Практикалық сабақ No 6



бет6/10
Дата18.10.2023
өлшемі67,53 Kb.
#119093
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ферменты зан 6-каз соңғы

7.Сабақты бақылау: бағаланатын оқыту нәтижелері: білім және практикалық дағды.
1)білім (сабаққа қойылатын суммативті бағаның 80%).
Қашықтықтан оқыту (ҚО) кезінде: zoom.us (Webex) немесе Google Meet және Moodle dis.kaznmu, Microsoft Teams платформаларында ауызша және жазбаша сұрау (сабаққа қойылатын суммативті бағаның 80%).
2)практикалық дағды, баға – суммативті (зертханалық жұмыстардың орындалуы мен оның нәтижелерінің рәсімделуін бақылауды және кейстерді шешуді қамтиды).
Қашықтықтан оқыту (ҚО) кезінде: баға – суммативті Moodle dis.kaznmu, Microsoft Teams платформаларында (зертханалық жұмыстардың хаттамалары мен оның нәтижелерінің рәсімделуін және кейстерді шешуін тексеруді қамтиды).


8.БОӨЖ тапсырмалары: ситуациялық есептер, жаттығуларды орындау.
Жаттығулар:

  1. Ферменттердің нәруыздардан басты айырмашылығы неде?

  2. Фермент-протеидтердің құрам бөліктерін атаңыз.

  3. Ферменттің қай бөлігі әсер ету арнайылығын, ал қай бөлігі субстраттық арнайылығын анықтайды.

  4. Аллостерикалық орталық деген не? (Кошленд пен Фишер теориялары бойынша аллостерикалық орталық субстратпен қалай сәйкестенеді?)



1 есеп
Екі пробиркаға белгісіз ерітінді құйылды. Сахараза қосып, пробиркаларды 370С температурада термостатқа орналастырды. Содан кейін бірінші пробиркадағы ерітіндімен Селивановтың түсті реакциясын, ал екінші пробиркадағы ерітіндімен Фелинг реакциясын өткізді. Екі реакция да – оң. Сахаразаның абсолютті арнайылығын қай пробирка дәлелдейді? Пробиркаларда қандай субстрат бар еді? Абсолютті арнайылылық дегеніміз не?
Теорияға байланысты шешуі бар жағдайлық есептер
1. Ферменттер медицинада кеңінен қолданылады: хирургияда, терапияда, урологияда, акушерлік және гинекологияда, стоматологияда және т.б.
A. Ферменттердің медицинада негізгі қолданылу бағытын талдап көрсетіңіз.
Б. Энзимотерапия дегеніміз не? Медицинаның әртүрлі салаларында қолданылатын ферменттерге мысал келтіріңіз.
В. Фермент тежегіштерінің медицинада қолданылуына мысалдар келтіріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет