Практикалық сабақ 3



бет1/5
Дата20.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#25975
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
3 апта тапсырмасы


Дәріс 3. Электр өрісіндегі өткізгіштер.

Зарядтардың өткізгіште таралуы. Өткізгіштің бетіндегі электр өрісі және оның зарядтардың беттік тығыздығымен байланысы: Өткізгіштердің электр сыйымдылығы Жазық, сфералық және цилиндрлік конденсаторлар. Конденсаторларды жалғау.



Практикалық сабақ 3.

Есеп тақырыптары: Зарядтардың беттік тығыздығы. Электр сыйымдылығы. Конденсаторлар. Конденсаторларды тізбектеп және параллель жалғау.


Электр өрісіндегі өткізгіштер


Өткізгіштердің электрлік қасиеттері олардағы еркін зарядталған бөлшектердің болумен сипатталады. Мысалы, металлдарда еркін электрондар болады. Электр өрісіне өткізгішті енгізгенде ондағы еркін зарядтар ығысып, қайта таралып орналасады. Зарядтардың бұл қайта таралып орналасуы өткізгіш ішіндегі электр өрісі нольге тең болғанша жүреді.

Электр өрісіндегі зарядтардың қайта таралып орналасуын электростатикалық индукция құбылысы деп атайды, ал өткізгіш бетінде пайда болатын теңеспеген зарядтарды индукцияланған зарядтар деп атайды.



Сыртқы электр өрісіндегі өткізгіштерде келесі шарттар орындалады:

  1. Электр өрісіндегі өткізгіштің ішіндегі электр өрісінің кернеулігі нольге тең, ;

  2. Өткізгіш бетіндегі кез келген нүктедегі электр өрісінің кернеулігі өткізгіш бетіне нормаль бағытталады, ;

  3. Өткізгіш беті эквипотенциал бет болып табылады;

  4. Өткізгіштің ішіндегі кез-келген көлем үшін Остроградский-Гаусс теоремасы келесі түрде жазылады:

;

  1. Өткізгіш бетіндегі кез-келген тұйық бет үшін Остроградский-Гаусс теоремасы мына түрде жазылады:

Ығысу векторы өткізгіш бетіндегі еркін зарядтардың беттік тығыздығына тең болады:



екенін ескерсек, өткізгіш бетіндегі өріс кернеулігі өрнегімен анықталады. Мұндағы өткізгішті қоршаған ортаның диэлектриктік өтімділігі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет