Практикалық онлайн-конференция материалдары материалы международной научно-практической онлайн конференции



Pdf көрінісі
бет48/67
Дата24.03.2017
өлшемі6,56 Mb.
#10133
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   67

Өздігінен  даму  технологиясы (Монтессории  мектебі)  -  бұл  баланы  жан-жақты 

дамыту,  дербестікке  тәрбиелеу,  бала  санасында  нәрселер  әлемі  мен   ойлау  әрекетінің 

бірігуіне,  мұнда  оқыту  бала  дамуына  сәйкес  болуы  керек,  сонда  ғана  бала  өзін  дамыта 

алады.  Итальян  психологі  М.Монтесори  түсіндіруінше  баланың  туғаннан  азамат  болғанға 

дейін  барлық  өмірі  -  оның  еркіндігі  мен  дербестігінің  дамуы  болып  табылады.  Бұл 

технологияның  ерекшелігі  оқытудың  бірыңғай  бағдарламасы  болмайды,  әркім  табиғат 

берген  даму  жолымен  жүреді.  Балабақшада  сабақ  болмайды  әр  күн  жалпы  жиыннан 

басталады  және  жиыннан  кейін  әркім  өз  еркімен  қалаған  жұмысымен  айналысады.  Әр 

баланың іс-әрекеті өз еңбегіне қарай үлкендермен бағаланады. Мұндағы басты мәселе, бала 

өз-өзін бағалайды.  Балалар, әртүрлі жастағы топ болып жұмыстанады, мысалы 2 жастағы 

баланың қасында 4 жасар бала жұмыстанады, олар бір-біріне кедергі келтірмейді, керісінше 

бір-біріне көмектеседі.  

Монтессори – топ көп орталықтардан тұрады: 

Бала сезімін дамыту орталығы 

Баланың  сезім  тәрбиесі,  баланың  қабылдауын  дамыту  және  қоршаған  әлемдегі 

заттардың   қасиеттері  туралы  түсініктерін  қалыптастыру:  пішіні,  көлемі,  түсі,  салмағы, 

кеңістіктегі орны, иісі, шығаратын дыбысы, т.б. болып табылады. 



Іс-әрекет жасау орталығы 

Бұл  орталықта  балалар  өздерін  күтуге  арналған  заттар  орналасады.  М.Монтессори 

балаға өзбетімен жұмыстануға үйрету, баланың инттелектуальдық қабілеттерін дамыту, өз-

өзін  тәрбиелеу  және  жоғарғы  баға  беру  күшті  түрткіш  болып  келеді  деп  тұжырымдайды. 

Сонымен  қатар  практикалық  жаттығулар  орындау  арқылы  бала  өзінің  қимылын 

жетілдіреді. 



Тіл дамыту және жазу орталығы 

Материалдар  баланың  дұрыс  тілін  дамытуға  көмектеседі,  сөздік  қорын  байытады, 

қолын  жазуға  дайындайды,  фонематикалық  есту  қабілетін  дамытады,  оқуға  және  жазуға 

үйретеді. 



Математика орталығы 

Математика  орталығында  балалар  10-ға  дейін  сандармен,  жиынтықтармен, 

арифметикалық операциялармен танысады. 

Осы орталықтың Монтессори-материалы балаға қиын абстрактылық математикалық 

түсініктерді және операцияларды түсінуге көмектеседі. [3] 

Ғарыш орталығы 

 Осы  орталық  балаларды  қоршаған  ортамен  таныстырады.  Осы  орталық  материалы 

ботаника,  зоология,  анатомия,  география,  физика,  астрономия  негіздерін  меңгеруге 

көмектеседі.  Бала  орталықты  және  Монтессори-материалын  өзі  тандайды.  Монтессори- 

тәрбиеші  бала  әрекетіне  қажет  болғанда  қатысады.  Өсе  келе  бала  қажетті  дағды  мен 

іскерлікті  меңгереді,  сонымен  қатар  балада  тәуелсіздік,  өзіне  деген  сенімділік  сезім 

қалыптасады.  


326


 ~ 

 

М. Монтессори әдісі балада өзінің мүмкіндіктеріне сай дамуға деген қызығушылық, 



жаңа  білімді   тануға  деген  құштарлығын  оятады.  Бала  не  істегісі  келеді  емес,  неге  дайын 

соны  істейді.  Ересектер  ереже  ұсынады,  балалар  өз  бағытымен  сол  ережелерді  орындап, 

дамиды. Сонымен бала өз әрекетінің нәтижесіне жауапкершілік сезіммен қарайды. Қорыта 

келіп  айтатын  болсақ  аталған  педагогикалық  технологиялар  мен  инновациялық  құралдар 

балабақшада   балалардың  жас  ерекшеліктерін  ескеріп,  әр  сатыға  балалардың  қабылдау 

мүмкіндіктеріне сай пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті 

әлсіз,  қабылдау  процестері  тұрақсыз  келеді.  Сондықтан  олар  затты  қолмен  ұстап,  көзімен 

көргенді  ұнатады.  Осыған  сәйкес,  мектепке  дейінгі  балалардың  оқу  іс-әрекеттеріне 

көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн. [4] 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:  

1. Отбасы және балабақша №2.2013ж.  

 2. Бала мен балабақша  

3. Мектепке дейінгі тәрбие №5 (18) 2013ж. 

 4. Ғаламтор жүйесі 

 

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ИНТЕРАКТИВТІ 

ТЕХНОЛОГИЯНЫ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ 

 

Хасанбаева Шаира Шахабитдиновна 

«Балапан» бөбекжай – балабақша тәрбиешісі 

Кентау қаласы, Қарнақ ауылы, ОҚО 

 

Қоғамның  дамуының  қазіргі  кезеңі  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді 



дамытудың  негізі  болып  отыр  және  басты  мәселелердің  бірі  де  осы.  Бұл  ХХІ  ғасыр  - 

ақпараттық  қоғам  дәуірі,технологиялық  мәдениет  пен  интерактивті  ресурстармен  жұмыс 

жасайтын  ғасыр.  Білім  беру  үрдісін  ақпараттандыру  жаңа  ақпараттық  технологияларды 

пайдалану ғасыры. Сол білімді мықты тұғырлы етіп  ұйымдастырумен қалыптастыру үшін 

интерактивті  оқытудың  білім  беру  ісіне  тигізер  ықпалы  мол.  [1]Сондықтан  ұстаздар 

оқытудың  қазіргі  педагогикалық  технологиялардың  мән-  мағынасын  терең  түсініп,  өз 

тәжірибесінде  қолданудың  маңызы  өте  зор.  Қазіргі  заман  ағымы  болашақ  ұрпақтың  ой  - 

өрісінің шыңдалуын, жеке тұлға ретінде қалыптасуын талап етуде. Осы орайда ұлы педагог 

Ушинскийдің  «Бала  балқытылған  алтын»,  -  деген  қанатты  сөзді  еске  түсіреді  Егеменді 

еліміздің алғы шарттары өркениетті елдер қатарына көтерілуі керек болса, өркениетке жету 

үшін  жан  –  жақты  дамыған,  рухани  бай  тұлғаны  өсіру  керек.  Жас  ұрпақтың  бойындағы 

қабілетін  көру,оны  жетілдіру  ізденгіштік  қасиетін  дамыту  ұстаздың  сабақ  берудегі 

ізденушілік,  шеберлік  қабілеттеріне  байланысты.  Ж.Аймауытов  «сабақ  беру  үйреншікті 

жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»- деген, яғни оқу үрдісін жаңаша 

ұйымдастыру, балалардың әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіруге, шығармашылық 

қабілеттерін дамытуға негізделуі қажет.  

Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  халыққа  жолдаған  Жолдауында  «Біздің  міндет  жаңа 

технологияларды,  идеялар  мен  көзқарастарды  пайдалана  отырып,  білім  мен  бәсекеге 

қабілетті ұрпақ тәрбиелеу» деп ұстаздар қауымының алдына жаңа міндеттер қойды. Білім 

беру  жүйесінде  электронды  оқулықтарды  пайдаланып,  үлкен  табыстарға  жетуге  болады. 

Электронды  оқулықтарды  пайдалану  барысында  бала  екі  жақты  білім  алады:  біріншісі-

пәндік білім, екіншісі-компьютерлік білім. Электронды оқулықтарды пайдалану баланың өз 

бетінше шығармашылық жұмыс жасауына, теориялық білімін практикамен ұштастыруына 

мүмкіндік береді. Электронды оқулыққа оқу технологиялары жинақталған. Мысалы: ойын 

арқылы  оқыту,  блокты  оқыту,  тірек-  сигналдар  арқылы  оқыту,  т.с.с.  Электронды  оқулық 

арқылы бала көптеген қосымша материал ала алады, осы алған мәліметтерін компьютерден 



327


 ~ 

 

көргендіктен  есінде  жақсы  сақтайды,  өз  бетінше  жұмыс  жасау  қабілеті  қалыптасады. 



Осылайша жас ұрпақты оқытуда инновацияны пайдаланудың – шығармашылық жетістіктің 

негізгі  көзі  болып  табылады.  Оқытудың  интерактивті  әдістері:  интерактивті  сабақ,  видео-

аудио  материалдарды    қолдану,  компьютерлік  оқыту,  рольдік  ойындар  (оның  ішінде 

бейнежазбаға  талдау  жасату  арқылы),  тренингтер,  кейс-стади  (  case-stady  –  нақты, 

практикалық  жағдаяттарға  талдау  жасату),  (нақты  жағдаяттарды  (  Fallstudie),  іскери 

ойындар,  шағын  топтардағы  жұмыс,  топтық  дискуссия,  миға  шабуыл  жасау,  жағдаяттық 

ойындар,  жобалау  әдісі,  портфолио,  проблемалық  тапсырмалар,  жарыстар,  әркім-әркімді 

оқытады, мозайка, бағаланатын дискуссия, деңгейлік тапсырмалар т.б. Әрине, бұл әдістерді 

қолдану  баланың  жай  дәрісінен  гөрі  көп  уақытты  талап  етеді.  Алайда,  «оқыту 

пирамидасына» байланысты, нақ осы кезде ғана білімді жетік меңгеру жүзеге асады. [2] 

Интерактивті әдістерінің мақсаттары:  

1.Ақпаратты қабылдап, бағалай алуы;  

2. Ақпаратты талқылауға қатыса алуы;  

3. Шешім қабылдай алуы;  

4. Өз пікірлерін топтың басқа мүшелеріне жеткізе алулары;  

5. Ортақ мақсаттарға жету үшін топ мүшелерімен бірлесе әрекет ете алулары қажет. 

Оқытудың  интерактивті  әдістерін  қолдану  арқылы  балалардың  төмендегідей  тұлғалық 

сапалары  дамиды:  -  Белсенділік  пен  тапқырлықтың  артуы;  -  Сын  тұрғысынан  ойлау,  өз 

пікірін  дәлелдей  алу  мүмкіндігінің  дамуы;  -  Қабылдаған  шешімдеріне  жауапкершілік 

сезімдерінің  артуы;  -  Қатысымдық  дағдыларының  артуы;  -  Адамның  жасырын 

мүмкіндіктерінің  ашылуы;  -  Ынтымақтастық  пен  топтық  жұмысқа  қабілеттіліктің 

қалыптасуы; - Одан әрі өз бетімен оқу қабілетінің дамуы. Жағымды атмосфера тудыратын, 

қатысымдықты ұйымдастыратын интерактивті әдістердің үдерісі ұстаз тарапынан өзге тілді 

ортаға  енгізу  кезеңінде  жүзеге  асырылатын  «  коммуникативтік  шабуыл»  өзара  әрекеті 

арқылы  сипатталады.  Ондай  әдістерге  «Сұхбат»,  «Дөңгелек  үстел»  (дискуссияға  үйрету 

кезінде),  «Ассоциациялар»,  «Сөйлеу  минутасы»,  «Рефлексивті  шеңбер»,  «Тірек  сызба», 

«Сергіту  жаттығулар»,  «Фразаны  аяқта»,  т.б.  жатады.  Интерактивті  оқыту  –  адамдар 

қарым-қатынасының  ынтымақтастықты  негізіне  құрылады.  Жұпқа,  топқа,  ұжымға  бөлініп 

бір  мақсатқа  жету  үшін  бір-бірімен  түсінісіп,  ортақ  сөйлеу  әрекеті  іске  асырылады. 

Оқытудың  өзара  әрекетінің  түрлері  мен  тәсілдері  тіл  үйренушілердің  қарым-қатынас 

жасауға,  ақпаратпен  алмасуға  белсенді  және  үздіксіз  жұмылуын  қамтамасыз  етеді.  Жаңа 

технологияларды  күнделікті  сабақ  үрдісінде  пайдалану  үшін,  әр  ұстаз  алдында  отырған 

баланың  жас  ерекшелігін  ескеріп,  өзінің  шеберлігіне  орай  таңдап  алады.  Міне,  осындай 

оқытудың  жаңа  технологияларының  бірі  интерактивті  оқыту  әдісі.  Әдетте  мұндай  қарым-

қатынас  балалар  әлдебір  мәселені  талқылап  соның  шешімін  табуға  талпынған  маңызды. 

Себебі интерактивті оқытудың басты мақсатының өзі - балалардың өз бетінше ой қорытып 

жауап  табуға  үйрету.  Интерактивті  технология  өзара  қарым  -қатынастың  мол  ауқымын 

қамтиды.  Білім  берудегі  интерактивті  технология  мұндағы  интерактивті  сөзі  -  «inter»  - 

бірлесу,  «aсt»  -  әрекет  жасау  ұғымын  білдіреді.  Сабақ  барысында  баланың  топпен  жұмыс 

жасауға  қатыспауы  мүмкін  емес,  бірін-бірі  толықтыратын,  сабақ  барысында  барлық 

балалардың  қатысуын  ұйымдастыратын  оқыту  әдісі.  Интерактивті  әдісімен  оқытқанда, 

баланың: -ақыл-ойы дамиды, -еркін ойлауға мүмкіндік береді, -шығармашылық белсенділігі 

артады,  -ұжымдық  іс-әрекетке  тәрбиеленеді,  -тіл  байлығы  жетілдіріледі,-жан-жақты 

ізденушілігі артады. Міне, осындай оқытудың жаңа технологияларының бірі  интерактивті 

оқыту  әдісін  мен  өзіміздің  тәжірибемізде  қолданып  келеміз.[3]  Мысалы  біздің  жобамның 

тақырыбы:  "Балалардың    мектепке  даярлығын  зерттеу  ".  Біз  сол  жобамыздағы 

тапсырмаларды интерактивті тақтаның арқасында орындаймыз. 1. Баланың бейнелі қиялын 

дамыту  әдісі.  Суретті  аяқтап  екінші  жартысын  сал.  Нұсқау:  Балалардан  суретті  аяқтап 

салуын  талап  ету.  Салынып  болған  соң,  баладан  ненің  суретін  салғанын  сұрау,  әңгімелеп 

беруін өтіну. 2. Баланың мектеп жасына жетілгенін анықтау Куглер тесті Нұсқау: Қағазда 7 

пішін  бірте-бірте  күрделене  салынған  .  Балаға  осы  пішіндерді  сол  үлгіде  көшіріп  салу 


328


 ~ 

 

тапсырылады. 5-6 жасар баланың 5 пішін үлгісін салуы қалыпты жағдай. 7 жасар баланың 5 



пішін  үлгісін  сала  алмауы,  көп  жағдайда  баланың  дамуында  тежеліс  барын  көрсетеді.  3. 

Балалардың мектепке дайындығын анықтауға арналған әдіс.  «ҮЙШІК» Нұсқау:  «Алдында 

қағазбен қарындаш жатыр. Тақтада суретте тұрған үйшікті көшіріп сал. Асықпа, жақсылап 

қарап ал, суретің дәл осындай үлгіде болсын. Егер қателесіп кетсен, өшірудің қажеті жоқ, 

жанынан  дұрыстап  сал.  Саған  тапсырма  түсінікті  ме?  Баланың  жұмысы  барысында  назар 

аударатын жағдайлар: А) Бала қай қолымен сурет салып отыр (оң қолымен,сол қолымен)? 

Ә) Үлгімен қалай жұмыс істеп отыр, үлгіге жиі қарай ма? Көргені бойынша салып отыр ма? 

Б)  Сызықтарды  тез  немесе  баяу  жүргізе  ме?  В)  Жұмыс  барысында  бала  алаңдай  ма?  Г  ) 

Жұмыс  соңында  салған  суретін  үлгімен  салыстыра  ма?  Жұмыс  балдық  жүйемен 

бағаланады.  А)  Егер  қандай  да  бір  бөлшегі  ұмытылып  қалса  4  балл  (шатыры,мұржасы, 

терезесі).  Ә)  Егер  қандай  да  бір  бөлшегін  үлкейтіп  салса  3  балл.  Б)  Егерде  қандай  да  бір 

бөлшегі  дұрыс  салынбаса  2  балл.  В)  Егер  қандай  да  бір  бөлшегі  кеңістікте  дұрыс 

орналаспаса 1 балл.[4] Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, 

әр ұстаз алдында отырған баланың жас ерекшелігін ескеріп, өзінің шеберлігіне орай таңдап 

алады.  Міне,  осындай  оқытудың  жаңа  технологияларының  бірі  интерактивті  оқыту  әдісін 

мен өз тәжірибемде қолданып келемін. Мысалы «Құрманғазы»тақырыбында өткен сабақта 

«Адай»күйін  көз  жұмдыра  тыңдатып,баланың  ойын,түсінігін  сұрап,басқа  жолдастарының 

жауаптарымен  салыстырып,содан  соң  бейнеклипті  көрсеттім.  Сабақтың  жаңа  ақпаратты 

қабылдау  бөлімінде  оқушылар  тақтада  берілген  тапсырманы  көріп,  түсініп,  жауабын 

тауып,тапсырманы толық,дұрыс орындауға тырысады. Тапсырманы орындауға барлық бала 

қатысады.  Әсіресе  тұйық,  өз  ойын  жеткізе  алмайтын,  өздеріне  сенімсіздеу  балалардың 

өздері жазбаша жұмысты қызыға орындайды.Өйткені интерактивті тақтаның келесі бетінде 

ол  тапсырманың  дұрыс  жауабы  беріледі,сол  арқылы  бала  өзінің  жауабын  салыстыра 

тексеріп,өзін-өзі  бағалайды.  Топпен  жұмыстану  барысында  белсенділік  көрсете 

отырып,топтау,  Венн  диаграммасына  түсіру,сәйкестендіру  әдістерін  интерактивті  тақтада 

орындап,уақытты  үнемдеуге  болатынын  көруге  болады.Сабақты  бекіту  бөлімінде  

активпультті  пайдаланып,уақытты  үнемдеу,оқушының  шапшаңдық  қабілетін,өз  білімінің 

нәтижесін  көруді  дағдыландыруға  болады.Кластан  тыс  өткізген  «Кім  зерек?» 

интеллектуалды  ойынында  «Кім  ойлы?»  бөлімінде,  «Шешендік  өнер»  бөлімінде  берілген 

тақырыптар  бойынша  мәтін  құрастыру,көпшілік  алдында  әңгімелеп  айтып  беру 

тапсырылды:  а)  «Тәуелсіздік  айшықтары-еліміздің  рәміздері»  ә)  «Желтоқсан  құрбандары» 

б)  «Отаным-Қазақстан»  әдістерін  қолдану  арқылы  баланың  ойлау,еске  түсіру,өз  ойын 

жетік,түсінікті жеткізуге тәрбиелеу. Ұлы педагог М.Жұмабаев:  «Баланы тәрбиелеу қылу – 

тұрмыс  майданында  ақылмен,  әдіспен  күресе  білетін  адам  шығару  деген  сөз.  Қалса  өзін, 

асса  барлық  адам  баласын  әділ  жолмен  өрге  сүйрейтін  ер  шығару  деген  сөз.  Тұрмыста 

түйінді мәселелерді тез шеше білетін, тұрмыстың тұңғиық теңізін қалын қайратымен шеше 

білетін, адалдық жолға құрбан бола білетін, қысқасы адамзат дүниесінің керек бір мүшесі 

бола алатын төрт жағы түгел адам етіп шығару. Бала мұндай адам қыла алу үшін тәрбиені 

бар  күшін,  бар  білімін  жұмсап,  жалықпай,  шаршамай  үйрете  білуі  керек»  деген  болатын. 

Олай  болса,  ұстаздардың  алдында  тұрған  бірден-бір  мақсат  балалар  алған  білімдерін 

пайдаға асырып, өзара әрекет ете алатын азаматтың ұлттық құндылықтарды меңгерген жеке 

тұлға тәрбиелеу. Бүгінгі таңда өскелең ұрпаққа сапалы білім беру барысында осы аталмыш 

технология нәтижелі жетістік, балалар бірінші болып интерактивті тақтаның педагогикалық 

мүмкіншіліктерін  аса  жоғары  бағалап,  оны  іс  жүзінде  тиімді  қолдану  тәсілдерін  үздіксіз 

зерттеу  үстінде.  Шынында  да,  интерактивтік  тақта  сабақты  түрлендіруге  көмегін  тигізіп, 

яғни  оқытудың  барлық  кезеңінде,  әсіресе  балабақшадағы  оқытуды  қызықты  да  әсерлі 

өткізуге ықпалын тигізеді. Баланы ойлау мен сөйлеу дағдыларына төселдіруде интерактивті 

әдісі оқыту әдісінің бір түрі болып саналады. Біз осы әдісті пайдалана отырып, балалардаң 

білімін жетілдіре алдық. Топпен жұмыстану барысында белсенділік көрсете отырып топтау, 

Венн  диаграммасына  түсіру,  сәйкестендіру  әдістерін  интерактивті  тақтада  орындап, 

уақытты  үнемдеуге  болатынын  көруге  болады.Сабақты  бекіту  бөлімінде  активпультті 


329


 ~ 

 

пайдаланып,уақытты  үнемдеу,  баланың  шапшаңдық  қабілетін,  өз  білімінің  нәтижесін 



көруді  дағдыландыруға  болады.  [5]Бүгінгі  таңда  өскелең  ұрпаққа  сапалы  білім  беру 

барысында  осы  аталмыш  технология  нәтижелі  жетістік,  балалар  бірінші  болып 

интерактивті  тақтаның  педагогикалық  мүмкіншіліктерін  аса  жоғары  бағалап,  оны  іс 

жүзінде  тиімді  қолдану  тәсілдерін  үздіксіз  зерттеу  үстінде.  Шынында  да,  интерактивтік 

тақта  сабақты  түрлендіруге  көмегін  тигізіп,  яғни  оқытудың  барлық  кезеңінде,  әсіресе 

балабақшада  оқытуды  қызықты  да  әсерлі  өткізуге  ықпалын  тигізеді.  Интерактивті  оқыту 

әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде балалардың өзінің өмірлік тәжірибелерін 

пайдалану  арқылы  есте  берік  сақтауымен,  мәліметтерді  талдап,  жинақтау  арқылы  жеке 

және  кәсіптік  қабілеттерін  аша  алуымен  ерекшеленеді.  Интереактивті  оқытудың  тиімді 

жақтары:  Балалар  ақпарат  алумен  қатар  өздерінің  белгілі  бір  мәселені  шешу  жолын 

қисынды  түсіндіріп  береді.  Балалар  ойларының  тереңдігіне  талпынады.  Ұстаздың 

жетекшілігі арқылы білімдерін әрі қарай дамытады. Осыған орай оқу іс - әрекеттерімде өзім 

қолданып  жүрген  интерактивті  оқыту  технологиясы  -  білім  берудің  болашақ  көкжиегін 

кеңейтетініне сенімім зор. Сонымен қатар айтарым, ұстаз ізденісі білім кепілі. Демек жаңа 

технологиямен  қаруланған  ұстаз  ғана,  өркениетті  ел  болашағын  тәрбиелей  алады.  Жаңа 

технологияны  білім  беру  саласында  тиімді  пайдалану  балалардың  өзіндік  жұмысының 

сапасын  арттыруға  көмектеседі.  Елімізде  білім  беру  саласында  жаңа  ақпараттық 

технологияларды,  техникалық  құралдарды  сабақта  жан  –  жақты  қолдану,  ұстаздың 

қызметін  жеңілдетіп,  осы  іскерліктің  ұстанымды  жаңа  тәсілдердің  пайда  болуына 

мүмкіндік туғызады. Осындай жолардың бірі – педагогикалық іс – әрекеттің мазмұны мен 

формасын  толықтыру    негізінде  оқыту  үрдісін  жетілдіру  болып  табылады.  Интерактивті 

құралдарды  сабаққа  пайдаланғанда  дидактикалық  мәселені  шешуге  көмектеседі.  Яғни, 

базалық  білімді  меңгеру,  алған  білімді  жүйелеу,  өзін  –  өзі  бақылау  дағдыларын 

қалыптастыру,  оқуға  деген  ынтасын  арттыру,  балаларға  оқу  материалдарымен  өздігінен 

жұмыс  істеуге  әдістемелік  көмек  беру,  ақпаратты  меңгеруін  тексеру.  Сонымен, 

интерактивтік  тақта  сабаққа  қатысушылардың  барлығының  ойын  бір  ортаға  жинақтауға 

көмектеседі.  Сабақ  уақытын  үнемдеу,  демонстрациялық  материалдар  даярлау  мақсатында 

интерактивті  тақтаны  пайдалануды  қажеттілігі  жоғары.  Ол  оқыту  мазмұны,  әдісі  мен 

ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді. [6] 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

 1. Г.Кертаев.Оқытудың кейбір әдістері. Алматы,1991.  

2.  Б.Р.Айтмамбетова  .  Жаңашыл  педагогтар  идеялары  мен  тәжірибелері.  Алматы,1991. 

3.Абраменко Н.К. Подготовка ребенка к школе. Минск, 1972.  

4.Джеральдина Чейпи. Готовность к школе. М., 1992.  

 

 



МЕКТЕПКЕ ДЕЙІҢГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ 

ТЕХНОЛОГИЯЛАР ҚОЛДАНА ОТЫРЫП БАЛАНЫҢ 

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ 

 

Абдумажидова Элнора Абдихановна 

«Айша - Биби» бөбекжай – балабақша тәрбиешісі 

Кентау қаласы, ОҚО 



Мырзабаева Жаннат Орналиевна 

№8 «Ботакөз» бөбекжай балабақша тәрбиешісі 

Шымкент қаласы, ОҚО 

 

Қазіргі  кезеңде  білім  ғылым  саласында  инновациялық  педагогикалық 



технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту 

330


 ~ 

 

мен  тәрбиелеуде  де  педагогикалық  технологиялар  ұғымы  кеңінен  қолданылатын 



ұғымдардың біріне айналды. 

Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі 

болып  отыр.Сондықтан  мектепке  дейінгі  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеудің  негізгі 

мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр.Яғни, педагогикалық 

технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына жан-жақты білім алуына, 

белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі таңдағы әрбір педагогтың міндеті.[1] 

Ойын  арқылы  оқыту  технологиясының  мақсаты  дидактикалық,  тәрбиелік,  дамытушылық,  

әлеуметтендірушілік мақсатқа жету.  

Ойын технологиясының ерекшелігі ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі 

жеке  бастың  өзіндік  талап-талғамдарына  сүйенеді.  Баланың  бойындағы  білімділік, 

танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді . Ойын - балалар үшін оқу да, 

еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі.Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде 

кездескен  қиыншылықтарды  жеңу  жолын  үйретіп  қана  қоймайды,  олардың 

ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады. 

Ойын-әлеуметтік  қызмет.  Ол  баланың  жасына  қарай  өзін  қоршаған  ортаны  танып 

білуге құштарлығын арттырады.  

Шығармашылық  адамның  қызметін  және  ондағы  шығармашылық  ойлауының  болуын 

шамалайды.  Дарынды  адам  тәрбиелеу  үшін  балалық  шақтан  бастап  шығармашылық 

қабілетті  қалыптастыру  керек,  яғни  мәселелерді  шешу,  қоршаған  ортаға  ерекше 

көзқараспен қарау.[2] 

Ертегілер  әртүрлі:  көңілді,  көңілсіз,  сиқырлы,  бойыңды  баурап  алады,  оның  бәрі 

балаларды  адамгершілікке,  сүйіспеншілікке  тәрбиелейді,  көптеген  қызықты  білімді 

қамтиды.  Өз  бойларына  батылдық,  беріктілік,  мықтылық,  ертегі  кейіпкерінің  зұлымдық  

немесе  адамгершілік  қасиетін  пайдаланады.Қай  жерде  балалар  болса,  сол  жерде  ертегі  де 

болады. Балалар оны жақсы көреді. Керемет ертегі айтушы Д. Родари келесіні мәлімдейді: 

- Ертегілер балаларға жеткілікті түрде берілмейді 

-    Балалардың  қиялының  дамуында,  ойлауында,  сөйлеуінде  және  белсенді 

адамгершілік қасиеттерін  тәрбиелеуде ертегілер толық көлемде пайдаланылмайды. 

- Мектепке дейінгі бала қалай қалыптасса, солай оның өмірі жалғасады. Әр баланың 

шығармашылық  потенциалын  дамыту  үшін  бұл  кезеңді  өткізіп  алмау  маңызды.Мектепке 

дейінгі бейімделген шығармашылық ұранымен баланы оқытуға, және тәрбиелеуге септігін 

тигізеді. 

Жұмыстың әдістері мен тәсілдері: 

Ертегілердің негізгі жұмысында мәселені мазмұндау әдісі, эвристикалық әдіс, ішінде 

ойыны бар әдістер басты орын алады. Мұндай дәстүрден тыс тәсіл балаға ертегінің немесе 

ертегі  кейіпкерінің  қандай  қасиеті  жақсы  екендігін,  қандай  қасиеті  жаман  екендігін,  жаңа 

жағдай  тудыруға,  қай  жерде  ертегі  кейіпкерінің  түзелуіне  болатындығын,  мейірімділіктің 

жеңетіндігін, қатігездіктің жазаланатындығын , тек қатты және адамгершілік қағидаларына 

қарсы емес мысалдар арқылы түсіндіруге мүмкіндік береді. 

Құрастынушы

 

ойдың  негізі  болып:  адамның  жағдайын  жақсарту  үшін  барлық 



нәрсені,  жетілдіруге,  өзгертуге  жақсартуға  болатындығы-  баланың  шығармашылық  ұраны 

болуы  керек.  Біздің  негізгі  мақсатымыз-адамгершілік  қасиетті  тәрбиелеу.  Адамгершілік 

парасатты сөз. Сөз ғана емес, адамның ең асыл қасиеттерін анықтайтын бірден – бір аяулы 

ұғым.  Ұғым  ғана  емес,  тіршіліктің  мәнін,  дүниенің  сәнін  ұстап  тұрған  ең  ұлы  ұстаным. 

Шынында  айтқанда,  жеке  дара  ұстаным  емес,  заңныңда,  заманның  да,  адамның  да 

құдіреттілігін танытатын ең ұлы күш. 

Толып  жатқан  тәрбиелеу  мен  тәсілдерде  ертегі  соңғы  ролі  орнын    алмайды.  Көп 

себептерге  байланысты  балалар  қаһарманды  жақсы  көреді,  ол  жақыны  болып  кетеді,  оны 

үлгі қылады. Осы салада адамгершілік тұрғысындағы  маңызды сәттерге назар аударамыз. 

Яғни, балалар салыстырады, дәлелдейді. Бұл ойды жүзеге асыруда «Жақсы-жаман» ойынын 

пайдалану тиімді.Ауызша сөйлеу мәнері мынаған бағытталған: 


331


 ~ 

 

«Тілдік  жаттығу»    Біріншіден  сұрақтар  қоя  білу.  Ауызша    сөйлеумен  бірге  арнайы  



оқыту қажет. Бұл жоспарда сөздерді құрастыру, сөзтіркестері, сөйлем құруға үлкен  мағына 

бөлген жөн. 

-бірнеше түбірлес сөздерді ойлап шығару(бас: басылды, басқарды, басталды, т.б. ) 

-екі  сөзден  тақпақ  шығару,екі  жолды  тақпаққа  көшу(барды,  алды.  Түлкі  қонаққа 

барды, Тырна досын қарсыалды) Ұзын таратылған сөз құрастыру ойыны «Әр қайсынан бір 

сөзден»  Балаларға  жазбаша  тілдесу  жанрын  ашу  маңызды.Ол  мысалы:Телеграмма.,  қысқа 

хаттар, жазулар т.б.[3] 

«Ертегі  және  экология»  Табиғат  жайлы  айта  отыра  эволюция  құбылысы  немесе 

динамикасы  жайлы  түсініктер  жібермеу.Балаларға  табиғат  өзара  байланысты  және  әрі 

қарай  дамитынын  түсіндіру.  «Жақсы-жаман»  ойынын  пайдалануға  болады.  Ертегі  қолды 

дамытады.  Балаларға  бір  нәрсені  бейнелеуге,  қиюға,жапсыруға  ұсыныс  жасау.  Ол  үшін 

құрал-жабдықтар, кітаптар, иллюстрациялар, жүйелі оператор қажет 

Балабақша  баласына  мультимедиялық  оқулықтар  біріншіден,  балалардың 

қызығушылығын  арттырады,  екіншіден,  зейін  қойып  көрумен  қатар  түсінбеген  жерлерін 

қайта  көруге  мүмкіндік  алады.Мультимедиялық  оқулықтар  балабақшада  балаларға 

арналған  таптырмас  құрал  болып  табылады.  Өйткені,  балалардың  зейіні  әр  түрлі  әдемі  

түстерге, ойыншықтарға, әдемі суреттерге, әсемдікке әуес болады. 

Мультимедиялық  электронды  оқулықтар  бала  үшін  де,  тәрбиеші  үшін  де  күнде 

дамытылып  отыратын  анық  түрдегі  әдістемелік  жүйе  болып  табылады.Мектепке  дейінгі 

мекемелерде ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолданудағы мақсат- баланың 

танымдық  қызығушылығын  қалыптастыру.  Балада  танымдық  қызығушылықтың  болуы 

олардың  оқу  іс-әрекеттерге  белсенді,  білімінің  сапалы  болуына,  жағымды  мінез 

құлықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Аталған педагогикалық технологиялар мен 

инновациялық құралдар балабақшада балалардың жас ерекшелоіктерін ескерген, әр сатыға 

балалардың қабылдау мүмкіндіктерін ескерген жағдайда ғана пайдалануға болады.   

Мектепке  дейінгі  балалардың  есте  сақтау  қабілеті  әлсіз,  қабылдау  процестері  тұрақсыз 

келеді.Сондықтан  олар  затты  қолмен  ұстап,  көзімен  көргенді  ұнатады.  Осыған  сәйкес, 

мектепке  дейінгі  балалардың  оқу  іс-әрекеттеріне  көрнекілік,  ойын  технологиясын  кеңінен 

қолданған  жөн.[4]  Тәрбиеші  –  бала  бойына  білім  нәрін  себетін  басты  тұлға.  Жаңашыл 

тәрбиеші  даярлауға  қойылатын  талаптар  студенттерді  оқытудың  жаңа  түрлерімен 

қаруландыра  отырып,  қазіргі  уақыттағы    кәсіптік    дағдыларын    игеруге    бағытталған  

оқытудың  жаңа  жолдарын  енгізуді көздейді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет