2- тапсырма. Өздеріңді қоршаған орталарын туралы әңгімелесіңдер
Тапсырманаың мақсаты: Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын жетілдіру, қоршаған ортамен таныстыру.
Тапсырманың тиімділігі: Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, кішігірім мәтін құрастыруға дағдыланады.
Тапсырманың маңызы: Оқушылар өздерін қоршағын ортасы туралы білімі жетіледі, танымы артады.
Осы сияқты «Біздің сынып» тақырыбына ауызша әңгіме құрастырудың сұрақ-жауап түрін көрсетейік. Қойылатын сұрақтар:
Кім айтады, мынау не? ( Ол-тақта).
Ал мынау қалай аталады? (Ол-парта).
сияқты болып келеді, осындай сұраулар арқылы үстел, орындық, бор, гүл аталады. Сонан соң мұғалім осылардың барлығы «Сынып заттары» екендігін ескертеді.
Мына затты кім айтады? ( Ол – бор).
Бормен не істейді? ( Бормен жазу жазады).
Үстел үстінде не жатыр, кәне, кім айтады? (Үстел үстінде кітап жатыр).
Үстел үстінде тағы не жатыр? (Үстел үстінде тағы дәптер, қарындаш, бор,өшіргіш,сызғыш жатыр)
Енді өздерінің парталарындағы заттары: қарындаш, қалам, дәптер, өшіргіш, сызғыш, пластилин, кітаптар аталады. Олардың «Оқу жабдықтары » екендігі таптастырылады. Олардың әрқайсысының не үшін керектігі сұралады.
Біздің сол жағымыздағы қабырғада неше терезе бар ? (Біздің сол жағымыздағы қабырғада төрт терезе бар).
Терезелерден жарық қалай түсіп тұр ? (Терезелерден жарық жақсы түседі).
Біздің оң жағымызда не бар ? (Оң жағымызда есік бар).
Алдымызда не бар ? (Алдымызда тақта тұр)
Тақтаны біз не істейміз ? (Оған біз жазып үйренеміз)
Осыдан соң балалардың көңілі сыныпта неше терезе, неше есік, тағы нелер бар екеніне назар аударылып, олардың балалардан оң жақта немесе сол жақта тұрғандығы сұралады. Сонымен қатар балалар терезенің, есіктің тағы басқа нәрселердің не үшін керектігін айтуға тиіс.
Қорытындысында мына сияқты әңгіме құрастырылды:
«Біздің сынып»
Біздің сыныпта парта, үстел, орындық, тақта, гүлдер бар.Үстел үстінде кітап, дәптер, қарындаш, бор, өшіргіш, сызғыш жатыр. Біздің үстел жағымыздағы қабырғада төрт терезе бар. Терезелерден жарық жақсы түседі. Оң жағымызда есік бар. Алдымызда тақта тұр. Оған біз жазып үйренеміз.
№15 Оқушылардың үйдегі оқу жұмысы. Сыныптан тыс сабақ түрлері. Оқушылардың өздік шығармашылық әрекеттеріне жетекшілік.
Достарыңызбен бөлісу: |