Практикалық (семинарлық) сабақтың әдістемелік нұсқауы «Білім технологиясы» кафедрасының



бет5/17
Дата26.09.2022
өлшемі284 Kb.
#40308
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
stud.kz-52335

Ұсынылатын әдебиеттер.
1. Әбдікәрімова Т., Рахметова С, Қабатаева Б. Ана тілі. Оқыту әдістемесі. -А., 1999.
2. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А., 2005.
3. Рахметова С, Жаманқұлова П., Қабатаева Б. Ана тілін оқыту әдістемесі. -А.,1998.
4. Уәйісова Ғ., Жұмабаева Ә. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі.- А., 1999.
Мұғалім балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, әр қатынас жасау барысында олардың жауап беру ерекшелігін, белсендік көрсету қарқынын, жүріп-тұру қалпын, қиналған жерлерімен жіберген қателерін есепке ала жүріп, әрқайсысына сұрақ қойғанда баланы жігерлендіретіндей, өз күшін байқай алатындай, анағұрлым бір пайдалы жұмыс жағын мұхият іздестіреді.
Сауат ашу кезінде оқушыларды сөз бен сөйлемдерді саналы, дұрыс оқуға дағдыландырумен қатар, әріп әлементерімен жекелеген әріптерді түзу жазып дағдыландыру барысында балаларға табиғат, адамдардың өмір сүруі жөнінде мағлұматтар беріп, олардың айналадағы заттар мен құбылыстар туралы түсінігі кеңейе түседі.
Сауат ашудың әліппе кезеңінде қазақ тілінің дыбыстары мен әріптерінің өзіндік ерекшеліктерін сапалы меңгертудің маңызы зор. Оқушылардың дыбыстарды және әріптерді дұрыс айтуы мен тануы олардың сауатты, білімді болып жетілуінің негізгі шарты.
Оқушылар сауат ашудың әліппе кезеңінде дыбыстарды айқын, анық айтуға, олардың әріптерін дұрыс таңбалауға, буындарды, сөздерді дыбыстарды талдап, қосып оқуға, баспа және жазба әріатерді тануға, дыбыстарды өзара орынды тіркестіріп, сөздер құрастыруға, сөйлемдерді оқуда дауыс үзілісін жасауға т.б. үйренеді. Мұның барлығы оқушыларда белгілі дағдылардың орынды қалыптасуымен тығыз байланысты.
Біріншіден, оқушылар дыбыстардың артикуляциялық ерекшеліктеріне қарай дұрыс айтуға үйренеді.
Балалар мектепке келмей тұрып дыбыстарды дыбыстай алады. Бірінші сыныпқа келген балаларда «ш» және «с, «ң» және «р» дыбыстарын дұрыс айта алмау жағдайлары көптеп кездеседі. Сондықтан сауат ашу кезеңінде оқушылардың дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын қалыптастыруға ерекше мән беріледі.
Сауат ашу барысындағы негізгі міндет балаларды тура буынды оқуға үйрету. Әрбір жаңа үйренген дауыссыз дыбыс буыннан таныс, үйренген дауысты дыбыс арқылы беріледі. Мұнда оқу құрамындағы үйретілуге тиісті дыбысы бар буын оның естіліп, ол дыбыстың өзі ерекшелеңкіреп, созылып айтылғаны дұрыс. Мысалы, «р» дыбысы үйретілуі қажет болғанда «ора» «ара» буындары «а-рра» делініп, «р» дыбысы ерекшеленіп, біраз созылыңқырап айтылады. Дыбыстың артикуляциясын байқату, яғни балаларды сөз құрамындағы үйретуге тиісті дыбыстың айтылу процесімен таныстыру. Сөйтіп, балаларға дыбыстың айтылумен қатар, өзін де үйретеді. Бірақ мұнда есте болатын жай тіліміздегі барлық дыбыстың артикуляциясын жасау, білу керек деген ұғым тумасқа тиіс. Жоғарыда айтылған тәсілмен тек еріндік және тіс пен тіл қатысы арқылы шығатын дыбыстарды ғана үйретуге болады. Ал, ш, ж, к, ғ, г, й, и, щ, ц дыбыстардың артикуляциясын аңғару, әрине қиынға соғар еді. Сондықтан мұғалім дыбысты оқытуға кірісер алдында оны үйретудің тәсілдік жан-жақты ойластыруға тиіс. Сөздің аяғындағы немесе басындағы дыбысты түсіріп айтып, балаларға тапқыз. Мысалы, мұғалім «Әліппедегі» тонның суретін көрсетіп, «өн» дейді де, «мен сөзді дұрыс айттым ба?»- деп сұрайды. Балалар дыбысын қосады. «Т» дыбысын оқушыларға айтқызады. Айтылуына қарай дыбыстарды, жазылуына қарай әріпттерді салыстыру. Мысалы, қал-қал, тар-тар сияқты сөздер арқылы «о» дыбысы мен «ө» дыбысының айтылуындағы айырмашылық аңғартылады. Сонымен бірге жазылғандағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарға көңіл бөлінеді. Осылайша, қ-к, с-з, а-ә, ы-і дыбыстар да жұпталып, салыстырып, сөздерді талдап жинақтау арқылы үйретіледі.
Үйретіліп отырған дыбыстың сөздің басында, ортасында, аяғында келетін де сөздерді талдау және жинақтау барысында ұғындырылады.
Екіншіден, дыбыстардың айтылуына қатысты ерекшеліктерін меңгереді. Қазақ тілі дыбыстарының айтылу ерекшеліктері фонациялық ауаның күштілігіне, дыбыстарды созып айту икемділігне, әуезіне тығыз байланысты.
Сауат ашудың әліппе кезеңінің алғашқы сабақтарынан бастап, оқушыларды дыбыстарыды дұрыс айтуға дағдыландыру жұмыстарына ерекше назар аударылып, дұрыс жолға қойылуында үлкен мән жатыр. Себебі оқушылар дыбыстарды артикуляциялық, акустикалық, орфоэпиялық ерекшеліктеріне сай дыбыстамаса, ол кейінірек оқушының түсінікті сөйлеуіне кері әсерін тигізіп, әдетке айналуы мүмкін.Сондықтан әрбір сабақ барысында оқушыларға дыбыстарды дұрыс айтқызуға, орарды өзара орынды тіркестіріп, сөздерді құратудыбірнеше қайталатып, жаттықтыру жұмыстьары жүріп отырады. Ғұлама ғалым А.Байтұрсынұлы оқушыларға ережені, қағиданы бірнеше мәрте қайталатып, жаттықтыру жөнінде: «...әр қағида я ережені оқытқаннан кейін, балалар әбден түсіну үшін сөйлем, сөздерді, мақалдарды үлгіге алып, олардың ішінен қағида я ережеге келетін жерлерін балаларға таптырып, басқаларын айырып үйрету. Солай бірнеше рет айтқызып көрсеткеннен кейін балалар керек сөздерді өздері тауып, өздері айыруға дағдыланады», - деп топшылайды.
6 Сауат ашу кезеңіндегі оқу-тәрбие міндеттері. Оқу сабақтарының негізгі түрлері. Бастапқы окуды қалыптастыру: буындап оқу, тұтас сөзді дауысты дыбысқа бағыттай оқу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет