Практикалық сабақ No 6



бет5/10
Дата18.10.2023
өлшемі67,53 Kb.
#119093
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ферменты зан 6-каз соңғы

Жұмысты рәсімдеу: Қай пробиркаларда гидролиз жүргенін белгілеп, алынған нәтижелер кестенің сәйкес бағандарына жазылады, зерттелген ферменттердің арнайылығы туралы қорытынды жасалады.



Реактивтер

Пробиркалар

1

2

3

4

0,5% крахмал ерітіндісі

10 т

10 т







0,5% сахароза ерітіндісі







10 т

10 т

Сілекей амилазасы 1:5











Сахараза ерітіндісі











Люголь ерітіндісі











Фелинг ерітіндісі














қайнату

Реакцияның нәтижесі (түсі)













Гидролиз жүрсе (+)
Жүрмесе (-)













Қорытынды:

28-жұмыс. Фермент табиғатының нәруыз екенін дәлелдеу.


Принципі: әдіс нәруыздардың түсті теакциялар беруіне немесе органикалық қышқылдар әсерінен тұнбаға түсуіне негізделген.
Анықтау әдісі: екі пробиркаға 10 тамшыдан 10% пепсин ерітіндісі құйылады. Бірінші пробиркаға 2 тамшы 20% сульфосалицил қышқылы құйылады. Ерітінді лайланады. Екінші пробиркаға 10 тамшы 10% натрий сілті ерітіндісі (NaOH)және 1 тамшы 1% мыстың күкірт қышқылды ерітіндісі (биурет реакциясы) тамызылады. Күлгін түс пайда болады.
Жұмысты рәсімдеу: Алынған нәтижелер кестенің сәйкес бағандарына жазылып, ферменттің табиғаты нәруыз екені туралы қорытынды жасалады.



Реактивтер

Пробиркалар

1

2

10% пепсин ерітіндісі

10т

10т

20% сульфосалицил қышқылы ерітіндісі






10%NaOHерітіндісі




10т

1%CuSO4






Реакция нәтижесі







Қорытынды:

29-ЖҰМЫС. Фермент активтігіне температураның әсері.


Принципі: Әдіс крахмал гидролизі жылдамдығының температураға байланысты болуына негізделген.
Анықтау әдісі: 5 пробиркаға 20 есе сұйытылған сілекейден 10 тамшыдан құйылады. № 1 және № 2 пробиркаларды мұзға, № 3 пробирканы бөлме температурасына, № 4 пробирканы термостатқа (t=450С), ал
№ 5 пробирканы қайнап жатқан су моншасына қояды. 10 минут өткеннен кейін барлық пробиркаларға10 тамшыдан 0,5% крахмал ерітіндісін қосады. № 1, 3, 4 пробиркаларды сол температура жағдайында қалдырып, ал № 2 – ші, 5-ші пробиркалар 5 минутқа термостатқа (t=450С) қойылады.
Одан кейін барлық пробиркаларға 1тамшыдан Люголь реактиві қосылады.
Жұмысты рәсімдеу: Крахмал гидролизі қай пробиркада және қандай тереңдікте жүргені бойынша кесте толтырылады. Пробиркадағы ерітінді түсі қай температура оптимальды, қай пробиркада қайтымды инактивация, қай пробиркада қайтымсыз инактивация жүргенін көрсетеді.



Пробиркалар

1

2

3

4

5

Температура

00С

00С

240С

450С

1000С

Реактивтер
















Сілекей амилазасы (1:20)

10т

10т

10т

10т

10т

10 минут инкубацияланады

0,5% крахмал ерітіндісі

10 тамшы




5 минут инкубацияланады 450С

Люголь реактиві











Боялуы
















Гидролиз жүрсе (+)
















Жүрмесе (-)
















Қорытынды:_Ескерту:__'>Қорытынды:
Ескерту: _00С – мұз, 240С – бөлме температурасы, 450С – су моншасы немесе термостат, 1000С – қайнап жатқан су моншасы.

30-ЖҰМЫС. Фермент активтігіне орта рН-ң әсері.


Принципі: Әдіс pH мәні әр түрлі орталарда крахмал гидролизінің жылдамдығын салыстыруға негізделген.
Анықтау әдісі: Үш пробиркаға белгілі pH мәні бар буфер ерітінділері құйылады. Одан кейін барлық пробиркаларға 10 тамшы 30 есе сумен сұйытылған сілекей қосылады. Ерітіндіні араластырып бөлме температурасында штативте 10 минутқа қалдырады. 10 минуттан кейін барлық пробиркаларға 10 тамшыдан 0,5% крахмал ерітіндісі құйылады. Ерітіндіні араластырып, бөлме температурасында штативте 5 минутқа қалдырады. Одан кейін барлық пробиркаларға 1 тамшыдан Люголь реактиві құйылады, алынған бояудың түсі кестеге жазылады.



Пробиркалар

1

2

3

Ортаның рН

1,5

6,8

9,0

Реактивтер










Буфер ерітіндісі

1 мл

1 мл

1 мл

Сілекей (1:10)

10т

10т

10т

10 минут бөлме температурасында инкубацияланады

0,5% крахмал ерітіндісі

10 т

10 т

10 т

5 минут бөлме температурасында инкубацияланады

Люголь реактиві

1 т

1 т

1 т

Бояудың түсі










Гидролиз жүрсе (+)
Жүрмесе (-)

Қорытынды:

32-ЖҰМЫС. Фермент активтігіне эффекторлардың әсері.


Принципі: Әдіс крахмалдың ферментпен гидролиздену жылдамдығының натрий хлориді және мыс /П/ сульфатының қатысуына тәуелділігіне негізделген.
Анықтау әдісі: Үш пробиркаға 10 тамшыдан 20 есе сумен сұйытылған сілекей, 2 тамшыдан бірінші пробиркаға – дистилденген су, екінші пробиркаға 1%NA CI ерітіндісі, ал үшінші пробиркаға 1% мыс сульфатының ерітіндісі құйылады. 5 минут бөлме температурасында қалдырылады. Содан соң пробиркалардағы ерітінділерді араластырып, үшеуіне де 5 тамшыдан 0,5% крахмал ерітіндісін қосып, бөлме температурасында тағы да 5 минутқа қояды. 5 минуттан кейін үш пробиркаға да 1 тамшыдан Люголь реактивін тамызып, пробиркалардағы крахмал гидролизінің жылдамдығы салыстырылады.
Жұмысты рәсімдеу: Жұмыс нәтижелері кестеге енгізіледі және эффекторлардың қайсысы активатор, қайсысы парализатор екені туралы қорытынды жасалады.



Реактивтер

Пробиркалар №

1

2

3

Амилаза /1:20/

10 т

10 т

10 т

1% натрий хлориді (NaCI) ерітіндісі

-

2 т

-

1% мыс сульфатының (CuSO4) ерітіндісі

-

-

2 т

Су

2 т


-

Бөлме температурасында 5 минутқа қояды

0,5% крахмал

5 т

5 т

5 т

Бөлме температурасында 5 минутқа қояды



Люголь ерітіндісі

1 т

1 т

1 т

Бояудың түсі










Гидролиз жүрсе (+)
Жүрмесе (-)








Қорытынды:


Зертханалық жұмыстарға сілтемелер:
1. α-амилазаның крахмалға әсері https://youtu.be/gDXgB9EHHOM; https://youtu.be/7KJXYYN5Z20
2. Фермент активтігіне температураның , орта pH әсері https://youtu.be/iaqxTaXit9M


Зертханалық жұмыстарға жағдайлық есептер
1. Амилаза – ас қорыту процесіне қатысатын тінге тән ұйқы безінің ферменті.
A. Ұйқы безінің амилазасы қандай реакцияны катализдейді? Ферменттің класы мен тобын атаңыз. Амилаза катализдейтін реакцияның өнімі мен субстрат құрылымын сипаттаңыз.
Б. Дені сау адамның қан сарысуындағы және зәріндегі амилаза белсенділігі қандай?
В. Жедел панкреатит (ұйқы безінің қабынуы) диагнозын қалай растауға болады?
Г. Панкреатитте плазмалық амилаза белсенділігінің жоғарылау себебін түсіндіріңіз.
Д. Бұл ферменттің әсер ету механизмін сілекей безінің амилазасымен салыстырыңыз.

Гидролиз
А. Крахмал + nH2O Декстриндер + nH2O


мальтоза + изомальтоза
2. Амилаза – крахмалды ыдырататын фермент әрекетінің ыңғайлы шарттары: рН 6,8; t = 37С.
A. Келесі жағдайлардың әрқайсысында ферменттің белсенділігі қалай өзгереді (төмендейді, ¬ жоғарылайды)?
1) Инкубациялық ортаның рН мәні 5.
2) Инкубациялық температура - 70 0С.
3) Инкубациялық ортаға концентрлі CuSO4 (PbSO4) ерітіндісі қосылды.
4) Ортада СuSO4 (PbSO4) болғанда крахмал концентрациясы жоғарылайды.
5) NaCl болғанда концентрациясы азаяды
Белсенділігінің өзгеру себептерін көрсетіңіз.
Б. Сілекей амилазасымен катализденетін реакцияны жазыңыз.
B. Ферменттің класы мен тобын көрсетіңіз.


3. Крахмал ерітіндісі бар пробиркаға сілекей амилазасы құйылды, содан соң пробирканы 5 минутқа 45° температурадағы термостатқа қойылды, содан соң пробирканы термостаттан шығарып, суытып 1 тамшы Люголь ерітіндісі тамызылды. Қандай түс пайда болды? Неге?
4. Сахароза ерітіндісі бар пробиркаға сілекей безінің амилазасын құйылды, содан соң пробирканы 5 минутқа 40° температурадағы термостатқа қойылды, содан соң пробирканы термостаттан шығарып, суытып 1 тамшы Фелинг ерітіндісі тамызылды. Қандай түс пайда болды? Неге?
5..Ферментің табиғаты белок екенін қандай реакция арқылы дәлелдеуге болады?
6. 0° температурадағы қайтымды инактивацияны қалай дәлелдеуге болады?
7. 100° температурадағы қайтымсыз инактивацияны қалай дәлелдеуге болады?
8. Пробиркаға сілекей безінің амилазасын құйып, содан соң 10 минутқа қайнап тұрған су моншасына қойылды. Содан соң пробирканы суытылып, 10 тамшы крахмал ерітіндісін қосып 5 минутқа 45° термостатқа қойылды. Содан соң 1 тамшы Люголь ерітіндісі тамызылды. Қандай түс пайда болды? Неге?
9. α-амилаза ерітіндісі бар пробиркаға 2 тамшы CuSO4, 5 мин кейін 5 тамшы крахмал ерітіндісі, және 5 минуттан соң Люголь ерітіндісін қосты. Қандай түс пайда болды? Неге?
10. α-амилаза ерітіндісі бар пробиркаға 2 тамшы NaCl, 5 мин кейін 5 тамшы крахмал ерітіндісі, және 5 минуттан соң Люголь ерітіндісін қосты. Қандай түс пайда болды? Неге?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет