Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Кұнантаева К., Алшымбаева А. Бәсекеге қабілетті қоғамның негізі – сапалы білім
//Бастауыш мектеп. -2007. №1.
2. Дүйсенбаев С. Жаңа педагогикалық технология – Бастауыш мектепте //Бастауыш мектеп.
-2003. -№9.
~
178
~
3. Бұзаубақова К.С. Жаңа педагогикалық технологиялар: -А: Білім, 2000.
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ТІЛДІ МЕҢГЕРТУДЕГІ КОММУНИКАТИВТІЛІК
КӨПТІЛДІ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӨЗЕГІ
М.О. Мусаева
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО ПҚБАИ аға оқытушысы,
Г.Ибадуллаева
Е.Иззатуллаев жом тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары,
Г.Эртаева
Е.Иззатуллаев жом өзін-өзі тану пәні мұғалімі,
Түркістан қаласы, ОҚО
Қазіргі заман –жаңалықтар мен өзгеше технологиялар, өзгерістер заманы. Заманның
ендігі тетігі бүгінгі күнмен тірлік ететін адамды емес, болашақты кеңінен ой елегінен
өткізетін тұлғаны, келешекті кемел ойлай білетін, дүние өзгерістерінің себеп-салдарын
жекелік талғаммен емес, жалпы адамзаттық өлшеммен қабылдайтын жандарды қажет етеді.
Белсенді түрде қолдалынып жүрген әлемдік тілді қамтыған көптілділік Қазақстан
халықтарын рухани дамытумен қатар еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға
мүмкіндік беретін ішкі саясатың жекелеген бағыты ретінде ерекшеленеді. Жаппай
көптілділіктің негізгі іргетасы мектепте қаланатыны сөзсіз.
Мектепте көптілді тұлғаның қалыптасуы, оқу процесінің айқын ұйымдастырылуы
мазмұн мен оқыту принциптерін арнайы таңдау, оқыту және нәтижені тексеру, сәйкесінше
жоспарлауды қадағалайтын арнайы технологияларды қолдану барысында туындайды.
Сондай-ақ, шет ел тәжірибесінен мысал келтіретін болсақ, АҚШ-да ХХ ғасырда
екінші тілге өту мемлекеттік деңгейде қалыптасты. Ал Канадада 1965 жылдан балалар
арасында өз ана тілін ғана емес, әр турлі пәндерді оқу арқылы көп тілді меңгеру
қалыптасса, Финляндияда өз ана тілінде жазу мен оқуды үйренуді бала бақшада,екінші
тілді үйрену 1-2 сыныпта, ал 3 тілді 3-сыныпта үйренуді бастайды екен. Сонымен қатар,
билингвальды сыныптар 1993 жылы Норвегияда, 1998 жылы Швецарияда ашылғандығы
айқындалған.Германияда болса білім беруді бала бақшадан бастап,бастауыш мектепте
екінші, әрі қарай үшінші тілдерді меңгерту қарастырылған. [3]. Ал билингвалды білім беру
Қазақстанда 2000 жылдан Қазақстанда басталған болса, Қытайда 2007 жылдан бастап қолға
алынды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандартының талаптарына жүгінсек, бүгінгі мектеп түлегі-көптілді коммуникативтік және
ақпараттық құзыреттілігі дамыған, көпмәдениетті, рухани-адамгершілік, ұлтаралық
қатынастар мәденіетінің жоғары деңгейін меңгерген, қазақ елінің және жалпықазақстандық
құндылықтарды қастерлейтін, тілдерді меңгеруге тұрақты қызығушылық танытатын,
отансүйгіштік және азаматтық сана-сезімдері дамыған тұлға болуы керек [1].
Балалардың көпшілігі алты ай шамасында былдырлауды бастайды, бір жасқа
келгенде алғашқы сөзді айтады, екі жаста екі сөзді бірге біріктіреді, төрт жаста тілдің
негізгі қағидаларын меңгереді. Бір жарым жастан алты жасқа дейінгі кішкентай балалар бір
аптада 60-қа жуық сөзді үйреніп алады. Мектеп алды кезеңінде баланың сөздік қоры кем
дегенде 14000 құрайды, ол үнемі өседі және ересектерде екі есе артады. Сөздік қор өмір
бойы көбейіп отырады. Кішкентай бала бір сөзден ғана тұратын сөйлемнен бастайды, олар
әмбебап құрылымдардың көмегімен көп сөзден тұратын сөйлемдерге айналады. Тілді
игеру барысында басқа стратегияның да болуы мүмкін – бала ұзақ уақыт бойы сөйлемейді,
негізінен қимыл-қозғалыс және дене тілін пайдаланып, қарым-қатынас жасайды. Кейін, үш
жас шамасында, бірден толық сөйлемдермен сөйлеуді бастайды. Мұндай тілдік даму, жаңа
тілді меңгерудегі немесе «иеленудегі» балалар мен ересектер үшін қалыпты жағдай:
~
179
~
басында адам толық фразалармен айтуды бастағанша, тілді түсінуге тырысудың үнсіздік
кезеңі, бұл кейін талданатын, анағұрлым күрделі сөздер өз мағынасына ие болатын, өз
сөйлемдеріне бірігетін кезең. Атап айтқанда, адам бүтіндей жаңа сөздерді, сөйлемдерді
құруға талпынады. Адам қай жаста және қанша тілді үйренетініне қарамастан, бастапқыда
қарапайым үйрену тілі пайдаланылады. Балалар өздері үйренгісі келетінді сенімділікпен
және шаттанып «меңгереді». Біздің тілді меңгеру қабілетімізге түрлі факторлар әсер етеді:
отбасыдағы жағдай, жас шамасы, дарындылық, тілдік үлгілер, қатынас ұқсастықтары,
ықылас, қауіпсіздік пен сенімділікті сезінуі. [2].
Бүгінгі таңда инновациялық процесс ғылым салаларының тоғысуы мен бірігуіне
ғана емес,сонымен қатар тыңғылыми салалардың қалыптасуы мен дамуына да әсер етті.
Дегенімен тілдерді үш жақтан қарастыруға болады:
1) құрылымдық-лингвистикалық (сөздер, грамматика, тілдік үлгілер);
2) әлеуметтік-лингвистикалық (тілдік дамуға кедергі келтіретін немесе оның дамуына
ықпал ететін факторлар);
3) психолингвистикалық (коммуникативтік үрдістер, сөйлеуші мен тыңдаушы арасындағы
қарым-қатынас, тілдік қызметтің нақты салалары-айту, жазу, тыңдау, есту- ойлаумен
байланысты).
Екінші тілді оқытуды барынша табиғи қарым- қатынасқа жақындатуға тырысу керек.
Оқушылардың білімі мен білігі берік бекіп, дамуы үшін, мектептегі басқа оқу пәндерінің
мазмұнын ұғынулары үшін, олар тілді түрлі мәнмәтінде қолданулары қажет. Оқушылар
тілді меңгерудің бастапқы кезеңінде оқу пәндерін ары қарай меңгеру үшін негіз
болатындай, өзінің қоршаған орта мен оқу пәндері туралы бұрынғы білімдерін сөзбен
білдіруге үйренулері керек. Мұғалім мен оқушылардың, сондай-ақ оқушылардың өзара
қарым-қатынастары тілдің және оқушылар білімінің дамуында шешуші мәнге ие.
Зерттеулер, мұғалімнің оқу уақытының едәуір бөлігін тілді түсіндіруге бөлетінін, ал
балалардың тілді пайдалануына өте аз уақыт қалатынын көрсетті. Көптеген бақылаулар
сыныптағы қатынастың басым бөлігінің мұғалімнің сұрағына оқушылардың жауабы
түрінде қалыптасқандығын айқындады. Бұның нәтижесі- оқушылардың тілді тұрмыстық
жағдайда (мектептен тыс) қолдана алмауы немесе қолданудағы қиыншылықтары. Негізі
“Адам миы ақпаратты өңдеп, оны түсінуге мүмкіндік беретінін, ал мұғалімнің тоқтаусыз
сөйлеуі миға шамадан тыс аса көп ақпарат «жүктемелейтіні» және ол оқушылардың
қызығушылығын жоғалтуға әкеліп соғатыны, сол сәтте оқудың нәтижелілігі айтарлықтай
төмендеп кететіні туралы біздің хабардар екенімізді мәлімдейді. (Хэтти, 2014).
Бастауыш сыныптарға арналған білім беру бағдарламасының аясында зерттеуге
негізделген коммуникативтік дағдыларын дамыту қағидаттарын ұстанатын қуатты
педагогикалық құрал болып табылады. (Katchevich et al, 2013).Оқылым, жазылым, айтылым
және тыңдалым – бастауыш сыныптардағы барлық пәндер үшін маңызды болып
табылатын қарым-қатынас жасау дағдылары. Сондықтан оқушыларға 4 дағдыны барынша
жетілдіруге мүмкіндік берудің маңызы зор. Нақты белгілі бір дағдыны жақсарту
тәсілдерінің бірі – осы дағдыға ерекше назар аудара отырып, содан кейін бірнеше тілдік
дағдыны қамтитын жаттығуларды біртіндеп енгізу болып табылады (Wallace, Stariha &
Walberg, 2004). Мысалы, тақырыпты талқылау тиісті лексиканы қолдануды көздейді, сол
арқылы оқылым бойынша тапсырмаға қызығушылық туғызады, осыдан кейін оқығанның
негізінде жазбаша тапсырма орындаудың үлгісі ұсынылады. Дағдыларды осылайша
біртіндеп енгізудің тағы бір жолы – аудио-мәтін тыңдап немесе бейнематериал көрсетуге
болады, содан кейін пікірталас жүргізуге немесе жазбаша тапсырма орындауға болады.
Сонымен қатар, қарым-қатынас жасау тәсілі тілді жай ғана пайдаланып қоймай, тілдесуге
арналған мақсатты қамтамасыз етеді. [4].
Коммуникативтік оқыту негізінде – тілді тиімді пайдалану барысында меңгеру
мақсатында оқу ортасындағы қатынас жағдайының бірнеше алғышарттары бар:
1) нақты қатынас жағдайына бағытталғандығы;
2) тілдік мақсат нәтижесі;
~
180
~
3) қатынас жағдайына сай тілдік материалды құрылымдау;
4) сыныпта еркін психологиялық атмосфераны құратын педагогикалық қатынас стилі;
5) оқуды ұйымдастыру түрлері мен әдістерін коммуникативтік міндеттерге сәйкестендіру.
Коммуникативтік тәсіл мұғалімнің жұмысына ықпал етеді. Сыныптағы еркін
қатынас атмосферасын мұғалімнің құратынын атап өту керек. Олар оқушыларға ойлануға
уақыт беру қажет, яғни мұғалім айтады да, сосын оқушының жауабын күтеді. Сонымен
қатар, оқушылар айтып болған соң, мұғалім жауап бермес бұрын сәл кідіріс жасайды.Бұл
оқушыларға барынша дұрыс жауап беруге немесе басқа оқушыларға өз ойын айтуға
мүмкіндік береді. [4].
Екінші тілді оқытудағы коммуникативтік тәсіл мұғалім мен оқушылар, сондай-ақ
оқушылардың өз арасындағы белсенді әрекеттестікті талап етеді. Сабақты, екінші тілді
оқыту мазмұны тілдік дағдыларды жетілдірумен бірге, оқушылардың ойлауын, сезім
сапасын, сонымен қатар әлеуметтік біліктерін дамыту құралы болатындай ұйымдастыру
керек.
Мұғалім өзінің тілді меңгерудің коммуникативтік тәсіліне сәйкес жұмыс істеп
жатқанына сенімді болуы үшін, оның коммуникативтік қызметке деген қатынасын анықтау
үшін Крумның кеңестерін пайдалануға болады. Міне, бірнеше мысалдар (Дж. Шилстің
«Коммуникация в преподавании иностранных языков» еңбегінен):
Ынтымақтастық пен дербестікке көмектесу: оқушылардың оқыту мазмұнын өз
бетімен таңдау мүмкіндіктері бар (пікірталас, тақырыбын, мәтінді), ойын білдіруге және өз
пікірін қорғауға; оқушылардың топта, жұпта жұмыс істеуге мүмкіндігі бар; мұғалім
оқушылардың пікірлерін, қызығушылықтарын қолдайды.
Мұғалім мен оқушылардың серіктестік қатынастары: оқушылар дәстүрлі емес
пікірлерін білдіруге қорықпайды, мұғалім оларды құрметтейді; оқушылар айтқан сөздерінің
мазмұндық және тілдік дұрыстығына нақты сенімді болмаса да, ойларын еркін білдіреді;
оқушылар әркімнің даралығын құрметтей отырып, басқалардың айтқандарына төзімді.
Тілді пайдалануда кері байланыс қамтамасыз етіледі: тілдік қиыншылықтарға
қарамастан оқушылар мәселе жөнінде өз ойын білдіруге тырысады; мұғалім оларға
көмектеседі және оларды ойды білдірудің сәтті тілдік құралдарын табуға ынталандырады;
оқушылар бір-бірін қолдайды және бір-біріне үйреніп жатқан тілде сөйлеуге көмектеседі;
мұғалім оқушының қателері мен кемшіліктерін тек оқушы айтып болғаннан кейін
көрсетеді, әрі оның жетістіктерін атап өтеді.
Олай болса, мұғалім тек тілдік білімді таратушы, бағалаушы, тілді игеруге
бағыттаушы ғана емес, сонымен қатар, тілді меңгерудің оң тәжірибесін қалыптастыра
отырып, тілді үйренуге ықпал етуші, кеңесші, зерттеуші, тілді меңгеруді ынталандыратын
және уәждейтін осы үрдістің қатысушысы – сабырлы тұлға.
Шведтік педагогтер қоғамдастығы келесі қағидаға жайдан-жай келген жоқ:
«Талап ету емес, ынталандыру қажет.
Жаттықтыру емес, ойнату керек.
Нұсқау беру емес, айту қажет.
Сынау емес, жігерлендіру керек.
Түзету емес, сөйлесу керек».
Қорыта келегенде, бастауыш мектепте тілді меңгертудегі коммуникативтілік –
көптілді тұлға қалыптастырудың өзегіретінде қызмет жасайды. Көптілді білім беру
бағдарламасы аясында үштілді меңгеру тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейге көтерілуі
заман талабы болып түр. Ал ол оқушыларымыздың халықаралық жобаларға қатысуын
кеңейту,шетелдік әрістестермен ғылыми байланыстарын нығайтуға,шетел тілдеріндегі
ақпарат көдерініне қол жеткізуіне мүмкіндік береді.Елдің ертеңі өрісі биік, дүниетанымы
кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін сапалы білім мен тәрбие берілуі қажеттігі
Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдаған Үндеуінде : “Біздің болашағымыз білікті
де, білімді жастардың қолында” деп атап көрсеткен. [1].
~
181
~
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»,
2012ж.
2.Справочник по методике преподавания второго языка в начальной школе. Анспока,
А.Ланка и др. Латвия// 2005.- Б.13-15.
3. Март Раннут. Пособие по языковой политике. Таллин// 2004ж,Б. 153.
4. Мұғалімге арналған нұсқаулық «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығы, Астана// 2015ж.-Б.19.
5.Қазақстан Республикасының өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектеп
оқушыларының көптілді білім беру арқылы әлеуметтік кірігуін арттыру мәселелері. //
Халықаралық конференцияның баяндамалар жинағы. Шымкент: 2010.-Б.53.
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖЕТІЛДІРУ
Жорабекова Гульнур Абдукадыровна
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО ПҚБАИ аға оқытушысы,
Шымкент қаласы, ОҚО
Қарабекова Лазиза Усербаевна
Алпамыс батыр атындағы №40 мектеп-гимназия, бастауыш сынып мұғалімі,
Шымкент қаласы, ОҚО
ХХI ғасырдың бет-бейнесі біліммен өлшенбек. Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі
нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана
тән. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық
білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты
міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері
негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін
қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс –
тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық
желілерге шығу» – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл
міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әрбір мұғалімінің күнделікті ізденісі
арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа
практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Бүкіл дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімінің
жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты
өзгерістер енгізумен қатар жүргізіледі. Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер
білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып
саралауды, оқушылардың шығармашылық әлеуметін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін
жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Бастауыш саты – бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды,
қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп – оқушыны тұлға етіп
қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Президент жолдауында: «Ұлттың бәсекеге
қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» – деген байламы жеке
адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз
еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа
педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісінде жаңа
инновациялық әдіс - тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын,
талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.
~
182
~
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде жастардың бойындағы адами құндылықтарды,
қайырымдылықты, сүйіспеншілікті дамыту, сөйтіп тәрбиелей отырып оқыту. Білім беру
жүйесіндегі бұрынғы ағартушылық бағытын сақтай отырып адамгершілік тұрғысынан
кемелденуіне аудару. Ендеше жеке тұлғаның қасиетін ашып көрсету заман талабы. Баланы
жан – жақты дамытуды тек қана тәрбие саласы емес оқыту процесіне де асырылып жатады.
Оны күнделікті оқу тәрбие жұмысы әр сабақтан байқауға болатынын өмірдің өзі көрсетіп
отыр. Сабақ беретін әр пәнде оқытушы ізденіп пайдаланып келгенде, қазіргі оқу талабының
қойып отырған әдіс, тәсілдерін қолдана отырып жоспарлау керек. Әр мұғалім жаңа сабақты
жоспарлағанда тек тақырыпты мазмұндау міндет емес, оқушы ойын қалай дамыту, керек
оқушыға не берем деген мақсат тұрса қазіргі оқытудың жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерін
қолдана білсе, оқытушы аз сөйлеп, көп білім мен тәрбие бере алады.
Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен дамыта оқыту технологиясы
басшылыққа алынады. Себебі қазіргі оқулықтар дамыта оқыту технологиясы негізінде
жазылған. Сондықтан әрбір бастауыш сынып мұғалімі «Дамыта оқыту» технологиясындағы
сабақтың құрылымын, әдіснамалық негіздерін толық меңгеріп, өз іс - тәжірибесінде
шығармашылықпен қолдана білуі тиіс. Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл - ой
әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше
ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым - қатынас. Мұғалім бұл жағдайда
дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын
ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың ақыл - ойының көзін ашып,
шығармашылығын дамытады.
Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның
еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік
қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда
ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа
мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның
білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда
төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.
• Оқу мақсаттарының қойылуы.
• Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
• Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты
шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ үрдісін
ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын
өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі,
жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр
бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке
тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.
Дамыта оқыту технологиясының нәтижелері:
• түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;
• оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;
• олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға болады;
• оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік бар;
• оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді;
• оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық
белсенділігі артады;
• жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби
сенімін қалыптастырады.
Бастауыш білім беру деңгейінде қолданылатын оқыту технологиялары негізгі
талаптарға сәйкес болуы керек:
• Оқу үрдісінде білім алушылардың өздерін еркін сезінуіне жағдай туғызу.
~
183
~
• Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын дамыту, күтілетін нәтижелерге жетуге
талаптандыру.
• Жеке басын дамытуға бағытталған әдіс - тәсілдерді қолдану.
• Өз бетімен жұмыс істеп, шешім қабылдауға мүмкіндіктер туғызу.
Білім кілті бастауышта. Тіл дамуы, тәрбие, білімге деген құштарлықтың оянуы да
бастауыштан басталады. Мен бастауыш сыныпта бірнеше жылдан бері жұмыс жасап
келемін. Мен аталған талаптарға жауап бере алатын технология ретінде дамыта оқыту
технологиясын таңдадым.
Қорыта келгенде дамыта оқыту технологиясы оқушы құзіреттілігін дамытуда аса
маңызы бар технология. Сөз соңында айтарым, оқушыны жеке тұлға және ақыл-ой зердесін
дамытуда жаңа технологияның мәні зор дей келе, оқушы өзін ғана емес басқаның еңбегін
де жауапкерілікпен қарап, еңбек етуіне ұйымшылдық қабілетін оятуға ынталандырады,
өзін-өзі басқару, бақылау, байқампаздыққа, ақыл-ой іскерлігінің белсенділігін дамытады.
Жаңа технология үрдісін әр ұстаз жүйелі пайдалана білсе, ертеңгі қоғам иелерінің білімді,
білікті, ынталы болуына үлесімізді қосамыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Асқарбаев А., Жазыбаев М., Рахметова С. Бастауыш оқудың тиімділігін арттыру.
Алматы, 1975
2. Бастауыш мектеп методикасы. Алматы, 1987 ж.
3. «Бастауыш білім» журналы 2011 ж. № 4.
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ МЕН ДАМЫТУ
Исмайлова Уркия Курбантаевна, Карсыбаева Сарсенкул Амангельдиевна,
Аманова Венера Онгаровна
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО ПҚБАИ «Деңгейлік бағдарламалар орталығының» тренерлері,
Шымкент қаласы, ОҚО
«Дарынды балаларға арналған мектептерді дамыту және мемлекеттік қолдау
көрсету»туралы 1996 жылы 24 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті
Назарбаевтың Жарлығы және ҚР Үкіметінің 1998 жылы 24 наурыздағы №256 қаулысы
бойынша талантты жастарды қолдау және дамыту мақсатымен 1998 жылы Республикалық
«Дарын» ғылыми-орталығы құрылып, республикадағы дарынды балалармен балалармен
жұмысты басқарумен айналысады. Білім беру жүйесін реформалау дарынды балаларды
арнайы мектептерде ғана емес, жалпы орта білім беретін мектептерде жүзеге асыруды
міндеттейді. Сондықтан шығармашылық міндетті дамыту мәселесі арнайы зерттеуді талап
ететін,қоғамдық маңызы зор проблема болып отыр. Осы жұмысты жүзеге асыру үшін
педагогикалық ұжым алдында «Дарынды балалар» бағдарламасын дайындау және жүзеге
асыру міндетті туындайды.
Функционалдық
сауаттылықты
дамытудың
жалпы
бағдары
Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде
Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын
қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз
ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
Дарындылық деген ұғым-адамның өз бейімділігі және шығармашылықпен жұмыс
істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Дарындылық адам психикасының өмір бойы жүйелі
түрде дамып, басқалармен салыстырғанда адамның бір немесе бірнеше «іс-әрекет
төңірегінде әдеттен тыс, сирек кездесетін жоғары нәтижелерге жету мүмкіндігі. Оқушының
~
184
~
дамуы мен тәрбиелік деңгейін диагностикалаудың барлық барлық түрлері сияқты бала
дарынын анықтауда сынып жетекшісі, мектеп кітапханашысы, дәрігерлердің септігі мол.
Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты міндет-
балалардың қабілеттері мен таланттарын жан-жақты аша түсу үшін дарындылықтың
ерекшеліктерін (түрі, деңгейі және т.б) анықтау мен айқындау болып табылады. Бастауыш
сыныптардағы дарынды балаларды оқытудағы мақсат пен міндет - оқушылардың ақыл-ой
қабілеттерін жетілдіру, шәкіртердің шығармашылық жеке даралығын дамыту.
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жүйесі – жан - жақты білімді, іскер,
өзіндік ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, дені сау, барынша қабілетті жанды
қалыптастыру. Жұмыс жоспары мынадай жүйелеу кезеңдерге бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |