Практикалық онлайн-конференция материалдары материалы международной научно-практической онлайн конференции



Pdf көрінісі
бет49/67
Дата24.03.2017
өлшемі6,56 Mb.
#10133
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   67

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.Қ.Ж. Бұзаубақова. Жаңа педагогикалық технология. Оқулық.Тараз.2003 ж 

2.Қазенова Г. Ойын арқылы оқыту. //Бастауыш метеп, 2001,№4 

3.«Қазақстан мектебі» журнал №8, 2004 жыл 

4.А.К. Ахметов. Принципы технологии и содержание образовательной программ 

 

 



ЗАМАНАУИ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БАЛАНЫ 

ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ 

 

Исамова Юлдуз Исматуллаевна 

«Балапан» бөбекжай – балабақша әдіскері 

Кентау қаласы, Қарнақ ауылы, ОҚО 

 

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры 



ұстаздардың қолында» 

(Н. Ә. Назарбаев) 

 


332


 ~ 

 

Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы 



болу  үзіліссіз  тәрбие  негізінің  бастау  бұлағы  -  мектепке  дейінгі  ұйымдардан  басталған 

орынды.  Бала  тәрбиесі  отбасынан  бастау  алады  десек  те,  ғылымға  негізделген  әдіс  - 

тәсілмен  берілетін  тәлім  –  тәрбие  ісі  көбінесе  балабақшадан  басталып,  жан  -  жақты 

педагогикалық өрісін табады. Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер 

етіп,  оған  өмір  бойы  ізгілікті,  мағынасына  өшпейтін  із  қалдырады.  Баланы  мектеп  алды 

даярлау  үздіксіз  білім  беру  жүйесіндегі  маңызы  мен  өзектілігі  ерекше  мәселелердің  бірі 

болып  саналады.  Сонымен  қатар,  мектепке  дейінгі  мекемелерде  инновациялық  білім  беру 

құралдарын қолданудың да маңызы зор.[1] Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, 

видео,  құралдар,  компьютер,  интерактивті  тақта,  интернет,  мультимедиялық  құрал, 

электрондық  оқулықтар,  мен  оқу  әдістемелік  кешендер,  инновациялық  ақпараттық  банк, 

инновациялық  сайт  және  тағы  басқалары  жатады.  Қазіргі  таңда  көптеген  интерактивті 

бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және 

графикалық  жабдықтар  көптеп  шығып,  қолданыс  табуда.  Осындай  құралдардың  бірі  - 

мультимедиялық оқулықтарды балабақшаларда кеңінен пайдалану. Бұл жағдайда тәрбиеші 

әр  оқу  іс  -  әрекеттерін  бастар  алдында  жиі  көрнекіліктер  ауыстырмаған  болар  еді.  Ал, 

мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдаланар еді. 

Өмір талабына сай жаңа технологияларды оқу процесі мен тәрбие аясында шебер қолдана 

білу  тәрбиешінің  міндеті  болса,  ертегілерді  оқу  іс  -  әрекетінде  өз  ретімен  қолдана  білсе 

тәрбиеленушілерді  жан  -  жақты  дамытуда  ертегінің  аса  зор  мәні  бар  екенін  айқындайды. 

Оқу іс  - әрекеті барысында ертегі кейіпкерлерінің жан  - жақты мінез - құлықтарын айыра 

білу  бойынша  жақсы  деген  немене,  жаман  деген  немене  екендігіне  көзін  жеткізеді.  [2] 

Барлық  оқу  іс  -  әрекетінде  ертегілерді  қолдану  арқылы  негізгі  педагогикалық  дәстүр 

пәнаралық  байланысты  жүзеге  асыруға  болады.  Ертегінің  өзіндік  құрылысы,  көркемдік 

ерекшелігі  бар.  Қандай  ертегіні  алсақ  та,  ол  белгілі  бір  сюжетке  құрылады,  оқиғаның 

желісінің  басталуы,  аяқталуы,  өзіндік  шешімі  болады.  Ертегі  баяу  басталып,  оқиға  желісі 

күрделене  түседі.  Әсіресе  адам  өміріне  байланысты  іс  -  әрекет  өткір  сықақ  -  мысқылмен 

беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Бала жағымсыз кейіпкердің жексұрын 

әрекетінен  бой  тартып  жақсылыққа  құмартады.  Ертегінің  әр  жақты  сырын  қызықты, 

тартымды,  бала  санасына  лайықтай  жеткізу  айтушының  шынайы  шеберлігіне  тікелей 

байланысты.  Бақшада  ертегі  оқу,  сабақта  және  сабақтан  тыс  уақыттарда  өтіледі.  Оқу 

жұмысы  баланың  жас  ерекшелігіне  орай  жоспарланады.  Сәбилер  тобында  ауызша 

әңгімелеп  беру  тәсілі  қолданылады.  Сәбилер  тобында  оқығанды  тыңдату  және  әңгімелеп 

беру  қатар  жүргізіледі.  Мұндай  мақсат  –  ертегіні  ауызекі  әңгімелеуге  төселдіре  отырып 

оқылғанды шыдамдылықпен тыңдай білуге үйретеді.  

Ассоциация  әдісі  –  сол  тыңдаған  ертегі  жайлы  мәлімет.  Мысалы:  Суретте 

«Бауырсақ» ертегісіндегі бауырсақ ортасында тармақтарына кемпір, шал, қоян, үй, қасқыр, 

аю, түлкіні балалар жапсырады көп қиынды суреттердің ішінен. 

Ой қозғау әдісі: Балаларға ертегілерге берілген жұмбақтарды жасыру;  

Жалпақ тұмсық көріп пе ең,  

Жер қазатын тінткілеп. 

Ілмек дерсің құйрығын, 

Кебіс дерсің тұяғын, 

Білсең енді таба ғой, 

Қай кейіпкер екенін? (Үш торай) 

Әжей жақсы көретін осы қызға

Телпек тарту етіпті қызыл түсті. 

Ұнатқаны соншама бұл сыйлықты, 

Немересі есімін ұмытыпты, 

Ал, айтшы сен, бұл есімді? (Қызыл телпек) 

Сұрақтар арқылы ой салу: 



333


 ~ 

 

Сен  бұларды  неліктен  ертегілер  деп  ойлайсың?  Халық  ертегілері  мен  авторлық 



ертегілерді  ата,  олардың  айырмашылығы  неде?  «Қызыл  телпек»  ертегісінің  авторы  кім? 

Сен Қызыл телпектің орнында болсаң не істер едің? СТО - ның элементтерінің бірі – Венн 

диаграмманы  пайдалану  (екі  ертегіні  салыстыру,  ортақ  белгісін  табу,  қорытындылау, 

нақтылау).  Интерактивті  тақтаны  қолдану:  -  Флипчартта  «инструменты»  батырмасының 

көмегімен  сызғышпен  әр  түрлі  бағытта  «Бауырсақ»  тың  жолын  салу,  презентацияда 

жүктелген  суреттерді  орналастырып,  актив  қаламның  көмегімен  бауырсақты  жүргізу, 

балалар  бағытты  дауыстап  айтады;  (графикалық  диктант  түрінде  қолданса  болады) 

Мысалы: Жата - жата жалыққан бауырсақ терезеден секіріп түсіп домалай жөнеледі 

- Бағыты: төмен, оңға, төмен, қоянға жолығады 

Ассоциация  әдісі:  қоян  -  қорқақ,  ұзын  құлақ,  ерні  жырық,  артқы  аяғы  жақсы 

дамыған,  көзі  қызыл,  қыста  тонын  ауыстырады,  құйрығы  кішкентай,  секіреді  (Балалар 

орындарынан тұрып секіреді) 

- Бағыты: солға, төмен, оңға, жоғары қасқырға жолықты 

Ассоциация әдісі: қасқыр - жабайы жануар, сұр, жағымсыз кейіпкер, жыртқыш, итке 

ұқсайды, ұлиды (Түймені басып қасқырдың дыбысын естірту) 

- Бағыты: оңға, жоғары, оңға, төмен аюға кездесті 

Ассоциация: аю - жабайы жануар, бал жейді, жидек жейді, қорбаңдап жүреді, аяғы 

талтақ, аю ақырады (Дыбысын естірту) 

- Бағыты: оңға, төмен түсіп түлкіге кездесті 

Ассоциация: түлкі - қу, айлакер, құйрығы ұзын, сылаңдап жүреді. Бауырсақ, түлкіге 

жем  болғысы  келмей,  үйіне  қайтқысы  келіп  түр  көмектесейік  (бір  бала  активті  қаламды 

алып  бауырсақты  келген  жолымен  қайта  домалатады,  балалар  бағытын  айтып  отырады) 

Ертегідегі мінез-құлқы қарама - қарсы кейіпкерлерді ата;(кіші топтың балаларына жағымды 

кейіпкерді тәрбиеші атайды, бала жалғастырады). Мысалы: Қызыл телпек – Қасқыр, Күлше 

қыз  -  өгей  шешесі,  Қарлығаш  -  жылан,  Ит  –  мысық,  Қасқыр  –  түлкі  т.  с.  с.  Құм 

қалашығындағы  ойын.  Сонымен  қатар  құмдағы  ойындарды  да  енгізуге  болады.  Құмдағы 

ойындар  –  баланың  табиғи  әрекеті  формаларының  бір  түрі.  Сондықтан  да  біз,  ересектер, 

құммен  ойнайтын  орындарды  оқыту  және  дамыту  сабақтарында  қолдана  аламыз.  Құмнан 

суреттер салып, әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып, біз бала үшін әлдеқайда қызықты түрде 

оған  өзіміздің  біліміміз  бен  өмірлік  тәжірибемізді,  қоршаған  әлемнің  заңдылықтары  мен 

оқиғаларын жеткізе аламыз. Өз қиялындағы ертегіні құрастыр (ұсақ ойыншықтар, тастанды 

заттар, табиғи заттар, алдын - ала қағаздан, ермексаздан жасалған т. с. с.) 

Құмдағы ойындардың мақсаты: 

1. Бала өзін жайлы, қорғалған күйде сезініп, шығармашылық белсенділік танытатын 

табиғи стимулдық орта қалыптастыру. 

2. Танымдық және психикалық процестерді дамыту; түйсікті (форманы, түсті, тұтас 

түйсік), есті, зейінді, қиялды, кеңістіктік түсінікті, тактильді-кинестетикалық сезімділік пен 

қолдардың ұсақ моторикаларын. 

3.  Ауызша  және  ауызша  емес  әдіс  тәсілдерді  қолдана  отырып,  тәжірибелік  қарым-

қатынастық біліктіліктер мен дағдыларды жетілдіру. 

4.  Қиялды,  көрнекі  –  бейнелік  ойлауды,  сөздік  -  логикалық  ойлауды,  көрнекі  іс  -

әрекеттік  ойлауды,  шығармашылық  және  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту,  балаларды 

белсенді іс - әрекетке және зейіннің шоғырлануына тәрбиелеу, эмпатияның пайда болуына 

ықпал ету. 

Мәселелері: 

1. Танымдық сезімдерін дамыту (зейін, жады, қиял, қабылдау) 

2.  Интеллектуалдық  ортаны  қалыптастыру  –  ойлай  білу,  көрнекі  -  шынайылық, 

көрнекі - бейнелік, сөздік - логикалық, шығармашылық ойлау. 

3.  Эмоционалдық  және  коммуникативтік  ортаны  (қарым  -  қатынастың  табысты 

ағымына қажетті, ауызша және ауызша емес құралдарды қолдана отырып) дамыту. 



334


 ~ 

 

4. Жеке тұлғалық, ерікті, психофизиологиялық ортаны (тактильді  – кинестетикалық 



сезімділік пен қолдардың ұсақ моторикасын) дамыту.  

Құмдағы ойындардың негізгі принциптері: 

1.  Шығармашылық  белсенділік  таныта  отырып,  бала  өзін  ыңғайлы  әрі  қорғалған 

күйде  сезінетін  табиғи  ынталандыратын  орта  жасау.  Бұл  үшін  біз  баланың 

мүмкіншіліктеріне  сәйкес  келетін  тапсырмаларды  таңдаймыз;  ертегі  түріндегі  ойындарға 

нұсқаулық  құрамыз,  оның  нәтижесін,  идеялары  мен  әрекетін  жағымсыз  бағалауға  жол 

бермейміз. 

2. Ертегі ойындарының кейіпкерлерімен бірге әртүрлі жағдаяттарды ойнау, шынайы 

«бірге  тұру».  Осы  принциптің  негізінде  қиялдағыдан  шынайылыққа  және  керісінше  өзара 

ауысу  жүзеге  асырылады.  Мысалы,  Ханшайымның  құтқарушысы  ролінде  болып,  бала 

жағдайдан  шығатын  жолды  ұсынады,  сонымен  бірге  оны  құмда  шағын  фигуралардың 

көмегімен шынайы ойнайды. Сонымен, ол өзінің ісі мен таңдаған жолының дұрыстығы не 

қателігіне көз жеткізеді. Қажетті материалдар мен жабдықтар: 

1.  Су  өткізбейтін  ағаш  қорап.  Қораптың  ішкі  қабаты  (түбі  және  қабырғалары)  көк 

немесе  көгілдір  түске  боялады.  Осылайша,  түбі  су,  ал  қабырғалары  -  аспан  нышанын 

білдіреді. 

2. Таза, өзен құмы (алдын - ала жуылған, духовкада заласыздырылған). Ол тым ұсақ 

болмауы  керек.  Құм  қораптың  түбіне  ғана  толтырылады.  Құмды  ойындар  үшін  оның 

ылғалды болғаны дұрыс. 

3.  Түрлі  -  түсті  құм.  Мектепке  дейінгі  балалардың  өздерінің  психо 

ұйымдастырылуына қарай ашық түстерге эмоционалды әсерленгіштіктерін ескере отырып, 

жұмыс барысында түрлі - түсті құм қолданылады. 

4.  Шағын  фигуралар  «коллекциясы»  (биіктігі  8  см  -  ден  аспайтын  «Киндер  -

сюрприздан»). Ойыншық жиынтықтарына мыналар кіреді:  

- адам кейіпкерлері; 

- жануарлар (үй, жабайы, тарихқа дейінгі, теңіз және т. б.); 

- көліктер (құрғақта жүретін, суда жүзетін, ғарыштық және т. б.); 

- өсімдіктер (ағаштар, гүлдер, көкөністер, жаңғақтар және т. б.); 

- табиғи заттар (ұлутастар, бұтақтар, әр түрлі пішіндегі тастар және т. б.); 

- лақтырым материялдар (пласмасс ыдыстар, тығындар және т. б.); 

- Пластикалық немесе ағаш әріптер мен сандар, геометриялық пішіндер. 

Бір  сөзбен  айтқанда,  қоршаған  әлемде  кездесетін  заттың  бәрі  «коллекцияда» 

лайықты орынға ие бола алады. Егерде ойын кезінде қандай да бір бейнелердің фигуралары 

жетіспесе,  оларды  ермексаздан,  қамырдан  илеп,  қағаздан  қиып  жасауға  болады. 

Педагогикалық процестің негізгі бағыты әрбір жеке тұлғаның мәдениетін тәрбиелеу, әрбір 

баланың жеке дара ерекшелігін ескере отырып, педагогикалық процестің алдына қойылған 

міндеттерін іске асырудың ең тиімді әдіс, тәсілдерді, ұйымдастыруға қойылған міндеттерді 

іске  асыруда  жеке  тұлғаны  жан  -  жақты  етіп  қалыптастыру  бірлікте  шешімін  табады. 

Заманауи  инновациялық  әдістерді  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  дамуында  қолдану 

арқылы, балаларды шаршатпай, жалықтырмай, жан - жақты дамуына тигізер үлесі өте зор. 

[3] 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:  

1.ҚР  Білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы 

2.Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  2012  жылғы  желтоқсандағы 

«Қазақстан-2050» стратегиясы: akorda.kz. 

3. Бала мен балабақша журналы № 2. 2012ж 

 

 



 

335


 ~ 

 

ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 



КӘСІБИ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 

 

Бейсеева Мөлдір Болатказиевна 

№86 ЖОМ-нің орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі 

Шымкент қаласы, ОҚО 

 

Елбасымыз  Нұрсүлтан  Әбішұлы  Назарбаев  өзінің  Қазақстан  халқына  Жолдауында 



«Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге 

мүмкіндік беретін аса маңызды   құралдардың бірі» деп атап көрсеткені белгілі. 

Білім  беру  сапасын  жақсартуды  мақсат  еткен  Елбасының  тікелей    тапсырмасымен 

ашылған алтын ұя мектебіміздің бүгінгі күні жас буынға сапалы білім мен саналы тәрбие 

беру үшін барлық жағдай жасалғаны – ұлт болашағына жанашырлық деп түсінемін.  

Мен  -  Бейсеева  Молдир  Болатказиевна,  болашақ  жастардың    білімді  болуын  басты 

мақсат етіп қоямын. 

Жасы  кіші  болса  да  ақылы  асқанды  аға  сыйлайтын  қазақы қағиданың  қаншалықты 

өміршең екенін сөзбен тауысып жеткізу мүмкін емес. Тамыры тереңге жайылған тарихында 

қазақтың  білім-ғылым  жолын  насихат  еткен  аузы  дуалы  абыздары,  данышпан  датқалары, 

шежірелі  шешендері  өте  көп  болған.  Сондықтан  баба  дәстүрінен  ажырамаған  бүгінгі 

ұрпақтың білімсіз болуға хақысы жоқ. 

Осы  арада  әкемнің  айтқан  сөздері  есіме  түседі:  Әлемді  аузына  қаратқан  Алаш 

баласы атақ-абырой іздеп шарқ ұрған емес. Тек шартараптың шарайнасынан қазақы болмыс 

пен бейбіт өмір бейнесін көргісі келеді. Ал ондай нығметке қол жеткізу үшін өзгенің өнерін 

үйреніп, өз еліңнің әжетіне жарайтындай сауатың болуы қажет. Егер ақпарат майданында 

санаңа тоқыған ілімің әлсіз болса, аз уақытта алғаныңнан бергенің көбейіп шыға келеді. Бұл 

бүгінгі бәсекеге толы қоғамның басты талабы.  

Демек,  әрбір  елдің  болашағы  білім  ордасынан  басталары  анық.  Тәуелсіздік  туы 

желбіреген қазақ елінің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтар. Сол жеткіншектердің білім нәрімен 

сусындауы,  тәлімді  тәрбие  алуы  соның  нұр  сәулесін  шамшырақтай  шашып,  бала  бойына 

сіңіріп,  қасиетті  де  құдіретті  мекен-мектебімен  бірге,  шәкірттерін  жанындай  сүйетін 

мұғалімдер екеніне ешкім дау айта алмайды. 

Менің  ойымша,  бүгінгі  күннің  талабына  сай  заманауи  технологиясы  арқылы 

оқытудың әр-түрлі әдіс тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-

әрекетінде    шығармашылық  бағыт  ұстанатын,  сол  тұрғыда  өз  болмысын  таныттыра 

алатын  тұлғаны  қалыптастыру  міндеті  бүгінгі  күннің  ұстаздарының  ұстанымы  болуы 

тиіс.  Сол  мақсатта  ұстаздардың  алдына  қойылып  отырған  басты  міндеттердің  бірі- 

оқытудың  әдіс-тәсілдерін  үнемі  жетілдіріп  отыру  және  жаңа  оқыту  технологияларын 

меңгеру.  

Мен әлі жас болғандықтан менің үйреніп-жиренетін жерім көп те. Алайда барлық 

мұғалім  үнемі  ізденуде  болуы  қажет  деп  түсінем.  Өйткені  қазіргі  заманның 

технологиясы,  түсінігі,  талғамы  даму  үстінде.  Және  «Ұстаз»  соны  жетелеуші!  Сол 

себепті  3-деңгейлік  оқуға  баруға  ұсыныс  тастап,  08.06.2015  жылы  Үшінші  (базалық) 

деңгейді 

бітірдім. 

«Оңтүстік 

Қазақстан 

облысы 

бойынша 


педагогикалық 

қызметкерлердің  біліктілігін  арттыру  институтынан»  оқу  барысында  шығармашылық 

белсенділік пен жоғары нәтиже көрсеткені үшін мадақтамаға ие болдым. «Көптілді білім 

беру  жағдайында  оқушылардың  функционалды  сауаттылығын  қалыптастырудағы 

мұғалімнің  кәсіби  құзіреттілігі»  тақырыбындағы  республикалық  ғылыми-практикалық 

конференциясына қатысқаны үшін сертификатқа ие болдым. 

Менің  өзгеріске  бел  буған  себебім,  соңғы  білім  саласындағы  зерттеулер  мен 

өзгерістер мені қатты қызықтырды. Өзiмдi  зaмaн тaлaбынa сaй өзгеpткiм келдi, өйткенi  

oқyшылapымыздың көзқapaстapы бiзге  қapaғaндa  әлде қaйдa  дaмығaн. Сoндықтaн дa 


336


 ~ 

 

менiң үш aйлық кypсқa келген мaқсaтым сындарлы оқыту бaғдapлaмaсы бoйыншa жетi 



мoдyльдi жaқсы меңгеpiп, әдiс – тәсiлдеpдi сaбaқтapымa пaйдaлaнып, түpлендipiп өтy. 

Өзгерістер  тек  мектеп  аясынан  ғана  емес,  менің  жеке  өмірімнен  де  орын  алды. 

Өмірге деген жаңа көзқарас менің отбасымның сақталып қалуына да ықпалы зор болды. 

Қатып қалған қағидаттар, шектеулі қатаң тәртіп сияқты әртүрлі проблемалар салдарынан 

отбасымның шаңырағы шайқалу үстінде тұрған еді. Менің өмірге деген көзқарасымның 

өзгергендігінен, әлемді басқа қырынан түсінуді меңгергеннен кейін, менің шешімім, іс-

әрекетім  өзгеріп  отбасымның  шырқын  бұзбай,  қайта  оны  жарқындыққа  жетелеу 

мақсатын қойдым. 

Әрине өзгерістер салдарынан менің жұмысқа деген көзқарасым, шабытым артып, 

жұмысқа  белесене  ат  салыстым.  Әрине  жұмысым  өз  жемістерін  бере  батады.  Түрлі 

сабақтар  өтіп,  оқушыларымның  жетістіктерін  көре  бастадым.  Бұл  мен  үшін  үлкен 

жетістік деп білемін. 

Мен үшін үлкен мәртебе және жетістік, мектебіміздің директоры Е.М.Тулендиевтің 

«Оңтүстік Қазақстан» газетіне жазған мақаласында мектебіміздің мақтанышы  деп атағаны. 

Сол себепті де, үнемі даму әр маманның азығы деп түсіндім. 

Болашақтағы  жоспарым:  оқушыларға  жаңа  көзқарас  қалыптастыра  отырып, 

шығармашылық қабілеттерін арттыруға; Өз бетінше ізденуге үйрете 

 отырып, көшбасшылыққа жетелеуді  

көздеймін. Алған білімдерін өмірде қолдана білсе екен деген үміт. 

«Келеp ұpпaққa жaлғaстыpaм пәктiгiмдi, 

Aдaмшылық iзгi ниет aқтығымды. 

Жемiсiн беpеp мәyелi бip aғaштaй, 

Ұстaз бoлy мен үшiн бaқ бүгiнгi»  

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.

 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. - Астана, 2007. 



2.

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан халқына жолдауы».  



3.

 

Қазақстан 



Ұлттық 

энциклопедия. 

Алматы.  2001 

ж. 


том. 


398 

б. 


4. Республикалық педагогикалық әдістемелік журнал. 2011 ж., №3 

Республикалық оқу-әдістемелік газеті «Мұғалім» - Алматы, 2011 №1, 2,4 

 

 

ФИЗИКА   ПӘНІНЕН  ОҚУШЫЛАРДЫҢ   ФУНКЦИОНАЛДЫҚ  



САУАТТЫЛЫҒЫН  ЭКСПЕРИМЕНТТІК  ЖҰМЫСТАРДЫ  ҰЙЫМДАСТЫРУ  

АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

 

Бимырза Мадина Керімқызы 

«Қызылқұм»  жалпы  орта  мектебінің мұғалімі 

Шардара  ауданы, ОҚО 

 

«Физика»  пәнін  7-9  сыныптарда  оқытудың  мақсаты-  функционалдық 

сауаттылықты  дамыту  негізінде  оқушылардың  ғылыми  дүниетаным  негіздерін,  танымдық 

қызығушылығын,  сын  тұрғысынан  ойлауын,  зияткерлік  және  шығармашылық  қабілетін 

қалыптастыру.   

Осы мақсатқа жету келесі міндеттерді шешу арқылы қамтамасыз етіледі:  

-  қазіргі  заманғы  әлемнің  физикалық  бейнесінің  негізін  беретін  физикалық 

құбылыстар,  ұғымдар,  заңдылықтар  және  теориялық  қорытынды  туралы  білімдерді, 

табиғаттың  ғылыми  таным  әдістері  туралы  білімдерді,  құбылыстарды  бақылау, 

эксперименттік тапсырмаларды орындау, болжау және жобалауды жүзеге асыру біліктілігін  

меңгерту; 


337


 ~ 

 

-  физикалық  экспериментті  орындау  дағдысын,  зерттеушілік  қабілетін,  өмірлік 



тәжірибеде  мәні  бар  есептерді  шешу  үшін  игерген  білім  және  білігін  қолдану  үдерісінде 

танымдық қызығушылығын, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін  амыту. 

«Физика»  пәнін  7-9  сыныптарда  оқытқанда  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 

ғылым  министрінің  2013  жылғы  3  сәуірдегі  №  115  бұйрығымен  бекітілген  оқу 

бағдарламасындағы  талаптардың  ерекшеліктеріне,  яғни  оқушылардың  өздік  жұмыстары 

практикалық 

және 

жобалық 


жұмыстардың 

орындалуына 

назар 

аударылады. 



Функционалдық  сауаттылықты  жобалық  және  іздену,  зерттеушілік  іс  -  әрекетті 

ұйымдастыру арқылы қалыптастыру ұсынылады. [1] 

Қазіргі  уақытта  оқытудың  сапасын  арттыру  және  оқушыларды  жан  –  жақты 

тәрбиелеу,  еңбекке  баулу  міндеті  оқушылармен  әр  түрлі  өзіндік  жұмыстар  жүргізуге  баса 

назар аудару қажеттігін туғызып отыр. 7-8 сыныптарда оқушылардың жас ерекшеліктеріне 

байланысты физика сабағы қызықты да тартымды жүруі керек. Осы жастағы балаларға тән 

белсенділіктің  «шығуына»  жол  беру  және  физикалық  берік  негіз  қалау  үшін,  оқушының 

пәнге деген ынтасын ояту үшін, мұғалімдер сабақты көбінесе эвристикалық әңгіме әдісімен 

өткізеді  және  оқу  материалының  меңгерілуі  дәрежесін  тексерудің  басты  түрі  ретінде 

ауызша сұрақ – жауапты  қолданады. [2] 

Физика курсында эксперименттік көрсетілімнің маңызы өте зор. Сабақ барысыныда 

тиісті  түсініктер  беріліп,  дұрыс  қойылған  эксперименттік  көрсетілімдер  нақты 

қондырғының жеке құралдарын, сәйкес тетіктері мен детальдарын ғана емес, сонымен бірге 

оқып  үйретілген  физикалық  құбылыстарды,  процестерді,  заңдылықтарды  оқушылардың 

нақты  түрде  көзбен  көруіне  мүмкіндік  береді.  Эксперименттік  көрсетілімдер  физикадағы 

қандай  да  бір  құбылыс  немесе  заңдылықты  жасап  көрсету  ғана  емес,  ол  оқушылар  үшін 

білімдер  көзі,  әртүрлі  теориялық  қағидалардың  дұрыстығының  дәлелдемесі  болып 

табылады.  Тиімді  ұйымдастырылған  көрсетілімдер  оқушылардың  біліктілігі  мен 

дағдыларын дамытуға ықпал етеді. [3] 

7  сыныпта  физика  курсы  пәнінің  элементар  білім  негіздерін  қалайтын  алғашқы 

басқышы  болғандықтан  оқушының  функционалдық  сауаттылығын  арттыру  үшін 

эксперименттік есептер мен өзіндік жұмыстардың орындалуына басты назар аударуы керек 

деп    санаймын.  Өзімнің  сабақ  беретін  7  сыныбымда  эксперименттік  есептерге  және  жаңа 

сабақты  түсіндіруде  эксперименттік  көрсетілімдерді  көрсету  арқылы  түсіндіруді, 

эксперименттік  есептермен  өздік  жұмыстар  ұйымдастыруды  қарастырамын.  Сабақта 

уақытты  үнемдеу  үшін  және  экспериментті  ықшамдау  үшін  сыныптағы  оқушыларды 

топтарға бөлген пайдалы. Бұл топтардың әрқайсысына зерттелетін құбылысты сипаттайтын 

бір  ғана  себеп-  салдарлы  тәуелділіктің  байқалуын  тағайындау  керек.  Мысалы,  Архимед 

күшін  өткенде  сыныпты  үш  топқа  біріктіріп,  бірінші  топ  оқушыларға  тапсырма:  «Көлемі 

10см


3

  болатын  алюминий  денеге  жіп  байлап,  динамометрдің  ілгегіне  іліп,  оның  салмағы 

неге тең екенін белгілеп алып, бұл денені  алдымен су құйылған ыдысқа, сонан соң керосин 

құйылған  ыдысқа,  ақырында  күнбағыс  майы  құйылған  өлшеуіш  ыдысқа  батырыңдар,  әр 

жолы  дененің  су  ішіндегі  салмағын  белгілеп  отырыңдар.  Өз  бақылауларыңа  қорытынды 

жасаңдар.  Кері  ығыстыруша  күш  сұйықтың  тығыздығына  қандай  тәуелділікте  болады? 

Алынған  сұйықтардың  қайсысының  ішінде  денеге  әсер  ететін  кері  ығыстырушы  күш    ең  

көп  болады?»  Екінші  топтағыларға:  «Көлемі  10,  20  және  40  см

3

  болатын  пластилин 



алыңдар, олардың ең  кішісінен  бастап, динамометрдің  көмегімен, әрқайсысының   әуелі 

ауадағы, сонан  соң  судағы  салмағын  өлшеңдер. Пластилин  кесектеріне  әсер  ететін  кері  

ығыстырушы   күштерді  салыстырыңдар. Бұл  күштердің  модульдері  денелердің  көлеміне  

тәуелді  бола  ма?  Қалайша? Осылардың  қайсысына ең  аз  кері  ығыстырушы  күш әсер  

етеді?»  Үшінші  топтағыларға  мынадай    тапсырманы  орындауға  ұсынуға  болады.  «Бір  

кесек пластилин алыңдар  да,  оны  әуелі шар,  сонан  соң куб, сонан кейін цилиндр  түрінде  

келтіріңдер.  Әр    фигураны    суға    батыра  отырып,  динамометрдің    көмегімен,  оған    әсер  

ететін    кері    ығыстырушы    анықтыңдар.  Осы    күштерді    салыстырыңдар  да,    кері  

ығыстырушы  күштің   дененің   пішініне  тәуелді  болатын – болмайтынын  айқындаңдар». 


338


 ~ 

 

Сонымен,  бірінші  топтағы  оқушылар  -  Архимед  күшінің  сұйықтың  тығыздығына  



тәуелділігін,  екінші  топтағы  оқушылар  -  сұйыққа  батырылған  дененің  көлеміне   

тәуелділігін,  үшіншілері  сұйыққа  батырылған  дененің  пішініне  тәуелсіз  екенін  

айқындайды. [2] Топтық  жұмыстан  соң оқушылардың  сабақты  қаншалықты  меңгергенін  

бақылау  үшін жеке  тапсырманы  сапалық  есеп  түрінде  беруге  болады. Мысалы, «Иінді 

таразыға  салмақтары  бірдей  фарфордан  және  темірден  жасалған  екі  кіртасы ілінген. 

Осы  кіртастарын  суы  бар  ыдысқа  батырса, онда  (ρ

фарфор

= 2400кг/м



3

, ρ


темір

= 7800кг/м

3



таразының    қай  жағы    басыңқы    болады?    Кіртастарды    суға    салғанда    оларға    Архимед  



күші  әсер  етеді. Массалары  тең  болғанымен  көлемдері  әр  түрлі. Фарфордың  көлемі  

үлкен  болғандықтан,  оған  әсер  ететін  Архимед  күші  артық  болады,  яғни  темір  кіртас  

жағы    басыңқы    болатынын    оқушы    ойланып,  топтық  жұмыстан  алған  білімін  жеке  

жұмыста  қорытындылау  керек. [4] 

 

8 сыныпта «Булану және конденсация» тақырыбын өткенде сұйықтың кебу (булану)  



жылдамдығының  оның    температурасына,  беттің  ауданына,  сұйықтың  үстіндегі  ауаның  

қозғалысына  тәуелділігін  зерттегенде  бірінші  топқа  мынадай  тапсырма:  «Таза  екі  шыны  

пластинканың    бетіне  бір  -  бір    тамшы    әтір  тамызып,  олардың    біреуін      жанып    тұрған   

электр  шамының  үстіне  орналастырыңдар.  Осы  пластинканың  бетіндегі  әтір  мен  

қыздырылмаған  пластинканың бетіндегі әтірдің қанша уақытта кебетінін белгілеп алыңдар. 

Осы    тәжірибенің  нәтижесіне  сүйеніп,  сұйықтың  кебу  жылдамыдығының  оның  

температурасына  тәуелділігі  туралы  қорытынды  жасаңдар  және  оны  молекулалық    - 

кинетикалық  теорияның  көмегімен  түсіндіріңдер».  Екінші  тобына    «таза    екі    шыны  

пластинканың  бетіне  бір  – бір  тамшы  әтір  тамызыңдар.  Пластинкалардың   біреуінің  

бетін,  екіншісіне  жел  тимейтіндер  етіп,  парақ  қағазбен  желпіңдер.  Қайсы  пластинкадағы  

әтір тамшысы  тез  кебеді? Өздерің жасаған  тәжірибеден   қорытынды  жасаңдар  және  оны  

түсіндіріңдер. 

Үшінші   тобына    «таза    шыны   пластиканың     бетіне   бір   тамшы   әтір    тамызыңдар   да, 

бетіндегі тамшы  мүмкіндігінше  көбірек   жайылатындай  етіп, олай  - бұлай қисайтыңдар. 

Алдыңғы  тамшының      қатарына      тағы    бір  тамшы    әтір    тамызыңдар.  Олардың    қалай  

кебетінін  бақылаңдар.  Осы    тамшылардың  кебу  жылдамдығын    салыстырыңдар  да,  

сұйықтың  кебу  жылдамдығының оның бетінің   аумағына тәуелділігі  туралы қорытынды  

жасаңдар.  Мұндай  тәуелділікті  немен  түсіндіруге  болады?»  осы  тапсырмаларды  

орындаудан шыққан нәтижелерді сабақта  талқылап, оқушыларды тиісті  қорытындыларға   

келтіру  керек. Топтық  жұмыстан  соң  оқушы  білімін  нақтылау  үшін  жеке  тапсырма 

беруге  болады.  Мысалы,  ыстық    күнде    тоңазытқыш    болмаған    жағдайда      бөтелкедегі  

сүтті суық  күйінде   сақтау  үшін, бөтелкенің   сыртына  дәке  орап, оның  шеті  суға  батып  

тұратындай  етіп суы  бар  тәрелкеге   салып  қояды.  Бұл  жағдайда  сүттің   температурасы 

айналасындағы    ауаның  температурасынан      анағұрлым    төмен    болатын  себебі  неліктен,  

сендер  қалай  ойлайсыңдар?. Ал  үй  тапсырмасы  ретінде  таза  шыны  пластинкаға  әр  

жеріне    су,  әтір    және    күнбағыс    майының      бір    -  бір    тамшысын  тамызыңдар.  Осы  

тамшылардың    кебуін    бақылаңдар.    Қайсысы  шыны    бетінде    ұзақ    тұрып    кебетінін  

бақылаңдар    және    нәтижені    қалай    түсіндіресіңдер?  [2]    Осы  сияқты    тапсырмаларды  

орындату  арқылы  оқушылардың  физика  пәніне  қызығушылығы  мен  функционалдық  

сауаттылығын  арттыруға  болады  деп  ойлаймын.    

Эксперименттік  көрсетілімдер  туралы  ұлы  ғалым М.В. Ломоносов былай  деген  

еді:  «Мен    тек    ғана    қиялдан    туған    мың    пікірден      гөрі  бір    тәжірибені  жоғары  

бағалаймын».  Ал    белгілі    ғалым  -әдіскер    П.А.  Знаменский  «Мұғалімнің    эксперимент  

туралы  аса  бір  бейнелі   де  әсерлі  әңгімесі,  заттар  мен  құбылыстарды   оқушылардың  

көзбен  көріп  тікелей  қабылдауын  алмастыра  алмайды» деп,  атап  өткен.   Адам бірінші  

кезекте өз қолымен  жасағанда  жадында  сақтайды, осы  әрекеттерінің  негізінде туындаған 

білік    пен    дағдыларын    күнделікті    өмірде    қолдана  алады:«Менің  өзіме  жасатсаң  - 

үйренемін!» (Конфуций). Әр  сабақта  оқушылар  тек  тыңдап  және  көшіріп  қана  қоймай, 

белсенді  әрекеттер    атқаруы  керек:  ойлау,  оқу,  сөйлеу,  талқылау,  жазу,  пікірлесу,  пікір 


339


 ~ 

 

таластыру.  Егер  оқушыларды  осы  деңгейге  жеткізетін    болсам,    сабақта    басты    тұлға  



мұғалім  емес,  оқушы болатынына сенімдімін.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет