6.Сабақты өткізу форматы: Бағдарламалық бақылаудың билеттері бойынша жазбаша бақылау.
Ауызша сұрау сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар бойынша жүргізіледі..
Глоссарийді талдау.
7.Сабақты бақылау: бағаланатын оқыту нәтижелері – білім (сабаққа қойылатын суммативті бағаның 80%).
Қашықтықтан оқыту (ҚО) кезінде: zoom.us (Webex) немесе Google Meet және Moodle dis.kaznmu, Microsoft Teams платформаларында ауызша және жазбаша сұрау (сабаққа қойылатын суммативті бағаның 80%).
2)Ситуациялық есептерді шешу: 1. 2 жасқа дейін солтүстікте тұрған науқас сәбидің басы үлкен, еңбегінің бітпеуі, ішінің үлкеюі, тіс жаруының кешеуілдеуі байқалады. Сіздің болжам диагнозыңыз, қандай витаминмен емдеуге болады?
2.Науқас әйел бұлшық еттерінің әлсіздігіне, бірнеше рет түсік тастағанына шағымданады. Қандай витаминмен емдеуге болады? Берілген витаминнің химиялық табиғаты туралы түсінік, биологиялық әсері, тәуліктік қажеттілігі және табиғатта таралуы.
3. Пациентте мұрынның жиі қанауы, асқазан-ішек жолдарында қан құйылулар және бір жерін сәл кесіп алса (хирургиялық) қан көп кетуі тәрізді белгілер байқалады. Бұл қандай витаминнің жетіспеушілігімен байланысты?
4. Пациентте майлардың сіңірілуінің бұзылуы (мальабсорбция). Қандай витаминдердің авитаминозы болуы мүмкін және неліктен?
5. Бауыры ауыратын науқастың кешқұрым немесе солғын жарықта көзі нашар көреді және циститтер байқалады. Дәрігер осы науқасты емдеу үшін қандай витамин ұсынуы тиіс, оның тәуліктік қажеттілігі? Науқас қандай диета ұстауы қажет?
6.Науқасқа А витаминінің авитаминозы деген диагноз қойылған. Неліктен дәрігер оған қызыл-сары түсті көкөністерді жеуді ұсынады?
7. Дәрігерге бауыр және өт жолдарының патологиясына және панкреатитке шалдыққан науқас келді. Бұл науқаста қандай витаминдердің авитаминозы деп болжауға болады және неліктен?
8. Тексеру барысында ер адамға теміртапшылық анемиясы деген диагноз қойылды. Оның негізгі шағымы – жалпы әлсіздік, бас айналуы. Пациент – вегетариандық. Қан анализі: темір мөлшері -3 мМ/л, қалыпты жағдайда - 9-29 мМ/л. Науқастағы әлсіздіктің мүмкін болатын себебі қандай? Ол кісіде тотығу-тотықсыздану үрдістері қалай іске асады? Дәрігерге диета тағайындауға көмектесіңіз.
9.Бұл микроэлемент бірқатар ферменттердің тобына кіреді, ол электрондардың доноры немесе акцепторы ретінде тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысады. Церулоплазмин нәруызының құрамында тасымалданады. Осы микроэлемеентті атаңыз. Оның тапшылығы кезінде коллаген және эластин синтезі бұзылады ма?
10.Пациентте ПЖҚ-ның карбоксилдену реакциялары бұзылған. Бұл қандай микроэлементтің тапшылығымен байланысты? Ол тағы қандай реакцияларға қатысады?
11.Емхананың гастроэнтерологиялық бөлімшесінде асқазанының бір бөлігін алып тастаған науқас емделуде. Ол кісіде қатерлі анемия анықталған. Науқастың жағдайы қандай микроэлементтің жетіспеушілігімен байланысты? Осы микроэлемент пен В12 витамині арасында қандай байланыс бар? Элементтің тәуліктік қажеттілігі, ол қайда жиналады?
12.Стоматолог балалар үйінің балаларын тексергенде олардың көбінде тіс эмалінің зақымдануы – тістерінде ақ және қоңыр дақтар, жолақтар, нүктелер анықталған. Балалар ұзақ уақыт бойы Blend-a med тіс пастасын қолданады. Эмальдің зақымдануына қандай элементтің артық мөлшері немесе жетіспеушілігі себеп болды? Оның тәуліктік қажеттілігі, аурудың аты.
13. Таулы аймақта тұратын 18 жастағы қыз дәрігер-эндокринологқа мынадай шағымдармен келді: жалпы әлсіздік, бетінің дөрекіленуі, есте сақтауының төмендеуі. Дәрігер қалқанша безінің патологиясы деп болжады. Пациенттің жағдайы қандай микроэлементтің жетіспеушілігімен байланысты? Қандай гормонның синтезі төмендеген? Осы элементтің тәуліктік қажеттілігі қандай? Осы науқастың тұратын жері мен аурудың дамуының арасында байланыс бар ма?
14.Бұл микроэлемент организмді глютатионредуктаза ферментінің құрамындағы бос радикалдарының зиянды әсерінен қорғайтын табиғи антиоксидант болып табылады. Ол –иммуномодулятор, жүрек-қантамыр жүйесін қорғайды, холестерин алмасуын қалпына келтіреді, антиоксиданттық жүйені жақсартады, онкологиялық ауру мен қантты диабеттің қаупін төмендетеді. Осы микроэлементті атаңыз. Жүрек патологиясы болуы мүмкін пациентке дәрігер қандай тағамды жеуге кеңес беруі тиіс?