3.№2 ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ Ферменттер. Ферменттердің жалпы қасиеттерін, факторларды зерттеу.
Зертханалық жұмыстар: № 26, 27, 28, 29, 30, 32.
№26-жұмыс. Фермент әсері мен бейорганикалық катализаторлар әсерін салыстыру. Принципі: әдіс крахмал гидролизінің жылдамдығын Люголь реактиві қатысуымен жүретін түсті реакциялар арқылы анықтауға негізделген.
Анықтау әдісі:3 пробиркаға 10 тамшыдан 0,5% крахмал ерітіндісі құйылады және 2 тамшыдан: бірінші пробиркаға –дистилденген су, екінші пробиркаға – сілекей (10 есе сұйытылған), үшінші пробиркаға -10% күкірт қышқылы құйылады. Пробиркалардың ішіндегі ерітінді араластырып, содаң соң бірінші және екінші пробирканы 400С температураға термостатқа, ал үшіншісін қайнап жатқан су моншасына қояды. 10 минуттан кейін пробиркаларды алып суытады. Әрбір пробиркалардың ішіндегі ерітінділер екіге бөлінеді. Пробиркадағы ерітінділердің бір бөлігімен йодпен реакция жасалынады (крахмал және оның аралық немесе соңғы ыдырау өнімдерін ашу), ал екінші бөлігімен 10% сілті натрий ерітіндісімен нейтралданған соң, глюкозаны ашу үшін Фелинг реакциясы жасалады.
Жұмысты рәсімдеу: Алынған нәтижелер кестенің сәйкес бағандарына жазылып, тиісті қорытындылар жасалынады.
Химизм: Крахмалдың сілекей амилазасы әсерінен гидролизі нәтижесінд алдымен аралық ыдырау өнімдері — декстриндер, содан кейін мальтоза түзіледі, декстриндер йодпен әр түрлі түс береді.