Сабақ тақырыбы Электромагниттік индукция құбылысы



бет1/4
Дата15.11.2023
өлшемі340,43 Kb.
#123923
түріСабақ
  1   2   3   4

Сабақ жоспары 10сынып.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
10.3С –Электромагниттік индукция

Мектеп: Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Электромагниттік индукция құбылысы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

магнит ағынының физикалық мағынасын түсіндіру және оның формуласын есеп шығаруда қолдану;
Соленоидтағы толық магнит ағынның физикалық мағынасын түсіну;
электромагниттік индукция бойынша тәжірибені талдай отырып, магнит ағынның өзгерісі кезінде электр қозғаушы күштің пайда болуын түсіндіру;



Сабақ мақсаттары

Оқушылар орындай алады:
-электрмагниттік индукция құбылысын біледі



Бағалау критерийлері:
Білу
Түсіну
Қолдану
Анализ
Синтез
Бағалау



Егер төмендегі бағалау критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді:
Магнит ағынының физикалық мағынасын біледі;
Электромагниттік индукция құбылысын түсінеді
Магнит ағынын есептеуде қолданады
Электромагниттік индукция құбылысын зерттеп, бақылайды
Электромагниттік индукция құбылысы бойынша қортындылайды

Тілдік мақсаттар



Пәндік лексика және терминология:
Электромагниттік индукция
Туындаған ЭҚК
Магнит ағыны
Диалогқа/жазуға қажетті сөз
Тіркестері: Катушкада туындаған ЭҚК болады, өйткені ...
Туындаған ЭҚК көлемі ұлғаяды өйткені ...
Туындаған ЭҚК бағыты егер… қарама қарсы болады



Құндылықтарды дарыту

Оқушылар сабақ барысында топпен жұмыс істейді.
Жұмыс барысында жауапкершілік және өзара құрмет құндылықтарын дамытады. Академиялық адалдық

Пәнаралық байланыстар

Математика

АКТ қолдану дағдылары

Ресурстармен жұмыс .Интерактивті тапсырмалар орындау

Бастапқы білім

Металл өткізгіштердің, жартылай өткізгішті диодтардың және қыздыру шамдарының электрлік сипаттамалары.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут






Ой шақыру-қызығушылықты ояту кезеңі
а) Суретті карточкамен жұмыс (суретте бейнеленген құбылысты түсіндіру: түзу токтың магнит өрісі, тогы бар катушканың магнит өрісі, Ампер гипотезасы, магнит индукция векторының бағыты, сол қол ережесі: Ампер күші, Лоренц күші)

1 сурет


2 сурет


3 сурет

4 сурет




ә) «Кім шапшаң?» ойыны: 6 сұрақ (сандықшаға салынған сұрақтарға бірден жауап беру

1 сурет Тұрақты магниттің және катушканың магнит өрісі күш сызықтарының бағыттары көрсетілген


2 сурет тұрақты жолақ магниттердегі магнит өрісін оның ішіндегі дөңгелек микротоктар тудырады

3сурет Ампер токтардың өзара әрекетін зерттей отырып, магнит өрісінің токқа белгілі бір күшпен әрекет етеді


4 сурет магнит өрісінің күш сызықтарының бағытын анықталады


W = толық сыныппен жұмыс жасау
IV. Қайталау есептері. «Сиқырлы ұяшық» (10 - минут)


Мақсаты:Магнит ағыны ұғымын енгізу
D) Тұрақты стерженьдік магниттің, магнит өрістің үлгісін көрсету үшін темір үгінділерін пайдаланыңыз. Үлгіні өрістің күш сызықтары үшін үлгімен салыстырыңыз, Өріс кернеулігі неғұрлым үлкен болса,онда күш сызықтары бір біріне жақын болатындығын көрсетіңіз. Бұл «ағын тығыздығын» (индукция векторын) түсінуге көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет