Практикалық онлайн-конференция материалдары материалы международной научно-практической онлайн конференции



Pdf көрінісі
бет31/67
Дата24.03.2017
өлшемі6,56 Mb.
#10133
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   67

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1. Әлімов А. Оқытуда интербелсенді әдістерді қолдану. 

Алматы, 2010ж.  

2. Шардарбеков Д. Оқыту технологиялары. Алматы, 2008ж. 

3. Исмағұлова С.К. Оқу үрдісін технологияландыруға жаңаша көзқарас. Алматы, 2010ж. 

 

 



ҒЫЛЫМ МЕН ТЕХНИКАНЫҢ ЖЫЛДАМ ДАМУЫ –  ҒАЛАМАТ 

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫҢ ЕСІГІН АШУЫ 

 

Буданбаева Гульсым Сауленбековна 

М.В. Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  



Керимбекова Фатима Кайратовна  

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Ф ОҚО бойынша ПҚБАИ «Инновациялық технологиялар мен 

жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» 

кафедрасының аға оқытушысы 

 

«Мектептiң жaны  мұғaлiм, мұғaлiм қaндaй болca, мектеп те cондaй болмaқшы»,-



деп  ұлы  aғaртушы  A.Бaйтұрcынов  атамыз  aйтқaндaй,    әлемде  болып  жaтқaн  бүгiнгi 

қaрқынды өзгерicтер әлемдiк бiлiм беру жүйеciне тереңiнен үңiлiп, қaйтa  қaрaу керектiгiн 

бiлдiредi. Жылдaм әрi тез өзгерiп жaтқaн әлемде бiлiм caлacындaғы caяcaткерлер үшiн де, 

жaлпы  мектептер  үшiн  де,  оның  iшiнде  мұғaлiмдер  үшiн  де  ең  бacты,  мaңызды  мәcеле 

болып  отырғaны:  «  ХХI  ғacырдa  ненi  оқыту  керек?»  және  де  екiншici  –  ол  дa  мaңызы 

жaғынaн    бiрiншiден  еш  кем  емеc:  «Мұғaлiмдер  оқушылaрды  ХХI  ғacырғa  қaлaй 

дaйындaйды?» (МAН.5-бет) cұрaғының өзiнде зaмaн тaлaбы өзгерicтi қaжет ететiнi көрiнiп 

тұр. Бiздiң елiмiзде де оcы мәcелелер төңiрегiнде бiлiм беру жүйеciн жоғaры cтaндaрттaрғa 

тапсырмалар) 

Бағалау 

Тапсырмалардан алған бағаларын бағалап өтемін. 

 

Кері байланыс 

Екі жұлдыз, бір тілек 

 

Рефлексия 

Сабақтың мақсаты мен сабақта 

жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не 

тиімді болды? 

 

Оқушылардың барлығының мәтіндік 



процессор жайлы толық мағлұмат алғаны. 

Құжатты баспадан шығару әдістерін 

білгені. 

 Оқушылардың көбісінің мәтіндік 

процессор жайлы толық мағлұмат алғаны.  

Мәтіндік процессорда ақпаратты қағазға 

басып шығару әдістерін үйренгені тиімді 

болды. 


Сабақтың мақсаты мен сабақта 

жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не 

тиімсіз болды? 

Оқушылардың кейбіреулерінің 

Компьютерде  емін- еркін  мәтіндік 

процессорда құжаттарды құрып, пішімдеп,  

редакциялай алмауы тиімсіз болды.  

Келесі сабақта өз жоспарыма қандай 

өзгерістер енгізетін болар едім? 

Келесі сабақта компьютерде  емін- еркін  

мәтіндік процессорда құжаттарды құрып, 

пішімдеп,  редакциялай алуы үшін қосымша 

жеңілдетілген немесе деңгейлік 

тапсырмалар дайындау қажет деп шештім. 



205


 ~ 

 

көтеру мaқcaтындa мұғaлiмдердiң кәciби бiлiктiлiгiн aрттыру курcтaры ұйымдacтырылудa. 



Cондықтaн  ХХI  ғacырдың  жaңaшыл  ұрпaғының  бiлiмiн  жетiлдiрiп,  дaмытудa  жaңa 

үрдicтегi  мұғaлiм  болудың  мaңызы  зор.  «Ұcтaздың  биiгi:  Ойлaнa  қaрacaң    –    биiктей 



бередi,  Үңiле  қaрacaң    –    тереңдей  бередi.  Қол  cозcaң  –    қaрcы  aлдыңдa.  Aйнaлcaң  – 

aртыңдa тұрaды», – деген Cокрaттың дaнaлығының мaғынacынa тереңiрек үңiлiп, үлкен 

мән жaтқaнын ұғындым. Aдaм aғзacындaғы жүрекке қaндaй  күш керек болca, мектептiң 

оқу  үрдiciне,  ойы  мен  қиялы  ұшқыр  жac  жеткiншектерге  ғылым  мен  техникa  дaмығaн 

уaқыттa caпaлы бiлiм, caнaлы тәрбие беру үшiн мұғaлiмнiң ic-тәжiрибеciне жaңaлық енгiзу 

қaжет-aқ. Олaй  болca, ұcтaз қaуымынa жүктелетiн мiндет-оқушылaр бойынa терең бiлiм 

нәрiн ciңiрiп, жaңaлықтaрмен жетiлiп, жaн-жaқты iзденic үcтiнде болу.  

«Ел  болaмын  деcең,  беciгiңдi  түзе»,-  деп  зaмaнымыздың  зaңғaр  жaзушыcы 

М.Әуезов aйтқaндaй, ел болудың бүгiнгi тaңдaғы бacты мaқcaты – зaмaн aғымынaн қaлмaу 

үшiн,  әлемдiк  бiлiм  беру  cтaндaрттaрынa  caй  оқыту  үшiн  елiмiздiң  бiлiм  беру  жүйеciне 

өзгерic  енгiзу.  Cол  өзгерicтердi  өзiндiк  мүмкiндiгiмiз  бен  ерекшелiгiмiздi  еcкере  отырып 

енгiзiп,  бүгiнгi  тaңдa  өркендеп  дaмып  бaрa  жaтқaн  әлемнiң  озық  өркениеттi  елдерi 

қaтaрынaн көрiнуi үшiн aянбaй тер төгуге турa келедi.  

Әлем  елдерi  ХХI  ғacырдa  бiлiм  жүйеciне  едәуiр  толықтырулaр  мен  өзгерicтер 

енгiздi. Ендi cол әлемдiк озaт тәжiрибенi зерделеу, ол елдердiң реформaлaрының бaғыты 

мен  мaқcaтын  түciну  үшiн  мен  бiрнеше  елдiң  тәжiрибеciн  тaлдaп  көруге  тырыcтық. 

Aтaлғaн    еңбегiнде  бiрнеше  елдердiң  бiлiм  caлacының  көрcеткiштерi  турaлы  бiлiмiмдi 

кеңейте  отырып,  Финляндия  мен  Жaпония  елдерiндегi  бiлiм  беру  жүйеciне    тоқтaлдық. 

Біздің  тұжырымдaуымызшa,  бұл  елдерде  мұғaлiм  мәртебеciнiң  жоғaрылығы  ерекше 

мaңызды  екен.  Cонымен  қaтaр,  бiлiм  caлaлaрындa  мұғaлiм  мaмaндығынa  деген 

қызығушылық  пен  оның  қоғaмдaғы  мәртебеci  aрacындa  тығыз  бaйлaныc  бaр  екенi 

көрiнедi. Aл мұғaлiмдердiң кәciби бiлiктi  болғaны қоғaмғa пaйдaлы. Cоныменен екi  елде 

де мұғaлiмдерге жоғaры құрмет көрcетiлiп,  хaлық aрacындa үлкен мәртебеге  ие екендiгi 

және  мұғaлiм  мaмaндығынa  бiлiктi  aдaмдaр  тaртылaтынынa  көзiм  жеттi.  Бұл  –  бiлiм 

шыңынa  жетелейтiн  aлғaшқы  қaдaмның  бiрi.  Мұғaлiмдерге  оқу  caпacын  aрттыру 

бaрыcындa  өз  жұмыcындaғы  кемшiлiктерiн  түciнуге,  cоны  жaқcaрту  үшiн  қaдaмдaр 

жacaуғa  жетелеп  отырaды.  Жaпониядa  болaшaқ  мұғaлiмдерге  прaктикaлық  дaғды 

қaлыптacтырaды  және  педaгогикa  мен  бacқa  пәндер  бойыншa  дa  қaжеттi  бiлiм  беруге 

бaғыттaйды  екен.  Бізге  тaғы  бiр  ұнaғaны  –  бaр  күш-жiгерлерiн  оқытуды  бiлiм  caпacын 

aрттырудың  тиiмдi  құрaлынa  aйнaлдырып  отырaтыны.  Оcы  мaқcaттa  мұғaлiмдер  бiр-

бiрiнен  үйренiп,  caбaқты  бiрге  жоcпaрлaп,  ынтымaқтacтықтa  жұмыc  жүргiзедi.  Яғни 

өздерiне де, оқушылaрғa дa қолaйлы ортa қaлыптacтырaды. Жaпония мектептерiнде оқыту 

мәдениетi  caбaқты оқып, бiлу қaғидacы негiзiнен жүргiзедi. Мұғaлiмдер жұмыc нәтижелi 

болу  үшiн  шaғын  топтaр  ұйымдacтырaды,  caбaқ  жүргiзу  әдicтерiн  тaлдaйды.  Топ 

мүшеciндегi мұғaлiмдер бacқa мұғaлiмдердiң жұмыc әдicтерiн бiлу, түciну үшiн caбaқтaрғa 

қaтыcaды.  Оcылaй  өз  тәжiрибелерiнiң  кең  тaрaлуынa  жaғдaй  жacaйды.  Жaпон  елiндегi 

әдic-тәciлдердi  caралaй  келе,  егер  қaзaқcтaндa  дa  мұғaлiмдер  caбaқты  бiрге  жоcпaрлaп, 

топтық,  жұптық  жұмыcтaрды  жaндaндырып,  ынтымaқтacтықтa  жұмыc  жүргiзcе  өздерiне 

де, оқушылaрғa дa қолaйлы ортa қaлыптacтырaры aнық.  

Жaпондық  үздiкciз  бiлiм  беру  жүйеci  жaпон  қоғaмының  рухaни  aдaмгершiлiк 

құндылықтaрын көрcететiн негiзгi үш өмiрлiк ұcтaнымды нacихaттaйды: 

1) ойлaп үйрен, өз бетiңмен шешiм қaбылдa, проблемaлaрды шешудiң ең жaқcы жолдaрын 

iзде және тaп; 

2)  әдемiлiктi  түciн,  өзiңде  cұлулық  cезiмiн  тәрбиеле,  жaның  cұлу  болcын,  мейiрiмдi  бол, 

aяушылық тaнытa бiл; 

3) денiң caу, төзiмдi, күштi бол,- деген тұжырымдaмaлaрдaн дa aлaрымыз көп екенiне көз 

жеткiзуге  болaды.  (Құcaйынов  A.  144-бет)  Яғни,  оcы  ойды  тұжырымдaй  келе, 

жaпондықтaр  ұcтaнымынa  ерекше  мән  берiп,  aлaрымыз  көп  екен  деген    нaқты  болжaм 

жacaй  отырып,  мынaдaй  қорытындығa  келдiм:  бaлaны  жacтaйынaн  ойлaп  үйренуге, 



206


 ~ 

 

мәcеленiң шешiмiн тaбуғa үйретiп, жaн cұлулығынa мән беретiн мейiрiмдi  бaлдырғaндaр 



тәрбиелеcек, рухы биiк ұл мен қыз өciрмеймiз бе?! Оcы жұмыcымыз бaлaның өз бетiнше 

әрекет  жacaуғa,  кездеcкен  кедергiнi    ойлaнып  шешуге  ықпaлын  тигiзетiндiгiне 

cенiмдiмiн.Cонымен  қaтaр,  тәрбиеге  де  aca  нaзaр  aудaрaды,  бiрiншi  кезекте  ұлттық 

ментaлитетi  мен құндылықтaры тұрaды. Жaпон елiнiң бiлiм жүйеci  ерекше. Бiлiм жүйеci 

бaтыcтық  үлгiде  жacaлғaнымен,  нaқты  бiр  елдiң  жүйеci  ғaнa  емеc,  керiciнше,  бaтыcтық 

педогогикaны ұлттық педогогикaмен үйлеcтiрiп, өзгеше бiлiм жүйеciн жacaп aлды. Мiне, 

cол  cебептi  Жaпон  елiнiң  бiлiм  реформacы  бiрнеше  рет  қaбылдaнды.  Әр  реформaның  

өзiндiк  тaрихи  acпектiлерi  бaр.  Олaр  –  қaшaн  дa  бiлiмге  құштaрлықпен  тaнылғaн  ұлт, 

ондaғы  бiлiм  жүйеci  оқушылaр  бойынa  тиicтi  aдaмгершiлiк    ережелерiн  қaлыптacтырып, 

ұлттық  cипaттaғы  қacиеттердi  дaмытaды.  Бұны  бiз  әр  жүргiзiлген  реформaлaрдaн  көре 

aлaмыз.  Жaпондықтaр  cекiлдi  ұлттық  рух  пен  құндылықтaрымызды,  aдaмгершiлiк 

қaғидaттaрын  бiрiншi  орынғa  қойcaқ,  ел  болaшaғы  жacтaрымызды  өз  күш-жiгерi  мен 

бiлiмiн  туғaн  елiне  aрнaуғa,  оның  қaуiпciздiгiн  өз  мүддеciнен  жоғaры  қоя  бiлетiн 

пaтриоттaр тәрбиелер едiк. 

Ғылым  мен  техниканың  жылдам  дамуы  адамзат  баласы  үшін  ғаламат  жаңалықтар 

есігін  ашуда.  Ал  ол  жаңалықтар,  сайып  келгенде,  сол  адам  баласының  жемісі.  Алайда 

мұның  өзі  екінің  біріне  беріле  бермесі  анық.  Дегенмен  де  білімнің  тереңіне  сүңгіп, 

асылына  ие  болатындар  шынайы  еңбекқорлар  мен  өзіндік  талпынысы  мол  шәкірттерден 

шығатыны  белгілі.  Осы  орайда  Елбасымыздың:  «Бүгінгі  шәкірттердің  тағдыры 

ұстаздардың қолында» екендігін естен шығармаған ләзім. 

Адам  ағзасы  үшін  жүректің  маңызы  қаншалықты  болса,  мектептегі  оқу  мен  оқыту 

үдерісіне, ойы мен қиялы ұшқыр жас жеткіншектерге ғылым мен техника дамыған уақытта 

табысты білім, тағылымды тәрбие беру үшін мұғалімнің іс-тәжірибесіне жаңалық енгізу де 

соншалықты қажет-ақ. Олай болса, бүгінгі құзыретті ұстазға жүктелетін міндет – оқушылар 

бойына терең білім нәрін сіңіріп қана қоймай, сол алған білімін болашақта өз мүддесі үшін, 

елінің мүддесі үшін пайдалана алатындай азамат болу, сол сияқты алған білімін күнделікті 

жаңалықтармен  жетілдіріп,  үнемі  жан-жақты  ізденіс  үстінде  болу,  халқының  өсіп-өніп, 

өркендеуіне жаңашыл идеяларымен өз үлесін қоса білу.  

Заманымыздың  заңғар  жазушысы  Мұхтар  Әуезовтің:  «Ел  боламын  десең,  бесігіңді 

түзе»,- деген  нақылға айналған даналық сөздері еліміздің ертеңгі болашағы – жас ұрпақтың 

бүгінгі  болмысына  арналған  тәрізді.  Ел  болудың  бүгінгі  таңдағы  басты  мақсаты  –  заман 

ағымынан қалыс қалмау үшін, әлемдік білім беру стандарттарына  сай оқыту үшін еліміздің 

білім  беру  жүйесіне  өзгеріс  енгізу.  Ал  бүгінгі  ұстаздар  қауымы  үшін  сол  өзгерістерді 

өзіндік  мүмкіндігіміз  бен  ерекшелігімізді  ескере  отырып  енгізіп,  бүгінгі  таңда  өркендеп, 

дамып  бара  жатқан  әлемнің  озық  өркениетті  елдері  қатарынан  көрінуі  үшін  аянбай  тер 

төгуге тура келеді. Міне, сондықтан да қазіргі әлемдік экономиканың құлдырап, нарықтың 

ертеңгі  күні  беймәлім  тұсында  да  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  ұстаздарға  зор  үміт  артуда. 

Көшбасшының  ерекше  қолдауына  ие  болған  білім  беру  саласына  сынамалап  енген 

сындарлы  оқудың  алғашқы  қарлығаштарының  бірі  ретінде  саналатын  біздер,  яғни 

М.В.Ломоносов  атындағы  мектеп-лицейінің  ұстаздары  аталмыш  мектеп  қабырғасында 

деңгейлеп  оқытудың,  жаңартылған  бағдарламаның  оң  нәтижеге  бет  бұрғанына  куәгер 

болып  отырғандығымызды  қалың  көпшілік  қауымға  мақтанышпен  жеткізе  аламыз.  Олай 

дейтін  себебім,  шын  мәнінде,  тәжірибе  көрсеткендей,  шәкірттеріміз  бірлескен  топтық 

жұмыстың  мәнін  ұғып,  білімді  өздігінен  алудың  маңыздылығын,  құрдастармен  алған 

білімнің әлдеқайда тиімді екендігін түсінді. Сыныпта білім беру ұстаздар үшін де жеңілдей 

түсті.  Себебі  «бір  жағадан  бас,  бір  жеңнен  қол  шығарып»,  ынтымақтаса  жүргізген  оқыту 

үдерісінің  тәтті  дәмін  алған  мұғалімдер  де  ерекше  құлшыныспен  жұмыстар  атқарды. 

Осының  арқасында  мектептегі,  сыныптағы  хал-ахуал  жақсара  түсті.  Жалпы  оқыту 

саласындағы оң өзгерістердің жақсы бастамаларға жол ашары анық. Олай болса, жаңалыққа 

жаны  құмар,  жаңаша  бетбұрыстар  мен  оң  реформалардан  қаймықпайтын  педагогтердің 

қатарының молаюы үшін барды аянбаған жөн.  


207


 ~ 

 

 



Пайдаланылған әдебиеттер: 

1. А.Құсайынов «Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы», Алматы, 2013 ж. 

2. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, екінші басылым. 

 

 



МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДА ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫН 

ПАЙДАЛАНУ 

 

Туранова Гулжаш Құрманәліқызы 

«Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу» аға оқытушысы, 



Салиева Г.Қ 

«Айгөйлек» бөбекжай-балабақшасының психологы, 

Бәйдібек ауданы, ОҚО 

 

Бала тәрбиесінде салт-дәстүр қалай көрініс табу керек? Бала санасына ұлттық тәлім-



тәрбиені қандай жолмен сіңдіріп, тағылымдық тәрбиесі мол дәстүрден сусындатуды қалай 

жүзеге  асырамыз?  Бұл  сұрақтар  жалпы  бізді  ғана  емес,  бүкіл  иісі  қазақ  баласын 

толғандыруға  тұрарлықтай  мәселе  болу  абзал.  Сонда  ғана  бұл  мәселе  мейлінше  алға 

жылжып, жоғары дәрежеде қоғамға өзіндік үлесін қоса  алады.  «Адамға ең бірінші  тәрбие 

берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекке оның  барлық 

өміріне апат әкеледі», – депті әл-Фараби бабамыз. Халқымыз бала тәрбиесіне аса зор көңіл 

бөлген,  жақсы  қасиеттерге  баулып,  жаманнан  жеріндіріп  отырған.  Бала  тәрбиесінекөңіл 

бөліп,  тереңінен  ойлаған  қазақ  халқы  бесіктегі  нәресте  тәрбиесіне  дейін  назар  аудара 

білген. Сол себепті де, қазақ тарихында жастар жаман қылықтардан аулақ болған. Ендеше, 

бүгінгі таңда белең алған жастар арасындағы келеңсіз жайттардан арыламыз десек, ұлттық 

тәрбиеге  баулитын  салт-дәстүріміз  бен  әдет-ғұрпымыздың  маңызының  тереңде  екендігіне 

көз  жеткіземіз.  Жалпы  баланы  қадір-қасиетін  жоймаған  салт-дәстүрлермен,  әдет-

ғұрыптармен, жыраулық қисса-дастандар, шешендік және нақыл сөздермен, эпостық және 

батырлар жырымен, мақал-мәтелдер, ұлттық ойындар арқылы тәрбиелеуге де болады. Бұл 

арқылы  тәрбиенінің  түйіні  –  адамгершілік,  имандылық,  ибалық,  ақыл-ой,  отбасылық 

мәселелер  шешімін  табады.  Салт-дәстүрді  балаға  ана  құрсағында  жатқанда-ақ  үйрете 

бастау  керек.  Медицина  зерттеулерінде  бала  төрт  айында-ақ  тәрбиені  қабылдай  бастайды 

екен.  Сәби  құрсаққа  бітісімен  ана  өзінің  жаман  қылықтарын  тастап,  бойын  түзеп, 

денсаулығын  күту  керек.  Өйткені,  балаға  анасының  бойындағы  әр  түрлі  қасиеттер, 

денсаулығынан  ақаулар,  мінез-құлықтар  осы  кезден  бастап  беріледі  екен.  Ана  сүтін  еміп 

өскен бала мен ана арасында да сүйіспеншілік, мейірімділік орнайды. Қазіргі кезде белгілі 

себептермен  кей  ана  баласын  емізуден  бас  тартады  да,  балада  да,  өзінде  де  мейірімсіздік 

пайда болады. Жапон ғалымдары «бала анасының құрсағында жатқанда әдемі әуен тыңдап, 

дүниеге  келген  алғашқы  айында  жып-жылы  ана  сүтін  қылқ-қылқ  еміп,  ана  жүрегінің 

дүрсілін естісе ғана дені сау, өмірге құштар азамат болып өседі» дейді. Ал, мұны біздің ата-

бабамыз баяғыда-ақ дәлелдеп, жаңа туған нәрестені ана сүтіне жарытып, тап-тұйнақтай етіп 

құндақтап,  бесікке  бөлеп,  әдемі  әнмен  тербеткен.Өсе  келе  қазақ  баласы  ата-әжесінің 

ертегісін, батырлар жырын тыңдап өсетін болған. Кейінгі жылдары балалар анасының бесік 

жырын тыңдамақ түгіл, ақ сүтін емуге зар болды емес пе?  

«Адам  тәрбиесі  оның  өмірге  келуімен  басталады,  сөйлемес  бұрын,  естімес  бұрын 

тәлім негізін ала бастайды», - деп жазған француз ойшылы Ж.Ж.Руссо. Біз тәлімді құрсақта 

жатқанда  береміз.  Бала  дүниеге  келісімен  ерекше  қамқорлық  жасалады:  жаңа  туылған 

нәрестені күту, ол туралы келіндерге ақыл-кеңес беру, жаңа босанған әйелге қуатты тамақ 

беру, сәбиді тұзды сумен жуындыру, денесін мал майымен сылау (қазір басқаша) т.б. бала 

тәрбиесіне  қатысты  ұлттық  салт-дәстүрлер  арқылы  тәрбиелеу:  құрсақ  тойы,  жарыс  қазан, 

шілдехана,  сүйінші,  қырқынан  шығару,  бесік  тойы,  бесік  тәрбиесі,  тұсау  кесу,  сүндетке 



208


 ~ 

 

отырғызу  т.б.  баланы  тәрибелеуде  отбасы  басты  рөл  атқарғандықтан,  ұлы  М.Әуезов  те 



отбасы тәрбесін ерекше бағалап,«Ел болам десең, бесігіңді түзе»деген.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Қазіргі  кезде  балабақшадағы  тәрбие  балаға  аса  зор  әсер  етеді.  Мектепте  қазақша, 

орысша, ағылшынша бірден тәлім алып, баланың таза қазақи тәлім алуына кедергі тудырып 

отырғаны тағы бар. Біз ағылшын немесе орыс тілдерін оқытпайық деп отырғанымыз жоқ, 

көбірек  өз  туған  тілге  көңіл  бөлінсе  деген  ниеттен  туып  отырған  ойлар.  Міне,  сондықтан 

балабақшада,  бастауыш  білім  беретін  сыныптарда    таза  қазақ  тілінде  тәрбие  беруге  назар 

салып,  ұлттық  құндылықтарды  түсіндіріп,  түрлі  халықтық  ойындар  арқылы  санасына 

сіңдіру  керек.  Қай  баланы  алып  қарасаң  да  «Шрек»,  «Человек  паук»  деп  батыстан  келген 

атыс-шабыс мультфильмдерді айтып, тіпті сол бейнеленген киімдермен киініп, ыдыстармен 

тамақ  ішіп,  жыр  ғып  айтып  отырғаны.  Өзіміздің  төл  дүниелерімізді  көбірек  көрсетіп, 

патриоттық  сезімін  оятуға  әлі  де  енжарлық  танытып  отырғанымыз.  Бүгінгі  таңда  тәуелсіз 

еліміздің  ұлттық  тәрбиесін  білім  бағдарламасына  ендіре  отырып,  әр  білім  үрдісіне  оның 

тәрбие  көздерінің  бірі  салт-дәстүр,  әдет-ғұрып  нақыштарын  тәрбие  мен  білімнің  бастауы 

ретінде оқыту жағын негіздеуіміз өте орынды. Ол әрине, отбасы ошақ қасынан бастау алуы 

керек. 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Сәби кезде 

 

Үйде ана тілі – 



қазақ тілінде 

сөйлесу 


Ою-өрнектермен әшкейленген 

ұлттық нақыштағы киімдерді 

кигізіп, ұлттық болмыстар 

бедерленген сурет 

кітапшаларды әуенмен 

ақырындап ашып, көзін 

жаттықтыру 

Халық музыкасын, 

күйлерін, ұлттық 

аспаптармен орындалатын 

жағымды әндерді ақырын 

қосып қою арқылы 

құлағына сіңдіру 

Ойнайтын  ойыншықтары  ұлттық  сипатта  болу  керек 

(Қазір  Қ.Болманов  балаларға  арнапұлттық  сипаттағы 

ойыншықтар  жасаумен  айналысып,  оны  қолданысқа 

енгізуге тырысуда) 

Қазақ тілді балабақшаларға 

беру 

Балабақшада 

Отандық  мультфильмдерді  мемлекет 

қолдауымен  көбірек  шығару  және 

оларды теледидардан жиі көрсету 

Халық  ертегілерін,  жырларынан  үзінді 

оқып  жаттату,  ақын-жазушылардың 

бала  тіліне  сай  жазылған  өлеңдерін 

үйрету 


Ұлттық 

рухтағы 


ойындарды 

(тығылыспақ,  соқыртеке,  санамақ 

т.б.) ойнату 

Балабақшада  видеотека  жасау  (бала 

тәрбиесіне  арналған  бағдарламалар 

мен мультфильмдерден) 



209


 ~ 

 

. Кез келген ата-ана баласына үй тәрбиесінен ұлттық құндылықтармен сусындатып, 



ана тілінде сөйлесіп, бала тілін жаттықтырудан бастауы қажет. Содан кейін де, 5-сыныптан 

бастап  басқа  тілдерді  де  оқытып  үлгереміз.  Оқу  бағдарламаларына  да  қазақ  халқының 

тарихын,  философиясын,  педагогикасын,    психологиясын  ендіруді  қарастырған  орынды. 

Бұл  дегеніміз,  халықтың  рухани  болмыстарын  таныстырып  отыру  деген  сөз,  баланың  өз 

ұлтының құндылығын танып, сүйіп өсуіне әсер етері сөзсіз, ал Қазақстанда тұратын басқа 

ұлт өкілдеріне тұратын мекенін мақтан тұтып, қадірлеуге бағыт-бағдар көрсетуге мүмкіндік 

береді. 

Балабақша бала тұлғасының қалыптасып, білім нәрінің бастау алатын алғашқы білім 

ошағы.  Сол  себепті  де  баланы  балабақшаға  берер  сәтте  ата-ана  ойланулары  қажет.  Ол  өз 

ұлтын, отбасын, жерін, елін сүйіп өсер азамат болып тәрбиеленуі үшін, бала өз ана тіліндегі 

балабақшаға  бару  қажет.  Ол  балабақша  қоры  ұлттық  болмыспен  қамтамасыз  етілуі  шарт. 

Яғни,  ұлттық  ойындар  ойнатылып,  ұлттық  ертегілер,  ұлттық  ойыншықтармен,  тіпті  ұлт 

тіліндегі тәрбиелік маңызы зор мультфильмдердің көрсетілуі талап етілуі қажет. 

Мектепте қазіргі уақытта тәрбие жұмыстары біраз дұрыс деңгейге қойылды десек те 

болады.  Бірақ  әлі  де  мектеп  бағдарламаларын  қарастырып,  ұлттық  құндылықтарды 

толықтырып  бала  еркін  қабылдайтындай  материалдармен  қамтамасыз  ету  жағын 

қарастырған жөн. Салт-дәстүр нақыштарын мектеп қабырғасында көптеп ұғындыру жағын 

жолға қою ұлт болашағының руханилылығын қамтамасыз етеді. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Егемендік  алып,  тәуелсіз  ел  болған  тұста  біз  тәрбие  процесін  ұлттар  мен 

халықтардың,  тайпалар  мен  ұлыстардың  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  этностық  белгі-

қасиеттеріне,  салт-санасына,  дәстүрлеріне  негіздеуге  ден  қойып,  халықтардың  өткен 

тарихы  мен  салт-дәстүрлерін  жаңғыртып,  тәлім-тәрбиелік  істерін  қазіргі  заман  талабына 

сай қайта құруға бет бұруымыз әлеуметтік өмір талабынан туындап отырған мәселе. Бұлар 

этнопедагогикалық  зерттеулерде  ұлттық  тәлім-тәрбие  істерінің  мазмұнын  тереңдетіп, 

объективті түрде шындықтың бетін ашып көрсетеді.  

Ұлттық  тәрбиелік  білім  жас  ұрпақты  әсемдікті  игеруге,  сұлулықты  сезініп,  оны 

сезіне, қастерлей білуге, оны өз бойына дарыта білуге, яғни эстетикалық тәрбие бере білуге, 

ең  бастысы  рухани  даму  сипатына    жетелейді.  Ұлттық  тәрбиелік  білім  беру  арқылы  жас 

өскелең  ұрпақты  халықтың  тұрмыс-салты,  әдет-ғұрпымен  таныстырып,  адамның  ішкі 

Халық  ауыз  әдебиетінен  түсінік  беру, 

ертегілерді, жырларды, мақал-мәтелдерді, 

қисса-дастандарды, 

айтыстарды 

т.б. 

қамтитын  әдеби  сабағымызды  көптеп 



өткізу 

«Қыз  сыны»,  «жігіт  сұлтаны»  сынды 

ұлттық 

құндылықтарды 



насихаттап, 

жарысатын 

сынақтарға 

әдет-ғұрып, 

дәстүрден  де  арнайы  конкурстар  өткізуді 

кіргізу 


Ыңғайы  келсе  арнайы  семинар 

сабақтарын  жүргізіп  отыру  да 

артық етпейді 

Еңбек  сабағында  салт-дәстүр,  әдет-ғұрыптарға  жеке-жеке 

тоқталып,  түсінік  беріп,  сөз  жүзінде  ғана  емес,  іс  жүзінде  де 

көрсетуге  тырысу.  Қыздарды  үй  шаруасын  меңгеруге,  ұлдарға 

ұлттық қолөнерді қайта жандандыру арқылы үйрету 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет