Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Н.Ә.Назарбаев
«Қазақстанның
әлемдегі
бәсекеге
барынша
қабілетті
50 елдің қатарына кіру стратегиясы».
2. «Информатика негіздері» журналдары.
3. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған
Мемлекеттік бағдарламасы.
4. А. Салихова «Оқушылардың шығармашылығын дамыту».
5. Ғылыми- әдістемелік журнал, №5-2009 ж.
6. Интернет материалдары «Google» және «Mail.ru» сайттары 2016 ж.
~
198
~
ТИІМДІ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Жуманова Райхан Муратовна
«Өрлеу» БАҰО АҚФ ОҚО ПҚБАИ аға оқытушысы
Омарова Камила Пазиловна
№ 18 Абай атындағы жалпы орта мектебінің физика және информатика пәнінің мұғалімі,
Сарыағаш ауданы, ОҚО
Қазіргі кезде республиканың педагог кадрларының біліктілігін арттыру жүйесі
қарқынды дамуда. Жаңа оқыту технологиялары – оқушының оқуда, білім алу үдерісінде
жан-жақты дамуына ықпал етіні анық. Оқушылардың білім алуда қалыптасқан мұғалім-
оқушы тұрғысынан ғана емес,өздігінен білім алуға, құрбы-құрдастары арасында
белсенділік танытып, өз мүмкіндіктері мен әлеуеттерін көрсетуге, басқаға қарап өзін
бағалай білу бейімділігіне қолдау көрсетіледі. Сондықтан бағдарламаның жеті модулі
негізінде оқушыларға білім беру сапалы да тиімді болмақ.
Тиімді оқыту және оқу бағдарламасы оқушылардың ойлауы олардың бұрынғы алған
білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дереккөздерден, мұғалімнен, оқулықтан және
достарынан алған білімдерімен астартырыла дамиды. Мұғалімнің сыныптағы іс-әрекетіне
әдістемелік құралдар немесе оқулықтардан гөрі, пәннің қалай оқытылуы керектігі жөнінде
әбден қалыптасып қалған пікірлер анағұрлым күштірек ықпал етеді. Сондықтан кез-келген
мұғалімнің оқыту құралдары оның өз болжамдарының, білімі мен ұстанымының
көзқарастарының жиынтығынан тұруға тиіс. Сапалы оқытудың маңызды факторы
мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз бетінше меңгеруін түсіуі мен бағалай алуы болып
табылады. Осылайша оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады.
Тиімді оқыту мен оқуда қолданылатын әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану заман талабы
екені бәрімізге белгілі. Сондықтан білім беру мен алу барысында оқушылардың өзара білім
алмасуын, оқушы мен мұғалімнің арасындағы ықпалдастықтың құрылуы жақсы нәтиже
береді деп ойлаймын.Яғни сабақ барасында жеті модульді тиімді қолдансам,оқушылар
өздерінің ойларын, көзқарастарын жан-жақты, еркін айтуына, дамуына көмектеседі.
Сыни тұрғыдан ойлау – XXI ғасырға жетуімізге мүмкіндік беретін жол.
Бағдарламаның өн бойында қарастырылатын мәселелер оқушылардың сыни тұрғыдан
ойлауын және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту болып табылады. Сыни
тұрғыдан ойлау – қазіргі таңда Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып
табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Сыни тұрғыда ойлауға, сабақ барысында
оқушыларға өз ойларын жеткізуге, білімдерін толықтыруға, жан – жақты ойластыруға,
тақырыпты интерпретациялауға, дұрыс шешім қабылдауға, ынталандыру сұрақтарын қоюға
айтылған болжамдарға күмәнмен қарауға мүмкіндік береді. Болашақта әрекет жасауға негіз
болады. Сын тұрғысынан ойлаудың дағдыларын дамыту сыныпта тиісті орта жасауды
талап етеді.
Тиімді оқыту және оқу бағдарламасының жаңа тәсілдерді қолдану стратегияларын
қамтитыны оқу үрдісінде нәтижеге жетуіне өз ықпалын тигізеді. Қазіргі таңда заман
талабына сай оқушы тұлғасын қалыптастыру үшін Тиімді оқыту және оқу
бағдарламасының негізгі міндеті – қазақстандық мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесін
жетілдіру мен сабақтың өн бойында бағалауға көмектесу.
Әлемдік білім алу деңгейіне жетудің негізгі мақсаты оқушыларға білім беруде сыни
тұрғыдан ойлау, сабақ берудің тәсілін өзгерту, сабақ өткізу арқылы зерттеу болып
табылады. Яғни, мұғалімдер педагогиканың тиісті аспектілеріне қатысты ғылыми зерттеу
материалдармен танысатын болады. Мұндай жұмыс мұғалімдер Бағдарламаға кіргізілген
білім беру мен білім алудағы стратегия мен тәсілдерді қарастыру (таңдау, зерттеу, танысу
т.б.) барысында сүйенетін теориялық негіздемені қамтамасыз ету үшін қажет.
(Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 12 бет).
~
199
~
Бағдарламаның 7 модуль идеясын тізбектелген сабақтар топтамасына, тіптен өз
практикамызға енгізу өз-өзімізді, оқушының жан дүниесін жақсы түсіну қажет екенін
нақты айқындауға мүмкіндік берді. Жүргізген жұмыстарымыз бен бақылау түрлі
бағыттарда жинақтап жазған түсініктемелер мен деректер бізге, әріптестеріміз үшін құнды
екенін баса айтылды.
Көрсету, түзету, оқытуды бағалау сияқты әдіс-тәсілдердің көмегімен оқушыларға
білім беруде жаңаша идеяларды ұсынамыз. Сабақ барысында топқа, жұпқа бөлу, нұсқау,
тапсырма беру, қажетті материалдармен қамтамассыз ету, алған білімдерін іс жүзінде
пайдалануға итермелеу, ынтымақтастыру, бағалау және қадағалау әдістерін пайдалана
отыруға ықпал ету керек.
Әлеуметтік-сындарлылық тұрғыдан білім беруді түсіну (Vygotsky, 1978; Wood, 1998)
осы бағдарламада айтылған «Білім беру мен білім алудың жаңа тәсілдер» негізінде жатыр.
(Нұсқаулық 12 бет). ХХ ғасырдың басында Дьюи мектептегі қаз қатар қойылған
парталарды оқушылар тобының белгіленген орындарда отыруы үшін ғана құрылған
көңілсіз орын болып табылатындығын көре білген. Шындығында ол сыныптарды бір нәрсе
жасауға емес, «тыңдауға» арналған орын деп санады. Дьюи бұны оқытудың табиғи тәсілі
нәрсе ретінде қарастырды. Ал, Выготскийдің әлеуметтік сындарлы теориясы сияқты Дьюи
да жаңа тәжірибемен үнемі алмасу және әлеуметтік тұрғыдан алуға белсенді ат салысу
арқылы білім тез алынады деп санады. Шамамен бір ғасыр бұрын жазылғанына қарамастан,
Дьюидің көптеген көзқарастары күні бүгінге дейін аса өзекті. Дьюи біз осы кезге дейін іске
асырып келген «дәстүрлі» білім беру үдерісін енжарлықпен білім алу үдерісі ретінде
сипаттайды және өзара әрекеттің немесе сыни қатысудың төмен деңгейін қажет ететін
жаттап алу әдісі деп сынайды.
Сыни ойлауды жүйеге келтірген ғалымдардың да мақсаты мен міндеті бір еді. Олар:
Джинн Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Барлық жастағы оқушыларға кез келген
мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім
қабылдауға сабақтарда үйрету. Бұл технология бойынша оқушыға білім дайын күйінде
беріле салмау керек. Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын
ояту керек. Ал сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат
қойып, іске асырылуына жол көрсетеді.
Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала
бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу әрбір ұстаздың басты міндеті. Сын
тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс
кезеңдерінен түзіледі. Үйрену процесі бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан
тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен
толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы
оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады.
Оқушылардың қызығушылығын ояту кезеңінің екінші мақсаты - үйренушінің
белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-
әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, ойын жазады, жұбымен талқылайды,
тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады,
идеядан идея туындайды. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте бірте қадам жасала
бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен
ұштастырады.
Тиімді оқыту және оқу бағдарламасының екінші кезеңінде оқушы жаңа ақпаратпен
танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Олардың өз бетімен
жұмыс жасауына, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. INSERT статегиясы оқығанын
түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды тәсіл. Бір мәселенің
соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну күрделі жұмыс. Сондықтан да
оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра
алмау жиі кездеседі. Оқушылар білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға
әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер
~
200
~
құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады. Күнделікті оқыту процесінде
оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге
үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады.
Бұл сатыда оқушылар бір бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру мақсатында
басқалардың әртүрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрету сатысы ойды қайта түйіп, жаңа
өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру
болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді. «Бес жолды өлең», «Венн
диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т» кестесі сияқты статегиялар
сабақты қорытындылауға лайықты қолданылады.
Қазіргі заман жастарының жан-жақты, білімді болуы біздің қолымызда. Сондықтан,
біз баларды білім нәрімен сусындатып қана қоймай, оларды сыни ойлауға, өз ойын ашық
айтатын, ойын дәлелдейтін, адами құндылықтарын бойына сіңірген, рухани бай жеке тұлға
болып өсуіне ықпал етуіміз қажет.
Ертеңгі күнге сеніммен қарайтын білікті де білімді маман болу үшін біз де өзіміздің
жұмысымызға әділ баға бере отырып, білім жолында болып жатқан жаңалықтардан қалыс
қалмай, өз өзімізді жетілдіріп, үнемі ізденісте болуымыз қажет. Баланың қызығушылығын
ояту арқылы сана сезімін одан әрі дамыту ұстаз қауымының міндеті деп санаймыз.
Болашақта бүгінгі жастарды тәрбиелей отырып, білім жағын кеңейту және дамыған отыз
елдің қатарына ену арқылы еліміздің жоғары деңгейден көрінуіне ат салысамыз.
Төменде ашық сабақ үлгісі ұсынылды.
Сабақ тақырыбы: Мәтіндік процессор,
программа интерфейсі. Құжаттарды құру
және сақтау.
Мектеп: Сарыағаш қаласы, № 18 Абай
атындағы жалпы орта мектебі
Пәні: Информатика Күні:
13.01.2017ж
Мұғалімніңаты: К.Омарова
СЫНЫП: 6
а
Қатысқаноқушылар саны:
Қатыспағаноқушылар
саны:
Сабақнегізделге
ноқумақсаты
Оқушыларға программа құру әдістерін түсіндіру. Оқушылар мәтіндік
процессор, программа интерфейсі. Құжаттарды құру және сақтау жазу
тәсілдерін және графикалық нысандарды құру амалдарын түсіндіру.
Сабақтың
табыс
критерийлері
Оқушылардың барлығы: Мәтіндік процессор жайлы толық
мағлұмат алады.Құжатты баспадан шығару әдістерін біледі.
Оқушылардың көбісі: Мәтіндік процессор жайлы толық мағлұмат
алады;
Мәтіндік процессорда ақпаратты қағазға басып шығару әдістерін
үйренеді.
Оқушылардың кейбіреулері : Компьютерде емін- еркін мәтіндік
процессорда құжаттарды құру, пішімдеу мен редакциялайды.Құжатты
баспаға дайындауды меңгереді.
Тілдікмақсат
Құралдар (Tools) Жөндеу құралдары
Параметры (Орtions) Параметрлер мен режімдерді орнату
Терезе (Windows) Терезелермен жұмыс істеу
Анықтама (Неlр) Анықтама алу
Ресурстар
Компьютер, интерактивті тақта, дидактикалық материалдар,
суреттер,
Алдыңғы оқу
Модельдер түсінігі және түрлері.
Пәнаралық
байланыс:
Математика
САБАҚ ЖОСПАРЫ:
Сабақ барысы,
Берілетін тапсырмалар және қолданылатын
Бағалау
~
201
~
жоспарланған
уақыт
әдістер
критерийлері
және жұмыс
түрлері
ҰЙЫМДАСТЫ
РУ КЕЗЕҢІ
(психологиялық
ахуал
қалыптастыру)
3 минут
Психологиялық ахуал қалыптастыру.оқушылар
бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. «Компьютер
құрылғыларының аттарымен топқа бөлу.
Түрлі түсті стикерлер пайдаланып 10 оқушыны екі
топқа бөлу.
І топ «Монитор», ІІ топ «Пернетақта»
Мақтау
марапаттау
ҮЙ
ТАПСЫРМАС
ЫН СҰРАУ
5 минут
Үй
тапсырмасын
қорытындылау
1-деңгей (білу,
түсіну):
Үй тапсырмасын тексеру. Миға шабуыл (5мин)
1 Модель дегеніміз не?
2. Динамикалық модель?
3. Модельді қандай топтарға жіктеуге болады?
4. Модельдеудің неше кезеңі бар?
5.Материалдық (заттық модельдерге мысалдар
келтіріңдер
6.Ақпараттық модель дегеніміз не?
7.Қандай модельдер ақпараттыққа,ал қандай
модельдер материалдыққа жататынын анықтаңдар:
8.Физика пәніне арналған оқулықта қандай
ақпараттық модельдер бар.
Әр сұраққа 1
балдан беріледі.
Жеке жұмыс
2-деңгей
(қолдану,
талдау): 5 минут
Техникалық диктант
.......кез келген басып
шығарылатын ..... ты
жасап шығаруға арналған
.... компьютерлік
программаның түрі.
Жолақтың алдында ....
батырмасы орналасқан.
....мәзірде бірнеше бұйрық
орналасқан.
Экрандағы төменгі жол
қалып –күй жолы немесе
.... деп аталады.
1.
ақпарат
2.
ақпараттық жол
3.
программа
4.
Мәтіндік процессор
5.
қолданбалы
6.
Тақырып
6.
Жанама
7.
Оffice
Тапсырманы
толық орындаса
5 балдық
жүйемен
бағалау.
Практикалық
тапсырманы
теориямен
ұштастырса 4
бал .
Жартылай
орындаса 3
балмен
бағаланады.
Жұптық жұмыс
3-деңгей
(жинақтау,
бағалау): 5
минут
Модельдеуге тәжірибелік жұмыс
1-кезең Мозайкадан өрнек құру.
Мозайка-геометриялық модельдің масалы,ол
нысанның сыртқы белгілерін сипаттайды.
2-кезең
Геометриялық модельді модельдеу үшін Paint
графикалық редакторы бағдарламасында
дайындау.Дайындамаларды жұмыс аймағының сол
жағында қолдану.
3кезең Компьютерлік тәжірибелік жұмыс
Модельдеу технологиясы.Paint графикалық
редакторында 29 суреттегі ұсынылған алгоритмді
құрыңдар.Алынған барлық дайындамаларды жұмыс
аймағының сол жағына құрыңдар.
Сыни тұрғыдан
ойланып
тапсырманы
орындаса 5 бал
Компьютерде
белсенді жұмыс
жасаса
4бал.Тапсырма
ны жартылай
орындаса «3»
бал бойынша
бағалау
ЖАҢА САБАҚ -
Топтық тапсырма: «Ойлан,жұптас,бөліс»
Әр топтан
~
202
~
минут
әдісіОқушыларды топтастырып, қазіргі дербес
компьютерлердегі MS Word мәтіндік
редакторының жұмыс істеу және іске қосу
әдістерін оқушылар топпен бірлесе отырып
орындайды.
І топ:MS Word мәтіндік редакторының іске қосу
және терезе элементерін атап шығу.
ІІ топ:MS Word мәтіндік редакторында құжаттар
құру, қарап шығу, өзгерту және басып шығару
жолдарын түсіндіру.
MS Word – бұл құжаттарды құру, қарап шығу,
өзгерту және басып шығару үшін арналған
Microsoft Office жүйесінің құрамына кіретін
программа.
MS Word іс жүзінде қазіргі мәтіндік
процессорлардың барлық қажетті сапаларына ие:
құжаттарды құру және теру;
қаріптер жиынын пайдалану арқылы оларды
форматтау;
кестелер, графиктер, математикалық формулаларды
пайдалану;
емле ережесін тексеру және сөздерді автоматты
тасымалдау;
іскер хаттарды, келісім-шарттарды, есеп беру
формаларын және т.б дайындауға
Шеберді (Мастер) және Шаблонды пайдалану
Сонымен қатар мәтіндік процессордың
кемшіліктері де бар:
математикалық формулаларды енгізу күрделі;
растрлық графикаларға арналмаған.
Мәтіндік процессорларды бірнеше әдіспен іске
қосуға болады:
1. Негізгі менюден Жіберу → Бағдарламалар→
Microsoft Office → MS Word командаларын
орындау арқылы;
2. Жұмыс үстеліндегі таңбашасынан;
3. Microsoft Office тақтасындағы батырмалармен.
Мәтіндік процессордан шығу жолдары мынадай:
1. Файл → Шығу командаларын таңдау арқылы;
2. Alt + F4 батырмаларын қатар басу арқылы;
3. Word программасының атаулар жолының оң
жақтағы жоғарғы жабу батырмасын басу арқылы.
Word терезесін жабу кезінде құжатқа енгізілген
өзгерістер сақталмаса, экранға диалогтық терезе
шығады. Осы диалогтық терезе арқылы біз
файлдағы өзгерістерді сақтай аламыз.
Word терезесінің негізгі элементтері Office
қосымшалары үшін ортақ болып табылады. Мұның
жоғарғы бөлігінде негізгі меню орналасқан. Онда:
Файл, Түзету, Түр, Қою, Формат, Сервис, Кесте,
Терезе, Анықтама орналасқан.
Жалпы терезе мынадай бөліктерден тұрады:
елшілер топ
аралап топтық
жұмысқа баға
береді.Бағалау
критерилерін
оқушылар
өздері құрып
алады.
Топтық жұмыс
~
203
~
тақырып жолы, меню жолы, «Стандартты» құрал-
саймандар тақтасы, «Форматтау» құрал-саймандар
тақтасы, сызғыш, жұмыс алаңы, бейнелеу режимін
таңдау батырмаларынан, қалып-күй жолынан.
САБАҚТЫ
БЕКІТУ
минут
1-деңгей (білу,
түсіну):
«Көңілді гүлдер» әдісі
Жасыл гүлдер - ауызша
Қызыл гүлдер - жазбаша
Көк гүлдер - компьютермен жұмыс
Жасыл гүлдердегі сұрақтарға ауызша жауап
береді.
Орындау
шеберлігіне
қарай бағалау.
2-деңгей
(қолдану,
талдау):
Қызыл гүлдердегі сұрақтар жазбаша сұрақтары:
1. Жаңа құжат құрыңыз . Вставка – Клип-өзіңе
ұнаған суретке қысқаша сипаттама бер
2. Жаңа құжат ашыңыз, WordArt жиынтығынан
біреуін таңдап, «Информатика» сөзін жазып
шығыңыз.
3. “Информатика” сөзін әр түрлі бағытта бұрып
отырып , өзіңізге ұнаған күйде қалдырыңыз.
4. Абак Ежелгі Римде пайда болды. Ол calculi деп
аталды. Оны тастардан, қоладан, түрлі түсті
әйнектерден және пілдің сүйектерінен жасады.
Кейінірек ол сөзден calculatore-есептеу деген сөз
шықты. Одан бізге таныс калькулятор сөзі пайда
болды.
- Мәтінді көрсетілгендей етіп тер.
- Мәтін әрпінің өлшемі-14.
Дұрыс жауап
берілсе 3бал
Уақытпен
ұштастырып
белменді
орындаса 4бал
Тапсырманы
толық орындаса
5 балдық
жүйемен
бағалау.
3-деңгей
(жинақтау,
бағалау):
Көк гүлдердегі сұрақтар:
1.ЭЕМ –мен жұмыс жасау кезінде қандай
қашықтықта отыру керек.
2. Microsoft Word программасының атқаратын
қызметі қандай?
3. Компьютердің негізгі бөліктеріне нелер жатады?
4. WordPad программасының құрал-саймандар
тақтасындағы командаларын сипатта.
5. Компьютерлеріңдегі мәтіндік процессордың
қалып-күй жолының түрі бойынша қандай қарау
масштабы тағайындалғанын анықтаңдар.
Тапсырманы
белсене жауап
берген
оқушылардың
балдық
жүйемен
бағалау.
ҮЙГЕ
ТАПСЫРМА
минут
1-деңгей (білу,
түсіну):
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
Адеңгейі 1.Теңіз ғажайыбы тақырыбында мәтін
теру.
Осы тақырып
толық
орындалса «3»
тік бал
2-деңгей
(қолдану,
талдау):
Ғаламтор желісінен Балқаш көлі туралы ақпарат
іздеп,табыңдар.
Осы тақырып
толық
орындалса «4»
тік бал
3-деңгей
(шығармашылық
қа, ғылыми
зерттеушілікке
бағытталған
MS Word мәтіндік редакторының қызметі жайлы
слайд жасау.
Осы тақырып
орындалса «5»
тік бал
~
204
~
Достарыңызбен бөлісу: |