  көп  қарастырылып  келеді,  яғни  жұмыс  берушіні  көбіне  біліктілік  емес,  құқық, 

ақпарат,  әлеуметтік  сала  жағынан  құзыретті  мамандар  қазықтырады.  Бірақ,  біліктілікке 

қосымша  құзыреттілік  бірге  жүрген  жағдайда  маман  моделі  жұйелі  әрі  сапалы  болады. 

Құзыретті маман даярлау мақсатында «білім алушылардың білімдік  белсенділігін арттыру 

технологиясын»  пайлана  отырып,  бұл  оқыту  технологиясы  бойынша  білім  беру  мақсаты 

студенттерге  өндірістік  ситуациялар  беру  арқылы  өз  бетінше  жұмыс  жасау  қабылетін, 

дұрыс  шешім  қабылдау  мүмкіндігін  қалыптастыру  арқылы  бәсекеге  қабылетті  маман 

ретінде  дамуына  көмектесу.  Ақпаратты,  коммуникативті,  әлеуметті-құқықтық  құзыреттер 

педагогтан  ақпараттық  технологияларды  қолдана  алу  (мультимедиа,  смартмедиа, 

электрондық пошта, интернет) мүмкіндіктерін, бұған қоса студент  пен педагог арасындағы 

байланысын, бірін-бірі түсінуін, топпен жұмыс жасауын, ұйымдастыру басқару шешімдерін 

дұрыс  таба  алуын,  қолдану  қабылеттерінің  басым  болуын,  әлеуметтік  қызметтердің 

маңызын түсінуін, қоғамдық міндеттерге тұрықты қарауын талап етеді. Даярлығы жоғары 

білікті, кәсіби құзырлы педагог жалпы орта білім беру нәтижесі ретіндегі құзыреттіліктерді 

өзіндік  менеджімент,ақпараттық  коммуникативті  технологияны  меңгерген  жеке  құзыретті 

тұлға-  студентті  қалыптастырады,  сондықтан  кәсіби  даярлықтың  арнаулы  пәндерді  оқу 

негізінде іс-әрекеттік және тұлғалық терең бағдарлық тәсілдерін үйлестіре отырып, кәсіби 

құзыреттіліктерді  болашақ  маманға  меңгерту  басты  міндет.  Үшінші  мыңжылдық  – 

құзыреттілік  білім  беру  жағдайында  педагогтың  инновациялық  даярлығын  қажет  ететін, 

жаңа  формациядағы  оқытушының  инновациялық  іс-әрекетінің  кезеңі.  Құзыреттілік  білім 

беру  жағдайындағы  инновациялық  үдеріс  –  нысанның,  педагогикалық  идеяның,  деректер 

мен  тұжырымдардың,  теорияның,  әдәс-тәсілдердің  жаңа  сапалық  өзгерістерін  қамтамасыз 

ететін  үдеріс,  қоғамның  педагогокалық  құндылықтарға  сәйкес  жаңа  ақпараттық 

технологияны  меңгеруі,  қолдануы.  Қоғамдағы  білім-беру  саласындағы  инновациялық 

үдерістер  мен  реформалар  оқытушының  ісіне  еңбек  жолына  –  «инновациялық  білімді», 

«ақпараттық даярлықты», «ақпараттық технологияны» және тағы басқа технологияны алып 

келді. Осы аталған жаңа инновациялық ілімдер нарықтық экономикалық заманда құзыретті 

бәсекеге сай маман әзірлеуді  жүктеп отыр. Қай заманда болсын өзінің атқаратын қызметіне 

қарай, жеке қасиеттерінің көптүрлілігіне орай,өзіне міндеттелген талаптарға сай, оқытушы 

мамандығы  басқа  мамандықтарға  қарағанда  ең  қиын  және  ең  ізгілікті  мамандық  болып 

саналады.  Себебі,  мұғалімнің  негізгі  міндеті  жер  жүзіндегі  ең  құнды  дүние-  адамды 

кемелдендіру болып табылады. Оқушы жүрегінен орын алатын педагог рухани бай, зиялы 

және шығармашыл тұлға болуы қажет. Ең керемет деген педагогты есіңе түсіргенде оның 


114


 ~ 

 

тұлғалық  бейнесі  көз  алдымызда  ең  бірінші  тұрады.  Ал   кәсіби  қасиеті  екінші  орында 



болады.  Педагог  өз  пәнін  жетік  –  жоғары  деңгейде,  жан-жақты  білгенде  ғана  шәкірт 

дайындай  алады.  «Нағыз  оқытушы»  -  деп,  білім  алушылардың  ойы  мен  жүрегіне  жол 

тапқан ұстазды айтамыз. Бүгінде кәсіптік- техникалык мамандықтарға сұранысты өтеу 

–  кәсіптік  білім  беру  ұйымдарының  педагогтарының  аса  маңызды  міндеті  болып 

отыр.  Студенттерді  замануи  ғылым  жетістіктерімен  қаруландырып  ,өндіріске,өнеркәсіпке 

жаппай  аттандыру  кезек  күттірмейтін  мәселе.Жаңа  заманға  жаңа  маман  қажет  екендігі 

баршаға мәлім,соның ішінде ол педагог алдына койылған, жуктелген – міндет екенін ескере 

отырып,кәсіптік  білім  беру  ұйымдарында  еңбек  етіп  жүрген  озімде  арнайы  пәндерді 

оқытуда  алға  қойып,  ақпараттық  технологияны  ұдайы  қолданып  студенттердің  білімін 

көтеруге  жұмыстанудамын.  Ақпараттық  технологияны  қолдана  оқыту-  білімнің 

жүйелілігін,  бірізділігін  жолға  қоюға,  нәтижеге  бағытталуын  жетілдіруге  жетелейді.  Білім 

ордасында студенттер арнайы пәннің өздеріне керек және маңызды екенін сезінуі керек.  

Кәсіптік колледжерде арнайы пәндерден теориялық және тәжірибелік сабақ берудің 

өзіндік ерекшеліктері бар. Өз сабақтарымда ақпараттық технологияны қолдану арқылы сол 

ерекшеліктерді  түрлендіріп,  жаңаша  оқытуда  еңбектеніп  келемін.  Арнаулы  пәндерден 

өткізіп  жүрген  «Тігін  өндірісінің  технологиясы»,  «Киімді  құрастыру»  сабақтарындағы 

теориялық білімде: 

-    танымдық белсенділік құралы 

-    жаңа материалды тез ұғыну 

-    іздену  

-    ынталы болу 

-    ситуациялық проблемаларда өзін еркін ұстау, дұрыс шешім қабылдау 

-    біліктілікті көтеру болса, 

Колледж ішілік және қалалық « Мамандығым – мақтанышым» , « Өз ісінің шебері» -

сайыстарында аталған технологияның : 

-    ізденуге 

-    шығармашылыққа 

-    белсенділікке 

-    ғаламтор желісіндегі аудио, видео тапсырмаларын жедел қолдануға  

-    бірнеше ақпаратты жүйені қолдануға пайдасын тигізуде. 

Педагог  ретінде  өзіме  ақпараттық  техгологияны  меңгеру  оны  әрбір  сабақтарымда 

қолдану,  құзыретті  педагог  болуымда,  сабақ  берудегі  амал-  тәсілдерімді,  дидактикалық 

жинақтарымның  түбегейлі  жаңаша  іс  –  әрекеттерді  жасауыма  керекті  технология  екенін 

айта  кеткім  келеді.  Ақпараттық  технология  оқушы  мен  педагогке  бірдей  жағдай  тудыра 

отырып:  

-    пәнге қызығушылыққа  

-    мамандықты жетік үйренуге  

-    педагог даярлығын қалыптастыруға, әрі жетілдіруге және түрлендіруге  

-     іскерлік  пен  дағдыларды  қалыптастыруға  бірден  бір  қажетті  технология  екені 

баршаға мәлім десе болады.  

Ақпараттық  технологияны  қолдануда  студенттерге  тек  білім  негіздерін  беріп  қана 

қоймай, ақпараттық қоғамға бейімдеу қажеттігін де ескерген жөн. Осы талап негіздерінде 

колледжде  облыстық  әдістемелік  кабинет  ұйымдастыруымен  арнайы  пәндерді  оқыту 

әдістемесін  жетілдіру  мақсатында  облыстық  тәжрибе  алмасу  дөңгелек  үстелі  өткізілсе. 

Негізгі  мақсат  әр  оқытушы  іс-тәжірибесімен  алмасу  және  аталған  технологияны  қолдана 

отырып, студенттердің құзырлылығын қалыптастыру. 

Қорыта  айтқанда,  кәсіби  даярлықта  әрбір  кәсіптік  оқу  пәнінің  білім  мазмұны  мен 

әдістемелік  жуйесі  негізінде  жеке  тұлғаға  қойылатын  кәсіби  деңгейін,  нәтижеге 

бағытталған сауаттылық шешімін табу керек. Өйткені кәсіби даярлықта педагогке қажетті  

кәсіби  құзыреттіліктерді  толыққанды  меңгерген  оқытушы,  студентті  оқытуда,  білім  алу 

нәтижесіндегі  

құзыреттіліктерді 

сапалы 

меңгерте 



алатыны 

сөзсіз.  



115


 ~ 

 

Сөз соңында ағартушы – ғалым А. Байтұрсыновтың : « Бала оқытуын жақсы білейін деген 



адам  –  әуелі  балаларға  үйрететін  нәрселерін  өзі  жақсы  білу  керек»  -  деген  сөздерімен  

түйіндегім келеді. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Алматы 2008 6-б  

2.  Н.Ә.  Назарбаев  «Қазақстан  халқына  Жолдауы».  Елбасының  «Қазақстан  жолы»  –  2050 

Астана 2014 ж 

3. Қ.Р « Білім туралы» Заңы. Астана 2707 2007 № 319 –III.  

4. Қ.Р. «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы». 



 

 

ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДА РЕПРОДУКТИВТІК БІЛІМНЕН КОНСТРУКТИВТІК 

(СЫНДАРЛЫ) БІЛІМ БЕРУГЕ КӨШУ 

 

Наушабаева Айнур Молдабековна 

Оңтүстік Қазақстан медициналық колледжінің  

тарих және география пәні оқытушысы 

 

«Адамзат үшін ХХІ ғасыр – жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа 



технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі жас 

ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз… Ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында»  

(Н. Ә. Назарбаев) 

 

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  «Ұлттық  білім  берудің  барлық  буынының  сапасын 

жақсартуда  бізді  ауқымды  жұмыс  күтіп  тұр.  Орта  білім  жүйесінде  жалпы  білім  беретін 

мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек» деп атап 

көрсетті. 

Білім — барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты 

адам  ғана  келешек  тізгінін  қолына  ала  алады.  Қазіргі  білім  беру  жүйесінің  мақсаты  — 

бәсекеге қабілетті маман дайындау. 

Мектеп  –  үйрететін  орта,  оның  жүрегі  —  мұғалім.  Ізденімпаз  мұғалімнің 

шығармашылығындағы  ерекше  тұс  —  оның  сабақты  түрлендіріп,  тұлғаның  жүрегіне  жол 

таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің 

борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі 

қоғамдағы  жаңа  формация  мұғалімі  –  педагогикалық  құралдардың  барлығын  меңгерген, 

тұрақты өзін — өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға 

құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық 

жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының 

жоғары  болуы,  кәсіби  шеберлігі,  әдістемелік  жұмыстағы  шеберлігі.  Осыған  орай,  үлкен 

жауапкершілік  жүктеліп  отырған  мұғалімдерге  жаңашылдықпен  жұмыс  жасауға  тура 

келеді.  Қазіргі  даму  кезеңінде  білім  беру  жүйесінің  алдында  оқыту  үрдісін  барынша 

технологияландыру мәселесі басты орынға қойылып отыр. 

Міне  осы  себептерге  байланысты  орта  білім  беру  жүйесінде  осы  бағдарламалар 

енгізілуде. Тарихи білімді адам ғана өзі өмір сүрген қоғамдағы орнын, атқаратын қызметін 

дұрыс  анықтай  алады.  Әбу  Насыр  әл-Фараби  «Тарихты  білмей  өткенді,  қазіргі  жағдайды, 

келешекті болжау қиын» десе, А.Байтұрсынұлы «Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы — тарих» 

деп өте жоғары бағалаған. Тарих ойға бағындырылған. Оның табиғаты да осында. Тарихи 

материал  оқушылардың  жан  дүниесінде  орын  табатындай  болуы  міндетті.  Тарихи  білім 

мазмұнының күрделі өзгеріске түсуі оны оқытудың әдісі, тәсілдерін де жаңғыртуды қажет 

етеді. Алдағы тарихшы ұстаздардың мақсаты оқушылардың тарихи танымын дәйекті түрде 

қалыптастыру, оқушылардың тарихи танымын қалай жүйелеп, нендей 


116


 ~ 

 

жолмен өнегелікке баулу? 



Жаңа  білім  беруде  прагматикалықты  (прагма  іс-әрекет-грек  сөзінен  алынған) 

бірінші орынға қоюдағы мақсат, баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, 

білім алу арқылы дамуын қарастырып отыр. Оқу үшін оқытуда өзара белсенділікті арттыру 

әдістері,  СТО  стратегиялары  кіріктіріледі.  Оқытудың  қандай  жолы  қолданылса  да 

қарастырылатын екі көзқарас бар. Біріншісі оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан 

ретіндегі  келешегі, екіншіден оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас. Оқытудағы 

бағдарламада  Кембридж  тәсілдері  (жеті  модуль)  қарастырыла  отырып,  орта  білім  беру 

жүйесінде сындарлы  (құзырлылық, конструктивті) оқытуға негізделген тәсілі кең тараған. 

Жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланатын жекеленген стратегиялармен 

тәсілдер сияқты бір –бірімен өзара байланыста. Бұл жерде оқушының бәрі тарихшы болады 

деген мақсат тұрған жоқ. (оқушының қаблетін байқайсың: бірі мәтінді тез меңгерсе,біреуі 

суретке бейім т.б). Қайталау, жаттау, есіне түсіру, көшіру секілді репрадуктивті әрекеттер 

адамның  миын,  ішкі  жандүниесін,  құзырлықтарын  дамытпайды  екен.  Бұл  білімнің  ең 

төменгі деңгейі (Б.Блумның таксономиясы бойынша) 

«Мен  айтып  берсем-оқушы  түсінеді»деген  ұғым  дәл  қазіргі  кезде  ескіріп  отыр. 

Бүгінгі педагогикада сөз арқылы емес, әрекет арқылы үйрену және үйрету қажет.Мысалы: 

меңгерілетін тақырыпты ,Үй жұмысын тексеріп алған соң (неге, және не үшін) оқу/үйренуі 

қажет?  Оқушыға  сұрақ  қойып  ойландырып,танымдық  кезеңін  іске  асыру.  Оқушының 

қажеттіліктерін, қызығушылығын, мақсаттарын дамытуға жағдай жасау. Оқу үшін оқытуда 

оқушылардың жеке, топтық, ұжымдық іс-әрекеттік жұмыс барысында көрініс береді. Олар 

оқушының  қисынды  ойлауын,  қаблеттерін,  жадын  шығармашылығын  дамытады.  Жұмыс 

жасау  барысында  оқушыға  қолдау  көрсетіп  отыру  қажет.  Ол  ашық  түрде  емес  жетелеу 

түрінде (мысалы: басқа қырынан қарасаң қалай болады? Сен жасап көрдің бе? сенің 

қолыңнан келеді?) 

[1] кесте– Сабақтың кезеңдері 

Білім түрлері 

Бүгінгі күні ғалымдар бір ауыздан білімнің негізгі екі түрін көрсетеді: 

1) репродуктивтік; 

2) конструктивтік. 

Философ  Джон  Дьюи  «Өмірлік  тәжірибе  және  білім  беру  атты  еңбегінде  білімді 

дәстүрлі  және  прогрессивтік  деп  екіге  бөлсе,  Жан  Пиаже  «Баланың  сөйлеуі  мен  ойлауы» 

атты  еңбегінде  білімнің  мынадай  екі  түрін  атаған.:  «әлеуметтік  —  ырықсыз»  білім  және 

белсенді түрде үйрену арқылы игерілген білім. Білімді мынадай түрлерге жіктеуге болады: 

репродуктивтік  және  құрастырылған  (конструктивтік  немесе  соңғы  кездесындарлы  деп  те 

айтып  жүр)  білім.  Олардың  ерекшеліктері  мен  айырмашылықтары  қандай?  Бұл  сұраққа 

жауап  беру  үшін  әрбір  педагог  білім  жүйесіне  деген  өз  көзқарасы  мен  ұстанған 

құндылықтарын айқындайды, ұстаздық философиясы мен сенімдерін көрсетеді, яғни өзінің 

білім  жүйесін  қалайша  түсініп,  осы  түсініктен  туындаған  дидактикалық  әдістері  мен 

үйренушіге деген ықыласын айғақтайды. Бұған қоса білім берудің де екі үрдісін ажыратуға 

болады:  репродуктивтік  тұрғыдан  білім  беру  өткен  дәуірдің  әдістемесіне  жатса, 

конструктивтік тұрғыдан білім игеру — бүгінгі және ертеңгі күннің білімі. 



Репродуктивтік  білім. Білімнің  бұл  түрі:  ырықсыз,  белсенді  (пассив  түрдегі)  түйсінуді 

(қабылдауды)  білдіреді;  мұнда  үйренушінің  субъективтік  және  өзіндік  түсінігіне  жол 

берілмейді:  репродуктивтік  білім  «түрлендірусіз,  еш  өзгертусіз  қайталау»  деген  ұғымды 

меңзейді.  Репродуктивтік  біліместе  сақтау  және  қайталауға  негізделеді,  мұнда 

қарастырылатын  мәлімет  білім  алушы  тұрғысынан  аз  мөлшерде  өзгертіліп, 

интерпретацияланады. 

Репродуктивтік 

білімде 


бағдарлама 

(оқытудың, 

пәннің 

бағдарламасы) негізгі рөл атқарады («бағдарлама центристік» білім), өйткені мұндай білім 



шәкірттің  жеке  тұлғасына  бағытталмай,  жоғары  жақтан  белгіленген  оқытудың 

бағдарламасына  арқа  сүйейді:  «бағдарламада  қалай  келтірілсе,  солай  оқыту  керек»  деген 



117


 ~ 

 

қағиданы  ұстанады.Репродуктивтік  білімде  басты  тұлға  –  үйретуші  («ұстазцентристік» 



білім), өйткені ол білім алушының мүдделерін ескермей, үйретушіге (ұстазға) бағытталады.  

Репродуктивтік білімнің түрлері: 1) Сипаттаушы білім: 

— қайталауға негізделген сипаттауға бағытталады; 

— негізгі сипаты: көрнекілік; 

2) Түсіндіруші білім; 

— объективтік дәлелдемеге ұмтылады; 

— негізгі сипаты: дәлелділік (өз көзқарасының дұрыстығын дәлелдеу). 

Конструктивтік  білім.  Конструктивтік  білімде  басты  назар  «пән»  немесе 

«бағдарламаға»  емес,  үйренуші  (шәкірт)  тұлғасына  аударылады,  ал  ұсынылған  білім 

тұлғаны өзгерістерге ынталандырады: шәкірт алған білімді (ақпаратты, мәліметті, ұғымды, 

т.с.с.)  өзіндік  тұрғыдан  өзгертсе,  оның  үйренген  білімі  шәкірт  тұлғасын  да  өзгертеді 

(дамытады,  өсіреді).Сол  себепті  конструктивтік  білімді  кейде түрлендіруші  білім  деп  те 

атайды. 


«Конструктивтік» деп аталу себептері: 

—  білім  алушы  өздігімен  ақпарат,  фактілер,  ережелер  мен  қағидалардан  дербес  (өзіндік) 

мағына, түсінік, ой, идея, тұжырым құрастырады; 

— конструктивтік білім шәкіртті рефлексия (ой-толғаныс) арқылы өзін-өзі «түрлендіруге», 

өзінің тұлғасын өзгертуге ынталандырады; 

—  конструктивтік  білім  тұлғаға  өзін-өзі  түрлендірудің  (өзгертудің)  айқын  да  анық 

мақсаттары  мен  құралдарын  беріп  қана  қоймай,  сонымен  бірге  оларды  тұлғаның  тұла 

бойына сіңіріп, оны өзін-өзі жетілдіру ісіне жұмылдырады. 



Конструктивтік білімнің өзектілігі 

Сипаттаушы және түсіндіруші білімдер қаншалықты қажетті болса да, олар әлемді өзгерте 

алмайды,  өйткені  әлем  тек  адамның  түрлендіруші  әрекеттері  арқылы  өзгере  алады,  яғни 

оқытуда  басты  назарды  тұлғаның  жеке  қасиеттері  мен  оның  белсенді  әрекеттеріне,  оның 

қолынан келетін істерге аудару қажет. 

Конструктивтік білімнің негізгі сипаты [2-кесте] 

Түрлендіруші  ықпалдың  (әрекеттердің)  тиімділігі  оның  адамды  өзін-өзі  түрлендіру  ісіне 

жұмылдыра  білуіне  байланысты.  Сол  себепті,  конструктивтік  білімнің  негізгі  сипаты 

ретінде  оның  әрбір  білім  алушыға  жағымдылығы  мен  қызықтылығы  танылады.Адамның 

көңілін өзіне тартпайтын, қызықсыз білім болмысынан конструктивтік емес. 

[2] кесте– Әдістемелерді салыстыру 

Репродуктивтік білім 

Жоғарғы жақтан күштеу 

Еркіндікке жол бермейтін тәртіп (үйретуші тарапынан белгіленген)  

Кітаптар(оқулықтар) бойынша үйрену 

Қайталау  арқылы  жүйеленбеген  (арасында  байланысы  жоқ)біліктер  мен  дағдыларды 

қалыптастыру 

Бұлыңғыр болашаққа дайындау 

Статикалық (өзгерістерге ұшырамайтын) мақсаттар мен материалдар 

Конструктивтік білім 

Тұлғаның өзін-өзі көрсете білуі мен дамуы 

Еркін түрде әрекеттесу, үйренушілердің өздері қабылдаған ережелерді (тәртіпті) ұстану 

Тәжірибе арқылы үйрену 

Өмірде қажетті мақсаттарға жету үшін біліктер пен дағдыларды игеру 

Бүгінгі күннің мүмкіншіліктерін мейлінше пайдалану 

Әлемнің күнделікті өзгерістерге толы динамикасы 

Конструктивтік  білімнің  басты  қағидасы  білімнің  үйренушіге  дайын  күйде  берілуі 

мүмкін  еместігімен  және  әр  адамның  қоршаған  әлем  туралы  өмір  бойы  өзіндік  түсінік 



118


 ~ 

 

құрастыруымен  байланысты,  яғни  білім  үйренушінің  жеке  басында  пайда  болған  ойлары, 



идеялары,  түсініктері,  көзқарасы,  дүниетанымы,  пікірі,  сұрақтары  мен  жауаптары, 

дәлелдері,  ұстанымдары,  уәждері  мен  ұстанған  құндылықтары  деп  түсініледі.  Ал  мұның 

бәрін  де  үйренушілердің  өздері  әрекеттер  мен  ойлану  арқылы  құрастырады,  «жасайды». 

Мұндай  жағдайда  ұстаз  үйретпейді,  ол  тек  шәкірт  тарапынан  білімді  өздігімен  игерудің 

жағдайларын ғана жасайды. 

Құрастырылған  білім  ұзақ  уақыт  есте  сақталып,  өмірде  кең  қолданыс  табады, 

өйткені  олардың  мазмұны  үйренушілердің  өз  мүдделері  мен  қызығушылығынан 

туындайды.  Осыған  орай  сабақтарда  қолданылатын  жаңа  әдіс-тәсілдерге  тоқталатын 

болсам:  (3)  Жигсо,  Венн  Диаграммасы,  РАФТ,  автор  орындығы,  семантикалық  карта, 

INSER, «Әуе шары» т.б. Жигсо -1 оқушылардың бірін-бірі оқытуда көмектесуіне арналған 

жұмыс түрі (мәтінді оқу) Жигсо-2 мәтінді толық меңгерген жанұя,сараптама тобына барып 

сұрақтарға  жауап  береді.  Сұрақтар  алдын  ала  дайындалған  болуы  керек.  Жанұя  өздерінің 

алған  ақпараттары  бойынша  А-4  форматтарға  өз  ойларын  (постер)  түсіреді, 

қорғайды.Тақырыпты  меңгергеннен  кейін  Венн  Диаграммасы  бойынша  (анализ,синтез) 

жасайды.Бұл әдісті сабақтың итермелеу сатысына да бекіту кезеңіне де пайдаланса болады. 

Автор  орындығы  (тақырыптағы  оқиға  туралы  өз  ойын  айтады  қазіргі  өмірмен 

байланыстырады), ыстық орындық ( басқа жанұя тобындағы оқушылар тақырып бойынша 

сұрақтар  қояды  әр  жанұядан  бір  сұрақ),  семантикалық  карта  (тірек  терминдер  арқылы 

оқыту) ақылдың алты қалпағы (қалпақтардың түсіне қарай өз ойымен бөлісу). 

Әлем  өзгеруде,  мен  де  өзгеремін  қағидасын  ұстанған  сындарлы  оқыту  теориясы 

бүгінгі  күннің  талабына  толық  жауап  беретін  бағдарлама.  Көптің  көңіліндегі  күмәнді 

сұрақтарды  толық  серпіп  өзінің  мазмұндылығын  дәлелдеп  келе  жатқан  жүйе.  Сындарлы 

оқыту технологиясы оқушымен қатар мұғалімнің үнемі ізденісте болуын талап етеді. 

Осы  орайда  басты  мақсаттарының  бірі  —  баланың  оқыта  отырып,  ой  еркіндігін, 

белсенділігін,  ізденімпаздығын  қалыптастыру,  өз  бетінше  шешім  қабылдауға 

дағдыландыру.  Сындарлы  оқыту  бағдарламасы  тәжірибе  барысында  «Қазақтың  тағдыры, 

келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді 

таза,  берік  һәм  өз  жанымызға  /қазақ  жанына/  үйлесетін  негізде  құра  білсек,  келешегіміз 

үшін  тайынбай-ақ  серттесуге  болады»-деп  өз  еңбегінде,  ХХ  ғасырда  жазып  кеткен  ақын, 

педагог Мағжан Жұмабаев сөздерін басшылыққа ала отырып, болашақта әлемдік білім беру 

саласында  қазақстандық  білім  беру  жоғары  жетістіктерге  жетеді  деп  сенемін. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет