Байланысты: Майда еритін витаминдер және Микроэлементтер
3)Тест тапсырмаларынорындау Тест тапсырмалары 1. Көздің қараңғыға бейімделу уақытының ұзару себебі мына витамин жетіспеуінен болуы мүмкін:
1)А
2)Е
3)С
4)К
5)Д
2. Каротиноидтар мына витаминнің жетіспеушілігін толықтырады:
1)ретинол
2)нафтохинон
3)рибофлафин
4)токоферол
5)кальциферол
3. Ер адам антибиотик қабылдаған соң мұрны қанайтынын, кесiлген жерiнен қан көпке дейiн тоқтамайтынын байқады. Терiсi мен бұлшық етiнде қан құйылулар байқалады. Осы жағдайда қандай препарат ұсыну қажет?
1)убихинон
2)викасол
3)холин
4)карнитин
5)витамин F
4. 4 айлық сәбиде мешел ауруының көріністері айқын байқалады. Оны күн көзінде ұзақ серуендетеді. 2 ай бойы бұл сәби D3 витаминін қабылдады, бірақ мешелдің белгілері азаймады. Осы сәбидегі мешелдің дамуын қандай заттың синтезінің бұзылуымен түсіндіруге болады?
1)соматотропин
2)кальцитриол
3)тироксин
4)паратгормон
5)инсулин
5. Әйел адам 8 айлық баласының көп терлейтініне, еңбегінің мөлшері үлкен екеніне, тіс жаруы кешеуілдеуіне, мазасыздығына шағымданып педиатрға келді. Мына препараттардың қайсысын ең алдымен тағайындау керек?
1)эргокальциферол
2)цианокобаламин
3)кальций пангаматы
4)фолий қышқылы
5)тиамин
6. Жүктi әйелде өздігінен түсiк тастау қаупi байқалды, бұған дейiнгi жүктiлiк кезiнде ұрықтың жетiлуiнiң бұзылуы байқалған.
Осы жағдайда әйелге кешендi ем жүргізу үшiн қандай витамин керек?
1)нафтохинон
2)ретинол
3)рутин
4)тиамин
5)токоферол
7.Қандай витамин глутамин қышқылының γ-карбоксилазасының кофакторы болып табылады?
1) К
2) А
3)В2 4)Д3 5)С
8. Тромбоэмболиялық аурумен ауыратын ер адамға тромбтардың түзілуіне кедергі жасайтын пелентан препараты берілді. Бұл қандай витаминнің антагонисі болып табылады?
1)нафтохинон
2)токоферол
3)рутин
4)кальциферол
5)аскорбат
9. Пангам қышқылының препараттары бауырды май басуында жақсы емдік қасиет көрсетеді, өйткені олар:
1)амин тобының көзі
2)тиотобының көзі
3)метил тобының көзі
4)гидроксил тобының көзі
5)карбоксил тобының көзі
10. U витамині мына реакцияларға қатысады:
1)амин қышқылдарының синтезіндегі трансаминдену
2)гексозалардың фосфорлануы
3)май қышқылдарының активтенуі
4)нуклеин қышқылдарының синтезі
5)тотығудан декарбоксилдену
11. Орот қышқылы мына заттардың синтезіне қатысады:
1)алмастырылатын амин қышқылдарының
2)пиримидиндік нуклеотидтердің
3)пуриндік нуклеотидтердің
4)қаныққан май қышқылдарының
5)биогенді аминдердің
12. Убихинон мына реакцияларға қатысады:
1)метилдену
2)фосфорлану
3)тотығудан декарбоксилдену
4)тотығу-тотықсыздану
5)қайта аминдену
13. Темірдің жетіспеушілігі немесе артық мөлшерде болуымен байланысты ауруларға диагноз қою үшін қандай зертханалық көрсеткіш қолданылады?
1)альбумин
2)ферритин
3)фибриноген
4)брадикинин
5)транскортин
14. Дені сау адам ағзасында мысты қандай нәруыз тасымалдайды?
1)гаптоглобин
2)миоглобин
3)гемоглобин
4)фибриноген
5)церулоплазмин
15. Фтордың артық мөлшері тудырады
1)флюорозды
2)кариесті
3)гепатитті
4)циррозды
5)пакреатитті